Тұсаукесер – қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Тұсаукесер тойының салт-дәстүрлері
Тұсаукесер күнін белгілеп, қонақтарды шақыру
Сәби "тәй-тәйлап" жүре бастағанда өткізіледі. Алдымен, тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар да тартқызып, арты думанды тойға да ұласып кетуі ғажап емес.
Көпшілік арасында баланың тұсауын кесетін адамды таңдап алу
Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланыстығ, арнайы "тұсаукесер" сыйлығы беріледі.
Кең дала, таза ауада жайылған дастархан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қою
Тұсаукесер салты алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастархан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды.
Балаларды жаяу жарысқа жіберу
Тойдың негізгі жанкүйерлері - балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, қай озып келгені арқанды қиып, барлық дастархандағы дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі.
Баланың тұсауын кесу
Бұдан соң "Жүйрік бол!", "Шауып кет!" т.б. тілектер айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам ала жіппен кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып тез-тез жүргізеді. Осы кезде "Тұсаукесер" жыры шырқалады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Кенжеахметов С., Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, А., 1994
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tusaukeser kaz turgannan kejin tez zhүrip ketsin degen tilekpen zhasalatyn guryp yrym Ol үshin arnajy dajyndalady Bul ala zhip attamasyn degen ugymnan shykkan Sol zhippen balanyn ayagyn tusap ony zhүris turysy shirak әjelge kidyrady Sүrinshek zhajbasar adamdarga balanyn tusauyn kestirmejdi Tusauy kesilgen balany kolynan ustap zhүgirtedi shashu shashylady Balanyn ata anasy tusau kesushige kәdesin beredi Tusau kesu tojynyn negizgi zhabdyktary 1 5 m ala zhip otkir kajshy nemese pyshak Tusaukeserdin zhibin dajyndaudyn birneshe tүrleri zholdary senimderi de bar Kobejip kogere bersin dep esip zhasajdy Baj bolsyn dep maldyn tok isheginen de oredi Adal bolsyn dep ala zhipten de zhasajdy Tusau kesu tojyna auyldyn kyz kelinshekteri әzheler shakyrylady Et asylyp shaj kajnatylady Tojga kelgender shashuga kurt maj tәtti tagamdar balaga ojynshyk asyk syldyrmak t b әkeledi Budan kejin 2 3 zhasar balalardy zharystyryp ozgandaryna bәjge beredi Balalarga olen zhyr takpak zhanyltpash ajtkyzady Toj tarkarda әzheler tojdan nemerelerine sarkyt dep kaltalaryna tәtti bauyrsak kurt irimshik salyp alady Tusau kesken әjelge kojlek nemese ayak kiim syjlajdy Tusaukeser tojynyn salt dәstүrleriTusaukeser kүnin belgilep konaktardy shakyru Sәbi tәj tәjlap zhүre bastaganda otkiziledi Aldymen tusaukeser kүni belgilenip arnajy konaktar shakyrylady Bul kүni kejbir aukatty adamdar kokpar da tartkyzyp arty dumandy tojga da ulasyp ketui gazhap emes Kopshilik arasynda balanyn tusauyn kesetin adamdy tandap alu Zhinalgan kopshilik arasynan kobinese zhүrisi zhyldam kimyly shirak iske epti kasietterimen kozge tүsetin kagilez pysyk adam tandalyp alynyp nәrestenin tusaukeserin sogan tapsyrady Tusau kesken adamga sәbidin tusauyna bajlanystyg arnajy tusaukeser syjlygy beriledi Ken dala taza auada zhajylgan dastarhan zhanyna kazyk kagyp ayagy tusalgan balany arkandap koyu Tusaukeser salty aldynda zhinalgandar ken dala taza auaga shygyp үsti tүrli tәtti dәmge toly bala shagaga arnalgan dastarhan zhanyna kazyk kagyp ayagy tusalgan balany arkandap koyady Balalardy zhayau zharyska zhiberu Tojdyn negizgi zhankүjerleri balalar alystan zhayau zharyska zhiberiledi kaj ozyp kelgeni arkandy kiyp barlyk dastarhandagy dәmge ie bolady ogan arnajy syjlyk beriledi Balanyn tusauyn kesu Budan son Zhүjrik bol Shauyp ket t b tilekter ajta otyryp eki kolynan eki adam zhetektegen balanyn tusauyn tandalyp alyngan adam ala zhippen kesip zhiberedi Tusauy kesilgen son sәbidi eki adam ortaga alyp shygyp tez tez zhүrgizedi Osy kezde Tusaukeser zhyry shyrkalady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Kenzheahmetov S Қazaktyn salt dәstүrleri men әdet guryptary A 1994