Трилобиттер (Trіlobіta) – буынаяқтылар типінің құрып кеткен класы. Трилобиттердің қазба қалдықтары кембрийдің алғашқы кезінен табылған, олардың ең көп тараған кезеңі – кембрийдің соңы, палеозойдың соңында жойылып біткен.Трилобиттер — палеонтологияда: құрып біткен теңіз буынаяқтыларының класы; теңіз түбінде тіршілік еткендері де, нектонды және планктонды түрлері де болған; кембрийден пермьге шейін тіршілік еткен.
Сипаты
Теңіз түбіндегі қорыста жорғалап немесе теңіз жағалауындағы суда жүзіп жүрген, ұзындығы 10 мм-ден 80 см-ге дейін. Денесі дорзовентральді бағытта жалпайып, үш бөлімнен: айшық тәрізді бас қалқанынан, сегменттелген кеуде және құйрық қалқанынан құралды. Трилобиттердің көпшілік түрінде мөлшері және пішіні әр түрлі фасетті көздері болған. Бауырында қос антені және су түбінде жылжуға бейімделген екі тармақты аяқтары болған. Трилобиттер , дернәсілдері (протаспис) бастапқы кезде суда жүзіп, кейін су түбінде тіршілік еткен. Негізінен микропланктондармен немесе су түбіндегі тұнбалармен қоректенген. Қауіп төнгенде жиырылып қалады. Трилобиттердің 2 мыңнан астам туысы, 10 мыңдай түрі белгілі. Бұлар 2 отрядқа бөлінеді:
- (агноститтер)
- полимерлер.
Қазақстанда Үшбас, Көксу өзендерінің орта ағысы мен Жаңатас ашық кенішінің солтүстік бөлігіндегі төменгі кембрий шөгінді жыныстарынан Трилобиттердің 7 тұқымдасы, 8 туысқа жататын 35 түрі табылды. Трилобиттердің төменгі палеозой стратиграфиясын анықтауда маңызы зор.
Сілтеме
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Trilobitter Trilobita buynayaktylar tipinin kuryp ketken klasy Trilobitterdin kazba kaldyktary kembrijdin algashky kezinen tabylgan olardyn en kop taragan kezeni kembrijdin sony paleozojdyn sonynda zhojylyp bitken Trilobitter paleontologiyada kuryp bitken teniz buynayaktylarynyn klasy teniz tүbinde tirshilik etkenderi de nektondy zhәne planktondy tүrleri de bolgan kembrijden permge shejin tirshilik etken SipatyTeniz tүbindegi korysta zhorgalap nemese teniz zhagalauyndagy suda zhүzip zhүrgen uzyndygy 10 mm den 80 sm ge dejin Denesi dorzoventraldi bagytta zhalpajyp үsh bolimnen ajshyk tәrizdi bas kalkanynan segmenttelgen keude zhәne kujryk kalkanynan kuraldy Trilobitterdin kopshilik tүrinde molsheri zhәne pishini әr tүrli fasetti kozderi bolgan Bauyrynda kos anteni zhәne su tүbinde zhylzhuga bejimdelgen eki tarmakty ayaktary bolgan Trilobitter dernәsilderi protaspis bastapky kezde suda zhүzip kejin su tүbinde tirshilik etken Negizinen mikroplanktondarmen nemese su tүbindegi tunbalarmen korektengen Қauip tongende zhiyrylyp kalady Trilobitterdin 2 mynnan astam tuysy 10 myndaj tүri belgili Bular 2 otryadka bolinedi agnostitter polimerler Қazakstanda Үshbas Koksu ozenderinin orta agysy men Zhanatas ashyk kenishinin soltүstik boligindegi tomengi kembrij shogindi zhynystarynan Trilobitterdin 7 tukymdasy 8 tuyska zhatatyn 35 tүri tabyldy Trilobitterdin tomengi paleozoj stratigrafiyasyn anyktauda manyzy zor Silteme Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Bul geologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz