Трест (ағылш. trust – сенім) – бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарының өндірістік және дербестігін жоя отырып құрылған монополиялық бірлестігі.
Трест әдетте акционерлік қоғам түрінде құрылады. – кәсіпорындардың иелері трестке кіргенде оның акционерлеріне айналады, бұл орайда олардың кәсіпорындары бірыңғай басшылыққа бағынады. Тресттің басында бірлестікке кірген барлық кәсіпорындардың өнім өндіруді, өткізуді, басқаратын басқарма тұрады. Трестке әрбір қатысушы салған капиталының үлесіне сәйкес белгілі бір акциялар пакетіне, басқаруға қатысу құқығына ие болады және пайданың белгілі бір үлесін алады.
Трестте картель мен синдикаттан гөрі капиталдың неғұрлым көп шоғырлануы оның бәсекелесу қабілетін күшейтеді, ал оның қатысушыларына неғұрлым жоғары пайда әкеледі. Қосылу деңгейіне қарай трест толық қосылған кәсіпорындардың бірлестіктеріне және қатысушылары іс жүзінде басты қаржы орталығына – бағына отырып ресми дербестікті сақтайтын бірлестіктерге бөлінеді. Трестке кіретін кәсіпорындарды бақылауды акциялардың бақылау пакетін иелену немесе ерекше сенімгерлік сертификат қамтамасыз етеді. Сонымен қатар трест бір саланың немесе бір-бірімен байланысқан әр түрлі салалардың кәсіпорындарынан біріккен комбинаттар түрінде құрылуы мүмкін. Комбинаттардың басқа бірлестіктерден гөрі артықшылықтары бар.
- Түрлі салалардың кәсіпорындары біріккендіктен және материалдық, қаржылық ресурстар мен басқа да ресурстарды түрлендіру мүмкіндіктеріне байланысты комбинаттардың табысы неғұрлым тұрақты болып келеді.
- Дайын өнімді шығару жөніндегі технологиялық тізбектер құру және осының нәтижесінде шығынды азайту мүмкіндіктері бірлістіктің пайдасын арттырады.
Кеңестік кезеңде трест өнеркәсіптің қант, металлургия салалары мен басқа да кейбір салаларында, құрылыста таралды. халықаралық тресттер құрылды. Трест өндірістің күрт құлдыруы жағдайында бағаның деңгейін жасанды түрде көтерді, мұның өзі ұсыныс пен төлем қабілеті арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруді қиындатты. Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде трест қызметінің кейбір түрлерін шектеу үшін трестке қарсы заңдар енгізілген. Соның ықпалымен тресттің орнына монополистік бірлестіктердің неғұрлым дамыған икемді нысандары (негізінен түрлі тұрпаттағы қаржы-өнеркәсіптік топтар: концерндер, конгломераттар) құрылды.
Қазіргі жағдайда трест өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық нысаны ретіндегі мәнін жоғалтты.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Trest agylsh trust senim bir nemese birneshe sala kәsiporyndarynyn ondiristik zhәne derbestigin zhoya otyryp kurylgan monopoliyalyk birlestigi Trest әdette akcionerlik kogam tүrinde kurylady kәsiporyndardyn ieleri trestke kirgende onyn akcionerlerine ajnalady bul orajda olardyn kәsiporyndary biryngaj basshylykka bagynady Tresttin basynda birlestikke kirgen barlyk kәsiporyndardyn onim ondirudi otkizudi baskaratyn baskarma turady Trestke әrbir katysushy salgan kapitalynyn үlesine sәjkes belgili bir akciyalar paketine baskaruga katysu kukygyna ie bolady zhәne pajdanyn belgili bir үlesin alady Trestte kartel men sindikattan gori kapitaldyn negurlym kop shogyrlanuy onyn bәsekelesu kabiletin kүshejtedi al onyn katysushylaryna negurlym zhogary pajda әkeledi Қosylu dengejine karaj trest tolyk kosylgan kәsiporyndardyn birlestikterine zhәne katysushylary is zhүzinde basty karzhy ortalygyna bagyna otyryp resmi derbestikti saktajtyn birlestikterge bolinedi Trestke kiretin kәsiporyndardy bakylaudy akciyalardyn bakylau paketin ielenu nemese erekshe senimgerlik sertifikat kamtamasyz etedi Sonymen katar trest bir salanyn nemese bir birimen bajlanyskan әr tүrli salalardyn kәsiporyndarynan birikken kombinattar tүrinde kuryluy mүmkin Kombinattardyn baska birlestikterden gori artykshylyktary bar Tүrli salalardyn kәsiporyndary birikkendikten zhәne materialdyk karzhylyk resurstar men baska da resurstardy tүrlendiru mүmkindikterine bajlanysty kombinattardyn tabysy negurlym turakty bolyp keledi Dajyn onimdi shygaru zhonindegi tehnologiyalyk tizbekter kuru zhәne osynyn nәtizhesinde shygyndy azajtu mүmkindikteri birlistiktin pajdasyn arttyrady Kenestik kezende trest onerkәsiptin kant metallurgiya salalary men baska da kejbir salalarynda kurylysta taraldy halykaralyk trestter kuryldy Trest ondiristin kүrt kuldyruy zhagdajynda baganyn dengejin zhasandy tүrde koterdi munyn ozi usynys pen tolem kabileti arasyndagy tepe tendikti kalpyna keltirudi kiyndatty Sondyktan naryktyk ekonomikasy damygan elderde trest kyzmetinin kejbir tүrlerin shekteu үshin trestke karsy zandar engizilgen Sonyn ykpalymen tresttin ornyna monopolistik birlestikterdin negurlym damygan ikemdi nysandary negizinen tүrli turpattagy karzhy onerkәsiptik toptar koncernder konglomerattar kuryldy Қazirgi zhagdajda trest onerkәsipti baskarudyn ujymdyk nysany retindegi mәnin zhogaltty Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Oryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6Bul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz