Таңжарық Жолдыұлы (15.3. 1903. ҚХР, Іле аймағы, Күнес ауд. - 6.8.1947, сонда) - ақын. Кейін Қытай мектебінде (1917), Қазақстанда Кеген, Нарынқол аудандарында жеті жылдық мектепте (1922 - 25) оқыған. Қазақ жазушыларының еңбектерімен кеңінен таныс болған. Өзі де өлең жазып, айтысқа катысқан.
Найман тайпасының руынан шыққан.
Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
Өмірбаян
Т. Шыңжаңда мұғалім, "Іле" газетінде редактор (1936) болып кызмет істеген. Таңжарық 1940 - 46 ж. Қытайдағы солақай саясаттың кесірінен тұтқындалып, түрмеге жабылған. Оның "Жастарыма", "Осы таң кімнің таңы?", "Оқып көр газетімді", "Көңілім қалды, торықты", "Абақтыда кім жатыр?", "Ақын сыры", "Еліме" өлеңдері осы кезде жазылған. "Өткен күндерім" (1942), "Қоштасу" (1941 - 42), "Қасқыр мен Бөрібасар" (1934 - 43), т.б. толғау жырлары мен "Назигүл" (1943) дастанының авторы. "Алғашкы жинақ" (Құлжа, 1948), "Армантау" (А, 1974) жинақтары жарық көрген.
- 1910 жыл шамасында Таңжарық өзімен рулас, қазактың ескі әдебиет үлгілері мен ислам құндылықтарына жетік, араб, парсы әдебиетін терең білетін Мыңбай атты молдадан сауат ашады. Сол кісіден дін ілімі мен араб әліппесі негізіндегі шағатай жазуын үйренеді. Тумысынан сұңғыла Таңжарық ұстазының коңілінен шығады. Мыңбай молда да ол үш қыс оқиды. 1916 жылы Жолдының руластары орыс жерінен қашып келген Әбділхамит әпенді деген татар оқымыстыны жалдап, балаларын оқытады. Окуғa шариғат сабағынан тыс, есеп, тарих, жағрапия пәндері қосылады. Таңжарық осы Әбділхамит әпендіден екі жыл тәлім алады. 1918 жылға келгенде Шақпы деген жерде арнаулы мектеп салынып, Таңжарық сол мектептің жоғарғы сыныбына қабылданады. 1919 жылы сол кездегі Іледегі ең жоғары оқу орны саналатын «Күре шуетаңына» окуға барады.
Мұнда үш жыл оқып, кытай тілі мен қытай мәдениетін жете меңгереді. Бала жасынан өнер-білімге үйір Таңжарық оқыған-тоқығандарын місе тұтпай, 1923 жылы бір түнде Нүптебек байдың күллі Іле өңіріне аты шыққан сетіккөк деген жүйрігімен Қалжат арқылы Нарынқол асады. Мұнда ол орыс-қазақ мектебінде үш жыл білім алады. Бул тұс саясат сахнасынан алаш кайраткерлерінің ығыстырылып, большевиктер билігі нығайган кез еді. Жастайынан алаш идеясымен сусындаған ақын ел жақсыларының сөзінен дуа кетіп, билік тізгінін тексіз тапшылдар алғанына наразылығын өлеңмен білдіреді:
«...Қу борбай, сымпыс-шолақ, бота тірсек, Шауып жүр аузын ашып, алар пұлға. Талғамай, тайынбай жеп «түзеймін» деп, Бұзып жүр қайран елді жылдан-жылға. Шіркін-ай бұрынғылар неткен әділ, Бұрмаған нәпсілерін қылтан қылға...»
Немесе тап теңдігі дегенді алға тартып, қазақ елін түбегейлі орыстандыруды мақсат еткен «ақжүрек» коммунистердің «адал» пиғылын акындык пофоспен анык аңғарады:
«.Бірдей, - деп. - үлкен-кіші, бай мен кедей», Сырттары тіпті жақсы, іші жылым... ... Бұл күнде өргі елден хабарым жоқ, Мұндағы елде болмай тұр титтей тыным Барады «маса» кеулеп ой мен қырды, Бұл сөздің жалғаны жоқ нағыз шыным».
Бұл жылдар Таңжарықтың азаматтық көзқарастарының толысып, елдік, ұлттык мәселелерге барынша ден койған шағы болды. Осы сапарында Қарқараның Қойдым атты ақын қызымен айтысып, қазақ айтыс өнеріндегі тамаша үлгілердің бірін жасады. Ел жақсыларымен де танысып, сырласады. Алайда кұбылыңкы заман кесірі кесек мінезді, ұлтшыл түлғаның мұнда тұрақтап тұруына мүмкіндік бермейді. 1925 жылы қараша айында баяғы сетіккөгімен туған жеріне кайтып оралады. Қосар атына тендеп екі қоржын кітап ала қайтады. Өз ауылына оралган Таңжарық енді жатпай-тұрмай елді өнер-білімге шақырып, ағарту жолына бастайды. Текес, Мұңғұлкүре, Шапшал, Құлжа, Қорғас, Сүйдің, Нылқы өңірлерін түгел аралап, ұлтшылдық идеяларын таратады, өзіне көптеген сенімді серіктер табады. Бұдан сескенген Кытай билігі мен ел ішінің жандайшаптары «Таңжарық ел ішінде кері үгіт таратып жүр» деген жаламен 1926 жылдың күзінде оны түрмсге қаматады. Акылшы азаматының тас түрмеге қамалғанына қабырғасы қайысқан ел-жұрты Қытай үкіметінің жергілікті ұлықтарына «азаматымызды босат, болмаса тартып әкетеміз» деп талап койып, табандылығымен абақтыдан шығарып алады. Түрмеден шыққаннан кейін Сәлиқан атты қызбен үйленіп, ұл сүйеді. Ұлына ырымдап Абылай ұрпағы Уәлиханның атын береді. Алайда тұңғыш жары Сәлихан осы тұмса туыттан кейін көп жасай алмай дүние салады.
- 1935 жылы наурыз айында Құлжа каласында «Қазак-қырғыз мәдени-ағарту ұйышымасы» құрылады. Ұйымның жетекшісі
«Бұл істі Мақсұт құрған басында алғаш, Қай қазақ Максұт айтса кірмсй қалмас».
-деп ақын өлеңге қосқан Шығыс Түркістан қазақтары арасындағы аса ірі саяси тұлға Мақсұт Сасанұлы еді. Таңжарық осы ұйымның белді ұйымдастырушысы қатарында әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту істеріне жауапты болады. Ал, ұйымның хатшысы алашорда кайраткері Сейітжан Жайнақов болатын. Ұйшыманың басшылығында қазақ ауылдарында жаппай ауылдық мектептер, аудан орталықтарында орталау мектептер ашады. Сол мектептерге ұстаздар дайындау үшін Құлжа қаласында Таңжарық өзі бас болып мұғалімдер дайындау курсын колға алады. Осы курска оқуға келген орысша сауатты, Ахмет Байтұрсынұлы нұсқасындағы қазақ жазуын жақсы білетін Бәти атты келіншекпен дәм-тұзы жарасып, өмірінде екінші рет некелі болады. «Айқап» пен «Қазақ» басылымдарын алдырым қазақ халқының тұңғыш жекеменшік баспаханасын сатып алуға өзі бас болып Қытай казактары атынан «Қазақ» газетіне 600 сом көмек берген Мақсұт тәйжі бастаған қазақ зиялылары ендігі жерде ұлт тәуелсіздігінің баспасөзсіз жүзеге аспайтынын анық түсінді. Осы мақсатпен Таңжарык Жолдыұлы 1935 жылы Қытай қазақтарының тұңғыш баспасөзі - «Іле өзенін» шығаруды ұйымдастырды әрі алғашкы театр қойылымы Бейімбеттің «Шұға» пьесасын сахналайды. Газеттің бірінші нөміріне:
«Қалың ел, қазақ енді аш көзіңді, Оқып көр газетіңді - өз сөзіңді. Әділет, шындық жолын үйретеді, Ашады ащы шайдай аң сезімді. Айнадай жарқыратып көрсетеді, Мін бар ма, колыңа алып, көр өзіңді»
деп өз жұртын оянуға шақырған «Оқып көр газетімді» атты өлеңін жариялайды.
- 1940 жылы ақпанның екінші жұлдызына дейін газеттің бас редакторы қызметін атқарады.
Халықтың ой-санасынын өсіп, саяси белсенділігінін күн санап арта бастағандыгынан қатты кауіптенген Қытай үкіметі «Қазақ-қырғыз ұйшымасының» көсемі Мақсұт бастаған 70 адамды «алашорда ұлтшылдарымен тіл біріктірген, үкіметке қарсы ұйым құрған» деген айыппен бір түнде тұтқындап, ел ішінде «тазалау» жүргізеді. Мұндай бассыздық пен әділтетсіздікке ары төзбеген ақын «елдің қамын ескеруді» талап етіп, Қытай билігінің жергілікті ұлыктарына хат-арыз жолдайды. Таңжарықтың бұл әділ талабын ескергені былай тұрсын, сынықтан сылтау іздеген залым әкімдер 1940 жылы екінші ақпанда оны да тұтқындайды. Түрмеде төрт жыл көрген жан төзгісіз азаптау мен қинаулары ақ алмастай акын рухын мұкалта алмады. Керісінше, ширықкан ақын өз шығармашылығындағы ең айтулы туындыларын дәл осы түрме қапасында отырып жазды. Ақынның тас түрмені жарып шыққан жырлары өзі шексіз сүйген алашының байтақ даласын аралап кетіп жатты. Ел тізгінін ұстаған игі жақсылардың бірінен кейін бірі ұсталып, айдалып кетуі қазақтардың іште қайнап жатқан ыза мен кегін одан бетер өршіте түседі. Мұны тыныштандырмақ болған Қытайдың залым үкіметі бірқатар саяси тұлғаларды босату арқылы жақсысын жауға беріп отыра алмайтын өр мінезді қазақтың уақытша болса да көңілін тапқысы келеді. Осылайша сол қайраткерлер катарында 1944 жылы Таңжарықта түрмеден босап шығады. Бірақ өмірдегі ең ұлы мақсұты ұлт бостандығына қызмет ету болған ақын түрмеден босап шығысымен Үрімжі қаласындағы қазақ зиялылары мен жастарынан құрылған құпия ұйымының істеріне белсене кіріседі. Бұл ұйымның міндеті 1945 жылы 1 мамыр күні көтеріліс жасап, Үрімжінің шығыс қақпасы Дауанчыңды бекітіп, батыс жақта Шығыс Түркістан сарбаздарымен тоғысу болатын. Бірақ ұйымды жансыздар әшкерелеп койып, Таңжарық кайтадан тұтқындалады.
- Осыдан 1946 жылдың күзіне дейін Үрімжі абақтасында қамауда болып, тағы да тергеу мен азаптаудың талқысына өтеді.
- 1946 жылы Қытай үкіметі мен Шығыс Түркістан билігі арасындағы «Он бір тармақты бітімге» сай абақтыдан босатылған саяси қайраткерлер қатарында Таңжарық та еркіндікке шығып, тамызда Ілеге оралады. Ақын туған топырағына азаптаудан аман қалған басын ғана емес, түрменің шикі нанының арасына тығып сақтаған тағдырлы туындыларын да ала келеді. Еліне аман-есен оралған Таңдарық Жолдыұлы түрме талқысынан зақымданған денсаулығына қарамастан, тағы да алаш ісі үшін атқа қонады. Шығыс Түркістан Ұлттық үкіметі оны өз өтініші бойынша туған жері Күнес ауданының жер-су мекемесінің басшылығына тағайындайды. Осы қызметте жүріп 1947 жылы 6 тамызда тұтқиылдан қайтыс болады. Ел арасында «Ақын өлімі өз ажалынан болмады» дейтін түрлі жорамалдар бар.
Өлсек те өлмес біздің атағымыз, Белгілі істеп түскен шатағымыз. Алыстан алтын сәуле бір күлімдер, Болғанмен қазір түнек жатағымыз. Алатын құнды қуып иеміз бар, Біз де елміз шөберелі, аталымыз.
– деп жырлаған ақын өз болашағын болжап кеткендей әсер қалдырады. Ғасырлық тойының Қазақ және Қытай мемлекеттерінде биік деңгейде атап өтілуі қазақ дейтін қара орман қалың жұрты, атқа қонар алты алашы аман тұрғанда ақын Таңжарық Жолдыұлының рухы да елімен бірге мәңгі жасай беретіндігінің анық дәлелі.
Дереккөздер
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 10. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-21-09.
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫНЫҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tanzharyk Zholdyuly 15 3 1903 ҚHR Ile ajmagy Kүnes aud 6 8 1947 sonda akyn Kejin Қytaj mektebinde 1917 Қazakstanda Kegen Narynkol audandarynda zheti zhyldyk mektepte 1922 25 okygan Қazak zhazushylarynyn enbekterimen keninen tanys bolgan Өzi de olen zhazyp ajtyska katyskan Najman tajpasynyn ruynan shykkan Najman tajpasy Mataj ruynan shykkan ӨmirbayanT Shynzhanda mugalim Ile gazetinde redaktor 1936 bolyp kyzmet istegen Tanzharyk 1940 46 zh Қytajdagy solakaj sayasattyn kesirinen tutkyndalyp tүrmege zhabylgan Onyn Zhastaryma Osy tan kimnin tany Okyp kor gazetimdi Konilim kaldy torykty Abaktyda kim zhatyr Akyn syry Elime olenderi osy kezde zhazylgan Өtken kүnderim 1942 Қoshtasu 1941 42 Қaskyr men Boribasar 1934 43 t b tolgau zhyrlary men Nazigүl 1943 dastanynyn avtory Algashky zhinak Қulzha 1948 Armantau A 1974 zhinaktary zharyk korgen 1910 zhyl shamasynda Tanzharyk ozimen rulas kazaktyn eski әdebiet үlgileri men islam kundylyktaryna zhetik arab parsy әdebietin teren biletin Mynbaj atty moldadan sauat ashady Sol kisiden din ilimi men arab әlippesi negizindegi shagataj zhazuyn үjrenedi Tumysynan sungyla Tanzharyk ustazynyn konilinen shygady Mynbaj molda da ol үsh kys okidy 1916 zhyly Zholdynyn rulastary orys zherinen kashyp kelgen Әbdilhamit әpendi degen tatar okymystyny zhaldap balalaryn okytady Okuga sharigat sabagynan tys esep tarih zhagrapiya pәnderi kosylady Tanzharyk osy Әbdilhamit әpendiden eki zhyl tәlim alady 1918 zhylga kelgende Shakpy degen zherde arnauly mektep salynyp Tanzharyk sol mekteptin zhogargy synybyna kabyldanady 1919 zhyly sol kezdegi Iledegi en zhogary oku orny sanalatyn Kүre shuetanyna okuga barady Munda үsh zhyl okyp kytaj tili men kytaj mәdenietin zhete mengeredi Bala zhasynan oner bilimge үjir Tanzharyk okygan tokygandaryn mise tutpaj 1923 zhyly bir tүnde Nүptebek bajdyn kүlli Ile onirine aty shykkan setikkok degen zhүjrigimen Қalzhat arkyly Narynkol asady Munda ol orys kazak mektebinde үsh zhyl bilim alady Bul tus sayasat sahnasynan alash kajratkerlerinin ygystyrylyp bolshevikter biligi nygajgan kez edi Zhastajynan alash ideyasymen susyndagan akyn el zhaksylarynyn sozinen dua ketip bilik tizginin teksiz tapshyldar alganyna narazylygyn olenmen bildiredi Қu borbaj sympys sholak bota tirsek Shauyp zhүr auzyn ashyp alar pulga Talgamaj tajynbaj zhep tүzejmin dep Buzyp zhүr kajran eldi zhyldan zhylga Shirkin aj buryngylar netken әdil Burmagan nәpsilerin kyltan kylga Nemese tap tendigi degendi alga tartyp kazak elin tүbegejli orystandyrudy maksat etken akzhүrek kommunisterdin adal pigylyn akyndyk pofospen anyk angarady Birdej dep үlken kishi baj men kedej Syrttary tipti zhaksy ishi zhylym Bul kүnde orgi elden habarym zhok Mundagy elde bolmaj tur tittej tynym Barady masa keulep oj men kyrdy Bul sozdin zhalgany zhok nagyz shynym Bul zhyldar Tanzharyktyn azamattyk kozkarastarynyn tolysyp eldik ulttyk mәselelerge barynsha den kojgan shagy boldy Osy saparynda Қarkaranyn Қojdym atty akyn kyzymen ajtysyp kazak ajtys onerindegi tamasha үlgilerdin birin zhasady El zhaksylarymen de tanysyp syrlasady Alajda kubylynky zaman kesiri kesek minezdi ultshyl tүlganyn munda turaktap turuyna mүmkindik bermejdi 1925 zhyly karasha ajynda bayagy setikkogimen tugan zherine kajtyp oralady Қosar atyna tendep eki korzhyn kitap ala kajtady Өz auylyna oralgan Tanzharyk endi zhatpaj turmaj eldi oner bilimge shakyryp agartu zholyna bastajdy Tekes Mungulkүre Shapshal Қulzha Қorgas Sүjdin Nylky onirlerin tүgel aralap ultshyldyk ideyalaryn taratady ozine koptegen senimdi serikter tabady Budan seskengen Kytaj biligi men el ishinin zhandajshaptary Tanzharyk el ishinde keri үgit taratyp zhүr degen zhalamen 1926 zhyldyn kүzinde ony tүrmsge kamatady Akylshy azamatynyn tas tүrmege kamalganyna kabyrgasy kajyskan el zhurty Қytaj үkimetinin zhergilikti ulyktaryna azamatymyzdy bosat bolmasa tartyp әketemiz dep talap kojyp tabandylygymen abaktydan shygaryp alady Tүrmeden shykkannan kejin Sәlikan atty kyzben үjlenip ul sүjedi Ұlyna yrymdap Abylaj urpagy Uәlihannyn atyn beredi Alajda tungysh zhary Sәlihan osy tumsa tuyttan kejin kop zhasaj almaj dүnie salady 1935 zhyly nauryz ajynda Қulzha kalasynda Қazak kyrgyz mәdeni agartu ujyshymasy kurylady Ұjymnyn zhetekshisi Bul isti Maksut kurgan basynda algash Қaj kazak Maksut ajtsa kirmsj kalmas dep akyn olenge koskan Shygys Tүrkistan kazaktary arasyndagy asa iri sayasi tulga Maksut Sasanuly edi Tanzharyk osy ujymnyn beldi ujymdastyrushysy katarynda әdebiet mәdeniet oku agartu isterine zhauapty bolady Al ujymnyn hatshysy alashorda kajratkeri Sejitzhan Zhajnakov bolatyn Ұjshymanyn basshylygynda kazak auyldarynda zhappaj auyldyk mektepter audan ortalyktarynda ortalau mektepter ashady Sol mektepterge ustazdar dajyndau үshin Қulzha kalasynda Tanzharyk ozi bas bolyp mugalimder dajyndau kursyn kolga alady Osy kurska okuga kelgen oryssha sauatty Ahmet Bajtursynuly nuskasyndagy kazak zhazuyn zhaksy biletin Bәti atty kelinshekpen dәm tuzy zharasyp omirinde ekinshi ret nekeli bolady Ajkap pen Қazak basylymdaryn aldyrym kazak halkynyn tungysh zhekemenshik baspahanasyn satyp aluga ozi bas bolyp Қytaj kazaktary atynan Қazak gazetine 600 som komek bergen Maksut tәjzhi bastagan kazak ziyalylary endigi zherde ult tәuelsizdiginin baspasozsiz zhүzege aspajtynyn anyk tүsindi Osy maksatpen Tanzharyk Zholdyuly 1935 zhyly Қytaj kazaktarynyn tungysh baspasozi Ile ozenin shygarudy ujymdastyrdy әri algashky teatr kojylymy Bejimbettin Shuga pesasyn sahnalajdy Gazettin birinshi nomirine Қalyn el kazak endi ash kozindi Okyp kor gazetindi oz sozindi Әdilet shyndyk zholyn үjretedi Ashady ashy shajdaj an sezimdi Ajnadaj zharkyratyp korsetedi Min bar ma kolyna alyp kor ozindi dep oz zhurtyn oyanuga shakyrgan Okyp kor gazetimdi atty olenin zhariyalajdy 1940 zhyly akpannyn ekinshi zhuldyzyna dejin gazettin bas redaktory kyzmetin atkarady Halyktyn oj sanasynyn osip sayasi belsendiliginin kүn sanap arta bastagandygynan katty kauiptengen Қytaj үkimeti Қazak kyrgyz ujshymasynyn kosemi Maksut bastagan 70 adamdy alashorda ultshyldarymen til biriktirgen үkimetke karsy ujym kurgan degen ajyppen bir tүnde tutkyndap el ishinde tazalau zhүrgizedi Mundaj bassyzdyk pen әdiltetsizdikke ary tozbegen akyn eldin kamyn eskerudi talap etip Қytaj biliginin zhergilikti ulyktaryna hat aryz zholdajdy Tanzharyktyn bul әdil talabyn eskergeni bylaj tursyn synyktan syltau izdegen zalym әkimder 1940 zhyly ekinshi akpanda ony da tutkyndajdy Tүrmede tort zhyl korgen zhan tozgisiz azaptau men kinaulary ak almastaj akyn ruhyn mukalta almady Kerisinshe shirykkan akyn oz shygarmashylygyndagy en ajtuly tuyndylaryn dәl osy tүrme kapasynda otyryp zhazdy Akynnyn tas tүrmeni zharyp shykkan zhyrlary ozi sheksiz sүjgen alashynyn bajtak dalasyn aralap ketip zhatty El tizginin ustagan igi zhaksylardyn birinen kejin biri ustalyp ajdalyp ketui kazaktardyn ishte kajnap zhatkan yza men kegin odan beter orshite tүsedi Muny tynyshtandyrmak bolgan Қytajdyn zalym үkimeti birkatar sayasi tulgalardy bosatu arkyly zhaksysyn zhauga berip otyra almajtyn or minezdi kazaktyn uakytsha bolsa da konilin tapkysy keledi Osylajsha sol kajratkerler katarynda 1944 zhyly Tanzharykta tүrmeden bosap shygady Birak omirdegi en uly maksuty ult bostandygyna kyzmet etu bolgan akyn tүrmeden bosap shygysymen Үrimzhi kalasyndagy kazak ziyalylary men zhastarynan kurylgan kupiya ujymynyn isterine belsene kirisedi Bul ujymnyn mindeti 1945 zhyly 1 mamyr kүni koterilis zhasap Үrimzhinin shygys kakpasy Dauanchyndy bekitip batys zhakta Shygys Tүrkistan sarbazdarymen togysu bolatyn Birak ujymdy zhansyzdar әshkerelep kojyp Tanzharyk kajtadan tutkyndalady Osydan 1946 zhyldyn kүzine dejin Үrimzhi abaktasynda kamauda bolyp tagy da tergeu men azaptaudyn talkysyna otedi 1946 zhyly Қytaj үkimeti men Shygys Tүrkistan biligi arasyndagy On bir tarmakty bitimge saj abaktydan bosatylgan sayasi kajratkerler katarynda Tanzharyk ta erkindikke shygyp tamyzda Ilege oralady Akyn tugan topyragyna azaptaudan aman kalgan basyn gana emes tүrmenin shiki nanynyn arasyna tygyp saktagan tagdyrly tuyndylaryn da ala keledi Eline aman esen oralgan Tandaryk Zholdyuly tүrme talkysynan zakymdangan densaulygyna karamastan tagy da alash isi үshin atka konady Shygys Tүrkistan Ұlttyk үkimeti ony oz otinishi bojynsha tugan zheri Kүnes audanynyn zher su mekemesinin basshylygyna tagajyndajdy Osy kyzmette zhүrip 1947 zhyly 6 tamyzda tutkiyldan kajtys bolady El arasynda Akyn olimi oz azhalynan bolmady dejtin tүrli zhoramaldar bar Өlsek te olmes bizdin atagymyz Belgili istep tүsken shatagymyz Alystan altyn sәule bir kүlimder Bolganmen kazir tүnek zhatagymyz Alatyn kundy kuyp iemiz bar Biz de elmiz shobereli atalymyz dep zhyrlagan akyn oz bolashagyn bolzhap ketkendej әser kaldyrady Ғasyrlyk tojynyn Қazak zhәne Қytaj memleketterinde biik dengejde atap otilui kazak dejtin kara orman kalyn zhurty atka konar alty alashy aman turganda akyn Tanzharyk Zholdyulynyn ruhy da elimen birge mәngi zhasaj beretindiginin anyk dәleli DerekkozderH M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalarynyn tarihy Najman Almaty Alash TZO Poligrafkombinat 2008 T 10 430 b 1000 taralym ISBN 9965 765 21 09 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 TAҢZhARYҚ ZhOLDYҰLYNYҢ ҚYSҚAShA ӨMIRBAYaNY Muragattalgan 4 nauryzdyn 2016 zhyly