Таулар – рельефтің оң формасы, айқын беткейлері мен етегі немесе таулы елдегі шыңы бар рельефтің оқшауланған күрт көтерілуі. Шыңның табиғаты бойынша шыңдар, күмбездер, тақталар және басқа таулар ерекшеленеді. Су астындағы таулардың шыңдары аралдар болуы мүмкін. Таулар географиялық тақтайлардың қозғалысынан, жанартау атқылауынан және т.б. себептер бойынша пайда болады.
Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына,жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, , таулы қырат, таулы үстірт, болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау – Хантәңірі (6995 м).
Оқшау таулар
Оқшау (арал) таулар – кең жазықта жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты, тектоникалық тұрақты аймақтарда қирағаннан кейін сақталған немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар, лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады.
Таулар жайлы факттар
Килиманджаро мен Кения таулары экваторға жақын орналасқан. Әйтсе де, олардың басын қар басып жатыр.
Галерея
- Фазртоп тауы, (1922 m),
- Иу шан тауы (Бұлт тауы), (3952 m), Тайвань.
- , (3795 m), .
- , , .
- görünişi, .
- Lanin wulkany.
- ,
- ,
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- Балаларға арналған танымдық энциклопедия “Таулар ”, “Аруна” баспасы, Ө.Ж Сағымбай , 32 бет, ISBN 9965-26-440-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Taular releftin on formasy ajkyn betkejleri men etegi nemese tauly eldegi shyny bar releftin okshaulangan kүrt koterilui Shynnyn tabigaty bojynsha shyndar kүmbezder taktalar zhәne baska taular erekshelenedi Su astyndagy taulardyn shyndary araldar boluy mүmkin Taular geografiyalyk taktajlardyn kozgalysynan zhanartau atkylauynan zhәne t b sebepter bojynsha pajda bolady Tau Taular alyp zhatkan kolemine kurylymyna zhasyna karaj Zhota Tau Zhүjesi tauly kyrat tauly үstirt bolyp bolinedi Aralyktaryndagy alasa koterilimder olardy bolip turatyn ojpauyttardyn tauaralyk ojpandar tau angarlary t b bir birimen үjlesuinen tilimdeledi Taular zhersilkinuler men zhanartau atkylauynan zhii koterilip әdette tektonik ajmaktarda kalyptasady Pajda boluyna karaj tektonik taular katparly nemese katparly zhakparly kurylymdy birneshe km ge koteriluimen zhәne zher bederinin karkyndy kalyptasuy men teren tilimdeluimen erekshelinedi eroziyalyk Taular neotektonikalyk koterilimderge ushyragan ozen angarlarymen zhәne uakytsha agyn sularmen tilimdelgen zher betinin үstirt tәrizdes koterinki boligi zhanartaulyk Taular zhas tauly ajmak nemese kone platformalyk kurylym үstindegi zhanartaulyk konus zhogary koterilgen lavalyk zhabyndy taular bolyp bolinedi Taular bederinin negizgi elementteri shyny basy zhony betkeji etegi ozen angarlary Zhazyk zher bederinen ajyrmashylygy tilimdeluinin ajtarlyktaj terendigi men uatyluy barlyk tabigat zhagdajlarynyn ala kulalygy men karama karsylygynyn kүsheyui Tauly aumaktyn negizgi geogr zandylygy landshaftyn biiktik beldeuliligi biiktik beldemdilik anyk korinedi Taulardy biiktigine karaj alasa 1000 m ge dejin ortasha 1000 3000 m biik taular 3000 m dep boledi Dүnie zhүzindegi en biik tau Gimalajdagy Dzhomolungma Everest 8848 m Қazakstandagy en biik tau Hantәniri 6995 m Okshau taularOkshau aral taular ken zhazykta zheke dara nemese toptala ornalaskan okshaulangan taular men kyrattar Salystyrmaly biiktikteri 100 m den 1000 2000 m ge dejin bolady Pajda boluy zhagynan kuanshylyk klimatty tektonikalyk turakty ajmaktarda kiragannan kejin saktalgan nemese zhergilikti tau tүzilu nәtizhesinde mysaly zhana tektonikalyk procester nәtizhesinde pajda bolgan zhakpar taular lakkolitti taular tүzilgen tau zhurnaktaryna zhatady Taular zhajly fakttarKilimandzharo men Keniya taulary ekvatorga zhakyn ornalaskan Әjtse de olardyn basyn kar basyp zhatyr GalereyaFazrtop tauy 1922 m Iu shan tauy Bult tauy 3952 m Tajvan 3795 m gorunisi Lanin wulkany DerekkozderҚazak enciklopediyasy Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 264 bet ISBN 9965 36 367 6 Balalarga arnalgan tanymdyk enciklopediya Taular Aruna baspasy Ө Zh Sagymbaj 32 bet ISBN 9965 26 440 6