Тастыбұтақ– қола дәуірі ескерткіштерінің бір тобы. Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданындағы Көктөбе ауылының маңында.
Құрамына Ордың оң жақ саласы Тастыбұтақ өзенінің оң жағалауындағы Темебай қыстағының жанында орналасқан үш ескерткіш: Тастыбұтақ-1, Тастыбұтақ-2 зираттары мен едәуір үлкен қоныс кіреді. 1955 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы отряды (жетек. В.С. Сорокин) ашып, 1957 – 60 ж. Тастыбұтақ-1 зираты мен қоныста кең көлемді қазба жұмыстарын жүргізді. Тастыбұтақ-1 зиратындағы 57 қоршау ауданы 1,8 га жерде үш топ болып орналасқан. Түгелдей қазылған қоршаулардың диаметрі 3 – 5 м, негізгі пішіні – дөңгелек. Ашылған 100 қабірдің 90-ы қарапайым шұңқыр қабірлер де қалғандары тас жәшіктер. Қабір ұзындығы 0,8 – 2,3 м, ені 0,37 – 1,15 м, тереңд. 0,5 – 1,2 м. Әр қабірде негізінен бір, кей жағдайда екі мүрде жерленген, барлығы 118 мүрде табылған. Олардың жатқызылу тәртібі біркелкі – бастары күнбатысқа қаратыла, сол немесе оң бүйіріне аяқтары бүгіліп қойылған. 112 мүрдені ингумация тәсілімен, яғни өртемей жерлесе, қалғандары крематталған. Қыш ыдыстан басқадай заттардың құрамында 15 қола білезік, сырғалар мен қапсырмалар, мыстан, қоладан, пастадан жасалған 700-ден астам моншақ және 1 еңбек құралы – біз бар. Бала қабірлерінен 70-тен астам қой асығы табылған. Қыш жиынтығын 140-тан астам ыдыс құраса, мұның дені бүйірі шығыңқы, аузы кең көзелер, тік бүйірлі ыдыс анағұрлым аз. 67 ыдыстан кездескен ою түрлеріне үшбұрыштар, меандр, иректер мен шұңқыршалар, көлбеу, жазыңқы, тік сызықтар жатады. 72 қабірден түскен палеоантропол. деректер зиратта жерленген адамдардың еуропа тектестерге жататынын және олардың Төм.
Еділ мен Оңтүстік Арал өңірлерінің көне тұрғындарына жақындау болғанын көрсетті. Тастыбұтақ қонысынан бір-бірінен 8 м қашықтықта орналасқан ғ1 (ауданы 185 ш. м) және ғ2 (ауданы 145 ш. м) екі үй орны қазылып, олардың тікбұрышты жертөлелер болғандығы анықталды. Заттай деректер тобын көптеген қыш сынықтары, шаруашылық құралдары мен бұйымдар құрайды. Екі үйден ашылған 4 ошақ саяз шұңқырлар түрінде жасалып, біреуінің шеттері таспен жиектелген. Екі үйдің де қабырғалары бойында орналасқан, еден деңгейінен сәл биік ұзын, жалпақ кертпіштер адамдар ұйықтауға арналған орын қызметін атқарған. Осындай қызықты деректерге екі үйден ашылған 3 терең құдық та жатады. Тереңдегі 3 – 5 м-ге жететін бұл құдықтардың біреуінің түп жағында топырақ құламау үшін жасалған ағаш шарбақ бар. Көне қоныстардың тұрғын үйлерінің ішінде құдықтардың болуы айрықша жағдай екенін ескере келе, ғалымдар бұл қола дәуірінде құрғақ, шөлейт ауа райының болғандығын дәлелдейтін тағы бір маңызды мысал деп санайды. Тастыбұтақ ескерткіштері андрон мәдениетінің батыс шетінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен дерек беретін өте құнды жәдігерлер болып табылады. Негізгі ерекшеліктері бойынша орта қола кезеңінің алакөл мәдениетіне жатады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tastybutak kola dәuiri eskertkishterinin bir toby Aktobe oblysyndagy Hromtau audanyndagy Koktobe auylynyn manynda Қuramyna Ordyn on zhak salasy Tastybutak ozeninin on zhagalauyndagy Temebaj kystagynyn zhanynda ornalaskan үsh eskertkish Tastybutak 1 Tastybutak 2 zirattary men edәuir үlken konys kiredi 1955 zh Batys Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyasy otryady zhetek V S Sorokin ashyp 1957 60 zh Tastybutak 1 ziraty men konysta ken kolemdi kazba zhumystaryn zhүrgizdi Tastybutak 1 ziratyndagy 57 korshau audany 1 8 ga zherde үsh top bolyp ornalaskan Tүgeldej kazylgan korshaulardyn diametri 3 5 m negizgi pishini dongelek Ashylgan 100 kabirdin 90 y karapajym shunkyr kabirler de kalgandary tas zhәshikter Қabir uzyndygy 0 8 2 3 m eni 0 37 1 15 m terend 0 5 1 2 m Әr kabirde negizinen bir kej zhagdajda eki mүrde zherlengen barlygy 118 mүrde tabylgan Olardyn zhatkyzylu tәrtibi birkelki bastary kүnbatyska karatyla sol nemese on bүjirine ayaktary bүgilip kojylgan 112 mүrdeni ingumaciya tәsilimen yagni ortemej zherlese kalgandary kremattalgan Қysh ydystan baskadaj zattardyn kuramynda 15 kola bilezik syrgalar men kapsyrmalar mystan koladan pastadan zhasalgan 700 den astam monshak zhәne 1 enbek kuraly biz bar Bala kabirlerinen 70 ten astam koj asygy tabylgan Қysh zhiyntygyn 140 tan astam ydys kurasa munyn deni bүjiri shygynky auzy ken kozeler tik bүjirli ydys anagurlym az 67 ydystan kezdesken oyu tүrlerine үshburyshtar meandr irekter men shunkyrshalar kolbeu zhazynky tik syzyktar zhatady 72 kabirden tүsken paleoantropol derekter ziratta zherlengen adamdardyn europa tektesterge zhatatynyn zhәne olardyn Tom Edil men Ontүstik Aral onirlerinin kone turgyndaryna zhakyndau bolganyn korsetti Tastybutak konysynan bir birinen 8 m kashyktykta ornalaskan g1 audany 185 sh m zhәne g2 audany 145 sh m eki үj orny kazylyp olardyn tikburyshty zhertoleler bolgandygy anyktaldy Zattaj derekter tobyn koptegen kysh synyktary sharuashylyk kuraldary men bujymdar kurajdy Eki үjden ashylgan 4 oshak sayaz shunkyrlar tүrinde zhasalyp bireuinin shetteri taspen zhiektelgen Eki үjdin de kabyrgalary bojynda ornalaskan eden dengejinen sәl biik uzyn zhalpak kertpishter adamdar ujyktauga arnalgan oryn kyzmetin atkargan Osyndaj kyzykty derekterge eki үjden ashylgan 3 teren kudyk ta zhatady Terendegi 3 5 m ge zhetetin bul kudyktardyn bireuinin tүp zhagynda topyrak kulamau үshin zhasalgan agash sharbak bar Kone konystardyn turgyn үjlerinin ishinde kudyktardyn boluy ajryksha zhagdaj ekenin eskere kele galymdar bul kola dәuirinde kurgak sholejt aua rajynyn bolgandygyn dәleldejtin tagy bir manyzdy mysal dep sanajdy Tastybutak eskertkishteri andron mәdenietinin batys shetinde omir sүrgen tajpalardyn turmys tirshiliginen derek beretin ote kundy zhәdigerler bolyp tabylady Negizgi erekshelikteri bojynsha orta kola kezeninin alakol mәdenietine zhatady DerekkozderҚazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn sәjkes sanaty kojylmagan Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet