Тастемір, Баш-Темір оғлан, Таш-Темір (т.-ө. ж. б.) – Қырым ханы (1395).
Ататегі: Тұқа-Темір – Урунг-Темір. (Өз-Темір) – Сарыша (Саричи) – Күншек (Кішік) – Түлен-Темір – Дәруіш хан – Жанса (Хабине, Женте). Тастемірдің Гияс әд-Дин, Жамал әд-Дин, Әлібек, Дәулетберді есімді ұлдары болған. Тастемір әскерінің оң қанатын басқарды. 1395 ж. 15 сәуірде Әмір Темірден Терек өзені бойында жеңілген Тоқтамыс Литваға қашқанда Тастемір Бек-Ярык-оғлан, Ақтау секілді өзге қолбасшылармен бірге Днепр өзенінің төменгі ағысы бойына қарай шегінді. Тоқтамыстың қашып кетуіне орай өзге қолбасшылардың қолдауымен Тастемір хан болып жарияланды. Көп ұзамай Әмір Темір Днепр өзені бойындағы Манкерман деген жерде Тастемірдің әскеріне соққы беріп, оны талқандады. Осы соққыдан кейін қолбасшы Ақтау Византияға қашты. Бек-Ярык-оғланның Донға қарай шегінген әскерін Әмір Темір талқандады. Тастемір Қырымға өтіп, Әмір Темірдің билігін мойындаудан бас тартты. Оның сонда өзінің атынан теңге соқтырғаны жайлы мәліметтер бар.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tastemir Bash Temir oglan Tash Temir t o zh b Қyrym hany 1395 Atategi Tuka Temir Urung Temir Өz Temir Sarysha Sarichi Kүnshek Kishik Tүlen Temir Dәruish han Zhansa Habine Zhente Tastemirdin Giyas әd Din Zhamal әd Din Әlibek Dәuletberdi esimdi uldary bolgan Tastemir әskerinin on kanatyn baskardy 1395 zh 15 sәuirde Әmir Temirden Terek ozeni bojynda zhenilgen Toktamys Litvaga kashkanda Tastemir Bek Yaryk oglan Aktau sekildi ozge kolbasshylarmen birge Dnepr ozeninin tomengi agysy bojyna karaj shegindi Toktamystyn kashyp ketuine oraj ozge kolbasshylardyn koldauymen Tastemir han bolyp zhariyalandy Kop uzamaj Әmir Temir Dnepr ozeni bojyndagy Mankerman degen zherde Tastemirdin әskerine sokky berip ony talkandady Osy sokkydan kejin kolbasshy Aktau Vizantiyaga kashty Bek Yaryk oglannyn Donga karaj shegingen әskerin Әmir Temir talkandady Tastemir Қyrymga otip Әmir Temirdin biligin mojyndaudan bas tartty Onyn sonda ozinin atynan tenge soktyrgany zhajly mәlimetter bar DerekkozderҚazak enciklopediyasy