Тальхиз немесе Тальир — Алматы облысында орналасқан орта ғасырлық қала орны. Талғар қаласының оңтүстігінде, Іле Алатауы бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.
8-9 ғасырлардың жазба деректерінде Тальхиз деген атпен белгілі. Қаланың гүлденген кезі 10-13 ғасырларға тура келеді. Бұл кезеңде Тальхиз экономикалық, мәдени және саяси орталыққа айналды. Жан-жағы дуалмен қоршалған қаланың қазіргі кезде төртбұрышты төбе болып қалған орта тұсы сақталған.
Қала жан-жағынан биік қамалмен қоршалған. Қамал қабырғаларының бұрыштары мұнаралармен толықтырылып, сыртынан ор қазылған. Қазір олар үстін шөп басып, бұта жапқан топырақ үйіндісіне айналған.
Қалаға кіретін екі қақпа бар. Олардың біріншісі солтүстік–шығыс жақ қабырғаның ортасында да, екіншісі оңтүстік-батыс жағында.
Тальхиздың орталық бөлігі – ауданы 9 гектарға жуық төртбұрышты алаң. Орталық бекіністің шетінен тұрғын үйлер, шеберханалар салынып, қаланың ауқымы 30 гектарға жеткен. Көп жылдар бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Тальхиздағы тұрғын үйлердің, шеберханалардың үлкен немесе кішкене көшелерді жағалай топ-тобымен орналасқандығы анықталды. Қалашықтың ішіндегі жолдар өзеннің малта тастарымен төселіп қаланы төртке бөліп тұр. Үйлер көшелер арқылы кварталдарға топтастырылған, әр кварталда 12-14 үй болған. Олардың өзі тар көшелер арқылы өзара байланысып жатқан.
Қалада 3500-5000 м2 жерді алып жатқан 60-қа жуық квартал орналасқан. Үй-жайлардың өздеріне тән белгісі, құрылымы болған: олар үйдің өзінен және ауласынан құралған. Ауланың үлкен-кішілігі үй қожасының тұрмыс жағдайына, дәулетіне байлынысты. Өйткені қай уақытта да қалада жер қалада жер қымбат болатыны белгілі. Қаланың ішіндегі тұрғын үйлердің жоспары ұзынша төртбұрышты жұмыр тастардан саз балшық араластырып тұрғызылған. Әрбір үй бірнеше бөлмеден тұрады және тұрғын бөлмелерді жылыту, нан пісіру мақсатымен тандыр, ал шаруашылық бөлмелерінде ұра орналастырылған.
Қала құрылысы негізінен тастан қаланған. Әрбір құрылыс орнының аумағы 300 м2. Отырықшы малшылармен қатар қалада ұсталар, қыш, әйнек, әшекей, сүйек, темір өңдеу шеберлері және құрылысшылар да көп болған. Қаладан қыш ыдыстар, темірден, қоладан, сүйектен жасалған құралдар мен әшекейлер көптеп табылды.Мысалы: тұғырадағы шырақ, ақшалар. Күміс,мыс. Сүйектен қашап алынған әр түрлі тұрмыстық бұйымдар, қола айна, шырақ. Ирандық мыс құмыра және де басқа жәдігерлер.
Дереккөздер
- Тальир (Тальхиз).
- Жетісу энциклопедиясы
- Талгар (Тальхиз).
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Talhiz nemese Talir Almaty oblysynda ornalaskan orta gasyrlyk kala orny Talgar kalasynyn ontүstiginde Ile Alatauy bokterinde Talgar ozeninin on zhak zhagalauynda ornalaskan 8 9 gasyrlardyn zhazba derekterinde Talhiz degen atpen belgili Қalanyn gүldengen kezi 10 13 gasyrlarga tura keledi Bul kezende Talhiz ekonomikalyk mәdeni zhәne sayasi ortalykka ajnaldy Zhan zhagy dualmen korshalgan kalanyn kazirgi kezde tortburyshty tobe bolyp kalgan orta tusy saktalgan Қala zhan zhagynan biik kamalmen korshalgan Қamal kabyrgalarynyn buryshtary munaralarmen tolyktyrylyp syrtynan or kazylgan Қazir olar үstin shop basyp buta zhapkan topyrak үjindisine ajnalgan Қalaga kiretin eki kakpa bar Olardyn birinshisi soltүstik shygys zhak kabyrganyn ortasynda da ekinshisi ontүstik batys zhagynda Talhizdyn ortalyk boligi audany 9 gektarga zhuyk tortburyshty alan Ortalyk bekinistin shetinen turgyn үjler sheberhanalar salynyp kalanyn aukymy 30 gektarga zhetken Kop zhyldar bojy zhүrgizilgen kazba zhumystarynyn nәtizhesinde Talhizdagy turgyn үjlerdin sheberhanalardyn үlken nemese kishkene koshelerdi zhagalaj top tobymen ornalaskandygy anyktaldy Қalashyktyn ishindegi zholdar ozennin malta tastarymen toselip kalany tortke bolip tur Үjler kosheler arkyly kvartaldarga toptastyrylgan әr kvartalda 12 14 үj bolgan Olardyn ozi tar kosheler arkyly ozara bajlanysyp zhatkan Қalada 3500 5000 m2 zherdi alyp zhatkan 60 ka zhuyk kvartal ornalaskan Үj zhajlardyn ozderine tәn belgisi kurylymy bolgan olar үjdin ozinen zhәne aulasynan kuralgan Aulanyn үlken kishiligi үj kozhasynyn turmys zhagdajyna dәuletine bajlynysty Өjtkeni kaj uakytta da kalada zher kalada zher kymbat bolatyny belgili Қalanyn ishindegi turgyn үjlerdin zhospary uzynsha tortburyshty zhumyr tastardan saz balshyk aralastyryp turgyzylgan Әrbir үj birneshe bolmeden turady zhәne turgyn bolmelerdi zhylytu nan pisiru maksatymen tandyr al sharuashylyk bolmelerinde ura ornalastyrylgan Қala kurylysy negizinen tastan kalangan Әrbir kurylys ornynyn aumagy 300 m2 Otyrykshy malshylarmen katar kalada ustalar kysh әjnek әshekej sүjek temir ondeu sheberleri zhәne kurylysshylar da kop bolgan Қaladan kysh ydystar temirden koladan sүjekten zhasalgan kuraldar men әshekejler koptep tabyldy Mysaly tugyradagy shyrak akshalar Kүmis mys Sүjekten kashap alyngan әr tүrli turmystyk bujymdar kola ajna shyrak Irandyk mys kumyra zhәne de baska zhәdigerler DerekkozderTalir Talhiz Zhetisu enciklopediyasy Talgar Talhiz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet