Соқырлық – екі көздің көру қабілетінің мүлдем жойылуы; адамның жарық пен қараңғыны ажырата алмауы. Соқырлықтың өндірістік және кәсіби түрлері бар. Мысалы, көздің көру оптикалық аспаптар (көзілдірік, т.б.) қолданудың көмегі тимейтіндей дәрежеде кемісе – өндірістік, ал адам өз мамандығы бойынша дағдылы жұмысын атқара алмаса – кәсіби Соқырлық деп аталады. Соқырлықтың іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері болады. Іштен туа біткен Соқырлық мидың кейбір бөлімдерінің, көру жүйкелерінің және көздің торлы қабығының жұмысының бұзылуынан дамиды. Жүре пайда болатын Соқырлық көз ауруларының (суқараңғы, трахома, кератит, т.б.) немесе түрлі жұқпалы аурулардың асқынуынан, сондай-ақ көз алмасының жарақаттануынан болады. Бұл ауру 10 жасқа дейінгі балаларда, 50-ден асқан адамдарда жиі кездеседі. Маньчжур тілінде «соги» немесе «сохи» тұлғалы сөздер біздің түсінігіміздегі «ластау», «қоқым түсу» сияқты мағыналарда қолданылады. Бұл сөздер, әсіресе, көзбен байланысты жиі айтылады. Сондай-ақ «күңгірттену» мағынасы да сол тұлғалар арқылы беріледі. Маньчжурларға бұл тұлғалар моңғолдардан ауысқандығы белгіленген. моңғол, бурят тілдерінде «көзден айырылу» түсінігін «сохрь», «сохорто» сөздері береді. Түркі тілдерінің ішінде якуттарда ғана «қиқым түскен», «ластанған» сияқты мағыналарды «сыыһыр» сезі береді.
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sokyrlyk eki kozdin koru kabiletinin mүldem zhojyluy adamnyn zharyk pen karangyny azhyrata almauy Sokyrlyktyn ondiristik zhәne kәsibi tүrleri bar Mysaly kozdin koru optikalyk aspaptar kozildirik t b koldanudyn komegi timejtindej dәrezhede kemise ondiristik al adam oz mamandygy bojynsha dagdyly zhumysyn atkara almasa kәsibi Sokyrlyk dep atalady Sokyrlyktyn ishten tua bitken zhәne zhүre pajda bolatyn tүrleri bolady Ishten tua bitken Sokyrlyk midyn kejbir bolimderinin koru zhүjkelerinin zhәne kozdin torly kabygynyn zhumysynyn buzyluynan damidy Zhүre pajda bolatyn Sokyrlyk koz aurularynyn sukarangy trahoma keratit t b nemese tүrli zhukpaly aurulardyn askynuynan sondaj ak koz almasynyn zharakattanuynan bolady Bul auru 10 zhaska dejingi balalarda 50 den askan adamdarda zhii kezdesedi Manchzhur tilinde sogi nemese sohi tulgaly sozder bizdin tүsinigimizdegi lastau kokym tүsu siyakty magynalarda koldanylady Bul sozder әsirese kozben bajlanysty zhii ajtylady Sondaj ak kүngirttenu magynasy da sol tulgalar arkyly beriledi Manchzhurlarga bul tulgalar mongoldardan auyskandygy belgilengen mongol buryat tilderinde kozden ajyrylu tүsinigin sohr sohorto sozderi beredi Tүrki tilderinin ishinde yakuttarda gana kikym tүsken lastangan siyakty magynalardy syyһyr sezi beredi Pajdalanylgan ciltemelerҚazak Enciklopediyasy 7 tom Bes zhүz bes soz Almaty Rauan 1994 zhyl ISBN 5 625 02459 6Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet