Сарысу көтерілісі (1930) – Сарысу ауданындағы коммунистік тоталитаризмнің асыра сілтеушілігіне қарсы көтерілген халық көтерілісі. Күштеп ұжымдастыру салдарынан Қазақстан аумағында орын алған 300-ден астам көтерілістің бірі. 1928 жылы күзде Сарысу ауданының байлары (Ықылас баласы Түсіпбек, , , , т.б.) тәркіленді. Науқанның соңына қарай, «тәркілеуге қарсылық жасауды ұйымдастырмақ болды» деген желеумен 1928 жылы желтоқсанда Д., , (Байсейіт Әділов оққа ұшты), 1929 жылдың басында Асқар, Әбубәкір, Жолдасбай, , , , , т.б. ел ішінде белгілі жігіттер (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды. Оларға кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, «алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан»... «Әділовтің алыс Сарысу ауданындағы бандасы» деген жала жабылды. Әуелі Қызылорда, Алматы түрмелеріне, одан Мәскеудің Бутыркасына қамалып, сол жақта әйгілі «үштік» ұйғарымымен сотталды. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер адамдардың тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін арттырды. Ақыры, 1930 жылы ақпанда халық қозғалысы туды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин Орталық Комитеттің Бас хатшысы И.В. Сталинге 1930 жылы наурызда жолдаған құпия ақпарат-хатында Сарысу ауданымен іргелес жатқан Созақ ауданындағы (екеуі де Сырдария округінде) наразылықты «ірі бұқаралық қарулы көтеріліс» ретінде бағалап, жазалаушылармен («коммунистік жасақтар») шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің («бандит») өлгенін хабарлайды. 200-дейі тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түсірілген қару-жарақ саны – 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш... Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы (бестен бірі) ғана құрқол болмай, әйтеуір әлденемен қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты оқшашармен қырып тастаған деген деректің жаны бар. Осы шығыны мол «көтерілістің басты ошағы – тама руының ауылдары орналасқан Сарысу ауданы болды» (Т.Омарбеков). Кеңестік құпия полиция (ОГПУ) ақпараттарына қарағанда «өзін хан деп атайтын бай Сұлтанбек Шолақтың бандасы Сырдария округінің Сарысу ауданында (Әулиеатаның солтүстік-шығысында 160 км) ұйымдастырылған». Көтерілісшілердің 1930 жылы 5 ақпанда Шолаққорғанға беттегенін, одан Сарысу ауданының орталығы Кентаралға (Түркістаннан 225 шақырым) барып, басып алмақ ниетте екенін ГПУ органдары біліп отырады. Тарлан шатқалында қолға түскен «Банатаев Қарынбай деген бандит»... «банданың белсенді әрекет етіп жатқанын растады». «Сарысу ауданы ГПУ-інің өкілі Тыныштықбаевты атыс кезінде бандиттер өлтірген». Аңқай деп ұрандаған көтерілісшілер қолынан коммунист Б. қаза тапты. Осыларға байланысты «Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды», Сарысу ауданын қорғауды күшейту, сонымен бірге «шешуші Созақ операциясын» өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын «табысты» аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудандарында екі-екіден «коммунистік отрядтар» жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық «банда» алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. «Сарысу ханы Серік» пен Сарысу көтерілісін ұйымдастырған Жантірешманов, Сараевтар «қашып кететін болғандықтан» атып тасталды. Жүздеген адам түрмеге қамалды. Сарысу көтерілісінің соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратын ешкім қалмады, ауыл қаңырап босап қалды, ал аудан орталығығы Саудакентке көшірілді. Соған қарағанда, мұндағы тікелей және табан астында қатал жазалау шараларының пәрменді де кең көлемде жүргізілгені аңғарылады. Сарысу көтерілісі ресми басылды деп жарияланғаннан кейін, оған қатысты деген желеумен, жүздеген жазықсыз жанды ОГПУ-дің әйгілі «үштіктері» түрлі мерзімге абақтыға жауып, жер аударып жіберді. Олардың ішіндегі Сарысу көтерілісіне қатысқаны үшін атылғандары жайындағы мәліметті «Азалы кітап – Книга скорби» басылымынан табуға болады.
Сілтеме
Тараз энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sarysu koterilisi 1930 Sarysu audanyndagy kommunistik totalitarizmnin asyra silteushiligine karsy koterilgen halyk koterilisi Kүshtep uzhymdastyru saldarynan Қazakstan aumagynda oryn algan 300 den astam koterilistin biri 1928 zhyly kүzde Sarysu audanynyn bajlary Ykylas balasy Tүsipbek t b tәrkilendi Naukannyn sonyna karaj tәrkileuge karsylyk zhasaudy ujymdastyrmak boldy degen zheleumen 1928 zhyly zheltoksanda D Bajsejit Әdilov okka ushty 1929 zhyldyn basynda Askar Әbubәkir Zholdasbaj t b el ishinde belgili zhigitter barlygy 16 adam OGPU tarapynan ustaldy Olarga kenes okimetinin okilin oltiruge katysyp is sharalaryna burynnan kedergi keltirip kele zhatkan alashordashylardyn baskarushy toby үlken mindetter artkan Әdilovtin alys Sarysu audanyndagy bandasy degen zhala zhabyldy Әueli Қyzylorda Almaty tүrmelerine odan Mәskeudin Butyrkasyna kamalyp sol zhakta әjgili үshtik ujgarymymen sottaldy Al el ishinde iri bajlardy tәrkileu sony ortasha dәulettilerdin mal mүlkin sypyryp aluga ulasty Salyk auyrtpalygyn sezinbegen shanyrak kalmady Sholak belsendilik үdedi Osy zhәjtter adamdardyn turmysyn kiyndatyp bilik sharasyna narazylyk sezimin arttyrdy Akyry 1930 zhyly akpanda halyk kozgalysy tudy BK b P Қazak olkelik komitetinin birinshi hatshysy F I Goloshekin Ortalyk Komitettin Bas hatshysy I V Stalinge 1930 zhyly nauryzda zholdagan kupiya akparat hatynda Sarysu audanymen irgeles zhatkan Sozak audanyndagy ekeui de Syrdariya okruginde narazylykty iri bukaralyk karuly koterilis retinde bagalap zhazalaushylarmen kommunistik zhasaktar shajkasta 400 den asa koterilisshinin bandit olgenin habarlajdy 200 deji tutkynga alyngan al koterilisshilerden kolga tүsirilgen karu zharak sany 70 tej myltyk 50 shakty temir sүngi balta ajyr najza kylysh Yagni 600 koterilisshinin 120 sy besten biri gana kurkol bolmaj әjteuir әldenemen karulangan Demek zhazalaushylar is zhүzinde karusyz kenes okimetinin burmalaularyna okpeli bejbit halykty okshasharmen kyryp tastagan degen derektin zhany bar Osy shygyny mol koterilistin basty oshagy tama ruynyn auyldary ornalaskan Sarysu audany boldy T Omarbekov Kenestik kupiya policiya OGPU akparattaryna karaganda ozin han dep atajtyn baj Sultanbek Sholaktyn bandasy Syrdariya okruginin Sarysu audanynda Әulieatanyn soltүstik shygysynda 160 km ujymdastyrylgan Koterilisshilerdin 1930 zhyly 5 akpanda Sholakkorganga bettegenin odan Sarysu audanynyn ortalygy Kentaralga Tүrkistannan 225 shakyrym baryp basyp almak niette ekenin GPU organdary bilip otyrady Tarlan shatkalynda kolga tүsken Banataev Қarynbaj degen bandit bandanyn belsendi әreket etip zhatkanyn rastady Sarysu audany GPU inin okili Tynyshtykbaevty atys kezinde banditter oltirgen Ankaj dep urandagan koterilisshiler kolynan kommunist B kaza tapty Osylarga bajlanysty Kentaralda nashar karulangan 200 adamnan turatyn ozin ozi korgau otryady ujymdastyryldy Sarysu audanyn korgaudy kүshejtu sonymen birge sheshushi Sozak operaciyasyn otkizu sharalary kolga alyndy Sozak operaciyasyn tabysty ayaktagan zhazalaushylar Sarysu Talas audandarynda eki ekiden kommunistik otryadtar zhiberip koterilisshilerdi izdestirdi Sarysulyk banda algashky kaktygysta ak talkandalyp zhetekshileri kolga tүsirildi Sarysu hany Serik pen Sarysu koterilisin ujymdastyrgan Zhantireshmanov Saraevtar kashyp ketetin bolgandyktan atyp tastaldy Zhүzdegen adam tүrmege kamaldy Sarysu koterilisinin sony asharshylykka ulasty Ұzamaj Kentaralda turatyn eshkim kalmady auyl kanyrap bosap kaldy al audan ortalygygy Saudakentke koshirildi Sogan karaganda mundagy tikelej zhәne taban astynda katal zhazalau sharalarynyn pәrmendi de ken kolemde zhүrgizilgeni angarylady Sarysu koterilisi resmi basyldy dep zhariyalangannan kejin ogan katysty degen zheleumen zhүzdegen zhazyksyz zhandy OGPU din әjgili үshtikteri tүrli merzimge abaktyga zhauyp zher audaryp zhiberdi Olardyn ishindegi Sarysu koterilisine katyskany үshin atylgandary zhajyndagy mәlimetti Azaly kitap Kniga skorbi basylymynan tabuga bolady SarysuSiltemeTaraz enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet