Сарысу-созақ көтерілісі — Жамбыл облысы Сарысу ауданы мен Түркістан облысы Созақ ауданында Кеңес өкіметінің 1930 жылғы асыра сілтеушілік саяси және экон. шараларына қарсы көтерілген халық қозғалысы.
1928 жылы күзде Сарысу ауданының бір топ ауқатты адамдары тәркіленді. Науқан соңына қарай, тәркілеуге қарсылық ұйымдастырмақ болды деген желеумен 1928–1929 жылы Дінмұхамед Әділов, Ағабек Байдуллаев, Асқар, Әбубәкір, Жолдасбай, Әбуәлі Әділовтер, Нұрлан Кәрібаев, Әкпар Ыбыраев, Мұхамедия Арғынбаев, Артықбай Әлин, т.б. ел ішінде белгілі азаматтар (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды, ал Байсейіт Әділов оққа ұшты. Оларға Кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, “алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан...” “Әділовтің алыс Сарысу ауданындағы бандасы” деген жала жабылды. Әуелі Қызылорда, Алматы түрмелеріне, одан Мәскеудің Бутыркасына қамалып, сол жақта әйгілі “үштік” шешімімен сотталды. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер ел тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін күшейтті.
БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1-хатшысы Ф.И. Голощекин 1930 жылы наурызда И.В. Сталинге жолдаған құпия ақпарат-хатында Сарысу ауданымен іргелес жатқан Созақ ауданындағы (екеуі де Сырдария окр-нде) наразылықты ірі бұқаралық қарулы көтеріліс ретінде бағалап, жазалаушылармен (коммунистік жасақтар) шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің өлгенін хабарлайды. 200-ге тарта адам тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түскен қару-жарақ саны — 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш, т.б. Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы ғана қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты қырып тастаған. Осы шығыны мол көтерілістің басты ошағы — тама руының ауылдары орналасқан Сарысу ауданы болды. ОГПУ ақпараттарына қарағанда “өзін хан деп атайтын бай Сұлтанбек Шолақтың бандасы Сырдария окр-нің Сарысу ауданында (Әулиеатаның солт.-шығысында 160 км) ұйымдасқан”. Көтерілісшілердің 1930 жылы 5 ақпанда Шолаққорғанға беттегенін, одан Сарысу ауданының орт. басып алмақ ниетте екенін ГПУ органдары біліп отырды. Тарлан шатқалында қолға түскен “Банатаев Қарынбай деген бандит… банданың белсенді әрекет етіп жатқанын растады”. “Сарысу ауданы ГПУ өкілі Тыныштықбаевты атыс кезінде бандиттер өлтірген”. Осыларға байланысты Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды, Сарысу ауданын қорғауды күшейту, сонымен бірге шешуші Созақ операциясын өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын “табысты” аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудандарына екі-екіден коммунистік отряд жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық “банда” алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. “Сарысу ханы Серік” пен Сарысу көтерілісін ұйымдастырған Жантірешманов, Сараев “қашып кететін болғандықтан” атып тасталды. Жүздеген адам түрмеге қамалды. Көтеріліс соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратындар босып кетіп, ауыл қаңырап босап қалды, ал аудан орталығы Саудакентке көшірілді. Соған қарағанда, мұндағы тікелей және табан астында қатал жазалау шараларының пәрменді де кең көлемде жүргізілгені аңғарылады. Сарысу-созақ көтерілісі ресми басылды деп жарияланғаннан кейін, оған қатысты деген желеумен жүздеген жазықсыз жанды ОГПУ-дің әйгілі “үштіктері” түрлі мерзімге абақтыға жауып, жер аударды.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sarysu sozak koterilisi Zhambyl oblysy Sarysu audany men Tүrkistan oblysy Sozak audanynda Kenes okimetinin 1930 zhylgy asyra silteushilik sayasi zhәne ekon sharalaryna karsy koterilgen halyk kozgalysy 1928 zhyly kүzde Sarysu audanynyn bir top aukatty adamdary tәrkilendi Naukan sonyna karaj tәrkileuge karsylyk ujymdastyrmak boldy degen zheleumen 1928 1929 zhyly Dinmuhamed Әdilov Agabek Bajdullaev Askar Әbubәkir Zholdasbaj Әbuәli Әdilovter Nurlan Kәribaev Әkpar Ybyraev Muhamediya Argynbaev Artykbaj Әlin t b el ishinde belgili azamattar barlygy 16 adam OGPU tarapynan ustaldy al Bajsejit Әdilov okka ushty Olarga Kenes okimetinin okilin oltiruge katysyp is sharalaryna burynnan kedergi keltirip kele zhatkan alashordashylardyn baskarushy toby үlken mindetter artkan Әdilovtin alys Sarysu audanyndagy bandasy degen zhala zhabyldy Әueli Қyzylorda Almaty tүrmelerine odan Mәskeudin Butyrkasyna kamalyp sol zhakta әjgili үshtik sheshimimen sottaldy Al el ishinde iri bajlardy tәrkileu sony ortasha dәulettilerdin mal mүlkin sypyryp aluga ulasty Salyk auyrtpalygyn sezinbegen shanyrak kalmady Sholak belsendilik үdedi Osy zhәjtter el turmysyn kiyndatyp bilik sharasyna narazylyk sezimin kүshejtti BK b P Қazak olkelik komitetinin 1 hatshysy F I Goloshekin 1930 zhyly nauryzda I V Stalinge zholdagan kupiya akparat hatynda Sarysu audanymen irgeles zhatkan Sozak audanyndagy ekeui de Syrdariya okr nde narazylykty iri bukaralyk karuly koterilis retinde bagalap zhazalaushylarmen kommunistik zhasaktar shajkasta 400 den asa koterilisshinin olgenin habarlajdy 200 ge tarta adam tutkynga alyngan al koterilisshilerden kolga tүsken karu zharak sany 70 tej myltyk 50 shakty temir sүngi balta ajyr najza kylysh t b Yagni 600 koterilisshinin 120 sy gana karulangan Demek zhazalaushylar is zhүzinde karusyz kenes okimetinin burmalaularyna okpeli bejbit halykty kyryp tastagan Osy shygyny mol koterilistin basty oshagy tama ruynyn auyldary ornalaskan Sarysu audany boldy OGPU akparattaryna karaganda ozin han dep atajtyn baj Sultanbek Sholaktyn bandasy Syrdariya okr nin Sarysu audanynda Әulieatanyn solt shygysynda 160 km ujymdaskan Koterilisshilerdin 1930 zhyly 5 akpanda Sholakkorganga bettegenin odan Sarysu audanynyn ort basyp almak niette ekenin GPU organdary bilip otyrdy Tarlan shatkalynda kolga tүsken Banataev Қarynbaj degen bandit bandanyn belsendi әreket etip zhatkanyn rastady Sarysu audany GPU okili Tynyshtykbaevty atys kezinde banditter oltirgen Osylarga bajlanysty Kentaralda nashar karulangan 200 adamnan turatyn ozin ozi korgau otryady ujymdastyryldy Sarysu audanyn korgaudy kүshejtu sonymen birge sheshushi Sozak operaciyasyn otkizu sharalary kolga alyndy Sozak operaciyasyn tabysty ayaktagan zhazalaushylar Sarysu Talas audandaryna eki ekiden kommunistik otryad zhiberip koterilisshilerdi izdestirdi Sarysulyk banda algashky kaktygysta ak talkandalyp zhetekshileri kolga tүsirildi Sarysu hany Serik pen Sarysu koterilisin ujymdastyrgan Zhantireshmanov Saraev kashyp ketetin bolgandyktan atyp tastaldy Zhүzdegen adam tүrmege kamaldy Koterilis sony asharshylykka ulasty Ұzamaj Kentaralda turatyndar bosyp ketip auyl kanyrap bosap kaldy al audan ortalygy Saudakentke koshirildi Sogan karaganda mundagy tikelej zhәne taban astynda katal zhazalau sharalarynyn pәrmendi de ken kolemde zhүrgizilgeni angarylady Sarysu sozak koterilisi resmi basyldy dep zhariyalangannan kejin ogan katysty degen zheleumen zhүzdegen zhazyksyz zhandy OGPU din әjgili үshtikteri tүrli merzimge abaktyga zhauyp zher audardy DerekkozderҚazak Enciklopediyasy 7 tom