Сардоба су апаты — 2020 жылғы 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні Өзбекстанның су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқыны. Аққан су Өзбекстанның біраз ауылы мен Қазақстандағы бес елді мекенді басып қалды.
Апаттың басталуы
2009 жылы Өзбекстан су шаруашылығы Жызақ облысы, Сардоба ауданындағы бірнеше елді мекен тұрғындарын жаздық ағын сумен қамтамасыз ету үшін сол төңіректен су қоймасын салуды жоспарлады. Қойма Қорғантөбе ауылының маңынан тұрғызылып, биіктігі 28, кей жерлері 32 метрге дейін жетті. Сыйымдылығы 922 млн текше метр қойма 2017 жылы пайдалануға берілді.
Апатқа 30 сәуір күнгі Жызақ облысы аумағындағы сұрапыл дауыл мен артынша жауған толассыз жаңбыр себеп болды дейді мамандар. Онсыз да суы кілкіп тұрған қойманың суы толқып, жағалауды шайып, кеміре берген де, сапасыз салынған бөгет шыдас бермей, суы сыртқа лықсып, тасып түскен. Артынша су тасып өткен жер шайылып, желініп, топан су сыртқа лап қойған. Ең әуелі сол төңіректегі Қорғантөбе ауылы су астында қалды.
Шұғыл хабарламадан соң Өзбекстанда төтенше жағдай жарияланып, 1 мамыр күні президент Шавкат Мирзяев оқиға болған жерге ұшып келді. Су басқан ауылдағы тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды.
Қазақстанға тигізен зардабы
1 мамыр күні-ақ Өзбекстан шекарасына өте жақын орналасқан Мақтаарал ауданыңдағы Жеңіс, Нұрлы жол, Фирдоуси, Еңбекші секілді ауылдарға су жетіп келді. Мұнда да төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді.
2 мамыр күні түнде Өргебас ауылы су астында қалып, тұрғындар ауылдан қашып шықты. Осылайша бес ауылды су басты.
3 мамыр күні екі елдің шекарасындағы Абай арнасымен аққан су Жетісай ауданындағы Қоғалыға да жайылды. Бірақ ол жердегі су дер кезінде тоқтатылды да, Қоғалы ауылы аман қалды.
4-5 мамыр күндері су деңгейі төмен түсіп, қауіп сейілді. Қазақстанда ешқандай адам шығыны болмады.
Дереккөздер
- https://turkistan.gov.kz/kk/news/turkestan-v-maktaarale-yeshche-3200-zhiteley-otpravleny-v-bezopasnuyu-zonu(қолжетпейтін сілтеме)
Сілтемелер
- Мақтаралдағы су тасқыны: Диқандар 4,1 млрд теңге көлемінде шығынға батқан
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sardoba su apaty 2020 zhylgy 30 sәuirden 1 mamyrga karagan tүni Өzbekstannyn su kojmasynyn buzyluy saldarynan bolgan su taskyny Akkan su Өzbekstannyn biraz auyly men Қazakstandagy bes eldi mekendi basyp kaldy Apattyn bastaluy2009 zhyly Өzbekstan su sharuashylygy Zhyzak oblysy Sardoba audanyndagy birneshe eldi meken turgyndaryn zhazdyk agyn sumen kamtamasyz etu үshin sol tonirekten su kojmasyn saludy zhosparlady Қojma Қorgantobe auylynyn manynan turgyzylyp biiktigi 28 kej zherleri 32 metrge dejin zhetti Syjymdylygy 922 mln tekshe metr kojma 2017 zhyly pajdalanuga berildi Apatka 30 sәuir kүngi Zhyzak oblysy aumagyndagy surapyl dauyl men artynsha zhaugan tolassyz zhanbyr sebep boldy dejdi mamandar Onsyz da suy kilkip turgan kojmanyn suy tolkyp zhagalaudy shajyp kemire bergen de sapasyz salyngan boget shydas bermej suy syrtka lyksyp tasyp tүsken Artynsha su tasyp otken zher shajylyp zhelinip topan su syrtka lap kojgan En әueli sol tonirektegi Қorgantobe auyly su astynda kaldy Shugyl habarlamadan son Өzbekstanda totenshe zhagdaj zhariyalanyp 1 mamyr kүni prezident Shavkat Mirzyaev okiga bolgan zherge ushyp keldi Su baskan auyldagy turgyndar zhedel tүrde evakuaciyalandy Қazakstanga tigizen zardaby1 mamyr kүni ak Өzbekstan shekarasyna ote zhakyn ornalaskan Maktaaral audanyndagy Zhenis Nurly zhol Firdousi Enbekshi sekildi auyldarga su zhetip keldi Munda da totenshe zhagdaj zhariyalanyp turgyndar kauipsiz ajmakka koshirildi 2 mamyr kүni tүnde Өrgebas auyly su astynda kalyp turgyndar auyldan kashyp shykty Osylajsha bes auyldy su basty 3 mamyr kүni eki eldin shekarasyndagy Abaj arnasymen akkan su Zhetisaj audanyndagy Қogalyga da zhajyldy Birak ol zherdegi su der kezinde toktatyldy da Қogaly auyly aman kaldy 4 5 mamyr kүnderi su dengeji tomen tүsip kauip sejildi Қazakstanda eshkandaj adam shygyny bolmady Derekkozderhttps turkistan gov kz kk news turkestan v maktaarale yeshche 3200 zhiteley otpravleny v bezopasnuyu zonu kolzhetpejtin silteme SiltemelerMaktaraldagy su taskyny Dikandar 4 1 mlrd tenge koleminde shygynga batkanBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet