Мына мақаланы не бөлімін Сапақ Байшуақұлы дегенмен біріктіруге ұсынылған. () |
Сапақ датқа Сапақ Байшуақұлы 1833-1913 жылдар шамасында өмір сүрген қазақтың айтулы шешен биі әрі батыры. Ол кісіні ел датқа деп те атап кеткен. Датқа - халық тілегін әділдікпен шешетін ел басшысы деген парсы сөзі. Сапақ датқа бұрынғы Әулиеата уезінің Талас, Аса өзендерінің бойын жайлаған ауылда туып өскен. Әкесі Байшуақ, оның арғы ата-бабалары Бәйдібек, Тасжүрек, Сейіт, Дөнен бөрі өз уақтысында елін, жерін сыртқы, ішкі жаудан қорғаған батыр, би боп өткен. Байшуақтан туған Сапақ, Бапақ, та, Сапақтың балалары , те сол ата-бабалары сияқты екен. Сапақ би денелі, көрікті, келбетті кісі бопты. Ол аға сұлтан Құнанбай еліне күйеу екен. Құнанбай Сапақты екі рет ас-тойға арнайы шақырған. Бір шақырғанда алыс жолдан шөліркеп келген Сапақ биді Тобықтының жігіттері жезде деп қалжыңдап, қымызды жуық арада құймай отырып алыпты. -Жездеке, сізге қай қымыздан кұяйық? Бұл үйде тай кымыз да, құнан қымыз да, дәнен қымыз да бар, - депті. Шыдамы кетіп, шөлдеп отырған Сапақ: -Өй, шырағым, "Берместің үйінде бесті қымыз бар" демекші, қымызыңды құлаштап сапыра бермей, беретін болсаң тезірек құйсайшы!? - депті. Ел арасында Сапақ шешеннің тапқыр сөздері көп айтылады. Соның бірі мынадай: Сапақтың бозбала кезі. Шешендігімен ауызға іліге бастаған жас жігітті сынамақ болып Әулиеатада тұратын ел ағасы Ысқақ деген кісі қонаққа келген Сапақты сыйлап күтіп, ертеңіне аттандырар алдында: -Шырағым, Сапақ, қазақтың кейбір мақалдарына түсінбедім, соны сенен сұрайын деп едім, - дейді. -Сұраңыз, Ысеке, шамамның келгенінше жауап беріп көрейін. Сұрасам: "Ер-егіз, еңбек-жалқы" дейді, бұл не сөз? "Қырық жыл байлық бар, қырық жыл жарлық бар", - дейді, бұған да түсінбедім. -Ысеке, бұның бәрі біздің сұрап, сіздің шешетін нәрсеңіз екен, - дейді Сапақ. -Неге, Сапақ шырағым, "Асыл - тастан, ақыл - жастан" демей ме? -Онда жауап беріп көрейін, - деп сөз бастапты Сапақ. -Ер егіз деп айтуға болмайды. Анадан егіз туғанмен, екеуі екі елден қыз алады. Әйелдері егіз бомаған соң олар егіз бола алмайды. Көргенді жерден қыз алсаң, көзіңе шел салмаса, өзіңнің жоғынды білдірмей қонағыңды оң қабағымен қарсы алып, жылы шыраймен шығарып салып отырса, егізің әне сол болады. Еңбекті жалқы деген - ол да әйелден. Көргенсіз жерден қыз алсаң, от басыңның күлін шашып, келген қонағыңды ішке тартпай, сыртқа тепсе, қанша көпшіл болып, қанша еңбектенгеніңмен жалғыз қаласың. Ал, "қырық жыл байлық бар" "қырық жыл жарлық бар" дегеннің мәнісі мынау болса керек. Адам қырыққа келгенше жігер-куаты бойында сау- саламат ойнап-күліп, қызықшылыкпен өмір сүреді. Бірінші байлық - денсаулық деген емес пе? Денсаулыктан артық байлық бар ма? Одан әрі шау тартып, ыңқыл-сыңкылың көбейіп, ауырмайтын жерін, сыздамайтын сүйегің қалмайды. Сексенге дейінгі қырық жарлылыктың жәні осы болар. - Бәрекелді балам, жән екен. Бұл сөздердің мәнісін енді түсіндік, - деп Ысқақ ата оған риза болыпты.
- * *
Құлмамбетпен айтыстан соң Сапақ бидің үйінде үш күн жатыпты. -О, биеке, - депті Майкөт, - осы сапар Жетісуды түгел аралап қайттым. Кеудесі тұнған бау-бақша, байлығы асқан тамаша. Қыздары түгел әнші, шетінен сұлу, жігіттері акын, күйші екен. Төңірі алғыр Қүлмамбет елінің байлығына сүйенді, мен жерімнің байлығына сүйендім. Сонда Сапақ шешен: -Кәне, не деп мақтадың? - деп сұрапты. Сонда Майкөт:
- Қаратау менің мекенім,
Миуасын теріп жеп едім.
Алмасы бар аяқтай,
Жуасы бар таяқтай,
Арқары мен құлжасы,
Жылкыдан шыққан саяқтай.
Доланасы жүректей,
Бұғысы мен маралы,
Буыршындай, үлектей.
Торлан, Шақпақ тар кезең,
Аса, Талас екі өзен
Ат бауырынан саз алған.
Балдырғанын жегенде,
Баланың көңілі мәз болған.
Жаужұмыры кұмандай,
Сексеуілін жаққанда,
Кедейдің көңілі тынғандай..
Майкөт сол жолы ұзақ жырлапты. Сонда Сапак би: - Майеке, жердің мактауын жеткізген екенсің. Бірақ дүниенің бар қызығы байлықта ғана емес кой. Бақыт - колға конған кұс, байлық - колға ұстаған мұз; құс ұшады, мұз ериді, дүниенің кызығы сіз бен біз! - деген екен. Сол жолы Майкөт акын мен Сапақ, шешен бақ, бақыт, ынтымақ, бірлік, байлық, дәулет туралы тыңдаушы жұртына небір ақыл-накылдарын айтыпты.
Бақ оралса басыңа,
Дос жиылар қасыңа.
Егініңді салысар,
Қырманыңды алысар,
Тандырыңды жабысар,
Шалғыныңды шабысар,
Малдарыңды бағысар.
Қарамай кеткен ағайын,
Қайтып келіп табысар.
Бақ кеткенде басыңнан,
Жоқтан бөле жабысар,
Қампайып тғрған қарының,
Аш қалғандай қабысар,
Егініңді өрт шалар,
Мал-жаныңды дерт шалар.
- * *
Батыр сөйлей қалса,
Жауға салған ойранын айтар.
Ақын сөйлей қалса,
Кызық думан тойдағыны айтар.
Қомағай сөйлей калса,
Ішіп-жеп тойғанын айтар.
Саудагер сөйлей қалса,
Кездеме кызыл байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса,
Ұстарасы мен қайрағын айтар.
Ақылды сөйлей қалса,
Асыл сөздің қаймағын айтар.
Ақымақ сөйлей калса,
Ақылға қонбайтын қайдағыны айтар.
- * *
Бота ойнақтаса,
Молшылық болар.
Тайлақ ойнақтаса,
Тоқшылық болар.
Көрі түйе ойнақтаса,
Жоқшылық болар.
- * *
Қызыл тілден - Қан да тамады.
Бал да тамады.
Ең тәтті де - тіл.
Ең ащы да - тіл.
Ең жұмсақ та - тіл.
Ең катты да - тіл.
- * *
Бір туысы келген кұда-жекжаттарына бура сойып сыйлапты. Соны көрген Сапақ датқа:
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі маладай,
Жабуы бар жамшыдай,
Құйрығы бар камшыдай,
Бура сойған не сұмдық? -
деп термелеген екен дейді ел.
- * *
Шешеннің бір жақын кейуанасы: -Келінім өзі шайпау, жалқау болды. Сәске түске дейін жатып алады. Біз айтсақ тыңдамайды, жайыңа отыр дейді, не қылсам екен? - депті. Сапақ бұл сөзді тыңдап отырады да: -Келініңді шақыр, - дейді. Келіні келеді. -Келін шырағым, - дейді Сапақ, - осы жұрт: "Таңмен таласа тұрғанның талай ісі бітеді. Тал түске дейін жатқанның талай ісі кетеді" дейді. Осының мәнісі қалай, соны айтшы? -Түсіндім, би қайнаға есте болсын, - деп кетеді. Арада күндер өтеді. Бір күні Сапақ таң алакеуім шақта тұрып дәрет алып жүріп, ауыл сыртында біреуді көреді. Анықтап қараса, әнеукүнгі келіні екен. Ол таң атпай тұрып, сиырын сауыпты да, оны падаға қосып, қайтарында дәу қап тезек арқалап келе жатады. Келіні жакындай бере, арқалаған тезегін жерге қоя салып, Сапақ биге иіліп ән кылады. Сапақ: -Көп жаса, шырағым, ұл тап! "Ерте түрған келіннің екі жүмысы бітер" деген, міне, осы, - депті.
- * *
Сапақ шешен бір жолы Бұхар шаһарына барыпты. Шайханаға кіріп шай ішіп отырса, оны танитын қазақ, өзбектер тұс-тұсынан әртүрлі әңгімеге салыпты. -Төле би кімнің биі болған? -Өзіміздің би! - депті бір қазақ. -Жоқ, біздің би! - депті бір өзбек. Сонда Сапақ шешен: -Бір биді бөле-жарасыңдар. Аруағыңнан айналайын Тәкең ол кезде бөріңе де жеткен жоқ па еді?
Төле би де өзіміз.
Қисық болса ісіңіз -
Төбе би де өзіміз,
Құрулы тұрған тезіңіз, -
Төте би де өзіміз.
деп сөз соңын осылай түйіндепті.
- * *
Сол шайханада отырғандардың ішінде Бұхар ханының сарай ақыны әрі молдасы Бажбан да болыпты. Ал, Сапақ шешен болса, сөзге дес бермей өткен-кеткеннен әңгімені үдете берген. Өзіне сөз кезегі тие коймаған Бажбан молда: -Өзің бір желдей саулап тұрған жан екенсің. Осы сөздің бір пұлдық пайдасы бар ма? - депті. Сапақ: -Бар, депті, - мен айтсам халықтың қамын жеп айтамын. Шешілмей жатқан дауын шешіп беремін. Оған халқым риза. Мұндай сөздің босі пұлдан қымбат. Алтыннан қымбат сөзге ақымақ қана құлақ салмайды. Ал сен болсаң, шариғат былай деп күнәкөр сөзін айтасың. Барған жеріңде айлап жатасың. Жұрттың бермесіне қоймайсың. Қанша алсаң да тоймайсың - Сапақ осылайша термелей бергенде молда шешеннің сөзіне шыдай алмай, шайханадан шыға қашыпты.
- * *
Ел арасындағы естелік әңгімелерге қарағанда Сапақ би өз атырабына беделі асқан абыройлы, атақты, ақылгөй би болғанға ұқсайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында сакталған бір естелікте Әулиеата, Ташкент, Бұхар шаһарларын билеуші хандар, бектер, билерге ол тікелей қамқор да, батыл, ақылды да алғыр би болыпты. Бай, мырзалар айтады екен: "Біз хан ордасына жақындағанда, ат-көлігімізді тастап жаяу барсақ, Сапак би атымен барады. Біз ханға сый-сияпат беріп қайтсақ, Сапақ ханнан алып қайтады" дер екен. Сапақ датқа өнерпаз, әнші, күйшілермен де жиі кездесіп, сұхбаттасып, оларға да әрдайым қамқорлық жасайды екен. Зерттеуші сазгер Илья Жақанов өзінің Ықылас қобызшыға арнаған кітабында былай жазыпты: ...Ауыл шетінде түтіні түтініне жалғасып іргелес қонған Алдаш байдың үйіне біраздан бері сыралғы көңілдесі сонау Талас бойындағы төрт ата Ошақтының мырзасы Сапақ келді. Араларында алыс-берісі бар екі бай екі- үш күн өзді-өзі шүйіркелесті, ауыл ақсақалдарынан тек Қазы шешенді ғана шақырып, онда да дабыр жасамай томата тұйық, тып-тыныш мәслихат құрды. Бұл елдің игі жақсысы, тәуірлері Әулиеатаға сапар шексе, жолшыбай осы Сапақтың аулына соқпай кетпейді. Бұл сондай Сапақ! Әңгіме-дүкен сан- сала боп өрбігенде адам парнын аңдағыш Қазы шешен Сапақтың сергек ойлы, ақылды, кең алымды, өрелі жігіт екенін таныды. Орнықты, тоқтамды сөзіне иланды. Сапақ датқа әлсін-әлсін домбыра шертіп отырды. Тәттімбетті, Тоқаның шертпелерін біледі екен. Өзі кісі сөзін бағып сөйлейтін ізетті де, соңына ерткен жігіттері де өрнені ауық-ауық емін-еркін сөйлесіп кетіп жатты. Осының бәрін Қазы шешен іштей бағып, оран жылы пейіл білдіріп отырды. Тағы бір желсіз мүлгіген коңыр кеш еді. Бұлар үйдің көлеңкесінде ақ сырмақ, шәйі көрпенің үстінде ақ мамық жастықты шынтақтап, қымыз ішіп әрқилы әңгіменің басын қайырды. Сапақ бір орайлы сәтте. -Алдеке, көңілімнің алаңы бар. Иә-иә, алаңы емес, калауы бар, - деді. Алдаш сол дағдарып: -Айтыңыз, - деп біртүрлі оқыс қылп етіп. -Біздің ел Алтынбектің қобызын о бастан біледі. Дүкеннің өнеріне де тәнті. Иө, Алтынбектің алқасы, сырғасы, білезігі біздің елге сондай таңсық. Ол өзінше бір әңгіме. Алдаш басын изеп, сөз ақырын күтті. Қазы шешен де Сапақтың мінезіне ойлана койды. -Былтыр кыс бойы Талас елі бұл әулеттің тағы бір перзенті Ықылас деген қобызшы баланың құлағын шулатумен болды. Мынаны қараңыз, сол қаршадай Ықыластың атын ырым ғып Ошақты, Дулат елінің жаңа туған нәрестелеріне қоя бастапты. Таласты, Шуды жағалап растығына көзіңіз жетеді. Және кобызға әуес балалар көп-ақ. Мұны не деуге болады, Алдеке? Қазеке? Сол Ықыласты бір көрсем бе деп едім. Сапактың сабырлы, ұяң үнінен қиыла тілек еткендігі сезілді. Алдаш ынғайсыздана қипақтады. Сөзге Қазы шешен араласты. -Жән, жән. Сапақжан, шын көңіліңнің түйткілін айттың. Бір сөзің кате емес. Әркімнің жанатын өз жұлдызы бар. Сен Ықыластыц жұлдызына кызығады екенсің. Кісілігіңнің бір кадірлі жері осы. Рахмет. Сапақжан! -Ал, Алдеке, Сапақжанның көңіл калауын табыңыз. Ықыласты алдырыңыз! - деп Қазы шешен Алдашты билей сөйледі. -бұл Ықылас деген ініңіз болады ма?! Жақсы... жақсы. Көргеніме қуаныштымын, - деп Сапақ жылы лебіз білдірді. - Амал не,көңіліңнің бір жүдеп жүрген тұсына тап келдім. Келгелі бері естіп, біліп жатырмын айналайын. Жоқшылық жомарт ердің қолын кеседі. Мен де сол жоқшылыкты көргім келмей бірді-екі; екіні-төрт қылып дегендей әлектенумен жүрмін, айналайын. Біздің тірліктің мұраты сол болып барады. Соңғы сөзге Алдаштың жүрегі елжіреді. Қазы шешеннің бар дені Ықыласта еді. -Сапақжан, көргің келген Ықыласжан осы, - деді ол бір сөз иіні келгенде. -Ой, құдай-ай, біздің сөз тек малдан, базардан қайырылатын әдеті, - деп Алдаш кеңкілдеп кеп күлді. -Былтыр қыста еш ретін таппадым. Сапарда болдым, Ықыласжан, сенің қобызыңды тыңдаған ел аузынан тастамайды. Ықылас Сапақтың өзіне деген ашық қабағын көрді. Жүзі жылыды. -Қорқыттан, - деп қалды Алдаш. -"Қорқыт сарыны" деп қобызшы біткеннің бәрі тартады. Талайын тыңдадым, Сапақжан. Сол сарынның бөрі-бөрі өзгеше-өзгеше сарын. Қорқыттан ұлы атасы Алтынбек қозғайды. Өз әкесі Дүкеннің Қорқыты бөлекше күй. Соның бөрі бұл Ықыластың құлағына бесікте жатқаннан шалынды. Бүгінде Ықыластың "Қорқыты" бар, - деді Қазы шешен ойлы жүзбен орағыта толғап. Айлы түнде "Аққу" күйі де шалықтады. -Міне, - бұл - Ыкыластың өз "Ақкуы". Сапақ пен Алдаш Қазы шешеннің сөзін тек костай берді. -Ықыласта тағы бір күй бар. Ол атасы да, әкесі де тартқан күй емес. Ол - өз күйі "Қасқыр" деп аталады. -"Қасқыр!" - деп таңыркай қарады Сапақ Қазы шешенге. Қазы шешен: -Иә, - деді. Ықылас томсырайып отырды да, саусағын жоғарғы сағаға тигізе беріп, төмен қарай қыл ішекті езе сырып сол бойдан тиекке дейін жетті. Сөл кідіре ұлытып, кері сырғыды, одан іле тағы да құлдилай бастады. Қобыз ұлыды. Ықылас сазара түсті. Апыр-ау, бұл не? Үлыған боран ба, қасқыр ма? Қыл ішек қоңырлап ұлыды. Ықыластың денесі қүс еттеніп, ол өршелене тартты ысқышты. Бір кезде иттер абалап, өкіріп сиырлар үшып түрегелді. Жыл- қылар кісінесіп, бар маңай қым-қуыт шу, азан-қазан боп дүрлікті. -Кет! Не боп кетті мына пәлелерге? Кет! Екі-үш жігіт иттерді қуалады. Ал қобыз қасқыр болып ұлыды. Күй тынғанда иттердің де үні өшті. Жас тайдың еті желінді. Тағы да қымыз келді. Ай да биіктеді. Ел жата қонақтар орындарынан тұрды. Қазы шешен мен Алдаш әлденені күбірлесіп жеке қалды. Сапақ Ықыласты ертіп, жүре сөйлесіп, бой сергітіп, ауылдан аулағырақ шықты. Ықылас Сапақтың өзінен жеті-сегіз жас үлкен екенін білетін-ді. Оның байлығын, берендігін, рақымдылығын сырттай еститін. Кейде өз әкесі мақтап отыратын. Біреулер: "Бар болсаң, сен де мырзасың", - дейтін. Сонда әкесі: "Жо-жоқ, бұл Сапақтың бітімі бөлек. Парықсыз сасыған бай емес ол. Онда мөрпік, кісілік, зерде бар. Өзі домбыра тартады", - деп қорғаштайтын. Міне, бұл - сол Сапақ! (Илья Жаканов, "Ықылас", 51-55-6.6, "Өнер" баспасы, 1990 ж.)
Дереккөздер
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Myna makalany ne bolimin Sapak Bajshuakuly degenmen biriktiruge usynylgan Sapak datka Sapak Bajshuakuly 1833 1913 zhyldar shamasynda omir sүrgen kazaktyn ajtuly sheshen bii әri batyry Ol kisini el datka dep te atap ketken Datka halyk tilegin әdildikpen sheshetin el basshysy degen parsy sozi Sapak datka buryngy Әulieata uezinin Talas Asa ozenderinin bojyn zhajlagan auylda tuyp osken Әkesi Bajshuak onyn argy ata babalary Bәjdibek Taszhүrek Sejit Donen bori oz uaktysynda elin zherin syrtky ishki zhaudan korgagan batyr bi bop otken Bajshuaktan tugan Sapak Bapak ta Sapaktyn balalary te sol ata babalary siyakty eken Sapak bi deneli korikti kelbetti kisi bopty Ol aga sultan Қunanbaj eline kүjeu eken Қunanbaj Sapakty eki ret as tojga arnajy shakyrgan Bir shakyrganda alys zholdan sholirkep kelgen Sapak bidi Tobyktynyn zhigitteri zhezde dep kalzhyndap kymyzdy zhuyk arada kujmaj otyryp alypty Zhezdeke sizge kaj kymyzdan kuyajyk Bul үjde taj kymyz da kunan kymyz da dәnen kymyz da bar depti Shydamy ketip sholdep otyrgan Sapak Өj shyragym Bermestin үjinde besti kymyz bar demekshi kymyzyndy kulashtap sapyra bermej beretin bolsan tezirek kujsajshy depti El arasynda Sapak sheshennin tapkyr sozderi kop ajtylady Sonyn biri mynadaj Sapaktyn bozbala kezi Sheshendigimen auyzga ilige bastagan zhas zhigitti synamak bolyp Әulieatada turatyn el agasy Yskak degen kisi konakka kelgen Sapakty syjlap kүtip ertenine attandyrar aldynda Shyragym Sapak kazaktyn kejbir makaldaryna tүsinbedim sony senen surajyn dep edim dejdi Suranyz Yseke shamamnyn kelgeninshe zhauap berip korejin Surasam Er egiz enbek zhalky dejdi bul ne soz Қyryk zhyl bajlyk bar kyryk zhyl zharlyk bar dejdi bugan da tүsinbedim Yseke bunyn bәri bizdin surap sizdin sheshetin nәrseniz eken dejdi Sapak Nege Sapak shyragym Asyl tastan akyl zhastan demej me Onda zhauap berip korejin dep soz bastapty Sapak Er egiz dep ajtuga bolmajdy Anadan egiz tuganmen ekeui eki elden kyz alady Әjelderi egiz bomagan son olar egiz bola almajdy Korgendi zherden kyz alsan kozine shel salmasa ozinnin zhogyndy bildirmej konagyndy on kabagymen karsy alyp zhyly shyrajmen shygaryp salyp otyrsa egizin әne sol bolady Enbekti zhalky degen ol da әjelden Korgensiz zherden kyz alsan ot basynnyn kүlin shashyp kelgen konagyndy ishke tartpaj syrtka tepse kansha kopshil bolyp kansha enbektengeninmen zhalgyz kalasyn Al kyryk zhyl bajlyk bar kyryk zhyl zharlyk bar degennin mәnisi mynau bolsa kerek Adam kyrykka kelgenshe zhiger kuaty bojynda sau salamat ojnap kүlip kyzykshylykpen omir sүredi Birinshi bajlyk densaulyk degen emes pe Densaulyktan artyk bajlyk bar ma Odan әri shau tartyp ynkyl synkylyn kobejip auyrmajtyn zherin syzdamajtyn sүjegin kalmajdy Seksenge dejingi kyryk zharlylyktyn zhәni osy bolar Bәrekeldi balam zhәn eken Bul sozderdin mәnisin endi tүsindik dep Yskak ata ogan riza bolypty Қulmambetpen ajtystan son Sapak bidin үjinde үsh kүn zhatypty O bieke depti Majkot osy sapar Zhetisudy tүgel aralap kajttym Keudesi tungan bau baksha bajlygy askan tamasha Қyzdary tүgel әnshi shetinen sulu zhigitteri akyn kүjshi eken Toniri algyr Қүlmambet elinin bajlygyna sүjendi men zherimnin bajlygyna sүjendim Sonda Sapak sheshen Kәne ne dep maktadyn dep surapty Sonda Majkot Қaratau menin mekenim Miuasyn terip zhep edim Almasy bar ayaktaj Zhuasy bar tayaktaj Arkary men kulzhasy Zhylkydan shykkan sayaktaj Dolanasy zhүrektej Bugysy men maraly Buyrshyndaj үlektej Torlan Shakpak tar kezen Asa Talas eki ozen At bauyrynan saz algan Baldyrganyn zhegende Balanyn konili mәz bolgan Zhauzhumyry kumandaj Sekseuilin zhakkanda Kedejdin konili tyngandaj Majkot sol zholy uzak zhyrlapty Sonda Sapak bi Majeke zherdin maktauyn zhetkizgen ekensin Birak dүnienin bar kyzygy bajlykta gana emes koj Bakyt kolga kongan kus bajlyk kolga ustagan muz kus ushady muz eridi dүnienin kyzygy siz ben biz degen eken Sol zholy Majkot akyn men Sapak sheshen bak bakyt yntymak birlik bajlyk dәulet turaly tyndaushy zhurtyna nebir akyl nakyldaryn ajtypty Bak oralsa basyna Dos zhiylar kasyna Eginindi salysar Қyrmanyndy alysar Tandyryndy zhabysar Shalgynyndy shabysar Maldaryndy bagysar Қaramaj ketken agajyn Қajtyp kelip tabysar Bak ketkende basynnan Zhoktan bole zhabysar Қampajyp tgrgan karynyn Ash kalgandaj kabysar Eginindi ort shalar Mal zhanyndy dert shalar Batyr sojlej kalsa Zhauga salgan ojranyn ajtar Akyn sojlej kalsa Kyzyk duman tojdagyny ajtar Қomagaj sojlej kalsa Iship zhep tojganyn ajtar Saudager sojlej kalsa Kezdeme kyzyl bajragyn ajtar Shashtaraz sojlej kalsa Ұstarasy men kajragyn ajtar Akyldy sojlej kalsa Asyl sozdin kajmagyn ajtar Akymak sojlej kalsa Akylga konbajtyn kajdagyny ajtar Bota ojnaktasa Molshylyk bolar Tajlak ojnaktasa Tokshylyk bolar Kori tүje ojnaktasa Zhokshylyk bolar Қyzyl tilden Қan da tamady Bal da tamady En tәtti de til En ashy da til En zhumsak ta til En katty da til Bir tuysy kelgen kuda zhekzhattaryna bura sojyp syjlapty Sony korgen Sapak datka Zhatkan zheri daladaj Eki orkeshi baladaj Azu tisi maladaj Zhabuy bar zhamshydaj Қujrygy bar kamshydaj Bura sojgan ne sumdyk dep termelegen eken dejdi el Sheshennin bir zhakyn kejuanasy Kelinim ozi shajpau zhalkau boldy Sәske tүske dejin zhatyp alady Biz ajtsak tyndamajdy zhajyna otyr dejdi ne kylsam eken depti Sapak bul sozdi tyndap otyrady da Kelinindi shakyr dejdi Kelini keledi Kelin shyragym dejdi Sapak osy zhurt Tanmen talasa turgannyn talaj isi bitedi Tal tүske dejin zhatkannyn talaj isi ketedi dejdi Osynyn mәnisi kalaj sony ajtshy Tүsindim bi kajnaga este bolsyn dep ketedi Arada kүnder otedi Bir kүni Sapak tan alakeuim shakta turyp dәret alyp zhүrip auyl syrtynda bireudi koredi Anyktap karasa әneukүngi kelini eken Ol tan atpaj turyp siyryn sauypty da ony padaga kosyp kajtarynda dәu kap tezek arkalap kele zhatady Kelini zhakyndaj bere arkalagan tezegin zherge koya salyp Sapak bige iilip әn kylady Sapak Kop zhasa shyragym ul tap Erte tүrgan kelinnin eki zhүmysy biter degen mine osy depti Sapak sheshen bir zholy Buhar shaһaryna barypty Shajhanaga kirip shaj iship otyrsa ony tanityn kazak ozbekter tus tusynan әrtүrli әngimege salypty Tole bi kimnin bii bolgan Өzimizdin bi depti bir kazak Zhok bizdin bi depti bir ozbek Sonda Sapak sheshen Bir bidi bole zharasyndar Aruagynnan ajnalajyn Tәken ol kezde borine de zhetken zhok pa edi Tole bi de ozimiz Қisyk bolsa isiniz Tobe bi de ozimiz Қuruly turgan teziniz Tote bi de ozimiz dep soz sonyn osylaj tүjindepti Sol shajhanada otyrgandardyn ishinde Buhar hanynyn saraj akyny әri moldasy Bazhban da bolypty Al Sapak sheshen bolsa sozge des bermej otken ketkennen әngimeni үdete bergen Өzine soz kezegi tie kojmagan Bazhban molda Өzin bir zheldej saulap turgan zhan ekensin Osy sozdin bir puldyk pajdasy bar ma depti Sapak Bar depti men ajtsam halyktyn kamyn zhep ajtamyn Sheshilmej zhatkan dauyn sheship beremin Ogan halkym riza Mundaj sozdin bosi puldan kymbat Altynnan kymbat sozge akymak kana kulak salmajdy Al sen bolsan sharigat bylaj dep kүnәkor sozin ajtasyn Bargan zherinde ajlap zhatasyn Zhurttyn bermesine kojmajsyn Қansha alsan da tojmajsyn Sapak osylajsha termelej bergende molda sheshennin sozine shydaj almaj shajhanadan shyga kashypty El arasyndagy estelik әngimelerge karaganda Sapak bi oz atyrabyna bedeli askan abyrojly atakty akylgoj bi bolganga uksajdy Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Ғylym akademiyasynyn Ortalyk gylymi kitaphana korynda saktalgan bir estelikte Әulieata Tashkent Buhar shaһarlaryn bileushi handar bekter bilerge ol tikelej kamkor da batyl akyldy da algyr bi bolypty Baj myrzalar ajtady eken Biz han ordasyna zhakyndaganda at koligimizdi tastap zhayau barsak Sapak bi atymen barady Biz hanga syj siyapat berip kajtsak Sapak hannan alyp kajtady der eken Sapak datka onerpaz әnshi kүjshilermen de zhii kezdesip suhbattasyp olarga da әrdajym kamkorlyk zhasajdy eken Zertteushi sazger Ilya Zhakanov ozinin Ykylas kobyzshyga arnagan kitabynda bylaj zhazypty Auyl shetinde tүtini tүtinine zhalgasyp irgeles kongan Aldash bajdyn үjine birazdan beri syralgy konildesi sonau Talas bojyndagy tort ata Oshaktynyn myrzasy Sapak keldi Aralarynda alys berisi bar eki baj eki үsh kүn ozdi ozi shүjirkelesti auyl aksakaldarynan tek Қazy sheshendi gana shakyryp onda da dabyr zhasamaj tomata tujyk typ tynysh mәslihat kurdy Bul eldin igi zhaksysy tәuirleri Әulieataga sapar shekse zholshybaj osy Sapaktyn aulyna sokpaj ketpejdi Bul sondaj Sapak Әngime dүken san sala bop orbigende adam parnyn andagysh Қazy sheshen Sapaktyn sergek ojly akyldy ken alymdy oreli zhigit ekenin tanydy Ornykty toktamdy sozine ilandy Sapak datka әlsin әlsin dombyra shertip otyrdy Tәttimbetti Tokanyn shertpelerin biledi eken Өzi kisi sozin bagyp sojlejtin izetti de sonyna ertken zhigitteri de orneni auyk auyk emin erkin sojlesip ketip zhatty Osynyn bәrin Қazy sheshen ishtej bagyp oran zhyly pejil bildirip otyrdy Tagy bir zhelsiz mүlgigen konyr kesh edi Bular үjdin kolenkesinde ak syrmak shәji korpenin үstinde ak mamyk zhastykty shyntaktap kymyz iship әrkily әngimenin basyn kajyrdy Sapak bir orajly sәtte Aldeke konilimnin alany bar Iә iә alany emes kalauy bar dedi Aldash sol dagdaryp Ajtynyz dep birtүrli okys kylp etip Bizdin el Altynbektin kobyzyn o bastan biledi Dүkennin onerine de tәnti Io Altynbektin alkasy syrgasy bilezigi bizdin elge sondaj tansyk Ol ozinshe bir әngime Aldash basyn izep soz akyryn kүtti Қazy sheshen de Sapaktyn minezine ojlana kojdy Byltyr kys bojy Talas eli bul әulettin tagy bir perzenti Ykylas degen kobyzshy balanyn kulagyn shulatumen boldy Mynany karanyz sol karshadaj Ykylastyn atyn yrym gyp Oshakty Dulat elinin zhana tugan nәrestelerine koya bastapty Talasty Shudy zhagalap rastygyna koziniz zhetedi Zhәne kobyzga әues balalar kop ak Muny ne deuge bolady Aldeke Қazeke Sol Ykylasty bir korsem be dep edim Sapaktyn sabyrly uyan үninen kiyla tilek etkendigi sezildi Aldash yngajsyzdana kipaktady Sozge Қazy sheshen aralasty Zhәn zhәn Sapakzhan shyn konilinnin tүjtkilin ajttyn Bir sozin kate emes Әrkimnin zhanatyn oz zhuldyzy bar Sen Ykylastyc zhuldyzyna kyzygady ekensin Kisiliginnin bir kadirli zheri osy Rahmet Sapakzhan Al Aldeke Sapakzhannyn konil kalauyn tabynyz Ykylasty aldyrynyz dep Қazy sheshen Aldashty bilej sojledi bul Ykylas degen ininiz bolady ma Zhaksy zhaksy Korgenime kuanyshtymyn dep Sapak zhyly lebiz bildirdi Amal ne konilinnin bir zhүdep zhүrgen tusyna tap keldim Kelgeli beri estip bilip zhatyrmyn ajnalajyn Zhokshylyk zhomart erdin kolyn kesedi Men de sol zhokshylykty korgim kelmej birdi eki ekini tort kylyp degendej әlektenumen zhүrmin ajnalajyn Bizdin tirliktin muraty sol bolyp barady Songy sozge Aldashtyn zhүregi elzhiredi Қazy sheshennin bar deni Ykylasta edi Sapakzhan korgin kelgen Ykylaszhan osy dedi ol bir soz iini kelgende Oj kudaj aj bizdin soz tek maldan bazardan kajyrylatyn әdeti dep Aldash kenkildep kep kүldi Byltyr kysta esh retin tappadym Saparda boldym Ykylaszhan senin kobyzyndy tyndagan el auzynan tastamajdy Ykylas Sapaktyn ozine degen ashyk kabagyn kordi Zhүzi zhylydy Қorkyttan dep kaldy Aldash Қorkyt saryny dep kobyzshy bitkennin bәri tartady Talajyn tyndadym Sapakzhan Sol sarynnyn bori bori ozgeshe ozgeshe saryn Қorkyttan uly atasy Altynbek kozgajdy Өz әkesi Dүkennin Қorkyty bolekshe kүj Sonyn bori bul Ykylastyn kulagyna besikte zhatkannan shalyndy Bүginde Ykylastyn Қorkyty bar dedi Қazy sheshen ojly zhүzben oragyta tolgap Ajly tүnde Akku kүji de shalyktady Mine bul Ykylastyn oz Akkuy Sapak pen Aldash Қazy sheshennin sozin tek kostaj berdi Ykylasta tagy bir kүj bar Ol atasy da әkesi de tartkan kүj emes Ol oz kүji Қaskyr dep atalady Қaskyr dep tanyrkaj karady Sapak Қazy sheshenge Қazy sheshen Iә dedi Ykylas tomsyrajyp otyrdy da sausagyn zhogargy sagaga tigize berip tomen karaj kyl ishekti eze syryp sol bojdan tiekke dejin zhetti Sol kidire ulytyp keri syrgydy odan ile tagy da kuldilaj bastady Қobyz ulydy Ykylas sazara tүsti Apyr au bul ne Үlygan boran ba kaskyr ma Қyl ishek konyrlap ulydy Ykylastyn denesi kүs ettenip ol orshelene tartty yskyshty Bir kezde itter abalap okirip siyrlar үshyp tүregeldi Zhyl kylar kisinesip bar manaj kym kuyt shu azan kazan bop dүrlikti Ket Ne bop ketti myna pәlelerge Ket Eki үsh zhigit itterdi kualady Al kobyz kaskyr bolyp ulydy Kүj tynganda itterdin de үni oshti Zhas tajdyn eti zhelindi Tagy da kymyz keldi Aj da biiktedi El zhata konaktar oryndarynan turdy Қazy sheshen men Aldash әldeneni kүbirlesip zheke kaldy Sapak Ykylasty ertip zhүre sojlesip boj sergitip auyldan aulagyrak shykty Ykylas Sapaktyn ozinen zheti segiz zhas үlken ekenin biletin di Onyn bajlygyn berendigin rakymdylygyn syrttaj estitin Kejde oz әkesi maktap otyratyn Bireuler Bar bolsan sen de myrzasyn dejtin Sonda әkesi Zho zhok bul Sapaktyn bitimi bolek Paryksyz sasygan baj emes ol Onda morpik kisilik zerde bar Өzi dombyra tartady dep korgashtajtyn Mine bul sol Sapak Ilya Zhakanov Ykylas 51 55 6 6 Өner baspasy 1990 zh DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet