Саламандралар тұқымдасы (лат. Salamandridae) – Дене пішіндері кесірткелерге ұқсайды. Ұзын құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен кысыңқылау келеді. Аяқтары жақсырақ дамыған. Дернәсілдері сыртқы желбезекпен тыныс алады, ал ересектерінде желбезек болмайды — өкпесі және терісі арқылы тыныс алады.
- Бұл тұқымдасқа Еуропада, Кавказда, Сибирьде және Орта Азияның кейбір жерлерінде таралған тритондар және саламандралар жатады.
Саламандралар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||
Тектері | ||||||||||||
|
Өкілдері
- Жалды тритон
- кәдімгі тритон
- Саламандра
Биологиялық сипаттамасы
Бұлар жаз кезінде, шағын ақпайтын, немесе жай ағатын аздыкөпті өсімдігі бар су]ларды мекендейді. Көбеюі мен дернәсілдерінің дамуы су қоймаларында өтеді. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астында қыстап шығады. Көктемде, қар кете бастағанда қайтадан су қоймаларына оралады. Жануартекті заттармен коректенеді. Кәдімгі саламандралардың (Sаlаmаndга) бірнеше түрлері Орта және Оңтүстік Еуропа, Батыс Кавказда, Кіші Азияда және Солтүстік Африкада таралған.
Саламандра саламандралар тұқымдасының өкілі
Саламандралар негізінен: денесі үлкен, икемсіз, құйрық үстінде тері қатпары жоқ, әдетте теңбіл түсті болады. Теңбіл, немесе отты саламандра Еуропада, Кіші Азия мен Солтүстік Африканың дымқыл, қараңғы тоғайларында тіршілік етеді. Күндіз ағаш тамырларының, тастың астында және індерде болады. Түнде активті, күндіз тек қана жауынды күндері сыртқа шығады. Тритондарға қарағанда саламандралардың тіршілігі су орталығымен оншама байланысты емес. Дене мөлшері 18—28 сантиметрдей. Көпшілік жағдайда құрлықта ұрықтанады; бұл кезде еркегі мен ұрғашысы жақындасып, бір-біріне клоакаларын беттестіреді. Суда да ұрықтануы мүмкін, онда еркектері сперматофораларын қапшықшаларға салып, су астындағы заттарға іліп кетеді де ұрғашылары жоғарыда айтқандай оны клоакалары арқылы қабылдайды.
Қоректенуі
Саламандралардың көбі – етқоректі. Олар кішкене бақалармен, омыртқасыз жануарлармен, ұлулармен және құрттармен қоректенеді. Сонымен қатар, олар балықты да жей алады. Құрғақта жүргенде жәндіктермен, шырышты ұлулармен және құрттармен қоректенеді. Құрғақта өмір сүретін саламандралардың көбінің жәндіктерді ұстайтын ұзын жабысқақ тілдері болады. Кейбір саламандралар жәндіктерді ұстау үшін хамелеондар секілді тілдерін бірнеше сантиметр қашықтыққа соза алады.
Мекен ету орталары
Әдетте саламандралар дымқыл орманды аймақтарды мекендейді. Көп жағдайда оларды шіріген бөренелерден, таяз індерден және ормандардағы жапырақ қабаттарының астынан кездестіруге болады. Кейбір саламандралар суда өмір сүрсе, кейбіреулер қараңғы жерасты үңгірлерінде тұрады.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Salamandralar tukymdasy lat Salamandridae Dene pishinderi kesirtkelerge uksajdy Ұzyn kujryktary zhumyr nemese eki bүjirinen kysynkylau keledi Ayaktary zhaksyrak damygan Dernәsilderi syrtky zhelbezekpen tynys alady al eresekterinde zhelbezek bolmajdy okpesi zhәne terisi arkyly tynys alady Bul tukymdaska Europada Kavkazda Sibirde zhәne Orta Aziyanyn kejbir zherlerinde taralgan tritondar zhәne salamandralar zhatady SalamandralarDүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby ҚosmekendilerSaby CaudataKishi saby Tukymdasy Salamandridae 1820Tekteri ӨkilderiZhaldy triton kәdimgi triton SalamandraBiologiyalyk sipattamasyBular zhaz kezinde shagyn akpajtyn nemese zhaj agatyn azdykopti osimdigi bar su lardy mekendejdi Kobeyui men dernәsilderinin damuy su kojmalarynda otedi Kүzge karaj tritondar sudan shygyp agashtyn tүbine tastyn astyna zherdin zharygyna panalajdy Қysta kurgak tүbirlerdin kulagan agashtardyn astynda kystap shygady Koktemde kar kete bastaganda kajtadan su kojmalaryna oralady Zhanuartekti zattarmen korektenedi Kәdimgi salamandralardyn Salamandga birneshe tүrleri Orta zhәne Ontүstik Europa Batys Kavkazda Kishi Aziyada zhәne Soltүstik Afrikada taralgan Salamandra salamandralar tukymdasynyn okiliSalamandralar negizinen denesi үlken ikemsiz kujryk үstinde teri katpary zhok әdette tenbil tүsti bolady Tenbil nemese otty salamandra Europada Kishi Aziya men Soltүstik Afrikanyn dymkyl karangy togajlarynda tirshilik etedi Kүndiz agash tamyrlarynyn tastyn astynda zhәne inderde bolady Tүnde aktivti kүndiz tek kana zhauyndy kүnderi syrtka shygady Tritondarga karaganda salamandralardyn tirshiligi su ortalygymen onshama bajlanysty emes Dene molsheri 18 28 santimetrdej Kopshilik zhagdajda kurlykta uryktanady bul kezde erkegi men urgashysy zhakyndasyp bir birine kloakalaryn bettestiredi Suda da uryktanuy mүmkin onda erkekteri spermatoforalaryn kapshykshalarga salyp su astyndagy zattarga ilip ketedi de urgashylary zhogaryda ajtkandaj ony kloakalary arkyly kabyldajdy ҚorektenuiSalamandralardyn kobi etkorekti Olar kishkene bakalarmen omyrtkasyz zhanuarlarmen ulularmen zhәne kurttarmen korektenedi Sonymen katar olar balykty da zhej alady Қurgakta zhүrgende zhәndiktermen shyryshty ulularmen zhәne kurttarmen korektenedi Қurgakta omir sүretin salamandralardyn kobinin zhәndikterdi ustajtyn uzyn zhabyskak tilderi bolady Kejbir salamandralar zhәndikterdi ustau үshin hameleondar sekildi tilderin birneshe santimetr kashyktykka soza alady Meken etu ortalaryӘdette salamandralar dymkyl ormandy ajmaktardy mekendejdi Kop zhagdajda olardy shirigen borenelerden tayaz inderden zhәne ormandardagy zhapyrak kabattarynyn astynan kezdestiruge bolady Kejbir salamandralar suda omir sүrse kejbireuler karangy zherasty үngirlerinde turady Tagy karanyzTriton SalamandraDerekkozder Omyrtkalylar zoologiyasy S P Naumov Almaty Mektep baspasy