Сайрагүл Сауытбай 1977 жылы Қытайдағы Іле Қазақ автономиялық облысында дүниеге келген. Кейін медициналық университетті аяқтаған соң дәрігер, мұғалім, білім беру саласында директор болып қызмет атқарған. 2016 жылы Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Қазақстанға көшкісі келеді. Бірақ Қытайдың коммунистік партиясы Сайрагүл Сауытбайдың құжаттарын тартып алып, өзін Қазақстанға жібермей қойған. 2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы наурызға дейін Сайрагүл Сауытбай лагерьде тұтқындалған этникалық ұлттарға қытай тілін үйретуге мәжбүр болды. 2018 жылдың наурыз айында Сайрагүл Сауытбай Қазақстанға қашып кетеді. Кейін ол Қытайдың мұсылмандарға жасаған репрессиясының құрбаны болғанын мәлімдейді. Ол Қытайдың мұсылмандарға қысым жасағанын алғашқылардың бірі болып дәлелдейді.
Шекарадан өту себебі
Ерлі-зайыпты Уәли Сләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келмек болған. Бірақ 2017 жылы Қазақстан азаматтығын Уәли Сләм мен екі баласы ғана алған. Сайрагүл мемлекеттік қызметкер болғандықтан Қытай тарапы оның сыртқа шығуына рұқсат бермеген. Күйеуі мен балалары Қазақстанға кеткеннен кейін Қытай полициясы оны қысымға алып, “Қытай ақпараттарын Қазақстанға жеткізуші” деп айыптай бастаған.
“Шетелдіктермен байланысы бар адам деп қылмыскер қатарына жатқызды. Қытай төлқұжатын алып қойған, ал компартиядан шығу сатқындық болып есептеледі. Балабақша директоры болған, ол мемлекеттік қызмет болып саналады. 2018 жыл басында тау арасындағы саяси тұтқындар лагеріне еріксіз қызметке қойған. “Саяси лагерьдегі жайды сыртқа шығарсаң, мемлекеттік құпияны ашпау туралы заңды бұзсаң, өлім жазасына кесілесің” деп қағазға қол қойдырған. Өмірін сақтап қалу, отбасына қосылу үшін заң бұзуға мәжбүр болғанын, атамекенімнен пана іздеп келгенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған хаттар
25 мамыр күні Алматыда Сайрагүл Сауытбайдың отбасы мен қоғам белсенділері мемлекеттік және халықаралық деңгейде араша сұрау үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Қоғам белсенділері Қытайдағы аз ұлттардың қазіргі жағдайын “геноцид” деп бағалап, Нұрсұлтан Назарбаевтан осы мәселеге қатысты араша сұрады. Ал Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі Уәли Сләм әйелі заң бұзған болса, Қазақстанда сотталсын деп өтінді.
20 маусым күні Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырған тұтқын Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Хат мәтіні журналист Сәуле Әбединованың Facebook парақшасында жарияланды. Хатта Қытайдағы қазақтардың “жағдайы ауыр” екенін хабарлап, өзінің “заңсыз əрекеті үшін атамекенде жауапқа тартылуға дайын” екенін және Қазақстан азаматтығын беруін сұраған.
5 шілде күні Германияның Society for threatened peoples (қауіпті жағдайдағы халықтарды қорғау) адам құқықтарын қорғау ұйымы Қазақстан Президентіне хат жолдап, Қытайдан заңсыз өтті деген айыппен қамауға алынған Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтармау туралы өтініш жасап, араша сұрады. 17 шілде күні Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан Facebook парақшасында Мемлекет басшысына жазған ашық хатын жариялады. Хатта ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Халықаралық шарттар нормаларының орындалуын қамтамасыз етіп, Сайрагүл Сауытбайды ҚХР-ға бермеуге ықпал етуін сұраған.
Сайрагүлдің лагерде көргендері
Сайрагүл Сауытбайдың сөзінше, лагерьде шамамен 2 500 адам болған.
«Мен көргендердің ең үлкені – 84 жастағы кейуана. Ал ең кішісі – 13 жастағы ұл бала», - дейді ол. Айтуынша, лагерьдегі бір кішкентай камерада 20 адам қамалған. Олар үнемі кісенмен жүреді. Сондай-ақ әрекеттерін бақылау камералары арқылы бақылап отырады екен. Ал дәретхананың орнына бөлменің бір бұрышына шелек қойылған.
Лагерде күн қытай тілінен сабақтан басталады. Мұнан кейін адамдар жасамаған күнәларын мойындайды екен. Тұтқындалғандардың барлығы үнемі таблетка қабылдап, ине салынады. Ресми нұсқа бойынша, осылайша аурулардың алдын алмақ екен. Алайда шындығында тұтқындалғандарға осылайша медициналық тәжірибе жасалатын көрінеді. Салдарынан көбінің ақыл-есі ауысып, ер адамдар белсіз болып қалады, дейді. Сонымен қатар зорлап, тырнағын жұлып, тоқ және шегемен қинайды екен.
Сайрагүл Сауытбай бұл лагерьге 2017 жыл мәжбүрлікпен келгенін айтады. Оған лагерьде қытай тілінен сабақ беретінін айтқан. Ол қол қойған құжатта ереже бұзып немесе берілген міндеттерді орындай алмаған жағдайда, өлім жазасына кесілетіні көрсетілген. «Құжатта тұтқындағандармен сөйлесуге, күліп, жылауға, өзгелердің сұрағына жауап беруге тыйым салынғаны көрсетілген», - дейді ол. Сайрагүлдің айтуынша, оған форма беріп, кішкентай бөлмеге жіберген. Ондағы төсектің өзі бетоннан жасалған. Десе де әйел тұтқындағыларға жасалған жағдай мұнан да нашар дейді. «Әр бөлмеде дәретхана орнына пластик шелек қойылған. Әр адамға дәретке отыру үшін күніне 2 минут беретін. Ал шелектегі нәжіс күніне бір-ақ рет төгіледі. Ол толып кеткен күннің өзінде, ертеңге дейін күту керек», - дейді Сайрагүл Сауытбай.
Лагерьде Сайрагүл тұтқындағыларға қытай тілін, сонымен қатар коммунистік партиялардың насихат әндерін үйретуге міндеттелген. Тұтқындағылар «Мен Қытайды жақсы көремін», «Коммунистік партияға рахмет», «Мен – қытаймын», «Мен Си Цзиньпинді жақсы көремін» деген сөздерді қайталауға мәжбүр көрінеді. Оның сөзінше, әнді дұрыс шырқамағандар және тілді меңгере алмағандарды арнайы «қара бөлмелерде» жазалайды. Онда адамдарды электр таяқтармен ұрып, шегелерге отыруға мәжбүрлеген. Кейбірі мұндай бөлмеден тырнақсыз оралатын, дейді.
Бірде Сайрагүлдің өзін жазаға тартыпты. «Түнгі уақытта лагерьге жаңадан тұтқындалғандарды алып келді. Олардың арасында қазақ әйел бар еді. Ол менің қазақ екенімді танып, көмек сұрап, құшақтап алды. Мен оған жауап бермедім. Сонда да мені жазалады. Ұрып-Соғып, екі күн тамақсыз қалдырды», - дейді. Оның сөзіне қарағанда, лагерьде бәрінен бұрын әйелдерге қиын. Себебі полицейлер көзіне түскен кез келген әйелді зорлап тастауы мүмкін, дейді. Тіпті, топтық зорлау жағдайлары да болған.
Ал күндізгі уақытта тұтқындағыларға «жасаған күнәлары туралы» ойлануға уақыт беріледі екен. Мұнда қытай тілін білмегеннен бастап, діни ғұрыптарды сақтамауына дейін күнә санайды. Сонымен қатар Сайрагүл лагерьде күніне 3 рет тамақ берілетінін айтады. Беретіндері - күріш немесе көкөніс сорпасы және бір тілім нан. Ал жұма күндері тұтқындағыларға доңыз етін береді. Кейбірі діни көзқарасына байланысты оны жей алмайды. Алайда тамақтан бас тартқаны үшін жазалайды, дейді.
Сот процесі
9 шілде күні Жаркенттегі Панфилов аудандық сотында Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай мәселесі қарала бастады. Сот орыс тілінде жүре бастаған соң Сауытбай сотты қазақ тілінде өткізуді сұрады. Судья айыпталушының өтінішін қанағаттандырып, сот отырысын 13 шілдеге қалдырды.
13 шілде күні сот отырысында Сайрагүл Сауытбай ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы (“Шекараны заңсыз бұзып өту”) бойынша айыпты деп танылды.
Сот тергеуі кезінде Сайрагүл Сауытбай өзіне тағылған айыпты толық мойындайтынын айтты. Өзіне Қытайда саяси қысым жасалғандықтан шекарадан заңсыз өтуден өзге жолы қалмағанын да мәлімдеді. Ол Қытайда өзін өлім жазасы күтіп тұрғанын, Қазақстанда кез келген жазаға келісетінін жеткізді. Судья Динара Құйқабаева Сайрагүл Сауытбайдың прокурормен процессуалдық келісімге келу туралы өтінішін қабылдап, келесі сотты 23 шілдеге қалдырды.
23 шілде күні сот процесінде прокурор Арзыгүл Имярова адвокат Абзал Құспанның процессуалдық келісім жасасу туралы ұсынысынан бас тартты. Келіссөз кезінде адвокат Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың жазаны мойындайтынын, оны Қазақстанда қалдырса, кез келген жазаға дайын екенін айтып ұсыныс жасаған. Прокурор келісімнен бас тарту себебін түсіндірмеді.
Судья Динара Құйқабаева тергеу амалдары аяқталғанын, жарыссөздің басталатынын хабарлады. Жарыссөз 1 тамызға қалдырылды.
1 тамыз күні Жаркентте өтіп жатқан сотта прокурор Арзыгүл Имярова бірнеше себепке байланысты айыпталушыға Қазақстаннан шығару жазасын қолданбауды сұрады. Ол себептер: Сауытбайдың балалары – Қазақстан азаматы, заң оның балаларымен кездесуін қамтамасыз етуі керек. Оның үстіне, айыпталушы қылмысын мойындап отыр.
Прокурор алты ай пробациялық бақылауға алу жазасын тағайындауды сұрады. Сот Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыптап, алты ай мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру туралы үкім шығарды.
Швецияға қоныс аудару
Сайрагүл Сауытбайдың босқын мәртебесін беруді сұраған арызын қараған Алматы облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған «босқын мәртебесін беру» жөніндегі комиссия оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
2019 жылы 3 маусымда Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды.
Швеция Сайрагүлге жол жүру шығынын берген. «Бұл саяси пана емес, ол бұл жерде босқын мәртебесін алған жоқ. Ел билігі Сайрагүл Сауытбайдың отбасымен бірге Швецияға кетуіне тосқауыл болмаған. Этникалық қазақтың күйеуі мен екі баласы Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған, туристік виза арқылы кеткен.
Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа Швецияға жетіп, құжаттарын рәсімдеп жатқанын айтты. Сауытбайдың сөзінше, қазіргі мақсаты - Швеция азаматтығын алу, деп жазады Азаттық.
Осы күнге дейін біз Қазақстаннан үмітімізді үзбеген болатынбыз. Ендігі мақсатымыз – Швеция елінің азаматтығын алып, Қытайдың қаупінен толық арылып, балаларымды жақсы оқытып, келешекте өз отанына барып, халқы үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Швеция мемлекеті бізді өте жылы қабылдады. Бұл жерде заң кемелденген, жұмыстар жақсы атқарылады екен. Біздің барлық жағдайымызды толығымен жасап берді, - деді ол.
Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығының иегері
Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбай АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын (Annual International Women of Courage) алды. Сауытбайға марапатты 4 наурызда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстады.
Помпео марапаттау рәсімі кезінде "Сайрагүл Сауытбайға бас иеміз. Ол бұрын дәрігер болған. Ол шындықты айтқаны үшін отбасынан ажырап, қамалып, қысым көрді, өлім жазасына кесілуі де мүмкін еді. Ол – Қытайдың Коммунистік партиясының Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы қысымы жайлы ашық айтқандардың бірі. Сайрагүл Сауытбай қорықпай Шыңжаң лагерьлері туралы ақпараттарды айтты және қазір де лагерьде қамалып шыққандар мен олардың туыстарына қамауда көргендерін ашық айтуға жігерлендіріп жүр" деді.
АҚШ мемлекеттік департаменті бұл сыйлықты бейбітшілік, әділдік, адам құқығы, гендерлік теңдік, әйелдер құқығы үшін күресіп, өмірін қауіпке тіккен әйелдерге береді.
Дереккөздер
- https://qamshy.kz/article/55649-sayragul-sauytbay-batyr-ayelder-khalyqaralyq-syylyghynynh-iegeri-atandy Сайрагүл Сауытбай "Батыр әйелдер" халықаралық сыйлығының иегері атанды
- https://stan.kz/zorlap-tirnagin-zhylip-shegemen-tokpen-kinaydi-sayragul-323212/ "Зорлап, тырнағын жұлып, шегемен, тоқпен қинайды": Сайрагүл Сауытбай қытай лагеріндегі сұмдықты жайып салды
- https://baribar.kz/71898/sajragul-sauytbaj-isi-oqighanynh-sebebi-men-hronologiyasy/ Сайрагүл Сауытбай ісі: оқиғаның себебі мен хронологиясы
- https://qazaly.kz/saysat/9578-sayragl-sauytbay-azastannan-kett.html Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті
- https://kznews.kz/kznews/sajragul-sauytbaj-qazaqstannan-ketti/ Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті
- https://sn.kz/sn-sayasat/55670-sairagul-sauytbai-maksatymyz-shvetsiia-elinin-azamattygyn-alyp-balalarymdy-zhaksy-okytu Сайрагүл Сауытбай: «Мақсатымыз – Швеция елінің азаматтығын алып, балаларымды жақсы оқыту»
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sajragүl Sauytbaj 1977 zhyly Қytajdagy Ile Қazak avtonomiyalyk oblysynda dүniege kelgen Kejin medicinalyk universitetti ayaktagan son dәriger mugalim bilim beru salasynda direktor bolyp kyzmet atkargan 2016 zhyly Sajragүl Sauytbaj otbasymen birge Қazakstanga koshkisi keledi Birak Қytajdyn kommunistik partiyasy Sajragүl Sauytbajdyn kuzhattaryn tartyp alyp ozin Қazakstanga zhibermej kojgan 2017 zhylgy karashadan 2018 zhylgy nauryzga dejin Sajragүl Sauytbaj lagerde tutkyndalgan etnikalyk ulttarga kytaj tilin үjretuge mәzhbүr boldy 2018 zhyldyn nauryz ajynda Sajragүl Sauytbaj Қazakstanga kashyp ketedi Kejin ol Қytajdyn musylmandarga zhasagan repressiyasynyn kurbany bolganyn mәlimdejdi Ol Қytajdyn musylmandarga kysym zhasaganyn algashkylardyn biri bolyp dәleldejdi Sajragүl SauytbajShekaradan otu sebebiErli zajypty Uәli Slәm men Sajragүl Sauytbaj eki balasymen birge Қazakstanga 2016 zhyly koship kelmek bolgan Birak 2017 zhyly Қazakstan azamattygyn Uәli Slәm men eki balasy gana algan Sajragүl memlekettik kyzmetker bolgandyktan Қytaj tarapy onyn syrtka shyguyna ruksat bermegen Kүjeui men balalary Қazakstanga ketkennen kejin Қytaj policiyasy ony kysymga alyp Қytaj akparattaryn Қazakstanga zhetkizushi dep ajyptaj bastagan Sheteldiktermen bajlanysy bar adam dep kylmysker kataryna zhatkyzdy Қytaj tolkuzhatyn alyp kojgan al kompartiyadan shygu satkyndyk bolyp esepteledi Balabaksha direktory bolgan ol memlekettik kyzmet bolyp sanalady 2018 zhyl basynda tau arasyndagy sayasi tutkyndar lagerine eriksiz kyzmetke kojgan Sayasi lagerdegi zhajdy syrtka shygarsan memlekettik kupiyany ashpau turaly zandy buzsan olim zhazasyna kesilesin dep kagazga kol kojdyrgan Өmirin saktap kalu otbasyna kosylu үshin zan buzuga mәzhbүr bolganyn atamekenimnen pana izdep kelgenin ajtty Nursultan Nazarbaevka zhazylgan hattar25 mamyr kүni Almatyda Sajragүl Sauytbajdyn otbasy men kogam belsendileri memlekettik zhәne halykaralyk dengejde arasha surau үshin baspasoz mәslihatyn otkizdi Қogam belsendileri Қytajdagy az ulttardyn kazirgi zhagdajyn genocid dep bagalap Nursultan Nazarbaevtan osy mәselege katysty arasha surady Al Sajragүl Sauytbajdyn kүjeui Uәli Slәm әjeli zan buzgan bolsa Қazakstanda sottalsyn dep otindi 20 mausym kүni Taldykorgandagy tergeu izolyatorynda otyrgan tutkyn Nursultan Nazarbaevka hat zhazdy Hat mәtini zhurnalist Sәule Әbedinovanyn Facebook parakshasynda zhariyalandy Hatta Қytajdagy kazaktardyn zhagdajy auyr ekenin habarlap ozinin zansyz ereketi үshin atamekende zhauapka tartyluga dajyn ekenin zhәne Қazakstan azamattygyn beruin suragan 5 shilde kүni Germaniyanyn Society for threatened peoples kauipti zhagdajdagy halyktardy korgau adam kukyktaryn korgau ujymy Қazakstan Prezidentine hat zholdap Қytajdan zansyz otti degen ajyppen kamauga alyngan Sajragүl Sauytbajdy Қytajga kajtarmau turaly otinish zhasap arasha surady 17 shilde kүni Sajragүl Sauytbajdyn advokaty Abzal Қuspan Facebook parakshasynda Memleket basshysyna zhazgan ashyk hatyn zhariyalady Hatta ol Nursultan Nazarbaevtyn Halykaralyk sharttar normalarynyn oryndaluyn kamtamasyz etip Sajragүl Sauytbajdy ҚHR ga bermeuge ykpal etuin suragan Sajragүldin lagerde korgenderiSajragүl Sauytbajdyn sozinshe lagerde shamamen 2 500 adam bolgan Men korgenderdin en үlkeni 84 zhastagy kejuana Al en kishisi 13 zhastagy ul bala dejdi ol Ajtuynsha lagerdegi bir kishkentaj kamerada 20 adam kamalgan Olar үnemi kisenmen zhүredi Sondaj ak әreketterin bakylau kameralary arkyly bakylap otyrady eken Al dәrethananyn ornyna bolmenin bir buryshyna shelek kojylgan Lagerde kүn kytaj tilinen sabaktan bastalady Munan kejin adamdar zhasamagan kүnәlaryn mojyndajdy eken Tutkyndalgandardyn barlygy үnemi tabletka kabyldap ine salynady Resmi nuska bojynsha osylajsha aurulardyn aldyn almak eken Alajda shyndygynda tutkyndalgandarga osylajsha medicinalyk tәzhiribe zhasalatyn korinedi Saldarynan kobinin akyl esi auysyp er adamdar belsiz bolyp kalady dejdi Sonymen katar zorlap tyrnagyn zhulyp tok zhәne shegemen kinajdy eken Sajragүl Sauytbaj bul lagerge 2017 zhyl mәzhbүrlikpen kelgenin ajtady Ogan lagerde kytaj tilinen sabak beretinin ajtkan Ol kol kojgan kuzhatta erezhe buzyp nemese berilgen mindetterdi oryndaj almagan zhagdajda olim zhazasyna kesiletini korsetilgen Қuzhatta tutkyndagandarmen sojlesuge kүlip zhylauga ozgelerdin suragyna zhauap beruge tyjym salyngany korsetilgen dejdi ol Sajragүldin ajtuynsha ogan forma berip kishkentaj bolmege zhibergen Ondagy tosektin ozi betonnan zhasalgan Dese de әjel tutkyndagylarga zhasalgan zhagdaj munan da nashar dejdi Әr bolmede dәrethana ornyna plastik shelek kojylgan Әr adamga dәretke otyru үshin kүnine 2 minut beretin Al shelektegi nәzhis kүnine bir ak ret togiledi Ol tolyp ketken kүnnin ozinde ertenge dejin kүtu kerek dejdi Sajragүl Sauytbaj Lagerde Sajragүl tutkyndagylarga kytaj tilin sonymen katar kommunistik partiyalardyn nasihat әnderin үjretuge mindettelgen Tutkyndagylar Men Қytajdy zhaksy koremin Kommunistik partiyaga rahmet Men kytajmyn Men Si Czinpindi zhaksy koremin degen sozderdi kajtalauga mәzhbүr korinedi Onyn sozinshe әndi durys shyrkamagandar zhәne tildi mengere almagandardy arnajy kara bolmelerde zhazalajdy Onda adamdardy elektr tayaktarmen uryp shegelerge otyruga mәzhbүrlegen Kejbiri mundaj bolmeden tyrnaksyz oralatyn dejdi Birde Sajragүldin ozin zhazaga tartypty Tүngi uakytta lagerge zhanadan tutkyndalgandardy alyp keldi Olardyn arasynda kazak әjel bar edi Ol menin kazak ekenimdi tanyp komek surap kushaktap aldy Men ogan zhauap bermedim Sonda da meni zhazalady Ұryp Sogyp eki kүn tamaksyz kaldyrdy dejdi Onyn sozine karaganda lagerde bәrinen buryn әjelderge kiyn Sebebi policejler kozine tүsken kez kelgen әjeldi zorlap tastauy mүmkin dejdi Tipti toptyk zorlau zhagdajlary da bolgan Al kүndizgi uakytta tutkyndagylarga zhasagan kүnәlary turaly ojlanuga uakyt beriledi eken Munda kytaj tilin bilmegennen bastap dini guryptardy saktamauyna dejin kүnә sanajdy Sonymen katar Sajragүl lagerde kүnine 3 ret tamak beriletinin ajtady Beretinderi kүrish nemese kokonis sorpasy zhәne bir tilim nan Al zhuma kүnderi tutkyndagylarga donyz etin beredi Kejbiri dini kozkarasyna bajlanysty ony zhej almajdy Alajda tamaktan bas tartkany үshin zhazalajdy dejdi Sot procesi9 shilde kүni Zharkenttegi Panfilov audandyk sotynda Қytaj kazagy Sajragүl Sauytbaj mәselesi karala bastady Sot orys tilinde zhүre bastagan son Sauytbaj sotty kazak tilinde otkizudi surady Sudya ajyptalushynyn otinishin kanagattandyryp sot otyrysyn 13 shildege kaldyrdy 13 shilde kүni sot otyrysynda Sajragүl Sauytbaj ҚR Қylmystyk kodeksinin 392 baby Shekarany zansyz buzyp otu bojynsha ajypty dep tanyldy Sot tergeui kezinde Sajragүl Sauytbaj ozine tagylgan ajypty tolyk mojyndajtynyn ajtty Өzine Қytajda sayasi kysym zhasalgandyktan shekaradan zansyz otuden ozge zholy kalmaganyn da mәlimdedi Ol Қytajda ozin olim zhazasy kүtip turganyn Қazakstanda kez kelgen zhazaga kelisetinin zhetkizdi Sudya Dinara Қujkabaeva Sajragүl Sauytbajdyn prokurormen processualdyk kelisimge kelu turaly otinishin kabyldap kelesi sotty 23 shildege kaldyrdy 23 shilde kүni sot procesinde prokuror Arzygүl Imyarova advokat Abzal Қuspannyn processualdyk kelisim zhasasu turaly usynysynan bas tartty Kelissoz kezinde advokat Abzal Қuspan Sajragүl Sauytbajdyn zhazany mojyndajtynyn ony Қazakstanda kaldyrsa kez kelgen zhazaga dajyn ekenin ajtyp usynys zhasagan Prokuror kelisimnen bas tartu sebebin tүsindirmedi Sudya Dinara Қujkabaeva tergeu amaldary ayaktalganyn zharyssozdin bastalatynyn habarlady Zharyssoz 1 tamyzga kaldyryldy 1 tamyz kүni Zharkentte otip zhatkan sotta prokuror Arzygүl Imyarova birneshe sebepke bajlanysty ajyptalushyga Қazakstannan shygaru zhazasyn koldanbaudy surady Ol sebepter Sauytbajdyn balalary Қazakstan azamaty zan onyn balalarymen kezdesuin kamtamasyz etui kerek Onyn үstine ajyptalushy kylmysyn mojyndap otyr Prokuror alty aj probaciyalyk bakylauga alu zhazasyn tagajyndaudy surady Sot Sajragүl Sauytbajdy Қazakstan shekarasyn zansyz kesip otti dep ajyptap alty aj merzimge bas bostandygynan shartty tүrde ajyru turaly үkim shygardy Shveciyaga konys audaruSajragүl Sauytbajdyn boskyn mәrtebesin berudi suragan aryzyn karagan Almaty oblystyk policiya departamentinin zhanynan kurylgan boskyn mәrtebesin beru zhonindegi komissiya onyn otinishin kanagattandyrudan bas tartty 2019 zhyly 3 mausymda Sajragүl Sauytbaj otbasymen birge Shveciyaga konys audardy Shveciya Sajragүlge zhol zhүru shygynyn bergen Bul sayasi pana emes ol bul zherde boskyn mәrtebesin algan zhok El biligi Sajragүl Sauytbajdyn otbasymen birge Shveciyaga ketuine toskauyl bolmagan Etnikalyk kazaktyn kүjeui men eki balasy Қazakstan azamattygynan bas tartpagan turistik viza arkyly ketken Sajragүl Sauytbaj Azattykka Shveciyaga zhetip kuzhattaryn rәsimdep zhatkanyn ajtty Sauytbajdyn sozinshe kazirgi maksaty Shveciya azamattygyn alu dep zhazady Azattyk Osy kүnge dejin biz Қazakstannan үmitimizdi үzbegen bolatynbyz Endigi maksatymyz Shveciya elinin azamattygyn alyp Қytajdyn kaupinen tolyk arylyp balalarymdy zhaksy okytyp keleshekte oz otanyna baryp halky үshin kyzmet etuge tәrbieleu Shveciya memleketi bizdi ote zhyly kabyldady Bul zherde zan kemeldengen zhumystar zhaksy atkarylady eken Bizdin barlyk zhagdajymyzdy tolygymen zhasap berdi dedi ol Sajragүl Sauytbaj AҚSh tyn Batyl әjelder halykaralyk syjlygynyn iegeriSajragүl Sauytbaj halykaralyk syjlyktyn laureaty Shynzhandagy sayasi tәrbieleu lagerleri zhajly algash bolyp ajtkan Қytaj kazagy kazir Shveciyada turatyn Sajragүl Sauytbaj AҚSh memlekettik departamentinin Batyl әjelder halykaralyk syjlygyn Annual International Women of Courage aldy Sauytbajga marapatty 4 nauryzda Vashingtonda AҚSh memlekettik hatshysy Majk Pompeo men AҚSh tyn birinshi hanymy Melaniya Tramp tabystady Pompeo marapattau rәsimi kezinde Sajragүl Sauytbajga bas iemiz Ol buryn dәriger bolgan Ol shyndykty ajtkany үshin otbasynan azhyrap kamalyp kysym kordi olim zhazasyna kesilui de mүmkin edi Ol Қytajdyn Kommunistik partiyasynyn Shynzhandagy musylmandarga karsy kysymy zhajly ashyk ajtkandardyn biri Sajragүl Sauytbaj korykpaj Shynzhan lagerleri turaly akparattardy ajtty zhәne kazir de lagerde kamalyp shykkandar men olardyn tuystaryna kamauda korgenderin ashyk ajtuga zhigerlendirip zhүr dedi AҚSh memlekettik departamenti bul syjlykty bejbitshilik әdildik adam kukygy genderlik tendik әjelder kukygy үshin kүresip omirin kauipke tikken әjelderge beredi Derekkozderhttps qamshy kz article 55649 sayragul sauytbay batyr ayelder khalyqaralyq syylyghynynh iegeri atandy Sajragүl Sauytbaj Batyr әjelder halykaralyk syjlygynyn iegeri atandy https stan kz zorlap tirnagin zhylip shegemen tokpen kinaydi sayragul 323212 Zorlap tyrnagyn zhulyp shegemen tokpen kinajdy Sajragүl Sauytbaj kytaj lagerindegi sumdykty zhajyp saldy https baribar kz 71898 sajragul sauytbaj isi oqighanynh sebebi men hronologiyasy Sajragүl Sauytbaj isi okiganyn sebebi men hronologiyasy https qazaly kz saysat 9578 sayragl sauytbay azastannan kett html Sajragүl Sauytbaj Қazakstannan ketti https kznews kz kznews sajragul sauytbaj qazaqstannan ketti Sajragүl Sauytbaj Қazakstannan ketti https sn kz sn sayasat 55670 sairagul sauytbai maksatymyz shvetsiia elinin azamattygyn alyp balalarymdy zhaksy okytu Sajragүl Sauytbaj Maksatymyz Shveciya elinin azamattygyn alyp balalarymdy zhaksy okytu