Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері табылып отыр. Олар — сазсырнай, үскірік және тастауық. Бүл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Мұндай аспаптар КСРО-ның көптеген халықтарында кездеседі, оны марийлер — шун мушпык, чуваштар — там-шахлыча, там-шахран, там-шахаркач немесе там-кавалкал, эстондар — сави пиилу, латыштар — свилуе, литвалықтар — молинукас, армяндар — пепук, грузиндер — булбуль дейді. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қилы келеді. Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Аталмыш аспаптардың ішінде диапазоны терция, одан да жоғары, кейде, тіпті, октаваға жететіндері кездеседі. Бағзы заманда бұл аспаптармен балалар халық әндерін орындаған. Мұндай аспаптардың бәрі де ысқырып ойналатын флейтаның тобына жатады. Кейбір халықтарда олардың ысқырғыш тетігі болмайды. Мысалы, қазақтың саздан жасалған аспаптарында ысқырғыш тетік жоқ. Бұл күнде окарина тектес аспаптар балалардың ысқырып ойнайтын ойыншықтары ретінде ғана қолданылып жүр. Олардың ішінде үш-төрт ойнау ойықтары барлары анағүрлым кең тараған.
Саз сырнай
1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілу кезінде қаздың жұмыртқасындай, саздан жасалған аспап табылады. Бір-біріне қарама-қарсы жақтан тесілген титтей ғана екі ойығы бар, іші қуыс. Шығатын дыбыстың жоғарылығы екінші октаваның «ми-бемоль» нотасына сәйкес болып шықты. Төменгі ойығын басқанда екінші октаваның «соль» нотасына сәйкес болып тағы бір дыбыс пайда болды. Ал, үшінші дыбысын шығару үшін аспаптың төменгі ойығын жартылай басу керек екен. Оның жоғарылығы екінші октаваның «фа» дыбысына сәйкес болды. Соңғы екі дыбысын шығару үшін қолданылған. Әдісіміз сыбызғыда да қолданылады. Сөйтіп, саз сырнай аспабынан қатарынан үш дыбыс шығардық. Олар екінші октаваның «ми-бе-моль», «фа» және «соль» ноталары. Осы үш дыбысқа келетін шағын әуенді әндерді орындауға мүмкіндік бар екені анықталды.
Саз сырнай аспабы Қазақстанның кейбір аудандарында әлі де болса кездеседі. Мысалы, Торғай облысы, , Крупская атындағы совхозының тұрғыны Өмірзақ Тұрмағанбетов сыбызғы мен саз сырнай тартқан. Ө. Тұрмағанбетовтың саз сырнайының Отырардан табылған саз сырнайдан айырмашылығы — ойығы үшеу. Ол кісі мұнымен «Шилі өзен», «Елігай» сияқты халық әндерін орындаған екен. Кейде құстың даусына салып ойнағанда жан-жақтан құстар ұшып келетін болған. Мұның бәрін 1975 жылы жазда ол кісінің жиені Нүрбибі Ахметова әңгімелеп берген еді.
Саз сырнайдың көне үлгісін қолымызға ұстай отырып, біз оны қайта жасап шығармақ болдық. Бұл үшін арнайы ағаш қалып жасадық. Қоймалжың сазды жайып қалыптың сыртынан қаптадық. Қалыпты ішінен алу үшін сазды кең жағынан екіге бөлдік, сонан соң екі бөлікті қайта біріктірдік. Оның негізгі дыбысы бірінші октаваның ля тоны болып шықты.
Кепкеннен кейін ойықтарын ойдық. Әуелде оны ескі үлгі бойынша екі ойықты етіп жасадық. Кейін тәжірибе жүргізе келе ойық санын көбейтуге тура келді. Әрбір сондай үлгіні бірнеше рет қайта жасап отырдық.
Қандай үрмелі аспап болсын негізгі үні шанақтың ішіндегі ауаның мөлшеріне байланысты екені белгілі, іші кең, болған сайын дыбыс төмендей береді және бүған керісінше, шанақтын, ішкі қуысы неғұрлым саяз болса, соғұрлым дыбыс жоғары шығады. Тәжірибе көрсеткеніндей, ішкі диаметрі — 49 мм, ұзындығы — 125 мм саз сырнайдың негізгі дыбысы бірінші октаваның фа тоны болады. Ал, диаметрі — 47 мм, ұзындығы — 88 мм, аспап негізгі тоны бірінші октаваның ля нотасы болды. Келесі дыбыстардық жоғары-төмен болып шығуы аспаптағы саусақпен басылатын ойықтардың орналасу тәртібіне және тіпті көп дәрежеде осы ойықтардың диаметріне байланысты. Ал аспаптың диапазоны ойықтардың санына тәуелді. Әдетте ішінің қуысы кең саз сырнайдың даусы ақырын шығады. Негізгі тон неғүрлым жоғары болса, аспаптың үні соғұрлым анық және күшті естіледі.
- Негізгі тоны — ля болып келген, екі ойықты бірінші эксперименттік үлгінің дыбыс қатары мынандай болады, бірінші октаваның ля, екінші октаваның до-диез, ре, ми ноталары. Екінші октаваның ми ноталары екі ойық бір мезгілде ашық тұрғанда алынады.
- Екінші үлгі үш ойықты етіліп жасалды. Әуелде үшінші ойық шанақтын, сыртынан ойылған-ды, кейін аспаптық қолайлы болуы үшін бергі бетіне көшірдік. Үш ойықты аспаптың дыбыс қатары мынадай болды: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до-диез, ре, ми ноталары.
- Үшінші үлгіде төрт ойық жасалды. 1 өртінші ойық сыртқы жағынан ойылды. Сонда аспаптың дыбыс қатары былай болды: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның додиез, ре, ми, фа-диез. Фа-диез үш ойық бір мезгілде ашылғанда алынады.
- Төртінші үлгіде шанақтың бет жағынан және бір ойық жасалады. Бүл бізге қосымша — екінші октаваның соль дыбысын берді.
- Бесінші үлгіде алты ойық болды. Оның дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до-диез, ре, ми, фа-диез, соль-диез, ля ноталары. Бірінші ойықты аша отырып біз дауысты жарты тон — екінші октаваның ля-диез етіп жоғарылаттық. Сөйтіп, соңғы үлгінің дыбыс
қатары мынадай болып шықты: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до-диез, ре, ми, фа-диез, соль-диез, ля, ля-диез. Ойнау ойықтарының диаметрі: біріншісі — 2 мм, екіншісі 2,52 мм, үшіншісі — 4 мм, төртіншісі — 5 мм, бесіншісі — 4 мм, алтыншысы — 5-7 мм. Үрлеу ойығының диаметрі — 1 Х І2 мм.
Бұл дыбыстардан басқа, бірнеше ойықты түрліше үйлестіре отырып бір мезгілде ашу жолымен хроматикалық дыбыс қатарын алуға болады. Сөйтіп, алты ойықты саз сырнайдың, хроматикалық дыбыс қатары мынадай болмақ: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до, до-диез, ре, ре-диез, ми, фа, фа-диез, соль, соль-диез, ля ноталары.
Біз саз сырнайды қайта жасау кезінде тығыз байланыс жасадық. Завод қызметкерлері саз сырнайдың алғашқы үлгілерін жасауымызға көмек көрсетті. Әсіресе, суретші-керамист Феликс Андреевич Письманның көмегі көп тиді. Бірлесіп жасалған тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде мынадай деректерді анықтадық. Табиғи түрде кептіргенде саз сырнайдың саздан соғылған үлгісі 5% кішірейеді, ал оны бисквитті түрде күйдіргенде әлгі тағы да 6%-ға отырады. Сөйтіп, саз үлгінің екі рет кептіріп, күйдіргеннен кейінгі көлемі 11% кішірейген болып шығады.
Күйдірген кезде көлемінің кішіреюі саздың сапасына да байланысты болады. Аспап алғаш рет күйдіргеннен кейін өз қатарын езгерткен жоқ, ал аспаптың даусы күшейе түсті. Екінші рет 960° температурада күйдіру кезінде аспапқа глазурь жағылды. Глазурьмен қапталса аспаптың шанағы мықты бекиді. Бес үлгінің екеуінің шанағының, ішкі қабырғасына глазурь жағылмады. Сөйткенде бүл екі аспаптың даусы өзгелеріне қарағанда күшті шықты, тембрі де жақсара түсті. Тәжірибе көрсеткендей, күйдіріліп және сыртына глазурь жағылғаннан кейін аспаптың негізгі үні жоғарылай түсті.
Саз сырнайды игеру барысында үні таза шығатын нұсқасы таңдап алынды. Ойықтардың саусақпен басуға ыңғайлы болуы үшін аспаптың оңтайлы ұсталатын болуын да ескеріледі.
Үрлеуге арналған ойық екі еріннің аралығынан оң жақтан келетіндей етіліп және орта түстан сәл солға қарай қиыстай ойылады. Сол себепті ауа толқыны сәл оңға қарай бағытталады. Аспаптың жоғарғы бұрышымен ерінге тақалады.
Дауыстың тембрі, күші, жағымдылығы ауа толқынының дүрыс жетуіне байланысты. Жалпы бұл аспаптың үні әуезді, құлаққа жағымды майда қоңыр, адамнын, табиғи даусына жақын. Тіпті сәл ғана үрлесеңіз де дауыс шығады. Дауыс неғүрлым сапалы шығу үшін үрлеу ойығының жиегін үшкірлеу керек және ойнау кезінде оны ерінге сәл қиыстау келтіріп жабыстыра үстаған жөн. Ойнау тәсілін үйреніп алғаннан кейін саз сырнайды неше түрлі әуенге салып тартуға болады.
Саз сырнайдың барлық мүмкіншіліктерін ашып білу үшін оны ерінбей-жалықпай мұқият зерттеу қажет, сондай-ақ жекелей және ансамбльге қосып игеру керек.
Үскірік
Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап — үскірік. Ол да ерте заманнан белгілі болған. Алайда соңғы жүз жылда қолданудан мүлде ұмыт қалған екен.
1974 жылы қыркүйек айында бұл аспап Маңқыстау маңайынан табылды. Табылған аспапты жасаған шебер алпыстан асқан Балапаш Әнесов — Маңғышлақ облысы Маңғыстау ауданы, кеңшарының түрғыны. Үскірікті ақсақалдың қызы, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Хадиша Балапашева арқылы алдырттық.
Аспаптың үзындығы — 120 мм, биіктігі — 58 мм, үрлейтін ойығының диаметрі — 7 мм. Сол жақтағы ойығынық диаметрі — 4 мм, оң жақтағы ойығының диаметрі — 5 мм. Ойығының саны орындаушының ойнау шеберлігімен байланысты болған. Ойықтың біреуін үрлеп, қалғандарынан саусақтарымен түрлі дыбыс шығарып отырған. Бүл аспаптың өте шебер орындаушылары болған. Үскірікте тартылған күйлер сақталмаған. Үскіріктің үнін құстың даусына немесе басқа да түрлі дыбыстарға қсас шығарған және халық әндерін орындаған. Бүл аспаптың орындаушылық мүмкіндіктері «Саз сырнайдың» ескі үлгісінен әлдеқайда молырақ.
Аспап қолымызға тиісімен Б. Әнесовтің аулына барып қайттық. Ол кісі жас кезінде сыбызғыда, үскірікте, қамыс сырнайда ойнаған екен. Ал әкесі Қуатбай болса, кептеген аспаптарда, оның ішінде кернейде де ойнаған. Әкесінен көрген кернейдің үлгісіне келтіріп бізге ағаштан керней жасап берді. Көзбе-көз кездескеніміздің пайдасы — халық аспаптары жайында көптеген қызықты әңгімелерін естіп, үскіріктің, қамыс сырнайдың, кернейдің қалай жасалатынын көріп тамашаладық. Мысалы, үскірікті жасарда арнайы саздан үшбұрышты етіп екі жапырақша істеп, оларды кептірмей арасына қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бұрыштың оң жағынан үрлейтін ойық теседі. Екінші бұрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді. Ойығын кеңейтсе дыбысы төмендейді. Ал, ойығы орнында болмаса, онда ол ойығын балшықпен бітеп, оны басқа жерден шығарады.
Үскірікте орындауды меңгеріп алғаннан кейін біз одан дыбыс шығарудың, күйге келтіру мен дыбыс қатары түзілісінің, ойнау және діріл алу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктері болатынын байқадық. Сонымен бірге оны өзге де көне аспаптарға қосып ансамбльге пайдаланудың жолын іздестірдік. Ол үшін бірде, яғни 1975 жылдың наурыз айында Құрманғазы атындағы консерваторияның камера залында қылқобызшы Мықтыбаевтың 70 жасқа толу мерейтойлық кешінде ойнап шықтық. Әсіресе шаңқобыз бен үскіріктің дуэті және үскірік, шаңқобыз, асатаяқ үшеуінің триосы әсерлі шықты. Бұдан байқағанымыз, үскірік пен саз сырнайды әр түрлі ансамбльдерге жасқанбай қосуға болатындығы еді.
Үскірікті түрліше жолмен жасауға болады, мәселе оны жасаудың технологиясында сондай-ақ диапазонын кеңейту, түрін, ойнау ойықтарының санын көбейту, техникалық мүмкіндігін молайту төңірегінде болмақ.
Әуелде біз оның көлемін бұрынғы ескі нұсқаларынан үлкен етіп жасадық. Сөйткенімізде негізгі тоны тым баяу және үні анық болмай шықты. Кейін көлемін көне үлгісінен онша алшақтатпай, бірақ төрт ойықты етіп жасадық. Енді негізгі тоны жоғарылады, даусы әуезді бола түсті, диапазоны едәуір кеңейді.
Үскірікті жетілдіру мақсатында тәжірибе жүргізгенімізде оның түрін көне үлгісіне келтіріп, бірақ көлемін біршама үлкенірек етіп ағаштан қалып жасағанбыз. Мұндай қалыпта жасалған үскіріктің, негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы болып шығады (шанақтың төменгі бөлігінің ені — 24 мм, жоғарғы бөлігінің ені — 14 мм).
Аспаптың диапазонын кеңейту үшін ойық санын көбейтуге, тура келді, сондай-ақ ойықтардың ойнау кезінде саусақтарға оңтайлы болып орналасуын қарастырдық.
Дауыстың негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы сақталған жағдайда үшінші ойықтың көмегімен — до-диез екінші октава ала алдық. Үш ойықты аспаптың дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си, екінші октаваның до-диез, ре-диез ми, фа-диез нотасы.
Үскіріктің неғүрлым жетілдірілген нұсқасында төрт ойық болады, олардың үшеуі бет жағында, біреуі сыртында орналасқан. Аспапты ойнау кезінде оң қолдың бас бармағы және ортаңғы саусағымен ұстайды. Оның дыбыс қатары үлкен секстаға кеңейтілді. Үш ойық бір мезгілде ашылса, екінші октаваның соль-диез нотасы алынады. Ал, төрт ойықты түгел ашып екінші октаваның ля нотасын алуға болады. Сөйтіп, ең соңғы нұсқаның дыбыс қатары былай болып шықты: бірінші октаваның си, екінші октаваның додиез, ре-диез, ми, фа-диез, соль-диез, ля нотасын.
Бұрынғы замандағы көне нұсқасына қарағанда төрт ойықты үскіріктің артықшылықтары көп. Оны музыка сүйгіш қауымға көркемөнерпаздар үйірмелеріне ұялмай ұсынуға болады. Бүл аспапты тез меңгеріп алу үшін оның дыбыс қатары, дыбыс шығару жолдары, ойнау әдістері жөнінде әдістемелік кеңес берілуі қажет.
Бірыңғай үскіріктен ғана қүралған өзгеше ансамбль ұйымдастыру үшін дыбыс қатарының жоғары-төмендігі әр түрлі болып келетін бірнеше аспап жасап шығаруға нақты мүмкіндік бар.
Жоғарыда айтылғандардан дэлелдейтініміз саз сырнай мен үскірік көп жайларда бір-біріне ұқсас. Осындай ұқсастықтың бір қызғылықты түрі халық шеберлері әр кездерде жасаған саз сырнай мен үскірікте дыбыс қатарының екінші дыбысы негізгі тоннан жоғары келтіріліп үлкен терцияға орналастырылған. Солай бола тұра бұл аспаптардың арасында формасы, негізгі үні диапазоны, ойықтарының орналасуы, осыған орай саусақтың атқарар қызметі жағынан едәуір айырмашылық бар. Халық шеберлері жасаған үлгілеріне қарағанда қазіргі үскірік анағұрлым жетілдірілген аспап.
Үскіріктің төрт ойығының диаметрі мынадай: біріншісі — 3 мм, екіншісі — 5 мм, үшіншісі — 6 мм, төртіншісі — A'12 мм. Үрлейтін ойығының диаметрі —77 г мм.
Ерін аппаратын қатайту немесе босаңсыту жолымен дыбыстың жоғары-төмендігін ептеп өзгертуге болады. Ерінді созғанда дыбыс жоғарылайды. Аспаптың дыбыс қатарында төменгі дыбыстардың анық естілуі бір ойықтың диаметріне байланысты, ал жоғарғы регистрде — екі, үшке одан да көп ойықтардың қатар ашылуымен байланысты.
Үскірікте немесе саз сырнайда орындаушы сыбызғы тартушының дәстүрлі әдісіне салып негізгі тоннан төмен өз дауысын қоса алады. Сол шақта аспаптан қайталанбас, ғажап әуен құйқылжып төгіледі де, тыңдаушысын баурап алады. Нақ осы әдісті халық арасынан шыққан музыканттар қолданды ма, жоқ па? Ол бізге белгісіз. Бурдон даусын қосқанда музыкант өз көмейінен созып дыбыс шығарады.
Үскірікте саусақтар ойықтардың орналасу ретіне және аспаптың формасына қарай қимыл жасайды. Орындаушы Б. Әнесов үскіріктің екі жағындағы екі ойықты оң және сол қолының сұқ саусақтарымен басып ойнайды. Жетілдірілген үскірікте — «Елім-ай», «Елігай», «Ақ Баян», «Алатау», «Екі бала», «Ахау, Семей», «Жас келін» сияқты біршама күрделі халық әндерін, сондай-ақ «Қамбар батыр», «Нар идірген», «Кертолғау» сияқты күйлерді орындауға болады.
Саз сырнай мен үскіріктің ерекшелігі сонда — бұл аспаптардың әрбір ойығы — өз дыбысынан басқа қосымша дыбыс та бере алады, ол үшін бірнеше ойығын ашып ойнау керек. Қазақтың үрлеп тартылатын басқа аспаптарында мұндай әдіс қолданылмайды. Сыбызғыда және басқа да үрлеп тартылатын аспаптарда дауыстың жоғары төмендігі саптағы ойықтардың орналасу тәртібіне байланысты десек, ал саздан жасалатын аспаптарда бұл — ойықтың диаметрінің көлеміне байланысты болады.
Саз сырнай мен үскірік осы кітаптың авторы ұйымдастырған көркемөнер ансамбльдерінде, Қыздар педагогика институты жанындағы «Айгүл» вокальды-аспапты ансамблінде, сондай-ақ «Дос-мұқасанда», «Шертерде» пайдаланылып та жүр. 1975 жылдың шілде айында біз Торғай облысында болғанымызда бұл аспаптарды ондағы Мәдениет үйі жанындағы «Ғасырлар пернесі» атты ансамбльдің құрамына да енгіздік. Осы ансамбль мүшелері, қабілетті музыканттар Бақытжан Қапанова мен Тарғын Боранбаев үскірікте және саз сырнайда халық әндері «Елім-ай» мен «Елігайды», сондай-ақ «Толғау» күйін орындады. Жаңа аспаптар ансамбль үнінің көп тембрлі әуезін құлпырта түсті. Қазақтың басқа аспаптарына қарағанда саз сырнай мен үскірікте ойнауды меңгеру онша қиын емес. Көне саз сырнай көп кешікпей көптеген көркем өнерпаздар ұжымдарының сүйікті музыкалық аспабына айналары хақ.
Тастауық
Жас кезінде көне музыкалық аспап тастауықта ойнаған қарияларды да кездестірген едік. Бұл аспапты да үскірік сияқты саздан жасаған. Берік болуы үшін сазға жылқы қылын немесе жүн қосқан. Оның қалай жасалатынын өз көздерімен көрген адамдар бізге мүның бәрін әңгімелеп айтып берді, суреттерін сызып көрсетті, ойнауы тәсілдерін де айтты. Осы мәліметтерге сүйене отырып тастауық аспабын жасадық.
Біз тастауық жайында көптеген деректерді Қазақстанның батыс аудандарынан жинадық, өйткені бұл жақта ол 1940 жылдарға дейін қолданылып келіпті. Шеберлер саздан және тастан жасаған аспаптар үш немесе төрт ойықты болып келген. Бұрын ойнағандардың айтуына қарағанда әк тастан жасалынған тастауықтың даусы күштірек болатын көрінеді. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С. Андарбаев үш ойықты осындай аспап жайында әңгімелеп берген еді, аулында оны — үшпелек деп атапты.
Гурьев облысында тастауықты өз көздерімен көрген адамдарды көп кездестірдік. Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптары оркестрінің солисі тастауықтың суретін жэне ол жайында толық мәлімет алдық. Ол өзі де бала күнінде төрт ойықты тастауық жасап алып сонымен талай ойнаған екен. Мәліметтерге қарағанда үш және төрт ойықты тастауықтар неғұрлым көп тарапты.
Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше тауыққа немесе балапанға ұқсайды. Бұл аспаптардың бір-біріне ұқсастығы дыбыс алу және ойнау тәсілдерінде. Осы сияқты аспаптарға қарағанда олар дыбыс алу әдісінде едәуір өзгеше болып келеді.
Окарина тектес аспаптарды музыканттар көкек, тауқұдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың даусына салып ойнаған. Олармен халық әндерін де орындайтын болған. Негізінен балалар, бақташылар пайдаланған.
Тастауық туралы толық түсінік алған соң, біз оның анағұрлым жаңа, жетілдірілген түрін жасауға кірістік. Жасау әдісінің саз сырнай мен үскірікке қолданылған қалпын сақтадық. Яғни, ең алдымен ағаштан қалып жасадық. Оның көлемін: ұзындығы — 108 мм, шанағының жуан бөлігінің орта тұсының ені — 42 мм, түпкі бөлігінің диаметрі — 18 мм, басының диаметрі — 16 мм. Қалыптың көлемі шанақтың ішкі көлемін көрсетеді. Бүл тастауықтың негізгі тоны — бірінші октаваның си-бемоль нотасы. Дыбыс қатары әрбір ойнау ойығының диаметріне байланысты.
Ойнау ойықтарының диаметрлері: біріншісі — 2 мм, екіншісі — 3 мм, үшіншісі — 47гмм, төртіншісі — 3 мм, бесіншісі — 44 мм. Дыбыс алынатын ойықтың диаметрі — 8 мм. Бес ойықты аспаптың, дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си-бемоль, до, екінші октаваның до, рег ми-бемоль, фа, соль, ля-бемоль және ля ноталары. Диапазоны бірінші октаваның си-бемоль, екінші октаваның ля ноталары. Жоғарғы регистрдің дыбыстары бірнеше ойықты бір мезгілде ашқанда алынады. Мысалы үшінші, төртінші ойықтар екінші октаваның фа нотасы; үшінші, төртінші, бесінші ойықтар—соль; үшінші, төртінші,бесінші, екінші ойықтар — ля-бемоль; ал егер бес ойықты түгел ашса — ля дыбысы алынады.
Тастауықты күйге келтіргенде төменгі регистрдегі төрт ойықтың үні таза болуының маңызы зор, себебі содан ғана жоғарғы регистрде дауыс жоғарылығы айқын болып шығады.
Дауысты жоғарылату не төмендету үшін түрлі әдіс қолдануға болады. Ерін бұлшық еттерін босаңсытқан және ауа толқынын азайтқан шақта дауыс төмендейді. Дауысты төмендетудің тағы бір әдісі — ашық ойыққа саусақты жақындату. Ал, дауысты жоғарылату үшін басқа бір ойықты ашу әдісін қолданған жөн.
Дауыс тербелісі диафрагманың, сондай-ақ аспапты, өзін тербелте үстаудың көмегімен орындалады. Егер тербеліс сиретілсе төменгі регистрдегі дыбыстар әуезді, созыңқы шығады.
Тастауықтың өзгеше тембрі, ашық та жағымды үні бар. Оны қазіргі көркемөнерпаздар ұжымдарына, сондай-ақ жеке орындауда ойдағыдай қолдануға болады.
Саздан жасалған аспаптардың табылуы халқымыздың көне музыка аспаптарының түрлері өте бай болғандығын дәлелдей түседі. Бүл музыкалық аспаптардың халқымыздың бүгінгі өсіп келе жатқан мәдениетін байытуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Дереккөздер
- Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Saz syrnaj үskirik zhәne tastauyk Sazdan zhasalynyp үrlep tartylatyn aspaptardyn biregej tүrleri tabylyp otyr Olar sazsyrnaj үskirik zhәne tastauyk Bүl aspaptar okarina tektester kataryna zhatady Mundaj aspaptar KSRO nyn koptegen halyktarynda kezdesedi ony marijler shun mushpyk chuvashtar tam shahlycha tam shahran tam shaharkach nemese tam kavalkal estondar savi piilu latyshtar svilue litvalyktar molinukas armyandar pepuk gruzinder bulbul dejdi Bul aspaptardy sazdan zhasap kejin otka kүjdiredi Olardyn kolemi de tүri de әr kily keledi Olardyn syrtyn komkerip oyu ornek salgan kejde glazurmen zhyltyratady Atalmysh aspaptardyn ishinde diapazony terciya odan da zhogary kejde tipti oktavaga zhetetinderi kezdesedi Bagzy zamanda bul aspaptarmen balalar halyk әnderin oryndagan Mundaj aspaptardyn bәri de yskyryp ojnalatyn flejtanyn tobyna zhatady Kejbir halyktarda olardyn yskyrgysh tetigi bolmajdy Mysaly kazaktyn sazdan zhasalgan aspaptarynda yskyrgysh tetik zhok Bul kүnde okarina tektes aspaptar balalardyn yskyryp ojnajtyn ojynshyktary retinde gana koldanylyp zhүr Olardyn ishinde үsh tort ojnau ojyktary barlary anagүrlym ken taragan Saz syrnaj1971 zhyly Otyrar kalasynyn ornynda arheologiyalyk kazba zhumystary zhүrgizilu kezinde kazdyn zhumyrtkasyndaj sazdan zhasalgan aspap tabylady Bir birine karama karsy zhaktan tesilgen tittej gana eki ojygy bar ishi kuys Shygatyn dybystyn zhogarylygy ekinshi oktavanyn mi bemol notasyna sәjkes bolyp shykty Tomengi ojygyn baskanda ekinshi oktavanyn sol notasyna sәjkes bolyp tagy bir dybys pajda boldy Al үshinshi dybysyn shygaru үshin aspaptyn tomengi ojygyn zhartylaj basu kerek eken Onyn zhogarylygy ekinshi oktavanyn fa dybysyna sәjkes boldy Songy eki dybysyn shygaru үshin koldanylgan Әdisimiz sybyzgyda da koldanylady Sojtip saz syrnaj aspabynan katarynan үsh dybys shygardyk Olar ekinshi oktavanyn mi be mol fa zhәne sol notalary Osy үsh dybyska keletin shagyn әuendi әnderdi oryndauga mүmkindik bar ekeni anyktaldy Saz syrnaj aspaby Қazakstannyn kejbir audandarynda әli de bolsa kezdesedi Mysaly Torgaj oblysy Krupskaya atyndagy sovhozynyn turgyny Өmirzak Turmaganbetov sybyzgy men saz syrnaj tartkan Ө Turmaganbetovtyn saz syrnajynyn Otyrardan tabylgan saz syrnajdan ajyrmashylygy ojygy үsheu Ol kisi munymen Shili ozen Eligaj siyakty halyk әnderin oryndagan eken Kejde kustyn dausyna salyp ojnaganda zhan zhaktan kustar ushyp keletin bolgan Munyn bәrin 1975 zhyly zhazda ol kisinin zhieni Nүrbibi Ahmetova әngimelep bergen edi Saz syrnajdyn kone үlgisin kolymyzga ustaj otyryp biz ony kajta zhasap shygarmak boldyk Bul үshin arnajy agash kalyp zhasadyk Қojmalzhyn sazdy zhajyp kalyptyn syrtynan kaptadyk Қalypty ishinen alu үshin sazdy ken zhagynan ekige boldik sonan son eki bolikti kajta biriktirdik Onyn negizgi dybysy birinshi oktavanyn lya tony bolyp shykty Kepkennen kejin ojyktaryn ojdyk Әuelde ony eski үlgi bojynsha eki ojykty etip zhasadyk Kejin tәzhiribe zhүrgize kele ojyk sanyn kobejtuge tura keldi Әrbir sondaj үlgini birneshe ret kajta zhasap otyrdyk Қandaj үrmeli aspap bolsyn negizgi үni shanaktyn ishindegi auanyn molsherine bajlanysty ekeni belgili ishi ken bolgan sajyn dybys tomendej beredi zhәne bүgan kerisinshe shanaktyn ishki kuysy negurlym sayaz bolsa sogurlym dybys zhogary shygady Tәzhiribe korsetkenindej ishki diametri 49 mm uzyndygy 125 mm saz syrnajdyn negizgi dybysy birinshi oktavanyn fa tony bolady Al diametri 47 mm uzyndygy 88 mm aspap negizgi tony birinshi oktavanyn lya notasy boldy Kelesi dybystardyk zhogary tomen bolyp shyguy aspaptagy sausakpen basylatyn ojyktardyn ornalasu tәrtibine zhәne tipti kop dәrezhede osy ojyktardyn diametrine bajlanysty Al aspaptyn diapazony ojyktardyn sanyna tәueldi Әdette ishinin kuysy ken saz syrnajdyn dausy akyryn shygady Negizgi ton negүrlym zhogary bolsa aspaptyn үni sogurlym anyk zhәne kүshti estiledi Negizgi tony lya bolyp kelgen eki ojykty birinshi eksperimenttik үlginin dybys katary mynandaj bolady birinshi oktavanyn lya ekinshi oktavanyn do diez re mi notalary Ekinshi oktavanyn mi notalary eki ojyk bir mezgilde ashyk turganda alynady Ekinshi үlgi үsh ojykty etilip zhasaldy Әuelde үshinshi ojyk shanaktyn syrtynan ojylgan dy kejin aspaptyk kolajly boluy үshin bergi betine koshirdik Үsh ojykty aspaptyn dybys katary mynadaj boldy birinshi oktavanyn lya si ekinshi oktavanyn do diez re mi notalary Үshinshi үlgide tort ojyk zhasaldy 1 ortinshi ojyk syrtky zhagynan ojyldy Sonda aspaptyn dybys katary bylaj boldy birinshi oktavanyn lya si ekinshi oktavanyn dodiez re mi fa diez Fa diez үsh ojyk bir mezgilde ashylganda alynady Tortinshi үlgide shanaktyn bet zhagynan zhәne bir ojyk zhasalady Bүl bizge kosymsha ekinshi oktavanyn sol dybysyn berdi Besinshi үlgide alty ojyk boldy Onyn dybys katary birinshi oktavanyn lya si ekinshi oktavanyn do diez re mi fa diez sol diez lya notalary Birinshi ojykty asha otyryp biz dauysty zharty ton ekinshi oktavanyn lya diez etip zhogarylattyk Sojtip songy үlginin dybys katary mynadaj bolyp shykty birinshi oktavanyn lya si ekinshi oktavanyn do diez re mi fa diez sol diez lya lya diez Ojnau ojyktarynyn diametri birinshisi 2 mm ekinshisi 2 52 mm үshinshisi 4 mm tortinshisi 5 mm besinshisi 4 mm altynshysy 5 7 mm Үrleu ojygynyn diametri 1 H I2 mm Bul dybystardan baska birneshe ojykty tүrlishe үjlestire otyryp bir mezgilde ashu zholymen hromatikalyk dybys kataryn aluga bolady Sojtip alty ojykty saz syrnajdyn hromatikalyk dybys katary mynadaj bolmak birinshi oktavanyn lya si ekinshi oktavanyn do do diez re re diez mi fa fa diez sol sol diez lya notalary Biz saz syrnajdy kajta zhasau kezinde tygyz bajlanys zhasadyk Zavod kyzmetkerleri saz syrnajdyn algashky үlgilerin zhasauymyzga komek korsetti Әsirese suretshi keramist Feliks Andreevich Pismannyn komegi kop tidi Birlesip zhasalgan tәzhiribe zhumystarynyn nәtizhesinde mynadaj derekterdi anyktadyk Tabigi tүrde keptirgende saz syrnajdyn sazdan sogylgan үlgisi 5 kishirejedi al ony biskvitti tүrde kүjdirgende әlgi tagy da 6 ga otyrady Sojtip saz үlginin eki ret keptirip kүjdirgennen kejingi kolemi 11 kishirejgen bolyp shygady Kүjdirgen kezde koleminin kishireyui sazdyn sapasyna da bajlanysty bolady Aspap algash ret kүjdirgennen kejin oz kataryn ezgertken zhok al aspaptyn dausy kүsheje tүsti Ekinshi ret 960 temperaturada kүjdiru kezinde aspapka glazur zhagyldy Glazurmen kaptalsa aspaptyn shanagy mykty bekidi Bes үlginin ekeuinin shanagynyn ishki kabyrgasyna glazur zhagylmady Sojtkende bүl eki aspaptyn dausy ozgelerine karaganda kүshti shykty tembri de zhaksara tүsti Tәzhiribe korsetkendej kүjdirilip zhәne syrtyna glazur zhagylgannan kejin aspaptyn negizgi үni zhogarylaj tүsti Saz syrnajdy igeru barysynda үni taza shygatyn nuskasy tandap alyndy Ojyktardyn sausakpen basuga yngajly boluy үshin aspaptyn ontajly ustalatyn boluyn da eskeriledi Үrleuge arnalgan ojyk eki erinnin aralygynan on zhaktan keletindej etilip zhәne orta tүstan sәl solga karaj kiystaj ojylady Sol sebepti aua tolkyny sәl onga karaj bagyttalady Aspaptyn zhogargy buryshymen eringe takalady Dauystyn tembri kүshi zhagymdylygy aua tolkynynyn dүrys zhetuine bajlanysty Zhalpy bul aspaptyn үni әuezdi kulakka zhagymdy majda konyr adamnyn tabigi dausyna zhakyn Tipti sәl gana үrleseniz de dauys shygady Dauys negүrlym sapaly shygu үshin үrleu ojygynyn zhiegin үshkirleu kerek zhәne ojnau kezinde ony eringe sәl kiystau keltirip zhabystyra үstagan zhon Ojnau tәsilin үjrenip algannan kejin saz syrnajdy neshe tүrli әuenge salyp tartuga bolady Saz syrnajdyn barlyk mүmkinshilikterin ashyp bilu үshin ony erinbej zhalykpaj mukiyat zertteu kazhet sondaj ak zhekelej zhәne ansamblge kosyp igeru kerek ҮskirikSazdan zhasalyngan tagy bir muzykalyk aspap үskirik Ol da erte zamannan belgili bolgan Alajda songy zhүz zhylda koldanudan mүlde umyt kalgan eken 1974 zhyly kyrkүjek ajynda bul aspap Mankystau manajynan tabyldy Tabylgan aspapty zhasagan sheber alpystan askan Balapash Әnesov Mangyshlak oblysy Mangystau audany kensharynyn tүrgyny Үskirikti aksakaldyn kyzy Қurmangazy atyndagy konservatoriyanyn studenti Hadisha Balapasheva arkyly aldyrttyk Aspaptyn үzyndygy 120 mm biiktigi 58 mm үrlejtin ojygynyn diametri 7 mm Sol zhaktagy ojygynyk diametri 4 mm on zhaktagy ojygynyn diametri 5 mm Ojygynyn sany oryndaushynyn ojnau sheberligimen bajlanysty bolgan Ojyktyn bireuin үrlep kalgandarynan sausaktarymen tүrli dybys shygaryp otyrgan Bүl aspaptyn ote sheber oryndaushylary bolgan Үskirikte tartylgan kүjler saktalmagan Үskiriktin үnin kustyn dausyna nemese baska da tүrli dybystarga ksas shygargan zhәne halyk әnderin oryndagan Bүl aspaptyn oryndaushylyk mүmkindikteri Saz syrnajdyn eski үlgisinen әldekajda molyrak Aspap kolymyzga tiisimen B Әnesovtin aulyna baryp kajttyk Ol kisi zhas kezinde sybyzgyda үskirikte kamys syrnajda ojnagan eken Al әkesi Қuatbaj bolsa keptegen aspaptarda onyn ishinde kernejde de ojnagan Әkesinen korgen kernejdin үlgisine keltirip bizge agashtan kernej zhasap berdi Kozbe koz kezdeskenimizdin pajdasy halyk aspaptary zhajynda koptegen kyzykty әngimelerin estip үskiriktin kamys syrnajdyn kernejdin kalaj zhasalatynyn korip tamashaladyk Mysaly үskirikti zhasarda arnajy sazdan үshburyshty etip eki zhapyraksha istep olardy keptirmej arasyna kuys kaldyryp ekeuin bir birine kosady Үstingi zhagyndagy buryshtyn on zhagynan үrlejtin ojyk tesedi Ekinshi buryshynyn eki zhagynan eki ojyk tesip shygarady Kepkennen kejin dybystyn tazalygyn keltiredi Ojygyn kenejtse dybysy tomendejdi Al ojygy ornynda bolmasa onda ol ojygyn balshykpen bitep ony baska zherden shygarady Үskirikte oryndaudy mengerip algannan kejin biz odan dybys shygarudyn kүjge keltiru men dybys katary tүzilisinin ojnau zhәne diril alu tәsilderinin kejbir erekshelikteri bolatynyn bajkadyk Sonymen birge ony ozge de kone aspaptarga kosyp ansamblge pajdalanudyn zholyn izdestirdik Ol үshin birde yagni 1975 zhyldyn nauryz ajynda Қurmangazy atyndagy konservatoriyanyn kamera zalynda kylkobyzshy Myktybaevtyn 70 zhaska tolu merejtojlyk keshinde ojnap shyktyk Әsirese shankobyz ben үskiriktin dueti zhәne үskirik shankobyz asatayak үsheuinin triosy әserli shykty Budan bajkaganymyz үskirik pen saz syrnajdy әr tүrli ansamblderge zhaskanbaj kosuga bolatyndygy edi Үskirikti tүrlishe zholmen zhasauga bolady mәsele ony zhasaudyn tehnologiyasynda sondaj ak diapazonyn kenejtu tүrin ojnau ojyktarynyn sanyn kobejtu tehnikalyk mүmkindigin molajtu tonireginde bolmak Әuelde biz onyn kolemin buryngy eski nuskalarynan үlken etip zhasadyk Sojtkenimizde negizgi tony tym bayau zhәne үni anyk bolmaj shykty Kejin kolemin kone үlgisinen onsha alshaktatpaj birak tort ojykty etip zhasadyk Endi negizgi tony zhogarylady dausy әuezdi bola tүsti diapazony edәuir kenejdi Үskirikti zhetildiru maksatynda tәzhiribe zhүrgizgenimizde onyn tүrin kone үlgisine keltirip birak kolemin birshama үlkenirek etip agashtan kalyp zhasaganbyz Mundaj kalypta zhasalgan үskiriktin negizgi tony birinshi oktavanyn si notasy bolyp shygady shanaktyn tomengi boliginin eni 24 mm zhogargy boliginin eni 14 mm Aspaptyn diapazonyn kenejtu үshin ojyk sanyn kobejtuge tura keldi sondaj ak ojyktardyn ojnau kezinde sausaktarga ontajly bolyp ornalasuyn karastyrdyk Dauystyn negizgi tony birinshi oktavanyn si notasy saktalgan zhagdajda үshinshi ojyktyn komegimen do diez ekinshi oktava ala aldyk Үsh ojykty aspaptyn dybys katary mynadaj birinshi oktavanyn si ekinshi oktavanyn do diez re diez mi fa diez notasy Үskiriktin negүrlym zhetildirilgen nuskasynda tort ojyk bolady olardyn үsheui bet zhagynda bireui syrtynda ornalaskan Aspapty ojnau kezinde on koldyn bas barmagy zhәne ortangy sausagymen ustajdy Onyn dybys katary үlken sekstaga kenejtildi Үsh ojyk bir mezgilde ashylsa ekinshi oktavanyn sol diez notasy alynady Al tort ojykty tүgel ashyp ekinshi oktavanyn lya notasyn aluga bolady Sojtip en songy nuskanyn dybys katary bylaj bolyp shykty birinshi oktavanyn si ekinshi oktavanyn dodiez re diez mi fa diez sol diez lya notasyn Buryngy zamandagy kone nuskasyna karaganda tort ojykty үskiriktin artykshylyktary kop Ony muzyka sүjgish kauymga korkemonerpazdar үjirmelerine uyalmaj usynuga bolady Bүl aspapty tez mengerip alu үshin onyn dybys katary dybys shygaru zholdary ojnau әdisteri zhoninde әdistemelik kenes berilui kazhet Biryngaj үskirikten gana kүralgan ozgeshe ansambl ujymdastyru үshin dybys katarynyn zhogary tomendigi әr tүrli bolyp keletin birneshe aspap zhasap shygaruga nakty mүmkindik bar Zhogaryda ajtylgandardan deleldejtinimiz saz syrnaj men үskirik kop zhajlarda bir birine uksas Osyndaj uksastyktyn bir kyzgylykty tүri halyk sheberleri әr kezderde zhasagan saz syrnaj men үskirikte dybys katarynyn ekinshi dybysy negizgi tonnan zhogary keltirilip үlken terciyaga ornalastyrylgan Solaj bola tura bul aspaptardyn arasynda formasy negizgi үni diapazony ojyktarynyn ornalasuy osygan oraj sausaktyn atkarar kyzmeti zhagynan edәuir ajyrmashylyk bar Halyk sheberleri zhasagan үlgilerine karaganda kazirgi үskirik anagurlym zhetildirilgen aspap Үskiriktin tort ojygynyn diametri mynadaj birinshisi 3 mm ekinshisi 5 mm үshinshisi 6 mm tortinshisi A 12 mm Үrlejtin ojygynyn diametri 77 g mm Erin apparatyn katajtu nemese bosansytu zholymen dybystyn zhogary tomendigin eptep ozgertuge bolady Erindi sozganda dybys zhogarylajdy Aspaptyn dybys katarynda tomengi dybystardyn anyk estilui bir ojyktyn diametrine bajlanysty al zhogargy registrde eki үshke odan da kop ojyktardyn katar ashyluymen bajlanysty Үskirikte nemese saz syrnajda oryndaushy sybyzgy tartushynyn dәstүrli әdisine salyp negizgi tonnan tomen oz dauysyn kosa alady Sol shakta aspaptan kajtalanbas gazhap әuen kujkylzhyp togiledi de tyndaushysyn baurap alady Nak osy әdisti halyk arasynan shykkan muzykanttar koldandy ma zhok pa Ol bizge belgisiz Burdon dausyn koskanda muzykant oz komejinen sozyp dybys shygarady Үskirikte sausaktar ojyktardyn ornalasu retine zhәne aspaptyn formasyna karaj kimyl zhasajdy Oryndaushy B Әnesov үskiriktin eki zhagyndagy eki ojykty on zhәne sol kolynyn suk sausaktarymen basyp ojnajdy Zhetildirilgen үskirikte Elim aj Eligaj Ak Bayan Alatau Eki bala Ahau Semej Zhas kelin siyakty birshama kүrdeli halyk әnderin sondaj ak Қambar batyr Nar idirgen Kertolgau siyakty kүjlerdi oryndauga bolady Saz syrnaj men үskiriktin ereksheligi sonda bul aspaptardyn әrbir ojygy oz dybysynan baska kosymsha dybys ta bere alady ol үshin birneshe ojygyn ashyp ojnau kerek Қazaktyn үrlep tartylatyn baska aspaptarynda mundaj әdis koldanylmajdy Sybyzgyda zhәne baska da үrlep tartylatyn aspaptarda dauystyn zhogary tomendigi saptagy ojyktardyn ornalasu tәrtibine bajlanysty desek al sazdan zhasalatyn aspaptarda bul ojyktyn diametrinin kolemine bajlanysty bolady Saz syrnaj men үskirik osy kitaptyn avtory ujymdastyrgan korkemoner ansamblderinde Қyzdar pedagogika instituty zhanyndagy Ajgүl vokaldy aspapty ansamblinde sondaj ak Dos mukasanda Sherterde pajdalanylyp ta zhүr 1975 zhyldyn shilde ajynda biz Torgaj oblysynda bolganymyzda bul aspaptardy ondagy Mәdeniet үji zhanyndagy Ғasyrlar pernesi atty ansambldin kuramyna da engizdik Osy ansambl mүsheleri kabiletti muzykanttar Bakytzhan Қapanova men Targyn Boranbaev үskirikte zhәne saz syrnajda halyk әnderi Elim aj men Eligajdy sondaj ak Tolgau kүjin oryndady Zhana aspaptar ansambl үninin kop tembrli әuezin kulpyrta tүsti Қazaktyn baska aspaptaryna karaganda saz syrnaj men үskirikte ojnaudy mengeru onsha kiyn emes Kone saz syrnaj kop keshikpej koptegen korkem onerpazdar uzhymdarynyn sүjikti muzykalyk aspabyna ajnalary hak TastauykZhas kezinde kone muzykalyk aspap tastauykta ojnagan kariyalardy da kezdestirgen edik Bul aspapty da үskirik siyakty sazdan zhasagan Berik boluy үshin sazga zhylky kylyn nemese zhүn koskan Onyn kalaj zhasalatynyn oz kozderimen korgen adamdar bizge mүnyn bәrin әngimelep ajtyp berdi suretterin syzyp korsetti ojnauy tәsilderin de ajtty Osy mәlimetterge sүjene otyryp tastauyk aspabyn zhasadyk Biz tastauyk zhajynda koptegen derekterdi Қazakstannyn batys audandarynan zhinadyk ojtkeni bul zhakta ol 1940 zhyldarga dejin koldanylyp kelipti Sheberler sazdan zhәne tastan zhasagan aspaptar үsh nemese tort ojykty bolyp kelgen Buryn ojnagandardyn ajtuyna karaganda әk tastan zhasalyngan tastauyktyn dausy kүshtirek bolatyn korinedi Қazak KSR inin enbek sinirgen mәdeniet kyzmetkeri S Andarbaev үsh ojykty osyndaj aspap zhajynda әngimelep bergen edi aulynda ony үshpelek dep atapty Gurev oblysynda tastauykty oz kozderimen korgen adamdardy kop kezdestirdik Қurmangazy atyndagy kazaktyn halyk aspaptary orkestrinin solisi tastauyktyn suretin zhene ol zhajynda tolyk mәlimet aldyk Ol ozi de bala kүninde tort ojykty tastauyk zhasap alyp sonymen talaj ojnagan eken Mәlimetterge karaganda үsh zhәne tort ojykty tastauyktar negurlym kop tarapty Saz syrnaj men үskirikten tastauyktyn tүri mүlde ozgeshe tauykka nemese balapanga uksajdy Bul aspaptardyn bir birine uksastygy dybys alu zhәne ojnau tәsilderinde Osy siyakty aspaptarga karaganda olar dybys alu әdisinde edәuir ozgeshe bolyp keledi Okarina tektes aspaptardy muzykanttar kokek taukudiret siyakty kustardyn sondaj ak andardyn dausyna salyp ojnagan Olarmen halyk әnderin de oryndajtyn bolgan Negizinen balalar baktashylar pajdalangan Tastauyk turaly tolyk tүsinik algan son biz onyn anagurlym zhana zhetildirilgen tүrin zhasauga kiristik Zhasau әdisinin saz syrnaj men үskirikke koldanylgan kalpyn saktadyk Yagni en aldymen agashtan kalyp zhasadyk Onyn kolemin uzyndygy 108 mm shanagynyn zhuan boliginin orta tusynyn eni 42 mm tүpki boliginin diametri 18 mm basynyn diametri 16 mm Қalyptyn kolemi shanaktyn ishki kolemin korsetedi Bүl tastauyktyn negizgi tony birinshi oktavanyn si bemol notasy Dybys katary әrbir ojnau ojygynyn diametrine bajlanysty Ojnau ojyktarynyn diametrleri birinshisi 2 mm ekinshisi 3 mm үshinshisi 47gmm tortinshisi 3 mm besinshisi 44 mm Dybys alynatyn ojyktyn diametri 8 mm Bes ojykty aspaptyn dybys katary mynadaj birinshi oktavanyn si bemol do ekinshi oktavanyn do reg mi bemol fa sol lya bemol zhәne lya notalary Diapazony birinshi oktavanyn si bemol ekinshi oktavanyn lya notalary Zhogargy registrdin dybystary birneshe ojykty bir mezgilde ashkanda alynady Mysaly үshinshi tortinshi ojyktar ekinshi oktavanyn fa notasy үshinshi tortinshi besinshi ojyktar sol үshinshi tortinshi besinshi ekinshi ojyktar lya bemol al eger bes ojykty tүgel ashsa lya dybysy alynady Tastauykty kүjge keltirgende tomengi registrdegi tort ojyktyn үni taza boluynyn manyzy zor sebebi sodan gana zhogargy registrde dauys zhogarylygy ajkyn bolyp shygady Dauysty zhogarylatu ne tomendetu үshin tүrli әdis koldanuga bolady Erin bulshyk etterin bosansytkan zhәne aua tolkynyn azajtkan shakta dauys tomendejdi Dauysty tomendetudin tagy bir әdisi ashyk ojykka sausakty zhakyndatu Al dauysty zhogarylatu үshin baska bir ojykty ashu әdisin koldangan zhon Dauys terbelisi diafragmanyn sondaj ak aspapty ozin terbelte үstaudyn komegimen oryndalady Eger terbelis siretilse tomengi registrdegi dybystar әuezdi sozynky shygady Tastauyktyn ozgeshe tembri ashyk ta zhagymdy үni bar Ony kazirgi korkemonerpazdar uzhymdaryna sondaj ak zheke oryndauda ojdagydaj koldanuga bolady Sazdan zhasalgan aspaptardyn tabyluy halkymyzdyn kone muzyka aspaptarynyn tүrleri ote baj bolgandygyn dәleldej tүsedi Bүl muzykalyk aspaptardyn halkymyzdyn bүgingi osip kele zhatkan mәdenietin bajytuga septigin tigizetini sozsiz DerekkozderMәdeniettanu negizderi Okulyk Almaty Dәneker 2000 ISBN 9965 485 34 8