Саба — қымыз, шұбат ашыту, іркіт пісу үшін пайдаланылатын, мал терісінен тігілетін ыдыс. Саба тігетін терінің шел майы мен көк етін қырып тазалап, ағынды суға байлап шаң-тозаңынан арылтады. Содан кейін терінің жүнін қырып тақырлайды да, қайыңның не аршаның, сондай-ақ тобылғының түтініне ұстап, ыстайды. Ыс әбден сіңген соң теріні су сеуіп жібітіп, өңін ішіне қаратып, сабаға лайықтал пішеді. Саба пирамида пішінді, түп жағы төрт бұрышты, бүйірлері трапеция (түбі кең, мойын жағы тар) тәрізді болады. Оның мойнының кеңдігі піспек емін-еркін сиярлықтай етіп алынады да, саба мойнының бір бүйірінен үш бұрышты баулық шығарылады. Баулыққа жіптен ескен бау тағылып, ол керегенің басына байланады. Жақсы күтіліп, ысталған сабаның қымызы өте дәмді және жұғымды болады. Сабаның тігістері түйенің шуда жүнінен иірілген, мықты жіппен сырт жағынан жөрмеп тігіледі. Саба тігіліп болғаннан кейін оның ішіне құм не болмаса топырақ толтырып кереді. Әбден қалыпқа түсіп, кепкеннен кейін сабаның ішіндегі құмды не топырақты төгіп тастап, ішін тазартып жуады да, тағы бір дүркін түтінге ұстап, ыстайды. Одан соң сумен тазартыл шайқап тастап, сырты мен ішін қойдың құйрық майымен, не болмаса жылқының майымен жақсылан майлайды. Күннің көзіне қойып майын сіңіреді.
Сабаны пайдаланар алдында сиыр сүтімен тағы бір дүркін шайқайды. Сабаның түбі шіріп кетпеу үшін оның астына құрғақ төсеніш төсейді. Қымыз сабаның астына көбінесе жүк аяқ сияқты төрт сирақты ағаш тұғыр жасап қояды. Сабаның ішіне саумалмен ілесіп қыл-қыбыр, шөп-шалам түсіп кетпеу үшін оның аузына дәкеден не тор көзді металл тордан сүзгі салады. Сабаны пісерде оның бауын көтере байлайды да, пісіліп болған соң бауын босатып, мойнын байлаған жібін шешіп қояды. Бұл әрі тазалық үшін, әрі сабаның ішіндегі актың суып қалмауы үшін керек. Сабаның үлкен-кіші болуы оның ішіне құйылатын ақтың мөлшеріне байланысты болады. Жақсы ысталып, күтіммен ұстаған саба көп уақытқа шыдамды, Сабаның ішіндегі астың дәмі бұзылмауы және саба шіріп кетпеуі үшін оны айына кемінде бір рет босатыл, ішін жылы сумен шайқап жуып, күнге кептіріп отырады.
Сабаның жасалынуы
Қымыз саба, торсық, көнектер әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген, ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдап алынады. Ол қыс бойы от жағылатын асхананың (шошаланың) төбесіне кептіріліп, жаз шыға қайтадан жібітіледі де, кұрымға салынады.
Құрым дегеніміз — шошаланың төбесіне жиналған қара күйе, ыс. Саба, торсық жасайтын шеберлер қара күйені сыпырып алып қайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою шай сияқты сұйық зат әзірлеп, теріні соған батырады. Ол құрымда 20—30 күн ұсталып, жүні, шелі, ет қалдықтары тазартылады. Осыдан кейін тері ширап, шымырланып және коныр-қошқыл түске енеді. Осындай әдіспен иленген тері шуда жіппен көктеліп, ішіне құм толтырып керіледі де, кептіріледі. Кебуі жеткен саба шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасау әдісінің бірінші сатысы. Ал, екінші сатысында әлгі кептірілген ыдыстар жылқының сүр етінің және қымыздың майымен сіндіре майланады. Майлаудың нәтижесінде сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі.
Саба жасау әдісінің үшінші сатысы оны ыстау. Бұл жауапты істі маман, әдетте жұртқа танымал болған, осы іске қабілеті бар адам ғана жүргізген. Өйткені тәжірибесіз, шалағай адамдардың өрт шығарып алуы, сабаны күйдіріп алуы немесе шала-шарпы ыстауы мүмкін. Ысты көбінесе үй іргесінен аулақ, шөп-шаламы жоқ, суы жақын өзен жағасында, құдық басына салады. Мысалы, жарқа-бақтан отын салатын оттық ойып алады да, оның төріне жалғастыра ұзын өңеш 15—20 метр, кеңдігі 50—60 см ор қазып, ішін жалын жетпестей етіп, кірпішпен астарлайды. Осы өңештің екінші басында құдықша етіп қазған ыс-ошағы болады. Оның беті темір тормен жабылып, әр жерінен арнаулы тесік қалдырып сыланады. Осы «ошақтың» үстіне балшықтан шошала қалайды немесе киіз күрке тігеді. Сонда ыс түтіні өңештен ошаққа келіп күркенін ішінде булығып, үнемі бықсып жататын болады. Ысқа жағылатын отын бүрі түспеген жас тобылғы мен қараған. Кейбір ысшылар сабаға, торсықка ерекше иіс беру үшін отынға аздап арша, кекпек, кұрғақ көк пішен қосып жағады.
Саба бөліктерінің атаулары
Саба бөліктерінің бұлқын, қарақұла, еміздік сияқты өзіндік атаулары бар:
- Бұлқын - сабаны піскенде бүлкілдетіп, бұлқынып тұратын бүйірінен сәл жоғары бөлігінің атауы;
- Қарақұла - саба үшін негізінен жүні, қылы түгел жидітілген тері пайдаланылған белгілі. Ондай жылқы жалын қырып тастағанның өзінде орны қарақұлаланып тұратындықтан қарақұла деп аталған.
- Еміздігі - сабаның мойнындағы (аузы) бау тағатын басы және түп жағындағы төрт бұрыштарының түйіскен жері.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 115-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Saba kymyz shubat ashytu irkit pisu үshin pajdalanylatyn mal terisinen tigiletin ydys Saba tigetin terinin shel majy men kok etin kyryp tazalap agyndy suga bajlap shan tozanynan aryltady Sodan kejin terinin zhүnin kyryp takyrlajdy da kajynnyn ne arshanyn sondaj ak tobylgynyn tүtinine ustap ystajdy Ys әbden singen son terini su seuip zhibitip onin ishine karatyp sabaga lajyktal pishedi Saba piramida pishindi tүp zhagy tort buryshty bүjirleri trapeciya tүbi ken mojyn zhagy tar tәrizdi bolady Onyn mojnynyn kendigi pispek emin erkin siyarlyktaj etip alynady da saba mojnynyn bir bүjirinen үsh buryshty baulyk shygarylady Baulykka zhipten esken bau tagylyp ol keregenin basyna bajlanady Zhaksy kүtilip ystalgan sabanyn kymyzy ote dәmdi zhәne zhugymdy bolady Sabanyn tigisteri tүjenin shuda zhүninen iirilgen mykty zhippen syrt zhagynan zhormep tigiledi Saba tigilip bolgannan kejin onyn ishine kum ne bolmasa topyrak toltyryp keredi Әbden kalypka tүsip kepkennen kejin sabanyn ishindegi kumdy ne topyrakty togip tastap ishin tazartyp zhuady da tagy bir dүrkin tүtinge ustap ystajdy Odan son sumen tazartyl shajkap tastap syrty men ishin kojdyn kujryk majymen ne bolmasa zhylkynyn majymen zhaksylan majlajdy Kүnnin kozine kojyp majyn siniredi Sabany pajdalanar aldynda siyr sүtimen tagy bir dүrkin shajkajdy Sabanyn tүbi shirip ketpeu үshin onyn astyna kurgak tosenish tosejdi Қymyz sabanyn astyna kobinese zhүk ayak siyakty tort sirakty agash tugyr zhasap koyady Sabanyn ishine saumalmen ilesip kyl kybyr shop shalam tүsip ketpeu үshin onyn auzyna dәkeden ne tor kozdi metall tordan sүzgi salady Sabany piserde onyn bauyn kotere bajlajdy da pisilip bolgan son bauyn bosatyp mojnyn bajlagan zhibin sheship koyady Bul әri tazalyk үshin әri sabanyn ishindegi aktyn suyp kalmauy үshin kerek Sabanyn үlken kishi boluy onyn ishine kujylatyn aktyn molsherine bajlanysty bolady Zhaksy ystalyp kүtimmen ustagan saba kop uakytka shydamdy Sabanyn ishindegi astyn dәmi buzylmauy zhәne saba shirip ketpeui үshin ony ajyna keminde bir ret bosatyl ishin zhyly sumen shajkap zhuyp kүnge keptirip otyrady Sabanyn zhasalynuyҚymyz saba torsyk konekter әzirleuge kop minilmegen ter sinbegen auyrmagan arkasy zhauyr bolmagan semiz zhylkynyn terisi tandap alynady Ol kys bojy ot zhagylatyn ashananyn shoshalanyn tobesine keptirilip zhaz shyga kajtadan zhibitiledi de kurymga salynady Қurym degenimiz shoshalanyn tobesine zhinalgan kara kүje ys Saba torsyk zhasajtyn sheberler kara kүjeni sypyryp alyp kajnatady da әri ashy әri kyshkyly mol koyu shaj siyakty sujyk zat әzirlep terini sogan batyrady Ol kurymda 20 30 kүn ustalyp zhүni sheli et kaldyktary tazartylady Osydan kejin teri shirap shymyrlanyp zhәne konyr koshkyl tүske enedi Osyndaj әdispen ilengen teri shuda zhippen koktelip ishine kum toltyryp keriledi de keptiriledi Kebui zhetken saba shertkende syngyrlap turady Bul saba zhasau әdisinin birinshi satysy Al ekinshi satysynda әlgi keptirilgen ydystar zhylkynyn sүr etinin zhәne kymyzdyn majymen sindire majlanady Majlaudyn nәtizhesinde sabanyn tigisteri kirigip bekine tүsedi Saba zhasau әdisinin үshinshi satysy ony ystau Bul zhauapty isti maman әdette zhurtka tanymal bolgan osy iske kabileti bar adam gana zhүrgizgen Өjtkeni tәzhiribesiz shalagaj adamdardyn ort shygaryp aluy sabany kүjdirip aluy nemese shala sharpy ystauy mүmkin Ysty kobinese үj irgesinen aulak shop shalamy zhok suy zhakyn ozen zhagasynda kudyk basyna salady Mysaly zharka baktan otyn salatyn ottyk ojyp alady da onyn torine zhalgastyra uzyn onesh 15 20 metr kendigi 50 60 sm or kazyp ishin zhalyn zhetpestej etip kirpishpen astarlajdy Osy oneshtin ekinshi basynda kudyksha etip kazgan ys oshagy bolady Onyn beti temir tormen zhabylyp әr zherinen arnauly tesik kaldyryp sylanady Osy oshaktyn үstine balshyktan shoshala kalajdy nemese kiiz kүrke tigedi Sonda ys tүtini oneshten oshakka kelip kүrkenin ishinde bulygyp үnemi byksyp zhatatyn bolady Yska zhagylatyn otyn bүri tүspegen zhas tobylgy men karagan Kejbir ysshylar sabaga torsykka erekshe iis beru үshin otynga azdap arsha kekpek kurgak kok pishen kosyp zhagady Saba bolikterinin ataularySaba bolikterinin bulkyn karakula emizdik siyakty ozindik ataulary bar Bulkyn sabany piskende bүlkildetip bulkynyp turatyn bүjirinen sәl zhogary boliginin atauy Қarakula saba үshin negizinen zhүni kyly tүgel zhiditilgen teri pajdalanylgan belgili Ondaj zhylky zhalyn kyryp tastagannyn ozinde orny karakulalanyp turatyndyktan karakula dep atalgan Emizdigi sabanyn mojnyndagy auzy bau tagatyn basy zhәne tүp zhagyndagy tort buryshtarynyn tүjisken zheri DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Қazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya 5 tom 115 bet Aziya Arna baspasy Almaty 2014Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet