Репродуктивті жүйе немесе Көбею жүйесі — көпжасушалы тірі ағзалардың (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және т.б.) жыныстық көбеюіне жауапты жүйе.
Ағзаның басқа жүйелеріне қарағанда репродуктивті жүйе еркек дара мен ұрғашы дара арасында көбіне қатты ерекшеленеді. Кейбір биологиялық белсенді заттар (гормондар және феромондар) жануарлардың репродуктивті жүйесінің жұмысына қатты әсер етеді.
Омыртқалардың репродуктивті жүйелері көбіне жалпы бір-біріне ұқсас:
- жыныстық бездері (гонадалар)
- арнайы шығарушы жолдар (VAS efferens және oviducts)
- сыртқы жыныс мүшелері
Жыныстық көбеюге екі – аталық және аналық организмі қатысады. Жыныс сыртқы белгілерімен, сондай-ақ жыныс жүйесінің құрылысы бойынша ерекшеленеді. Жыныс мүшелері: аналық без – жұмыртқа жасушасын, ал аталық без сперматозоидтер түзеді. Жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығының жартысы бар, олар қосылып зигота түзгенде, хромосома жиынтығы екі еселеніп 46 болады.
Аталық жыныс жүйесі
Аталық жыныс жүйесі қосалқы бөлімдері бар аталық безден, шәует шығаратын түтік, жыныс мүшесі және басқа бездерден, олардың ішіндегі ең ірісі – қуық асты безінен тұрады. Бездер шәует сұйықтығын түзеді. Аталық жыныс жасушасы – сперматозоид ірі ядросы бар бас, мойын және ұзын құйрықшадан тұрады. Сперматозоидтер аталық ұрық безінің қосалқы бөлімдерінде жиналады да, қуық асты безінен бөлінетін шәуетпен араласып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.
Аталық жыныс жүйесі аталық жыныс безінен және қосымша мүшелерден тұрады. Оларға ұрық шығару жолдары, ұрық көпіршіктері, қуық асты (простата) және бульбоуретральды бездер, аталық жыныс мүшесі жатады.
Аталық жыныс безінің көп бөлігі сыртынан сірлі қабықшамен — ішпердемен қапталады, оның астында тығыз талшықты дәнекер тінінен тұратын ақ қабық (tunica albuginea) орналасады. Аталық жыныс жасушаларының пайда болуы (сперматогенез) иректелген ұрық түтікшелерінде өтеді және 4 сатыдан тұрады: көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу. Иректелген түтікшелердің ілмектерінің арасындағы борпылдақ дәнекер тінінде, қан капиллярларының маңында топталып, интерстициалды эндокриноциттер (гландулоциттер, Лейдиг жасушалары) орналасады. Олар аталық жыныс гормонын-тестостерон өндіреді.
Аналық жыныс жүйесі
Аналық жыныс жүйесі сыртқы және ішкі мүшелерден тұрады. Ішкі жыныс мүшелеріне аналық без, жатыр түтігі, жатыр және қынап жатады. Аналық жыныс жасушалары – жұмыртқа жасушалары аналық безде түзіледі. Бұл – мөлшері үлкен (150 мкм), қозғалмайтын жасуша. Оны жатыр түтігімен тербелмелі эпителий жылжытады. Жұмыртқа жасушасының дамуы 27–28 тәулікке созылады. Жұмыртқа жасушасы жетілгенде, құрсақ қуысына, одан жатыр түтігіне түседі. Осы жерде тербелмелі эпителий арқылы жатырға бағытталады.Жұмыртқа жасушасының дамуы 27-28 тәулікке созылады.
Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс бездері, жатыр, жатыр түтікшелері, қынап, сыртқы жыныс мүшелері жатады. Аналық жыныс бездері (жұп мүше) генеративтік (аналық жыныс жасушаларының дамуы) және эндокриндік (жыныс гормондарының түзілуі) қызметтерді атқарады. Мүше сыртынан тығыз талшықты дәнекер тінінен тұратын ақ қабықпен (tunica albuginea) қапталған. Ақ қабықтың сыртында мезотелий орналасады. Ақ қабықтың астында қабықтық зат, одан тереңірек — милық зат. Қабықтық зат (cortex ovarii) дәнекер тіндік стромада орналасқан, дамудың әртүрлі сатысындағы овариалды фолликулдардан, сары және ақ денешіктерден тұрады. «Овариалды фолликул» деп, примордиалды фолликулдың овуляция алдындағы фолликулға (біріншілік, екіншілік және үшіншілік немесе граафов көпіршігі) дейін біртіндеп дамуы үрдісі барысында өзгерістерге ұшырайтын, жыныс жасушасынан және оны қоршаған эпителиден тұратын, жасушалық-тіндік кешен аталады. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон және эстриол) екіншілік және үшіншілік фолликулдардың қуысында жинақталатын сұйықтықта анықталады, ал прогестерон сары денешікте түзіледі. Аналық жыныс безінің милық заты (medulla ovarii) борпылдақ дәнекер тінінен тұрады.
Дереккөздер
- Reproductive System 2001 Мұрағатталған 22 қазанның 2006 жылы. Body Guide powered by Adam
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008. ISВN 9965-36-557-1
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Reproduktivti zhүje nemese Kobeyu zhүjesi kopzhasushaly tiri agzalardyn zhanuarlar osimdikter sanyraukulaktar zhәne t b zhynystyk kobeyuine zhauapty zhүje Agzanyn baska zhүjelerine karaganda reproduktivti zhүje erkek dara men urgashy dara arasynda kobine katty erekshelenedi Kejbir biologiyalyk belsendi zattar gormondar zhәne feromondar zhanuarlardyn reproduktivti zhүjesinin zhumysyna katty әser etedi Omyrtkalardyn reproduktivti zhүjeleri kobine zhalpy bir birine uksas zhynystyk bezderi gonadalar arnajy shygarushy zholdar VAS efferens zhәne oviducts syrtky zhynys mүsheleri Zhynystyk kobeyuge eki atalyk zhәne analyk organizmi katysady Zhynys syrtky belgilerimen sondaj ak zhynys zhүjesinin kurylysy bojynsha erekshelenedi Zhynys mүsheleri analyk bez zhumyrtka zhasushasyn al atalyk bez spermatozoidter tүzedi Zhynys zhasushalarynda hromosomalar zhiyntygynyn zhartysy bar olar kosylyp zigota tүzgende hromosoma zhiyntygy eki eselenip 46 bolady Atalyk zhynys zhүjesiAtalyk zhynys zhүjesi kosalky bolimderi bar atalyk bezden shәuet shygaratyn tүtik zhynys mүshesi zhәne baska bezderden olardyn ishindegi en irisi kuyk asty bezinen turady Bezder shәuet sujyktygyn tүzedi Atalyk zhynys zhasushasy spermatozoid iri yadrosy bar bas mojyn zhәne uzyn kujrykshadan turady Spermatozoidter atalyk uryk bezinin kosalky bolimderinde zhinalady da kuyk asty bezinen bolinetin shәuetpen aralasyp zәr shygaru ozegi arkyly syrtka shygarylady Atalyk zhynys zhүjesi atalyk zhynys bezinen zhәne kosymsha mүshelerden turady Olarga uryk shygaru zholdary uryk kopirshikteri kuyk asty prostata zhәne bulbouretraldy bezder atalyk zhynys mүshesi zhatady Atalyk zhynys bezinin kop boligi syrtynan sirli kabykshamen ishperdemen kaptalady onyn astynda tygyz talshykty dәneker tininen turatyn ak kabyk tunica albuginea ornalasady Atalyk zhynys zhasushalarynyn pajda boluy spermatogenez irektelgen uryk tүtikshelerinde otedi zhәne 4 satydan turady kobeyu osu pisip zhetilu zhәne kalyptasu Irektelgen tүtikshelerdin ilmekterinin arasyndagy borpyldak dәneker tininde kan kapillyarlarynyn manynda toptalyp intersticialdy endokrinocitter glandulocitter Lejdig zhasushalary ornalasady Olar atalyk zhynys gormonyn testosteron ondiredi Analyk zhynys zhүjesiAnalyk zhynys zhүjesi syrtky zhәne ishki mүshelerden turady Ishki zhynys mүshelerine analyk bez zhatyr tүtigi zhatyr zhәne kynap zhatady Analyk zhynys zhasushalary zhumyrtka zhasushalary analyk bezde tүziledi Bul molsheri үlken 150 mkm kozgalmajtyn zhasusha Ony zhatyr tүtigimen terbelmeli epitelij zhylzhytady Zhumyrtka zhasushasynyn damuy 27 28 tәulikke sozylady Zhumyrtka zhasushasy zhetilgende kursak kuysyna odan zhatyr tүtigine tүsedi Osy zherde terbelmeli epitelij arkyly zhatyrga bagyttalady Zhumyrtka zhasushasynyn damuy 27 28 tәulikke sozylady Analyk zhynys zhүjesine analyk zhynys bezderi zhatyr zhatyr tүtiksheleri kynap syrtky zhynys mүsheleri zhatady Analyk zhynys bezderi zhup mүshe generativtik analyk zhynys zhasushalarynyn damuy zhәne endokrindik zhynys gormondarynyn tүzilui kyzmetterdi atkarady Mүshe syrtynan tygyz talshykty dәneker tininen turatyn ak kabykpen tunica albuginea kaptalgan Ak kabyktyn syrtynda mezotelij ornalasady Ak kabyktyn astynda kabyktyk zat odan terenirek milyk zat Қabyktyk zat cortex ovarii dәneker tindik stromada ornalaskan damudyn әrtүrli satysyndagy ovarialdy follikuldardan sary zhәne ak deneshikterden turady Ovarialdy follikul dep primordialdy follikuldyn ovulyaciya aldyndagy follikulga birinshilik ekinshilik zhәne үshinshilik nemese graafov kopirshigi dejin birtindep damuy үrdisi barysynda ozgeristerge ushyrajtyn zhynys zhasushasynan zhәne ony korshagan epiteliden turatyn zhasushalyk tindik keshen atalady Estrogender estradiol estron zhәne estriol ekinshilik zhәne үshinshilik follikuldardyn kuysynda zhinaktalatyn sujyktykta anyktalady al progesteron sary deneshikte tүziledi Analyk zhynys bezinin milyk zaty medulla ovarii borpyldak dәneker tininen turady DerekkozderReproductive System 2001 Muragattalgan 22 kazannyn 2006 zhyly Body Guide powered by Adam Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura baspasy 2008 ISVN 9965 36 557 1