Рентген сәулесі — гамма- және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2 ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі жұмсақ Рентген сәулесі деп аталады. Рентген сәулесін 1895 ж. неміс физигі ашқан. Ол 1895 — 97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып, алғашқы рентген түтігін жасады. Рентген сәулесінің түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған соң, оны медицинада кеңінен қолдана бастады. 1912 ж. Рентген сәулесінің дифракциясы ашылып, кристалдардың құрылымы периодты болатыны дәлелденді. 20 ғ-дың 20-жылдары рентгендік спектрлер материалдарға элементтік талдау жасауға, 30-жылдары заттың электрондық энергетик. құрылымын зерттеуге қолданыла бастады. Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты үздіксіз және сызықтық болады. Үздіксіз Рентген сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің (мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар) нысана атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде, ал сызықтық Рентген сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе құбылысы байқалады. Заттың белгілі қабаты арқылы өткен Рентген сәулесінің бастапқы қарқындылығы І=Іoex (Мұндағы — әлсіреу коэфф., х — заттың қалыңдығы). Әлсіреу заттың Рентген сәулесін жұтуынан не шашыратуынан болады. Спектрдің ұзын толқын аймағында Рентген сәулесінің жұтылуы, қысқа толқын аймағында — шашырауы басымырақ болады. Рентген сәулесінің жұтылу дәрежесі оның толқын ұзындығының () және элементтің реттік номерінің (Z) артуына байланысты тез өседі. Рентген сәулесінің тірі организмдерге әсері оның тіндерін (ұлпаларын) иондау дәрежесіне қарай пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін. Рентген сәулесінің жұтылуы -ға байланысты болғандықтан, оның қарқындылығы Рентген сәулесінің биол. әсерінің өлшемі бола алмайды. Рентген сәулесінің затқа тигізетін әсерінің сандық шамасын есептеумен рентгенометрия айналысады, оның өлшем бірлігі Р (рентген). Рентген сәулесі рентгендік терапия мақсаттары үшін кеңінен қолданылады. Техниканың көптеген салаларында рентгендік дефектоскопия әр түрлі ақауларды, жарықтарды, қуыстарды, пісіру жіктерін, т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Рентген құрылымдық талдау кристалл торындағы минерал атомдарының анорган. және органик. қосылыстарының кеңістіктік орналасуын анықтайды. Рентген сәулесін қатты денелердің қасиеттерін зерттеуге қолданумен материалдар рентгенографиясы айналысады. Рентгендік спектроскопия заттардағы электрондардың күйлер тығыздығының энергия шамасы бойынша таралуын, хим. байланыстың табиғатын зерттейді, қатты денелер мен молекулалардағы иондардың эффекттік зарядын табады. Ғарыштан келетін Рентген сәулесінің көмегімен ғарыштық денелердің хим. құрамы мен ғарышта өтіп жатқан физ. процестер туралы деректер алынады (қ. Рентгендік астрономия). Рентген сәулесі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде, криминалистикада, археологияда т.б. жерлерде қолданылады.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Rentgen sәulesi gamma zhәne ultrakүlgin sәuleler arasyndagy diapazondy kamtityn elektrmagnittik tolkyndar Tolkyn uz 2 angstremnen kishi Rentgen sәulesi shartty tүrde katan 2 angstremnen үlken Rentgen sәulesi zhumsak Rentgen sәulesi dep atalady Rentgen sәulesin 1895 zh nemis fizigi ashkan Ol 1895 97 zh Rentgen sәulesinin kasietterin zerttej otyryp algashky rentgen tүtigin zhasady Rentgen sәulesinin tүrli materialdar men adam denesinin zhumsak ulpalarynan otip ketetini bajkalgan son ony medicinada keninen koldana bastady 1912 zh Rentgen sәulesinin difrakciyasy ashylyp kristaldardyn kurylymy periodty bolatyny dәleldendi 20 g dyn 20 zhyldary rentgendik spektrler materialdarga elementtik taldau zhasauga 30 zhyldary zattyn elektrondyk energetik kurylymyn zertteuge koldanyla bastady Rentgen sәulesi tүzilu mehanizmine bajlanysty үzdiksiz zhәne syzyktyk bolady Үzdiksiz Rentgen sәulesi zaryadtalgan shapshan bolshekterdin mys katodtan ushyp shykkan elektrondar nysana atomdarynyn syrtky elektrondyk kabattarmen әserlesui nәtizhesinde al syzyktyk Rentgen sәulesi ishki elektrondyk kabattarmen әserlesui nәtizhesinde pajda bolady Rentgen sәulesinin zatpen әserlesui kezinde Rentgen sәulesi zhutylady shashyrajdy nemese kubylysy bajkalady Zattyn belgili kabaty arkyly otken Rentgen sәulesinin bastapky karkyndylygy I Ioe x Mundagy әlsireu koeff h zattyn kalyndygy Әlsireu zattyn Rentgen sәulesin zhutuynan ne shashyratuynan bolady Spektrdin uzyn tolkyn ajmagynda Rentgen sәulesinin zhutyluy kyska tolkyn ajmagynda shashyrauy basymyrak bolady Rentgen sәulesinin zhutylu dәrezhesi onyn tolkyn uzyndygynyn zhәne elementtin rettik nomerinin Z artuyna bajlanysty tez osedi Rentgen sәulesinin tiri organizmderge әseri onyn tinderin ulpalaryn iondau dәrezhesine karaj pajdaly nemese ziyandy boluy mүmkin Rentgen sәulesinin zhutyluy ga bajlanysty bolgandyktan onyn karkyndylygy Rentgen sәulesinin biol әserinin olshemi bola almajdy Rentgen sәulesinin zatka tigizetin әserinin sandyk shamasyn esepteumen rentgenometriya ajnalysady onyn olshem birligiR rentgen Rentgen sәulesi rentgendik terapiya maksattary үshin keninen koldanylady Tehnikanyn koptegen salalarynda rentgendik defektoskopiya әr tүrli akaulardy zharyktardy kuystardy pisiru zhikterin t b anyktauga mүmkindik beredi Rentgen kurylymdyk taldau kristall toryndagy mineral atomdarynyn anorgan zhәne organik kosylystarynyn kenistiktik ornalasuyn anyktajdy Rentgen sәulesin katty denelerdin kasietterin zertteuge koldanumen materialdar rentgenografiyasy ajnalysady Rentgendik spektroskopiya zattardagy elektrondardyn kүjler tygyzdygynyn energiya shamasy bojynsha taraluyn him bajlanystyn tabigatyn zerttejdi katty deneler men molekulalardagy iondardyn effekttik zaryadyn tabady Ғaryshtan keletin Rentgen sәulesinin komegimen garyshtyk denelerdin him kuramy men garyshta otip zhatkan fiz procester turaly derekter alynady k Rentgendik astronomiya Rentgen sәulesi sondaj ak tamak onerkәsibinde kriminalistikada arheologiyada t b zherlerde koldanylady Rentgen fotosy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet