Рафинациялау, рафинаттау (нем. Raffіnіaren, франц. raffіner — тазарту) — қорытылған металдар мен қорытпаларды қажетсіз зиянды қоспалардан тазарту. Асыл металдарды тазарту аффинаж деп аталады.
Шикізаттан өндірілген алғашқы металл 96 — 99% шамасында негізгі өнімнен, қалғаны бөгде қоспалардан тұрады. Физикалық, химиялық және механикалық қасиеттерінің тиімсіздігіне байланысты мұндай металдарды өнеркәсіпте пайдалануға болмайды. Оны қайта өңдеп, тазарту керек. Ал кейде мысты тазарту кезінде құрамынан бөлініп алынатын қоспалардың (алтын, күміс, т.б.) өзіндік құны мысты рафинациялауға кететін қаржыны толық өтеуі мүмкін.
Рафинациялау пирометаллургиялық, электролиттік және химиялық тәсілдерден тұрады. Жоғары температуралы ерітінділерде жүргізілетін пирометаллургиялық рафинациялаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Тотықтандырғыш кейбір қоспалардың (O, Sі, Cl, F) элементтері негізгі металдың осындай элементтерінің қосылыстарымен салыстырғанда берігірек қосылыстар түзуіне негізделген. Мысалы, мыс балқымасын ауамен үрлегенде Fe, Nі, Zn, Pb, Sn, Sb, As мысқа қарағанда оттекпен берігірек қосылыстар түзеді де, олар былаудың бетіне балқып шығады. Балқытып ажырату тәсілі металл құраушыларының балқу температурасы мен тығыздығының айырмашылығына және бір-бірінде шамалы еритіндігіне негізделген. Негізгі металл мен қоспаның қайнау температурасына негізделген Рафинациялау тәсілі мырышты кадмийден, қорғасынды мырыштан, алюминийді магнийден тазалауда, титан өндірісінде пайдаланылады. Вакуумдық сүзгілеу, болатты жасанды қождармен тазалау сияқты пирометаллург. әдістер де қолданылады. Су ерітінділері мен тұз балқымаларында жүргізілетін Р-дың электролит. тәсілі өте таза (көбіне түсті) металдар алу үшін пайдаланылады. Бұл тәсілдің ерігіш және ерімейтін анодты деп аталатын түрлері бар. Бірінші тәсілде тазаланатын металл (анод) электролитте ериді де, иондар ретінде сыртқы кернеу әсерінен катодқа қонып, таза металл түзеді. Электролиз кезінде мыс катодқа бөлінеді, асыл металдар ерімейді де, электролиттік астаудың астына шөгеді, ал теріс потенциалды металдар электролитте жинақталады. Химилық Рафинациялау тәсілі металл мен қоспалардың қышқылдар мен сілтілерде ерігіштіктерінің әр түрлі болуына негізделген. Мысалы, алтынды Рафинациялау қайнап тұрған күкірт және азот қышқылдарында жүргізіледі. Алтындағы мыс, күміс, т.б. элементтердің қоспалары қышқылда ериді, ал тазартылған алтын ерімейтін тұнба болып шөгеді. Қазақстандағы металлург. кәсіпорындарда соңғы жылдары көптеген Рафинациялау цехтары қайта іске қосылды. Елімізде өндірілген кейбір металдарға Мемлекеттік сапа белгісі берілген, бұл өнімдер көптеген шет елдерге шығарылады.
Дереккөздер
- Қазақша энциклопедия 7 том.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Rafinaciyalau rafinattau nem Raffiniaren franc raffiner tazartu korytylgan metaldar men korytpalardy kazhetsiz ziyandy kospalardan tazartu Asyl metaldardy tazartu affinazh dep atalady Shikizattan ondirilgen algashky metall 96 99 shamasynda negizgi onimnen kalgany bogde kospalardan turady Fizikalyk himiyalyk zhәne mehanikalyk kasietterinin tiimsizdigine bajlanysty mundaj metaldardy onerkәsipte pajdalanuga bolmajdy Ony kajta ondep tazartu kerek Al kejde mysty tazartu kezinde kuramynan bolinip alynatyn kospalardyn altyn kүmis t b ozindik kuny mysty rafinaciyalauga ketetin karzhyny tolyk oteui mүmkin Rafinaciyalau pirometallurgiyalyk elektrolittik zhәne himiyalyk tәsilderden turady Zhogary temperaturaly eritindilerde zhүrgiziletin pirometallurgiyalyk rafinaciyalaudyn birkatar erekshelikteri bar Totyktandyrgysh kejbir kospalardyn O Si Cl F elementteri negizgi metaldyn osyndaj elementterinin kosylystarymen salystyrganda berigirek kosylystar tүzuine negizdelgen Mysaly mys balkymasyn auamen үrlegende Fe Ni Zn Pb Sn Sb As myska karaganda ottekpen berigirek kosylystar tүzedi de olar bylaudyn betine balkyp shygady Balkytyp azhyratu tәsili metall kuraushylarynyn balku temperaturasy men tygyzdygynyn ajyrmashylygyna zhәne bir birinde shamaly eritindigine negizdelgen Negizgi metall men kospanyn kajnau temperaturasyna negizdelgen Rafinaciyalau tәsili myryshty kadmijden korgasyndy myryshtan alyuminijdi magnijden tazalauda titan ondirisinde pajdalanylady Vakuumdyk sүzgileu bolatty zhasandy kozhdarmen tazalau siyakty pirometallurg әdister de koldanylady Su eritindileri men tuz balkymalarynda zhүrgiziletin R dyn elektrolit tәsili ote taza kobine tүsti metaldar alu үshin pajdalanylady Bul tәsildin erigish zhәne erimejtin anodty dep atalatyn tүrleri bar Birinshi tәsilde tazalanatyn metall anod elektrolitte eridi de iondar retinde syrtky kerneu әserinen katodka konyp taza metall tүzedi Elektroliz kezinde mys katodka bolinedi asyl metaldar erimejdi de elektrolittik astaudyn astyna shogedi al teris potencialdy metaldar elektrolitte zhinaktalady Himilyk Rafinaciyalau tәsili metall men kospalardyn kyshkyldar men siltilerde erigishtikterinin әr tүrli boluyna negizdelgen Mysaly altyndy Rafinaciyalau kajnap turgan kүkirt zhәne azot kyshkyldarynda zhүrgiziledi Altyndagy mys kүmis t b elementterdin kospalary kyshkylda eridi al tazartylgan altyn erimejtin tunba bolyp shogedi Қazakstandagy metallurg kәsiporyndarda songy zhyldary koptegen Rafinaciyalau cehtary kajta iske kosyldy Elimizde ondirilgen kejbir metaldarga Memlekettik sapa belgisi berilgen bul onimder koptegen shet elderge shygarylady DerekkozderҚazaksha enciklopediya 7 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet