Потсдам конференциясы (1945) — КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының келісімі. 1945 ж. 17 шілде мен 2 тамыз аралығында Потсдамдағы (Берлин түбінде) Сесилиан-Хоф сарайында өтті. Конференцияға КСРО ХКК-нің төрағасы , АҚШ президенті , Ұлыбритания премьер-министрі (оны 28 шілдеден бастап жаңа сайлауда жеңіске жеткен К.Эттли ауыстырды), үш елдің сыртқы істер министрлері, штаб басшылары және кеңесшілер қатысты. Потсдам конференциясында үш ел басшылары 13 отырыс өткізіп, 19 негізгі сұрақ бойынша шешім қабылдады. Конференцияда Германияның соғыстан кейінгі құрылымы және репарация төлеуі, Польшаның шекаралары мен ішкі саяси жағдайы туралы мәселелерге қайта-қайта тоқталуға тура келді. Келісуші жақтар Германиядағы жоғарғы өкіметті құрамы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, сондай-ақ Францияның өкілдерінен тұратын Бақылау Кеңесінің күштерімен жүзеге асыруға келісті. Потсдам конференциясына қатысушылар Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын жою, барлық қарулы күштерін (СС, СА, СД, гестапо, әскери оқу орындары, соғыс ардагерлерінің бірлестіктері, әскери, жартылай әскери ұйымдар, т.б.), бас штабты, ұлтшыл-социалистер партиясын таратып, фашисттік ұйымдар мен мекемелерді жою, елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен қайта құру, басты әскери қылмыскерлерді соттау туралы келісім жасады. Потсдам конференциясы барысында құрылған Халықаралық әскери трибунал өз қызметін 1945 ж. қарашада бастады. Репарация туралы арнайы келісімде конференцияға қатысушы 4 мемлекет (Францияны қоса) өздері басып алған аймақ бойынша және Германия тарапынан соғыс шығынын өндіріп алатын болды. Кеңес Одағы соғыстан ең ауыр зардап шеккен мемлекет ретінде 10 млрд. доллар көлемінде репарация алды. Бұған қосымша батыстағы басып алынған аймақтан 25% төлем (өнеркәсіп жабдықтары, көмір, азық-түлік, т.б. материалдар түрінде) берілді. КСРО өз үлесінен Польшаның репарациялық сұранысын қанағаттандырды. Репарацияларды төлеу өнеркәсіптік жабдықтар мен тауарлар түрінде жүргізілетін болды. Потсдам конференциясы шешімімен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания Германияның су үсті, әскери-теңіз және сауда флотын теңдей бөліске салды. Герман су асты флотының көпшілігі батырылып, қалғандары үш державаға бөлінді. Конференцияда одақтастар әскерлерін Ираннан шығаруға келісті, сонымен қатар соғыстан кейінгі кейбір аумақтық мәселелер шешілді. Кеңес Одағына Кенигсберг қаласы және оның төңірегіндегі ауданыан берілді. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінің бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды. Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнатуға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін Сыртқы істер министрлерінің кеңесін құрды. Кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Конференцияда сонымен қатар Қара теңіз бұғаздары, халықаралық су жолдары, Танжер аймағы мәселелері қаралды. 26 шілдеде АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттерінің басшылары Жапонияның тізе бүгуі және оған қарсы әскери қимылдарды тоқтату жөнінде декларация қабылдады. Бұл ұсыныстың қабылданбауына байланысты АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы Жапонияға қарсы соғыс қимылдарын бастауға міндеттенді. Сөйтіп, Потсдам конференциясы соғыстан кейінгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды қарарлар қабылдады. Дегенмен конференция шешімдері әлемде тұрақтылық орнатуға қол жеткізе алмады. Көп ұзамай Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшыларының дүние жүзін қайта бөлісу саясаты қырғи қабақ соғысқа ұласты.
Потсдам конференциясы | |||
Жүргізілген мерзімі | |||
---|---|---|---|
Жүргізілген Орын | |||
Қатысушылар | |||
Нәтиже | Декларация және | ||
Реті | |||
|
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Баратынский С., Дипломатия периода второй мировой войны, М., 1959
- История второй мировой войны 1939 — 1945, т. 10, М., 1979
- Тегеран — Ялта — Потсдам, А., 1993
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Potsdam konferenciyasy 1945 KSRO AҚSh zhәne Ұlybritaniya үkimet basshylarynyn kelisimi 1945 zh 17 shilde men 2 tamyz aralygynda Potsdamdagy Berlin tүbinde Sesilian Hof sarajynda otti Konferenciyaga KSRO HKK nin toragasy AҚSh prezidenti Ұlybritaniya premer ministri ony 28 shildeden bastap zhana sajlauda zheniske zhetken K Ettli auystyrdy үsh eldin syrtky ister ministrleri shtab basshylary zhәne kenesshiler katysty Potsdam konferenciyasynda үsh el basshylary 13 otyrys otkizip 19 negizgi surak bojynsha sheshim kabyldady Konferenciyada Germaniyanyn sogystan kejingi kurylymy zhәne reparaciya toleui Polshanyn shekaralary men ishki sayasi zhagdajy turaly mәselelerge kajta kajta toktaluga tura keldi Kelisushi zhaktar Germaniyadagy zhogargy okimetti kuramy KSRO AҚSh Ұlybritaniya sondaj ak Franciyanyn okilderinen turatyn Bakylau Kenesinin kүshterimen zhүzege asyruga kelisti Potsdam konferenciyasyna katysushylar Germaniyany tolyk karusyzdandyru sogys karularyn shygaratyn ondiris oryndaryn zhoyu barlyk karuly kүshterin SS SA SD gestapo әskeri oku oryndary sogys ardagerlerinin birlestikteri әskeri zhartylaj әskeri ujymdar t b bas shtabty ultshyl socialister partiyasyn taratyp fashisttik ujymdar men mekemelerdi zhoyu eldin sayasi kurylysyn demokratiyalyk zholmen kajta kuru basty әskeri kylmyskerlerdi sottau turaly kelisim zhasady Potsdam konferenciyasy barysynda kurylgan Halykaralyk әskeri tribunal oz kyzmetin 1945 zh karashada bastady Reparaciya turaly arnajy kelisimde konferenciyaga katysushy 4 memleket Franciyany kosa ozderi basyp algan ajmak bojynsha zhәne Germaniya tarapynan sogys shygynyn ondirip alatyn boldy Kenes Odagy sogystan en auyr zardap shekken memleket retinde 10 mlrd dollar koleminde reparaciya aldy Bugan kosymsha batystagy basyp alyngan ajmaktan 25 tolem onerkәsip zhabdyktary komir azyk tүlik t b materialdar tүrinde berildi KSRO oz үlesinen Polshanyn reparaciyalyk suranysyn kanagattandyrdy Reparaciyalardy toleu onerkәsiptik zhabdyktar men tauarlar tүrinde zhүrgiziletin boldy Potsdam konferenciyasy sheshimimen KSRO AҚSh zhәne Ұlybritaniya Germaniyanyn su үsti әskeri teniz zhәne sauda flotyn tendej boliske saldy German su asty flotynyn kopshiligi batyrylyp kalgandary үsh derzhavaga bolindi Konferenciyada odaktastar әskerlerin Irannan shygaruga kelisti sonymen katar sogystan kejingi kejbir aumaktyk mәseleler sheshildi Kenes Odagyna Kenigsberg kalasy zhәne onyn toniregindegi audanyan berildi Polsha men Germaniyanyn zhana shekarasy belgilendi Ol shekara Baltyk tenizinen Oder zhәne Nejse ozenderinin bojymen Chehoslovakiyaga dejin zhүretin boldy Potsdam konferenciyasyna katysushy үsh memleket Finlyandiya Rumyniya Bolgariya zhәne Vengriya elderimen diplomatiyalyk katynas ornatuga kelisti Konferenciya osy elder zhәne Italiyamen bejbitshilik bitimin dajyndau үshin Syrtky ister ministrlerinin kenesin kurdy Kenes kuramyna KSRO Ұlybritaniya Franciya Қytaj zhәne AҚSh okilderi kirdi Konferenciyada sonymen katar Қara teniz bugazdary halykaralyk su zholdary Tanzher ajmagy mәseleleri karaldy 26 shildede AҚSh Ұlybritaniya zhәne Қytaj memleketterinin basshylary Zhaponiyanyn tize bүgui zhәne ogan karsy әskeri kimyldardy toktatu zhoninde deklaraciya kabyldady Bul usynystyn kabyldanbauyna bajlanysty AҚSh Ұlybritaniya Қytaj zhәne Kenes Odagy Zhaponiyaga karsy sogys kimyldaryn bastauga mindettendi Sojtip Potsdam konferenciyasy sogystan kejingi halykaralyk mәselelerdi talkylap manyzdy kararlar kabyldady Degenmen konferenciya sheshimderi әlemde turaktylyk ornatuga kol zhetkize almady Kop uzamaj Gitlerge karsy odak ydyrap KSRO men AҚSh basshylarynyn dүnie zhүzin kajta bolisu sayasaty kyrgi kabak sogyska ulasty Potsdam konferenciyasyZhүrgizilgen merzimi17 shilde 2 tamyz 1945 zhylZhүrgizilgen Oryn Potsdam GermaniyaҚatysushylar KSRO AҚSh ҰlybritaniyaNәtizheDeklaraciya zhәneReti San Francisko konferenciyasyҮlken үshtik kezdesuiKonferenciyada shekara kelissozderinde pajdalanylgan demografiyalyk karta The үlkejtu үshin osygan bas DerekkozderҚazak enciklopediyasy Baratynskij S Diplomatiya perioda vtoroj mirovoj vojny M 1959 Istoriya vtoroj mirovoj vojny 1939 1945 t 10 M 1979 Tegeran Yalta Potsdam A 1993Қazakstan enciklopediyasy VII tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet