Поллиноз (латын тілінде pollen — өсімдік пен шөп тозаңы және osіs — ауру) — жоғарғы тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығына өсімдік тозаңының түсуінен пайда болатын аллергиялық ауру. Аурудың маусымдық сипаты бар, әсіресе желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейіп, организмнің сезімталдығы көтерілетін кезде байқалады. Поллиноз бір немесе бірнеше аллергендерде дамуы мүмкін. Аллергендер мұрынның шырышты қабығы, ас қорыту жолдары арқылы организмге түсіп, онда арнайы аллергиялық антиденелердің (негізінен иммундық глобулин Е, G) өндірілуіне әкеледі. Бұл антиденелерді реагиндер деп атайды. Реагиндер шырышты қабықтарда, тегіс салалы еттерде болатын клеткалар мен қан базофилдерінің беттеріне жабысып, артынан аллерген организмге қайталап түскенде, онымен байланысады. Осыдан клеткалар мен базофилдер өздерінен түйіршіктер бөліп шығарады. Бұл түйіршіктерде биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, т.б.) болады. Осы заттардың әсерінен ауық-ауық тыныс алу жолдарының шырышты қабығы қабынады, мұрын бітеліп, одан көп мөлшерде су бөлінеді, көзден жас ағып, түшкірік жиілейді. Жоғары тыныс алу жолдарынан шырыш көп бөлініп, қақырық пайда болады, майда кеңірдекшелердің тегіс еттерінің жиырылуынан тыныс алу қиындайды.
Емі: ауру адам өсімдік гүлдеген кезде тыныс жолдарына (дәке маска байлау) және көзіне (қорғаныш көзілдірік кию) тозаң түсірмеуге тырысуы керек; қыс айларында ауруды қоздыратын арнайы аллергенді анықтау қажет. Сол аллергеннің өте аз мөлшерін организмге енгізу арқылы адамның аллергенге көтерілген сезімталдығын азайтады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Pollinoz latyn tilinde pollen osimdik pen shop tozany zhәne osis auru zhogargy tynys zholdary men kozdin shyryshty kabygyna osimdik tozanynyn tүsuinen pajda bolatyn allergiyalyk auru Aurudyn mausymdyk sipaty bar әsirese zhelmen tozandanatyn osimdikter gүldep auada tozan kobejip organizmnin sezimtaldygy koteriletin kezde bajkalady Pollinoz bir nemese birneshe allergenderde damuy mүmkin Allergender murynnyn shyryshty kabygy as korytu zholdary arkyly organizmge tүsip onda arnajy allergiyalyk antidenelerdin negizinen immundyk globulin E G ondiriluine әkeledi Bul antidenelerdi reaginder dep atajdy Reaginder shyryshty kabyktarda tegis salaly etterde bolatyn kletkalar men kan bazofilderinin betterine zhabysyp artynan allergen organizmge kajtalap tүskende onymen bajlanysady Osydan kletkalar men bazofilder ozderinen tүjirshikter bolip shygarady Bul tүjirshikterde biologiyalyk belsendi zattar gistamin serotonin t b bolady Osy zattardyn әserinen auyk auyk tynys alu zholdarynyn shyryshty kabygy kabynady muryn bitelip odan kop molsherde su bolinedi kozden zhas agyp tүshkirik zhiilejdi Zhogary tynys alu zholdarynan shyrysh kop bolinip kakyryk pajda bolady majda kenirdekshelerdin tegis etterinin zhiyryluynan tynys alu kiyndajdy Tozandar pollinozga sebepker Emi auru adam osimdik gүldegen kezde tynys zholdaryna dәke maska bajlau zhәne kozine korganysh kozildirik kiyu tozan tүsirmeuge tyrysuy kerek kys ajlarynda aurudy kozdyratyn arnajy allergendi anyktau kazhet Sol allergennin ote az molsherin organizmge engizu arkyly adamnyn allergenge koterilgen sezimtaldygyn azajtady DerekkozderҚazak enciklopediyasyҚazakstan enciklopediyasy VII tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet