Плутарх (Plutarchоs) (шамамен б.з. 46, Херонея қ. Беотия — 127) — ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Римде философиядан дәріс оқып, Херонеяда философия мектебінде ұстаздық етті. Ежелден сақталған мәліметтерге қарағанда Плутарх артына 200-ден астам туынды қалдырған. Оның ішінде “Моральдар” деген жалпы атпен шыққан ғылыми еңбегінде адам мінез-құлқына, қасиеттеріне (махаббат, достық, ашу-ыза, сараңдық, қараулық) талдау жасайды. Плутархтың “Аристофанды Менандрмен салыстыру”, “Жасөспірімнің алар тәлімі”, “Гесиодке түсініктеме”, “Гомерді зерттеу” сияқты әдеби тақырыптарға арналған шығармалары бар. Ежелгі Грекия мен Римнің аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолын баяндайтын “Салыстырмалы өмір жолы” (50 өмірбаян) атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабы — тек ежелгі дүние ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі.
Толығырақ
Плутарх гректердің б.з.б. 338 жылы македондық патша Филипп ІІ-нің әскерлерімен болған шайқаста жеңіліп, өздерінің тәуелсіздігінен мәңгілікке айрылған Беотияның Херонея атты шағын қаласында 46 жылы дүниеге келді. Биограф, философ Аристобулдың баласы Плутарх дәулетті отбасында дүниеге келген. 66-67-жылдары Афиныда философ Аммониустың қол астында математика, риторика, философия ғылымдары бойынша дәріс алды. Плутархқа Перипат пен Стояның да ықпалы да аз болған жоқ. Плутарх философиялық көзқарасы жағынан эклектик болды. Жас кезінде көп саяхаттап, Грекия қалаларын, Кіші Азия, Египет, Италия елдеріне барды. Неопифагорлықтармен байланыста болып, император Веспасианмен, оның жақын кеңесшісі Луций Местрий Флормен дос болды. Ол Плутархқа рим азаматтығын алуға көмектесті. Көптеген білімдар, оқыған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болғанымен, туған жері Херонейге қайтып оралады. Плутархтың өмірі туған қаласымен тығыз байланыста өтті деуге болады. Ол өз халқына адал қызмет етті, қоғамдық қызметтерді атқарды. Жанұясына, достарына, өз қаласының дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігі зор болды. Плутарх отбасындағы жандардың бәрі білімді, мәдениетті, тәрбиелі болды. Ол өз шығармаларында әйелі Тимоксенаны қарапайым, сабырлы, зерделі жан ретінде сипаттайды. Плутарх – төрт ұл, бір қыз баланың әкесі. Плутархтың өз отбасын ерекше құрметтеп, сүйгендігі сондай, бір баласы сәби күнінде шетінеп кеткенде әйеліне арнап лиризмге толы жұбату өлеңін жазады. Плутарх адамгершілік келбеті жағынан ақылды, мейірбан, сыпайы, ақкөңіл жан, қиналып, көмек сұраған жандарға әрдайым қол ұшын беруге даяр еді. Жазушы, тарихшы, философ Плутарх өз балаларын оқытумен қатар, үйіне жастарды да жинап, «жеке академия» ашып оқытып, өзі тәлімгер әрі лектор рөлін атқарды. Бұл академия Плутарх қайтыс болғаннан кейін де халыққа ғасырға жуық қызмет атқарған. Энциклопедиялық терең білімімен, ерекше еңбекқорлығымен, кеңпейілділігімен елге танылған Плутархтың еңбегін халқы да, билік басындағылар да бағалай білді. Римдік байланыстары мен романофильдік саяси пайымдаулары арқасында императорлар Траян мен Адриандардың сеніміне кіріп, консуляр жоғары лауазымын иеленді, одан соң Ахаия провинциясында (жаулап алғаннан кейін Грекияны римдіктер осылай атады) прокуратор лауазымын иемденді. 95 жылдар шамасында дельфылық абыздар коллегиясына мүшелікке қабылданды. Плутархтың қызметіне риза болып, оған дельфылықтар мен херонейліктердің бірігіп Дельфыда ескерткіш қойғандығы археологиялық қазба зерттеулер арқылы белгілі болды. Ал Хероней шіркеуінде бүгінге дейін «Плутархтың мрамордан жасалған креслосы» сақтаулы.
Плутарх трактаттары
Негізінен әр кезеңде әртүрлі тақырыпқа жазылған философиялық және дидактикалық шығармаларын біріктіріп, «Этика» деген атпен («Moralia») береді. Бірақ «Moralia» термині нақты емес, ол шартты атау. Себебі, Плутарх бұл еңбегінде тек этикалық тақырыпты сөз етіп қана қоймайды, дін, философия, саясат, гигиена, жануарлар психологиясы, музыка, педагогика, әдебиет мәселелерін көтереді. Дегенмен өнегелі тақырыптар басымырақ, көбірек болып отырады. Плутарх әртүрлі тақырыптарды әртүрлі жанрларда: диалог формасында, диатриба, декламация, достық жолдау, хат, полемикалық трактат, философиялық-діни пайымдаулар, жаратылыстану ғылымы және филологиялық комментарий түрінде жазады. Кейбір трактаттары қолында бар тарихи-мәдени материалға қызығып, жай мәлімет беру түрінде жазылған. Этикалық тақырыптарды: қызығушылық, көп сөйлеушілік, арсыздық, бауырластық сезім, балаларға деген махаббат, жұбайлық қарым-қатынас жөнінде кеңінен қозғады. 50 жасында Дельфыдағы Аполлон ғибадатханасының абызы болған Плутарх бұл қасиетті, киелі орынның бұрынғы маңыздылығы мен сипатын қайтадан қалпына келтіруге тырысады. Плутарх мықты жазушы болған жоқ. Негізінен ол өзіне дейінгі ғұлама ойшылдар мен шебер суреткерлер жазып қалдырған дүниелерді жинап, соларды өңдеумен айналысты. Плутархтың өңдеуіндегі бұл дүниелер жаңа сипатқа ие болып, дәл осы күйінде олар көптеген ғасырлар бойы еуропалық ой мен әдебиетін анықтап отырды. Плутарх еңбектерінің хронологиясын жасау өте қиын. Оның жалпы саны 227 шығармасының атауы сақталған, ал толық нұсқасымен жеткені – 150 шығарма. Ал тақырыптық тұрғыдан моральдық және өмірбаяндық болып екі категорияға бөлінеді. Әдебиет мәселелерін талдай отырып Плутарх оған моралист ретінде қарады. Поэзияны ол философияға апарар жол деп таниды («Ақын өлеңдерін қалай оқу жөнінде жас адамға арналған ақыл» трактаты). Ал эстетикалық көзқарасы «Аристофанды Менандрмен салыстыру», «Гесиодқа түсініктеме», «Гомерді зерттеу» трактаттарында анық көрінеді. Плутархтың «Этикасында» шамамен 80-ге жуық шығарма бар. Оның ең ежелгілері риторикалық сипатта, мысалы, Афинаны мадақтау, Фортуна туралы пайымдаулар (гректерде Тюхе құдай), оның Александр Македонскийдің өмірі мен Рим тарихындағы ролі т.б. тәрбие мәселесіне де біраз шығармаларын арнайды, махаббат пен неке мәселесін көтереді. Плутархтың барлық шығармаларында оның педагогикалық көзқарасы байқалып отырады. Отбасылық өмір тақырыбына арналған шығармаларына оның жалғыз қызынан айрылып, қатты қайғырған әйелі Тимоксенаға арналған консоляциясы (ауыр қазадан кейінгі жұбату өлеңі) жатады. Плутарх адам жаны туралы да жазды, психологиямен айналысты. Кейде тіпті жануарлар психологиясына да көңіл бөліп отырды. Диалог формасында жазылған «7 дананың тойы» немесе «Тойдағы әңгіме» (9 кітаптан тұратын) шығармаларында автор бірнеше келелі мәселелерді қозғайды. «Этикада» сондай-ақ, белгісіз авторлардың түпнұсқалық емес шығармалары да көрініс тапқан. Оның ішіндегі ең маңыздылары бізге антик дәуірінің музыкасы жөнінде хабар беретін (Аристоксен, Гераклид Понтийский) «Музыка туралы» және «Бала тәрбиесі туралы» трактаты жатады. «Бала тәрбиесі туралы» трактаты өз дәуірінде ең танымал еңбек болды және Қайта өрлеу дәуірінде көптеген тілдерге аударылды. Бірақ, Плутархтың танымал жазушы болуына оның «Этика» туындысы емес, «Салыстырмалы өмірнамалар» шығармасы ерекше әсер етті. Ұлы гректер мен римдіктерді салыстыра отырып жазған бұл еңбегі арқылы Плутарх антик әдебиетінен ойып тұрып өзіндік орнын алды. Ежелгі әлемнің ұлы адамдарының ғұмырбаянын жазу арқылы Плутарх өзін шебер әңгімеші, байқампаз, эрудит, гуманистік идеялардың және республикалық бостандықтың жаршысы ретінде таныта білді.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Дереккөздер
- Тоқшылықова Г.Б. Антика әдебиетінің тарихы. Алматы, 2011.
- Радциг С.И. История древнегреческой литературы. Москва, 1969
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. Ленинград, 1981
- Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2011
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Дуров В.С. Москва, 2004
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Plutarh Plutarchos shamamen b z 46 Heroneya k Beotiya 127 ezhelgi grek zhazushysy tarihshy Rimde filosofiyadan dәris okyp Heroneyada filosofiya mektebinde ustazdyk etti Ezhelden saktalgan mәlimetterge karaganda Plutarh artyna 200 den astam tuyndy kaldyrgan Onyn ishinde Moraldar degen zhalpy atpen shykkan gylymi enbeginde adam minez kulkyna kasietterine mahabbat dostyk ashu yza sarandyk karaulyk taldau zhasajdy Plutarhtyn Aristofandy Menandrmen salystyru Zhasospirimnin alar tәlimi Gesiodke tүsinikteme Gomerdi zertteu siyakty әdebi takyryptarga arnalgan shygarmalary bar Ezhelgi Grekiya men Rimnin asa kornekti kajratkerlerinin omir zholyn bayandajtyn Salystyrmaly omir zholy 50 omirbayan atty tarihi korkem omirbayandar kitaby tek ezhelgi dүnie gana emes kүlli әlemdik әdebiettin en bagaly eskertkishterinin biri TolygyrakPlutarh grekterdin b z b 338 zhyly makedondyk patsha Filipp II nin әskerlerimen bolgan shajkasta zhenilip ozderinin tәuelsizdiginen mәngilikke ajrylgan Beotiyanyn Heroneya atty shagyn kalasynda 46 zhyly dүniege keldi Biograf filosof Aristobuldyn balasy Plutarh dәuletti otbasynda dүniege kelgen 66 67 zhyldary Afinyda filosof Ammoniustyn kol astynda matematika ritorika filosofiya gylymdary bojynsha dәris aldy Plutarhka Peripat pen Stoyanyn da ykpaly da az bolgan zhok Plutarh filosofiyalyk kozkarasy zhagynan eklektik boldy Zhas kezinde kop sayahattap Grekiya kalalaryn Kishi Aziya Egipet Italiya elderine bardy Neopifagorlyktarmen bajlanysta bolyp imperator Vespasianmen onyn zhakyn kenesshisi Lucij Mestrij Flormen dos boldy Ol Plutarhka rim azamattygyn aluga komektesti Koptegen bilimdar okygan adamdarmen zhaksy karym katynasta bolganymen tugan zheri Heronejge kajtyp oralady Plutarhtyn omiri tugan kalasymen tygyz bajlanysta otti deuge bolady Ol oz halkyna adal kyzmet etti kogamdyk kyzmetterdi atkardy Zhanuyasyna dostaryna oz kalasynyn dәstүrlerine degen sүjispenshiligi zor boldy Plutarh otbasyndagy zhandardyn bәri bilimdi mәdenietti tәrbieli boldy Ol oz shygarmalarynda әjeli Timoksenany karapajym sabyrly zerdeli zhan retinde sipattajdy Plutarh tort ul bir kyz balanyn әkesi Plutarhtyn oz otbasyn erekshe kurmettep sүjgendigi sondaj bir balasy sәbi kүninde shetinep ketkende әjeline arnap lirizmge toly zhubatu olenin zhazady Plutarh adamgershilik kelbeti zhagynan akyldy mejirban sypajy akkonil zhan kinalyp komek suragan zhandarga әrdajym kol ushyn beruge dayar edi Zhazushy tarihshy filosof Plutarh oz balalaryn okytumen katar үjine zhastardy da zhinap zheke akademiya ashyp okytyp ozi tәlimger әri lektor rolin atkardy Bul akademiya Plutarh kajtys bolgannan kejin de halykka gasyrga zhuyk kyzmet atkargan Enciklopediyalyk teren bilimimen erekshe enbekkorlygymen kenpejildiligimen elge tanylgan Plutarhtyn enbegin halky da bilik basyndagylar da bagalaj bildi Rimdik bajlanystary men romanofildik sayasi pajymdaulary arkasynda imperatorlar Trayan men Adriandardyn senimine kirip konsulyar zhogary lauazymyn ielendi odan son Ahaiya provinciyasynda zhaulap algannan kejin Grekiyany rimdikter osylaj atady prokurator lauazymyn iemdendi 95 zhyldar shamasynda delfylyk abyzdar kollegiyasyna mүshelikke kabyldandy Plutarhtyn kyzmetine riza bolyp ogan delfylyktar men heronejlikterdin birigip Delfyda eskertkish kojgandygy arheologiyalyk kazba zertteuler arkyly belgili boldy Al Heronej shirkeuinde bүginge dejin Plutarhtyn mramordan zhasalgan kreslosy saktauly Plutarh traktattaryNegizinen әr kezende әrtүrli takyrypka zhazylgan filosofiyalyk zhәne didaktikalyk shygarmalaryn biriktirip Etika degen atpen Moralia beredi Birak Moralia termini nakty emes ol shartty atau Sebebi Plutarh bul enbeginde tek etikalyk takyrypty soz etip kana kojmajdy din filosofiya sayasat gigiena zhanuarlar psihologiyasy muzyka pedagogika әdebiet mәselelerin koteredi Degenmen onegeli takyryptar basymyrak kobirek bolyp otyrady Plutarh әrtүrli takyryptardy әrtүrli zhanrlarda dialog formasynda diatriba deklamaciya dostyk zholdau hat polemikalyk traktat filosofiyalyk dini pajymdaular zharatylystanu gylymy zhәne filologiyalyk kommentarij tүrinde zhazady Kejbir traktattary kolynda bar tarihi mәdeni materialga kyzygyp zhaj mәlimet beru tүrinde zhazylgan Etikalyk takyryptardy kyzygushylyk kop sojleushilik arsyzdyk bauyrlastyk sezim balalarga degen mahabbat zhubajlyk karym katynas zhoninde keninen kozgady 50 zhasynda Delfydagy Apollon gibadathanasynyn abyzy bolgan Plutarh bul kasietti kieli orynnyn buryngy manyzdylygy men sipatyn kajtadan kalpyna keltiruge tyrysady Plutarh mykty zhazushy bolgan zhok Negizinen ol ozine dejingi gulama ojshyldar men sheber suretkerler zhazyp kaldyrgan dүnielerdi zhinap solardy ondeumen ajnalysty Plutarhtyn ondeuindegi bul dүnieler zhana sipatka ie bolyp dәl osy kүjinde olar koptegen gasyrlar bojy europalyk oj men әdebietin anyktap otyrdy Plutarh enbekterinin hronologiyasyn zhasau ote kiyn Onyn zhalpy sany 227 shygarmasynyn atauy saktalgan al tolyk nuskasymen zhetkeni 150 shygarma Al takyryptyk turgydan moraldyk zhәne omirbayandyk bolyp eki kategoriyaga bolinedi Әdebiet mәselelerin taldaj otyryp Plutarh ogan moralist retinde karady Poeziyany ol filosofiyaga aparar zhol dep tanidy Akyn olenderin kalaj oku zhoninde zhas adamga arnalgan akyl traktaty Al estetikalyk kozkarasy Aristofandy Menandrmen salystyru Gesiodka tүsinikteme Gomerdi zertteu traktattarynda anyk korinedi Plutarhtyn Etikasynda shamamen 80 ge zhuyk shygarma bar Onyn en ezhelgileri ritorikalyk sipatta mysaly Afinany madaktau Fortuna turaly pajymdaular grekterde Tyuhe kudaj onyn Aleksandr Makedonskijdin omiri men Rim tarihyndagy roli t b tәrbie mәselesine de biraz shygarmalaryn arnajdy mahabbat pen neke mәselesin koteredi Plutarhtyn barlyk shygarmalarynda onyn pedagogikalyk kozkarasy bajkalyp otyrady Otbasylyk omir takyrybyna arnalgan shygarmalaryna onyn zhalgyz kyzynan ajrylyp katty kajgyrgan әjeli Timoksenaga arnalgan konsolyaciyasy auyr kazadan kejingi zhubatu oleni zhatady Plutarh adam zhany turaly da zhazdy psihologiyamen ajnalysty Kejde tipti zhanuarlar psihologiyasyna da konil bolip otyrdy Dialog formasynda zhazylgan 7 dananyn tojy nemese Tojdagy әngime 9 kitaptan turatyn shygarmalarynda avtor birneshe keleli mәselelerdi kozgajdy Etikada sondaj ak belgisiz avtorlardyn tүpnuskalyk emes shygarmalary da korinis tapkan Onyn ishindegi en manyzdylary bizge antik dәuirinin muzykasy zhoninde habar beretin Aristoksen Geraklid Pontijskij Muzyka turaly zhәne Bala tәrbiesi turaly traktaty zhatady Bala tәrbiesi turaly traktaty oz dәuirinde en tanymal enbek boldy zhәne Қajta orleu dәuirinde koptegen tilderge audaryldy Birak Plutarhtyn tanymal zhazushy boluyna onyn Etika tuyndysy emes Salystyrmaly omirnamalar shygarmasy erekshe әser etti Ұly grekter men rimdikterdi salystyra otyryp zhazgan bul enbegi arkyly Plutarh antik әdebietinen ojyp turyp ozindik ornyn aldy Ezhelgi әlemnin uly adamdarynyn gumyrbayanyn zhazu arkyly Plutarh ozin sheber әngimeshi bajkampaz erudit gumanistik ideyalardyn zhәne respublikalyk bostandyktyn zharshysy retinde tanyta bildi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tomDerekkozderTokshylykova G B Antika әdebietinin tarihy Almaty 2011 Radcig S I Istoriya drevnegrecheskoj literatury Moskva 1969 Antichnaya literatura Anpetkova Sharova G G Chekalova E I Leningrad 1981 Қoblanov Zh T Shetel әdebietinin tarihy Almaty 2011 Antichnaya literatura Anpetkova Sharova G G Durov V S Moskva 2004Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet