Паоло Росси (итал. Paolo Rossi; 23 қыркүйек 1956 жыл, Прато, Италия — 10 желтоқсан 2020 жыл, Сиена) — Италия құрамасының шабуылшысы. 1982 жылғы Әлем чемионатының үздік мергені (6 гол)
Паоло Росси | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | Прато, Италия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайтыс болған күні | 10 желтоқсан 2020 (64 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | Италия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 174 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 66 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
(Сәкен Сыбанбайдың мақаласынан)
Бастапқы карьерасы
Ол қаршадайынан қарсы қақпаны қарауылынан бір сәт қағаберіс қалдырмайтын мерген шабуылшы ретінде танылды. Тігін фабрикасында жұмыс істегенімен, әр жексенбі сайын өтетін футбол матчтарының бірін жібермей көретін әкесі ұлының атақты спортшы болғанын армандапты. Баласын он жасында-ақ жергілікті футбол командасына өз қолымен жетектеп апарып табыстауы да сондықтан болса керек. Ойын сайын доп соғатын жас талап туралы дақпырт бірте-бірте Италияның ең жоғары лигасы – А сериясында өнер көрсететін ұжымдардың қожайындарына да жетеді. Паоло 15-ке толғанда оны көруге елдің ең атақты клубы – «Ювентустың» жаттықтырушылары келеді. Дарынды баланың аяқ алысына олардың да көңілі толғандықтан шығар, көп ұзамай мұны туриндік клубтың жасөспірімдер командасына қабылдайды.
Әуелде бәрі ойдағыдай өрбігенімен, бірер жылдан соң, жарақаттанған тізесі жиі-жиі сыр беріп, Паолоның аяғына үш рет операция жасалады. «Негізгі құрамға қосылуға дайын» деп үміт күтіп жүрген балақайдың алаңнан гөрі ауруханада жиі бола беруі жүйкелеріне тиіп бітті ме екен, «Ювентустың» қожалары 1973 жылы оны төменгі лигадағы «Пратоға» екі жылға жалға береді. Бұл мерзім ішінде де айығуы мен асқынуы «итжығыс түскен» жарақатының салдарынан елден ерек ойын көрсете алмаған П. Россиді туриндіктер кейін «Комоға» жібереді. Ақыры оның о бастағы ойын деңгейіне қайта жете алатынынан күдерін үзген олар 1976 жылы әлі 20-ға да толмаған жас футболшыны «Виченцаға» сатып, құтылады.
Біз білетін Россидің нағыз өрлеуі, шын мерген ретінде танылуы Б сериясында (Италия чемпионатының екінші дәрежелі лигасы) өнер көрсететін осы клубта басталды. 1977 жылы шабуылшының 21 голы команданың А сериясына шығуына мүмкіндік берді. Ал 1978 жылы Россидің арқасында «Виченца» күтпеген жерден ел біріншілігінде 2-орын алып, күміс жүлдеге ие болды! Шабуылшының өзі 24 доппен бас мерген атанды, ұлттық құрамаға шақырылып, оның негізгі мүшелерінің біріне айналды. Аргентинада өткен әлемдік доп додасында Паоло барлық ойынға қатысып, 3 гол соқты, «Скуадра адзурраның» (Италия командасының лақап аты) 4-орын алуына өз үлесін қосты.
Доп теппеген екі жыл
Күдер үзген ойыншысының күрт өзгергеніне, нағыз шеберге айналғанына көзі жеткен «Ювентус» басшылары енді оны қалайда қайтарып алудың қамына кірісті. Алайда, өз тарихындағы ең тамаша табысына қол жеткізуге еңбегі сіңген ерен жігіттен «Виченца» өлсе айрылсын ба?! Десек те, бір жылдан соң, қаржылық ахуалы тым нашарлай түскен, құрамы күшеюдің орнына сетіней бастаған командаға Россидің голдары да көмектеспей, ол құлдилап барып, Б сериясына қайта кетті. Жағдайын сәл де болсын түзеп алу үшін клуб үздік ойыншысын «Перуджаға» екі жылға жалға берді.
П. Россидің ғұмырындағы ең бір қаралы кезең – осы. Рас, ол жаңа командасында да мергендер қатарынан көрініп жүрді. Бірақ пәле аяқ астынан келді: елдің футбол федерациясы матчтардың нәтижелеріне ақша тігетін тотализатор жүйесімен байланысқан клубтар мен ойыншыларды әшкерелеп, оларды жазалауға кірісті. Пара беру арқылы қалаған нәтижесіне қол жеткізіп, былыққа белшесінен батқан атақты «Милан» (оның президенті Феличе Коломбо футбол саласында жұмыс істеу құқынан мәңгіге айрылды) мен «Лацио» бірден Б сериясына жіберілді, күдікті ойыншылар тергеуге алынды. Олардың ішінде біздің кейіпкеріміз де бар еді. Тексерушілер «Перуджа» – «Авеллино» (2:2) кездесуінің есебі алдын ала келісілгенін дәлелдеді. Бұл астыртын келісімдегі Россидің міндеті – 2 гол соғу болған екен (расында да, қарсы қақпаға енген 2 допты да Паоло енгізген). Кейін бір сұхбатында П. Росси бұл жағдай туралы: «Құдай куә, мен арымнан аттағаным жоқ, бірақ федерация жанжалдың соңын елдегі ең атақты ойыншыны жазалаумен қорытындылағысы келді, мен арқылы алдағы уақытта мұндай оқиға қайталана қалса, ешкімді де аямайтынын көрсетпек болды», – дейді.
Қалай болғанда да, Паоло үш жыл бойына доп тебуден қалды (сәл кейінірек жазаны жеңілдетіп, бір жылын кемітті). Шабуылшы спорттық бабын жеке жаттығулар арқылы сақтауға тырысты. 1982 жылдың басында «Ювентус» екі жылдан бері жасыл алаңға шықпаған ойыншыны «Виченцадан» біржола сатып алды. Сол жылдың көктемінде Россидің жаза мерзімі бітті де, ол туриндік клубтың чемпионаттағы соңғы 3 ойынына қатысты. Тағдыр дегенді қойсаңызшы, «Ювеге» алғаш 1971 жылы шақырылған ол аталмыш клубтың жейдесін араға 11 жыл салып бір-ақ киді!
Тарихи хет-трик
Кигені дұрыс-ау, бірақ иек артпада кезекті әлем чемпионаты тұрды. Италия құрамасының бас бапкері Энцо Беарзот екі жылдық үзілістен соң, яғни, 1982 жылдың 29 сәуірінде ғана алаңға шыққан ойыншыны сонда да Испанияға ала кетті. Әйгілі мамандар Джованни Трапаттони мен Эленио Эррера бапкердің бұл шешімін құптады. «Россидің шеберлігі мен кәсібилігіне еш күмән жоқ, дүбірлі додада ол елді жерге қаратпайды» десті олар. Алайда, көпті көрген сол кәнігі тарландардың өзі Беарзоттың салған жерден Паолоны негізгі құрамға қосатынын болжамаған шығар-ау! Әйтсе де, футболшы өзін сонау 1977 жылдың күзінде ұлттық құрамаға шақырып, үлкен сенім артқан ұстаздың үмітін ақтады: доданың бас мергені һәм үздік футболшысы атанды!
Дегенмен, бәрі әу бастан сәтті бола қойған жоқ. Алғашқы кездесудің 90 минутында шабуылшы поляктардың қақпасына... жалғыз соққы бағыттады. Ол ол ма, Перумен болған екінші ойында тіпті аяғына доп та тимеді (үзілісте оны Франко Каузио алмастырды). Зығырданы қайнаған күллі Италия Беарзотты түтіп жеуге шақ қалды. Алайда, бапкер Россиді үшінші матчта да үздік 11-дің сапынан қалдырған жоқ. Бұл жолы қимылы сәл ширақ болғанымен, бәрібір ол команданы жеңіске жетелей алмады: тағы да тең нәтиже! Үшінші рет! Абырой болғанда, дәл осындай көрсеткішке ие Камерунмен салыстырғанда 1 доп артық соғуының арқасында ғана «Скуадра адзурра» келесі кезеңге шықты.
Қызықтың бәрі сонда басталды. Аргентинамен ойында италиялықтар қарсыласының қарқынын құйын-перен прессингпен басып тастады да, өздері жылдам қарсы шабуылдаудың көмегімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қанжығасы бос қайтса да, Паоло Росси бұл жолы белсенді ойынымен қарсы жақ қорғаушыларын әбден сілелетті. Ал Бразилиямен белдесу – жартылай финалға берілер жолдама үшін талас еді. Италияға тек жеңіс қажет болса, оңтүстікамерикалықтарды тең ойын да қанағаттандыратын. Қайталанбас драмалық сюжетімен жанкүйер жадында мәңгі қалар матчтың 5-минутында Кабрини сол қапталдан айып алаңына әуелете доп асырып еді, Росси баспен ұрып, өзінің осы додадағы бірінші голын соқты. Теңбіл доптың теңдессіз шеберлері сасқан жоқ, көп ұзамай Сократес таразы басын теңестірді. 25-минутта Бруно Конти керемет паспен Россиді бразилиялық қақпашымен жекпе-жек шығарды – бабына ене бастаған шабуылшы мүлт кетпеді. Бұдан кейінгі 40 минут Беарзот шәкірттері үшін өте қиын болды: алғы шептегі Сержинью мен Зиконы оң қанаттан Фалькао, сол қапталдан Эдер, ортадан Сократес қолдағанда Бразилияның шабуылы кімді де болсын састырар еді. Фалькао таразы басын теңестірген 68-минутқа дейін де, одан кейін де Дино Дзофф қорғаған Италия қақпасының маңында талай гол соғуға қолайлы сәттер туындады. Бірақ бұлар бәріне төтеп берді. Ал Росси қарсы шабуылдың бірінде жеңіс добын соқты – 3:2! Бұл – шабуылшының құрама сапындағы жалғыз хет-тригі! Есесіне, қандай десеңізші! Елдің бәрі күдерін үзген Италияны жартылай финалға алып шыққан, нағыз ерлікке парапар тарихи хет-трик!
Әрі қарай Россидің шабытымен шарықтаған «Скуадра адзурраны» тоқтату мүмкін емес еді. Паоло топтық кезеңде өліспей-беріспеген Польшаның қақпасына қос доп салып, командасын финалға алып шықты. Чемпионаттың шешуші ойынындағы үш голдың алғашқысы да біздің кейіпкеріміздің еншісінде: 57-минутта қорғаушы Клаудио Джентиленің оң қанаттан тастаған добына қос команданың бес-алты ойыншысы қатар ұмтылды, бірақ, шабуылшылық һәм мергендік түйсік дегенді қойсаңызшы, допқа бәрінен бұрын Росси жетті! Бұдан кейінгі Тарделли мен Алессандро Альтобеллидің голдарына немістер тек Пауль Брайтнердің жалғыз добымен жауап қайтарды...
...1986 жылғы әлемдік доп додасында Беарзот жас таланттар Джанлука Виалли мен Джузеппе Гальдеризиге көбірек сенім артты да, Росси құр алаң жиегін күзетіп отырды да қойды. Мексикадан келген соң, ол бір-ақ жыл ойнады: 1987 жылы футболмен қош айтысты. Небәрі 31 жасында! Себебі, баяғы үш рет операция жасалған аяғы жиі-жиі сыр берді, соның салдарынан ол бұрынғы бабына қайта келе алмайтынын түсінді.
Ойын стилі
Оның есімін көз жауын алар көркем гол авторларының галереясынан іздеудің қажеті жоқ. Себебі, Паоло Росси – жоғарыда айтқанымыздай, тек допты торға түсіруді ғана ойлайтын голға қомағай шабуылшы еді. Ол ешқашан алыстан бағыттаған сойқан соққысымен немесе шебер дриблингімен ерекшеленген емес. Оған доптың қақпаға қалай енгені де бәрібір: голдарының көпшілігі – аяғын тосып қалу арқылы қиыс кетіп бара жатқан соққының бағытын өзгерту, қақпа алдындағы қарбаласта санаулы секундқа иесіз қалған допты түртіп қана торға түсіру, қапталдардан тасталған пастарды білінер-білінбес қимылмен ғана тиісті нысанаға бағыттау, т.т... Өйткені, ол – қарсыластың айып алаңының королі, ала допты сол жерде жүріп аңдитын мерген. Өзі айтқандай, «әу баста-ақ мергендік қасиеті, гол сезгіш түйсігі» бойына туа біткен талант...
2020 жылы 9 желтоқсанда қанды ірің ауруынан қайтыс болды.
Жетістіктері
Командалық
- Екі дүркін Италия чемпионы, 1982, 1984
- Италия кубогы 1983
- УЕФА Кубок иелерінің кубогы 1984
- УЕФА Чемпиондар кубогы 1985
- Әлем чемпионы 1982
Жекелей
- 1982 — «Алтын бутса» (ФИФА)
- 1982 — «Алтын доп» (ФИФА)
- 1982 — Еуропаның үздік футболшысы
- 1982 — Әлемнің үздік футболшысы
- 1978 — «Күміс доп» (ФИФА)
- ФИФА-100 тізіміне іліккен
- 1982 — Әлем чемпионатының сұрмергені
Сілтемелер
- Ұлттық құрамадағы матчтары Мұрағатталған 17 маусымның 2018 жылы.
- Ресми сайты
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Paolo Rossi ital Paolo Rossi 23 kyrkүjek 1956 zhyl Prato Italiya 10 zheltoksan 2020 zhyl Siena Italiya kuramasynyn shabuylshysy 1982 zhylgy Әlem chemionatynyn үzdik mergeni 6 gol Paolo RossiZhalpy maglumatTugan kүni23 kyrkүjek 1956 1956 09 23 Tugan zheriPrato ItaliyaҚajtys bolgan kүni10 zheltoksan 2020 2020 12 10 64 zhas Azamattygy ItaliyaBojy174Salmagy66PoziciyashabuylshyZhastar kluby1961 1967 Santa Lyuchiya1967 1968 Ambroziana1968 1972 Kattolika Virtus1972 1973 YuventusKlub karerasy1973 1975 Yuventus 3 0 1975 1976 Komo 6 0 1976 1979 94 60 1979 1980 28 13 1981 1985 Yuventus 83 24 1985 1986 Milan 20 2 1986 1987 Verona 20 4 Ұlttyk kuramy1976 1978 Italiya 21 10 5 1977 1986 Italiya 48 20 Kәsibi klubtarda sokkan goldary men ojyndary tek әrtүrli ulttyk liga chempionattarynda gana sanalady Resmi matchtarda ulttyk kuramda bolgan ojyndary men goldar sany Bul үlgini koru talkylau ondeuKarerasy Sәken Sybanbajdyn makalasynan Bastapky karerasy Ol karshadajynan karsy kakpany karauylynan bir sәt kagaberis kaldyrmajtyn mergen shabuylshy retinde tanyldy Tigin fabrikasynda zhumys istegenimen әr zheksenbi sajyn otetin futbol matchtarynyn birin zhibermej koretin әkesi ulynyn atakty sportshy bolganyn armandapty Balasyn on zhasynda ak zhergilikti futbol komandasyna oz kolymen zhetektep aparyp tabystauy da sondyktan bolsa kerek Ojyn sajyn dop sogatyn zhas talap turaly dakpyrt birte birte Italiyanyn en zhogary ligasy A seriyasynda oner korsetetin uzhymdardyn kozhajyndaryna da zhetedi Paolo 15 ke tolganda ony koruge eldin en atakty kluby Yuventustyn zhattyktyrushylary keledi Daryndy balanyn ayak alysyna olardyn da konili tolgandyktan shygar kop uzamaj muny turindik klubtyn zhasospirimder komandasyna kabyldajdy Әuelde bәri ojdagydaj orbigenimen birer zhyldan son zharakattangan tizesi zhii zhii syr berip Paolonyn ayagyna үsh ret operaciya zhasalady Negizgi kuramga kosyluga dajyn dep үmit kүtip zhүrgen balakajdyn alannan gori auruhanada zhii bola berui zhүjkelerine tiip bitti me eken Yuventustyn kozhalary 1973 zhyly ony tomengi ligadagy Pratoga eki zhylga zhalga beredi Bul merzim ishinde de ajyguy men askynuy itzhygys tүsken zharakatynyn saldarynan elden erek ojyn korsete almagan P Rossidi turindikter kejin Komoga zhiberedi Akyry onyn o bastagy ojyn dengejine kajta zhete alatynynan kүderin үzgen olar 1976 zhyly әli 20 ga da tolmagan zhas futbolshyny Vichencaga satyp kutylady Biz biletin Rossidin nagyz orleui shyn mergen retinde tanyluy B seriyasynda Italiya chempionatynyn ekinshi dәrezheli ligasy oner korsetetin osy klubta bastaldy 1977 zhyly shabuylshynyn 21 goly komandanyn A seriyasyna shyguyna mүmkindik berdi Al 1978 zhyly Rossidin arkasynda Vichenca kүtpegen zherden el birinshiliginde 2 oryn alyp kүmis zhүldege ie boldy Shabuylshynyn ozi 24 doppen bas mergen atandy ulttyk kuramaga shakyrylyp onyn negizgi mүshelerinin birine ajnaldy Argentinada otken әlemdik dop dodasynda Paolo barlyk ojynga katysyp 3 gol sokty Skuadra adzurranyn Italiya komandasynyn lakap aty 4 oryn aluyna oz үlesin kosty Dop teppegen eki zhyl Kүder үzgen ojynshysynyn kүrt ozgergenine nagyz sheberge ajnalganyna kozi zhetken Yuventus basshylary endi ony kalajda kajtaryp aludyn kamyna kiristi Alajda oz tarihyndagy en tamasha tabysyna kol zhetkizuge enbegi singen eren zhigitten Vichenca olse ajrylsyn ba Desek te bir zhyldan son karzhylyk ahualy tym nasharlaj tүsken kuramy kүsheyudin ornyna setinej bastagan komandaga Rossidin goldary da komektespej ol kuldilap baryp B seriyasyna kajta ketti Zhagdajyn sәl de bolsyn tүzep alu үshin klub үzdik ojynshysyn Perudzhaga eki zhylga zhalga berdi P Rossidin gumyryndagy en bir karaly kezen osy Ras ol zhana komandasynda da mergender katarynan korinip zhүrdi Birak pәle ayak astynan keldi eldin futbol federaciyasy matchtardyn nәtizhelerine aksha tigetin totalizator zhүjesimen bajlanyskan klubtar men ojynshylardy әshkerelep olardy zhazalauga kiristi Para beru arkyly kalagan nәtizhesine kol zhetkizip bylykka belshesinen batkan atakty Milan onyn prezidenti Feliche Kolombo futbol salasynda zhumys isteu kukynan mәngige ajryldy men Lacio birden B seriyasyna zhiberildi kүdikti ojynshylar tergeuge alyndy Olardyn ishinde bizdin kejipkerimiz de bar edi Tekserushiler Perudzha Avellino 2 2 kezdesuinin esebi aldyn ala kelisilgenin dәleldedi Bul astyrtyn kelisimdegi Rossidin mindeti 2 gol sogu bolgan eken rasynda da karsy kakpaga engen 2 dopty da Paolo engizgen Kejin bir suhbatynda P Rossi bul zhagdaj turaly Қudaj kuә men arymnan attaganym zhok birak federaciya zhanzhaldyn sonyn eldegi en atakty ojynshyny zhazalaumen korytyndylagysy keldi men arkyly aldagy uakytta mundaj okiga kajtalana kalsa eshkimdi de ayamajtynyn korsetpek boldy dejdi Қalaj bolganda da Paolo үsh zhyl bojyna dop tebuden kaldy sәl kejinirek zhazany zhenildetip bir zhylyn kemitti Shabuylshy sporttyk babyn zheke zhattygular arkyly saktauga tyrysty 1982 zhyldyn basynda Yuventus eki zhyldan beri zhasyl alanga shykpagan ojynshyny Vichencadan birzhola satyp aldy Sol zhyldyn kokteminde Rossidin zhaza merzimi bitti de ol turindik klubtyn chempionattagy songy 3 ojynyna katysty Tagdyr degendi kojsanyzshy Yuvege algash 1971 zhyly shakyrylgan ol atalmysh klubtyn zhejdesin araga 11 zhyl salyp bir ak kidi Tarihi het trik Kigeni durys au birak iek artpada kezekti әlem chempionaty turdy Italiya kuramasynyn bas bapkeri Enco Bearzot eki zhyldyk үzilisten son yagni 1982 zhyldyn 29 sәuirinde gana alanga shykkan ojynshyny sonda da Ispaniyaga ala ketti Әjgili mamandar Dzhovanni Trapattoni men Elenio Errera bapkerdin bul sheshimin kuptady Rossidin sheberligi men kәsibiligine esh kүmәn zhok dүbirli dodada ol eldi zherge karatpajdy desti olar Alajda kopti korgen sol kәnigi tarlandardyn ozi Bearzottyn salgan zherden Paolony negizgi kuramga kosatynyn bolzhamagan shygar au Әjtse de futbolshy ozin sonau 1977 zhyldyn kүzinde ulttyk kuramaga shakyryp үlken senim artkan ustazdyn үmitin aktady dodanyn bas mergeni һәm үzdik futbolshysy atandy Degenmen bәri әu bastan sәtti bola kojgan zhok Algashky kezdesudin 90 minutynda shabuylshy polyaktardyn kakpasyna zhalgyz sokky bagyttady Ol ol ma Perumen bolgan ekinshi ojynda tipti ayagyna dop ta timedi үziliste ony Franko Kauzio almastyrdy Zygyrdany kajnagan kүlli Italiya Bearzotty tүtip zheuge shak kaldy Alajda bapker Rossidi үshinshi matchta da үzdik 11 din sapynan kaldyrgan zhok Bul zholy kimyly sәl shirak bolganymen bәribir ol komandany zheniske zhetelej almady tagy da ten nәtizhe Үshinshi ret Abyroj bolganda dәl osyndaj korsetkishke ie Kamerunmen salystyrganda 1 dop artyk soguynyn arkasynda gana Skuadra adzurra kelesi kezenge shykty Қyzyktyn bәri sonda bastaldy Argentinamen ojynda italiyalyktar karsylasynyn karkynyn kujyn peren pressingpen basyp tastady da ozderi zhyldam karsy shabuyldaudyn komegimen algashky zhenisine kol zhetkizdi Қanzhygasy bos kajtsa da Paolo Rossi bul zholy belsendi ojynymen karsy zhak korgaushylaryn әbden sileletti Al Braziliyamen beldesu zhartylaj finalga beriler zholdama үshin talas edi Italiyaga tek zhenis kazhet bolsa ontүstikamerikalyktardy ten ojyn da kanagattandyratyn Қajtalanbas dramalyk syuzhetimen zhankүjer zhadynda mәngi kalar matchtyn 5 minutynda Kabrini sol kaptaldan ajyp alanyna әuelete dop asyryp edi Rossi baspen uryp ozinin osy dodadagy birinshi golyn sokty Tenbil doptyn tendessiz sheberleri saskan zhok kop uzamaj Sokrates tarazy basyn tenestirdi 25 minutta Bruno Konti keremet paspen Rossidi braziliyalyk kakpashymen zhekpe zhek shygardy babyna ene bastagan shabuylshy mүlt ketpedi Budan kejingi 40 minut Bearzot shәkirtteri үshin ote kiyn boldy algy sheptegi Serzhinyu men Zikony on kanattan Falkao sol kaptaldan Eder ortadan Sokrates koldaganda Braziliyanyn shabuyly kimdi de bolsyn sastyrar edi Falkao tarazy basyn tenestirgen 68 minutka dejin de odan kejin de Dino Dzoff korgagan Italiya kakpasynyn manynda talaj gol soguga kolajly sәtter tuyndady Birak bular bәrine totep berdi Al Rossi karsy shabuyldyn birinde zhenis dobyn sokty 3 2 Bul shabuylshynyn kurama sapyndagy zhalgyz het trigi Esesine kandaj desenizshi Eldin bәri kүderin үzgen Italiyany zhartylaj finalga alyp shykkan nagyz erlikke parapar tarihi het trik Әri karaj Rossidin shabytymen sharyktagan Skuadra adzurrany toktatu mүmkin emes edi Paolo toptyk kezende olispej berispegen Polshanyn kakpasyna kos dop salyp komandasyn finalga alyp shykty Chempionattyn sheshushi ojynyndagy үsh goldyn algashkysy da bizdin kejipkerimizdin enshisinde 57 minutta korgaushy Klaudio Dzhentilenin on kanattan tastagan dobyna kos komandanyn bes alty ojynshysy katar umtyldy birak shabuylshylyk һәm mergendik tүjsik degendi kojsanyzshy dopka bәrinen buryn Rossi zhetti Budan kejingi Tardelli men Alessandro Altobellidin goldaryna nemister tek Paul Brajtnerdin zhalgyz dobymen zhauap kajtardy 1986 zhylgy әlemdik dop dodasynda Bearzot zhas talanttar Dzhanluka Vialli men Dzhuzeppe Galderizige kobirek senim artty da Rossi kur alan zhiegin kүzetip otyrdy da kojdy Meksikadan kelgen son ol bir ak zhyl ojnady 1987 zhyly futbolmen kosh ajtysty Nebәri 31 zhasynda Sebebi bayagy үsh ret operaciya zhasalgan ayagy zhii zhii syr berdi sonyn saldarynan ol buryngy babyna kajta kele almajtynyn tүsindi Ojyn stili Onyn esimin koz zhauyn alar korkem gol avtorlarynyn galereyasynan izdeudin kazheti zhok Sebebi Paolo Rossi zhogaryda ajtkanymyzdaj tek dopty torga tүsirudi gana ojlajtyn golga komagaj shabuylshy edi Ol eshkashan alystan bagyttagan sojkan sokkysymen nemese sheber driblingimen erekshelengen emes Ogan doptyn kakpaga kalaj engeni de bәribir goldarynyn kopshiligi ayagyn tosyp kalu arkyly kiys ketip bara zhatkan sokkynyn bagytyn ozgertu kakpa aldyndagy karbalasta sanauly sekundka iesiz kalgan dopty tүrtip kana torga tүsiru kaptaldardan tastalgan pastardy biliner bilinbes kimylmen gana tiisti nysanaga bagyttau t t Өjtkeni ol karsylastyn ajyp alanynyn koroli ala dopty sol zherde zhүrip andityn mergen Өzi ajtkandaj әu basta ak mergendik kasieti gol sezgish tүjsigi bojyna tua bitken talant 2020 zhyly 9 zheltoksanda kandy irin auruynan kajtys boldy ZhetistikteriKomandalyk Yuventus Eki dүrkin Italiya chempiony 1982 1984 Italiya kubogy 1983 UEFA Kubok ielerinin kubogy 1984 UEFA Chempiondar kubogy 1985 Italiya Әlem chempiony 1982Zhekelej 1982 Altyn butsa FIFA 1982 Altyn dop FIFA 1982 Europanyn үzdik futbolshysy 1982 Әlemnin үzdik futbolshysy 1978 Kүmis dop FIFA FIFA 100 tizimine ilikken 1982 Әlem chempionatynyn surmergeniSiltemelerҰlttyk kuramadagy matchtary Muragattalgan 17 mausymnyn 2018 zhyly Resmi sajty