Орталық жүйке жүйесі (лат. systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады.
Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады.
Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі.
Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан.
Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Сәтбаева Х.І., Адам физиологиясы, А., 1995; Сапин М.Р., Анатомия человека, т.2, М., 2001; Рақышев А., Адам анатомиясы, т. 2, А., 2004.
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ortalyk zhүjke zhүjesi lat systema nervosum centrale adam men zhanuarlardyn zhүjke zhasushalary nejrondar men onyn osindilerinen turatyn zhүjke zhүjesinin en negizgi boligi Mi men zhulynnyn bajlanysy Ortalyk zhүjke zhүjesi omyrtkasyz zhanuarlarda bir birimen tizbektele ornalaskan zhүjke tүjinderinen ganglijlerden al omyrtkaly zhanuarlarda zhulyn men midan turady Tiri organizmdi kurajtyn tүrli organdar zhүjelerinin kyzmetterin үjlestirip rettep otyrady Osy kyzmetterdi Ortalyk zhүjke zhүjesi zhulyn zhүjkeleri 31 zhup men mi zhүjkeleri 12 zhup arkyly atkarady Bul zhүjkeler omyrtkaaralyk zhәne vegetativtik zhүjke tүjinderimen birge shetki zhүjke zhүjesin kurady Әr tүrli receptorlardan titirkenu procesinde pajda bolatyn zhүjke impulstary ortalykka tepkish afferentik zhүjke talshyktary arkyly Ortalyk zhүjke zhүjesine keledi Bul zherde impuls mәlimetteri ondelip Ortalyk zhүjke zhүjesinin oryndaushy bolimderi ortalyktan tepkish efferenttik zhүjke talshyktary arkyly bujrykty tiisti ornyna zhetkizedi Nәtizhesinde Ortalyk zhүjke zhүjesinin en negizgi kyzmeti reflekstin zhүzege asuyn kamtamasyz etedi Ortalyk zhүjke zhүjesinin kalyptasuy Ortalyk zhүjke zhүjesinin oz ishindegi sondaj ak ony organizmnin barlyk organdary zhәne tinderimen bajlanystyratyn otkizgish zholdardyn pajda boluyna әkeledi Ortalyk zhүjke zhүjesinde somalyk animaldyk zhәne vegetativtik zhүjke zhүjelerinin ortalyktary ornalaskan Somalyk zhүjke zhүjesi syrtky titirkendirgishterdi kabyldajdy zhәne kanka bulshyk etterinin kyzmetin baskarady ol organizmnin kimyl kozgalysyn syrtky ortada bir zherden ekinshi zherge zhylzhuyn kamtamasyz etedi Ortalyk mi kyrtysynda ornalaskan ajkyn shektelgen shekarasy zhok yadro zhәne shashyragan bolikterden turady Mi kyrtysynan shykkan impulster mi sabauy men zhulyndagy kozgaltkysh yadrolar arkyly bulshyk etterdi kozgalyska keltiredi Vegetativtik zhүjke zhүjesi ishki organdardyn kyzmetin zat almasudy osip onu procesterin rettejdi Vegetativtik zhүjke zhүjesinin parasimpatikalyk boliginin orta mi kopirinde ortangy zhәne sopaksha mida zhulynnyn segizkozdik bunagynda simpatikalyk boliginin ortalyk zhulynnyn VIII mojyndyk I XII keudelik I II beldik bunagynda ornalaskan Atalgan eki boliktin de kyzmetin biriktirip baskaratyn zhog vegetativtik ortalyk midyn sur zatynyn kuramynda bolady Adam men zhanuarlardyn mi synarlarynyn kyrtysy zhәne kyrtys asty bazaldi yadrolary Ortalyk zhүjke zhүjesinin zhogary dәrezheli zhүjke kyzmetin iske asyratyn ortalygy bolyp tabylady Adamnyn minez kulky onyn sanasy men akyl ojynyn en kүrdeli korinisteri osy mi kyrtysyndagy shartty reflekster arkyly iske asady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Sәtbaeva H I Adam fiziologiyasy A 1995 Sapin M R Anatomiya cheloveka t 2 M 2001 Rakyshev A Adam anatomiyasy t 2 A 2004 Biomorfologiya terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2009 ISBN 9965 822 54 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet