Нағи Ілиясов (6 қараша 1920, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (Сырдария ауданы), Қызыл коммуна ауылы, – 6 мамыр 1987) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Ұлты қазақ. 1929–1936 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936–1939 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939–1941 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2-Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Элиста, , Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуге катысты. Будапешт қаласын (Венгрия) азат етуде корсеткен ерлігі үшін Ілиясовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі коса тапсырылды (24 наурыз 1945). 1945 жылы Мәскеуде Кызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босады. 1946–1950 жылы Қызылорда облысы комитеттерінде хатшы, 1950–1952 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыды. 1952–1956 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түлкібас ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің білім меңгерушісі, 1956–1960 жылы Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» кеңшарының директоры, 1960–1962 жылы облыстық мал дайындау бірлестігінің бас директоры, 1962–1966 жылы Жалағаш ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы мекемесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1966–1972 жылы туған ауылында ашылған 1-күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалды. 1972–1976 жылы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарының директоры, 1976–1981 жылы облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып істеді. Өзі басқарған шаруашылыққа 1992 жылы оның есімі берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Еңбек Кызыл Ту, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nagi Iliyasov 6 karasha 1920 Қyzylorda oblysy Terenozek audany Syrdariya audany Қyzyl kommuna auyly 6 mamyr 1987 2 dүniezhүzilik sogyska katysushy barlaushylar bolimshesinin komandiri efrejtor Ұlty kazak 1929 1936 zhyly Arys zhәne Tashkenttegi balalar үjinde tәrbielengen 1936 1939 zhyly Orta Aziya Memlekettik universitetinde Tashkent okydy 1939 1941 zhyly Tashkent many Zhogary Shyrshyk audanyndagy mektepte mugalim boldy 1941 zhyly tugan eline oralyp 37 Zhәdiger mektebinde nemis tili men tarih pәninen sabak berdi Kenes әskeri kataryna 1942 zhyldyn kantarynda shakyrylyp 2 Ukraina majdanyna karasty 46 armiya 99 atkyshtar diviziyasynyn 473 artilleriya polki 2 diviziony kuramynda Ұly Otan sogysyna katyskan Elista Donbass Kiev Zhitomir kalalaryn azat etuge katysty Budapesht kalasyn Vengriya azat etude korsetken erligi үshin Iliyasovka KSRO Zhogary Kenesi Toralkasynyn Zharlygymen Kenes Odagynyn Batyry atagy berilip Lenin ordeni men Altyn Zhuldyz medali kosa tapsyryldy 24 nauryz 1945 1945 zhyly Mәskeude Kyzyl Alanda otken Zhenis sheruine katysty 1945 zhyly әsker katarynan bosady 1946 1950 zhyly Қyzylorda oblysy komitetterinde hatshy 1950 1952 zhyly Almatydagy Zhogary partiya mektebinde okydy 1952 1956 zhyly Shymkent oblysy kazirgi Tүrkistan oblysy Tүlkibas audany partiya komitetinin hatshysy oblystyk partiya komitetinin bilim mengerushisi 1956 1960 zhyly Terenozek audanyndagy Қaraozek kensharynyn direktory 1960 1962 zhyly oblystyk mal dajyndau birlestiginin bas direktory 1962 1966 zhyly Zhalagash audany atkaru komiteti toragasynyn orynbasary Syrdariya audany auyl sharuashylygy mekemesi bastygynyn orynbasary kyzmetterin atkardy 1966 1972 zhyly tugan auylynda ashylgan 1 kүrish kensharynyn algashky direktorlygyna tagajyndaldy 1972 1976 zhyly Syrdariya audany Komsomol kensharynyn direktory 1976 1981 zhyly oblystyk enbekke ornalastyru zhәne zhumyspen kamtamasyz etu mekemesinde baskarushy bolyp istedi Өzi baskargan sharuashylykka 1992 zhyly onyn esimi berildi Lenin 1 dәrezheli Otan sogysy 2 ret Enbek Kyzyl Tu 3 dәrezheli Dank ordenderimen koptegen medaldarmen marapattalgan DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet