Мұхаммед Хорезмшах, Мұхаммад ІІ Ала-әд-Дин Хорезмшах (1169 – 1220, Каспий теңізіндегі Абескун аралы) – Хорезм мемлекетінің билеушісі (3.8.1200 – 12.1220).
Ануштегіндер әулетінен шыққан. Шын есімі – Кутб әд-Дин Мұхаммад, таққа отырған соң өз әкесінің лақап аты Ала әд-Дин мен Екінші Санжар деген атақ алған.
Мұхаммед Хорезмшах әкесінің орнына таққа отырғаннан кейін мемлекеттік шекараны едәуір кеңейтіп, 1207 жылы Бұхарадағы, 1212 жылы Самарқандтағы бас көтерулерді басып жаныштады. 1210 жылы қарақытайлардың әскерін талқандап, өзіне Искандар-и Сани (Екінші Александр Македонский) деген лақап ат алды. Бағдат халифы ан-Насырмен бәсекеге түсті. Мұхаммед Хорезмшах Самарқанд қаласын астана етті, бұрынғы астана Үргеніште Хорезм мемлекетінде зор ықпалға ие болған шешесі отырды.
1216 жылы Торғай даласында Жошы бастаған моңғол әскерімен шайқасты. Мұхаммед Хорезмшахтың 60 мыңдық әскері 3 күндік шайқаста 20 мыңдық моңғол әскерін жеңе алмады. Бұл шайқастың әсері күшті болды. Мұхаммед Хорезмшах 1219 жылы Шыңғыс ханның әскері шабуылға шыққанда, оған қарсы шешуші шайқасқа шығуға батылы жетпей, өз әскерін елдегі қалалар мен бекіністерге бөліп жіберді. Моңғолдардың Отырарды, Бұхараны, т.б. қалалар мен қамалдарды басып алғанынан хабардар болған Мұхаммед Хорезмшах бәрін тастап қашты. Оны ұстауға Шыңғыс хан өзінің атақты қолбасылары Жебе мен Сүбедей-баһадүрді аттандырды. Олар Мұхаммед Хорезмшахты Каспий теңізінің оңтүстік-батысындағы аралдардың біріне қуып тықты. Мұхаммед Хорезмшах сол жерде қаза тапты. Мұхаммед Хорезмшахтың ұлы әрі мұрагері Жалел Әд-Дин әкесінің денесін қайта жерлеу үшін Исфаһанға апармақ болды. Бірақ Мұхаммед Хорезмшахтың денесі моңғолдардың қолына түсіп, Үгедей хан оны өртеп жіберуге бұйрық берді. Мұхаммед Хорезмшахтың 8 ұлы болды, олардың бәрі моңғол әскерімен болған шайқастарда қаза тапты. Олардың ішіндегі ең әйгілісі әрі тарихта қалғаны Жалел Әд-Дин болды.
Сыртқы сілтемелер
- Мұхаммад ІІ Ала-әд-Дин Хорезмшах
- Мұхаммад ІІ Ала-әд-Дин Хорезмшах Мұрағатталған 19 қазанның 2010 жылы.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Muhammed Horezmshah Muhammad II Ala әd Din Horezmshah 1169 1220 Kaspij tenizindegi Abeskun araly Horezm memleketinin bileushisi 3 8 1200 12 1220 Horezm Anushteginder әuletinen shykkan Shyn esimi Kutb әd Din Muhammad takka otyrgan son oz әkesinin lakap aty Ala әd Din men Ekinshi Sanzhar degen atak algan Muhammed Horezmshah әkesinin ornyna takka otyrgannan kejin memlekettik shekarany edәuir kenejtip 1207 zhyly Buharadagy 1212 zhyly Samarkandtagy bas koterulerdi basyp zhanyshtady 1210 zhyly karakytajlardyn әskerin talkandap ozine Iskandar i Sani Ekinshi Aleksandr Makedonskij degen lakap at aldy Bagdat halify an Nasyrmen bәsekege tүsti Muhammed Horezmshah Samarkand kalasyn astana etti buryngy astana Үrgenishte Horezm memleketinde zor ykpalga ie bolgan sheshesi otyrdy 1216 zhyly Torgaj dalasynda Zhoshy bastagan mongol әskerimen shajkasty Muhammed Horezmshahtyn 60 myndyk әskeri 3 kүndik shajkasta 20 myndyk mongol әskerin zhene almady Bul shajkastyn әseri kүshti boldy Muhammed Horezmshah 1219 zhyly Shyngys hannyn әskeri shabuylga shykkanda ogan karsy sheshushi shajkaska shyguga batyly zhetpej oz әskerin eldegi kalalar men bekinisterge bolip zhiberdi Mongoldardyn Otyrardy Buharany t b kalalar men kamaldardy basyp alganynan habardar bolgan Muhammed Horezmshah bәrin tastap kashty Ony ustauga Shyngys han ozinin atakty kolbasylary Zhebe men Sүbedej baһadүrdi attandyrdy Olar Muhammed Horezmshahty Kaspij tenizinin ontүstik batysyndagy araldardyn birine kuyp tykty Muhammed Horezmshah sol zherde kaza tapty Muhammed Horezmshahtyn uly әri murageri Zhalel Әd Din әkesinin denesin kajta zherleu үshin Isfaһanga aparmak boldy Birak Muhammed Horezmshahtyn denesi mongoldardyn kolyna tүsip Үgedej han ony ortep zhiberuge bujryk berdi Muhammed Horezmshahtyn 8 uly boldy olardyn bәri mongol әskerimen bolgan shajkastarda kaza tapty Olardyn ishindegi en әjgilisi әri tarihta kalgany Zhalel Әd Din boldy Syrtky siltemelerMuhammad II Ala әd Din Horezmshah Muhammad II Ala әd Din Horezmshah Muragattalgan 19 kazannyn 2010 zhyly DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet