Мусоргский Модест Петрович (21.3.1839, Псков губерниясы Карево ауылы – 28.3.1881, Санкт-Петербург) – композитор, пианист. 1849 жылдан Санкт-Петербургте тұрып, пианист А.Геркеден сабақ алған. Кейінірек композитор М.А. Балакиревтің класында оқыды. 1852 ж. ол гвардиялық әскери мектепке түсіп, оны бітірген соң 2 жыл офицер болып қызмет атқарды. Н.А. Римский-Корсаков, В.В. Стасов, А.С. Даргомыжский сынды композиторлармен танысуы оның біржолата музыкаға бет бұруына себеп болды. 1858 ж. әскерден босап, шығармашылық жұмысқа біржола кірісті. Мусоргский алдыңғы қатарлы орыс композиторлары құрған әйгілі “Құдіретті топ” (“Могучая кучка”) шығармашылық достастығының құрамына енді. Ол музыканың ұлттық халықтық сипатын арттырып, фольклорлық мұраны игеруге ден қойды. Мусоргский шығармашылығының шыңы ретінде оның опералары танылады. “Борис Годунов”, “Хованщина” атты опералары. осы жанрдағы дүниежүзілік туындылардың інжу-маржандарынан саналады. Оларға қоса “Сорочин жәрмеңкесі” (1916, Ц.Кюи аяқтаған) атты операсы, фортепиано, оркестр, хор мен оркестр үшін жазған пьеса, интермеццо, скерцо, сюиталары мол. “Көрмедегі көріністер” деген әйгілі суреттеме сюитасын (1874), романстар мен әндерін, “Раек” музыкалық памфлетін, балаларға арналған вокалдық топтамаларын ерекше атауға болады.
Өмірі
Әкесі шенеунік , ал анасы музыкалық білімді пианистка болған екен. Модест 5 жасынан бастап , музыкамен айналысқан.1849 жылы ағасы екеуі Санкт-Петербургктегі неміс мектебіне оқуға барады. 1860 жылдың басында «Саламбо» операсын жазуға кіріседі. Бірақ бұл операсы белгілі бір себептермен аяқталмай қалады. Осы кезде «Калистрат» , «Колыбельная Еремушке» әндерін жазды. 1868 жылы «Борис Годунов» операсын бастап, 1872 жылы сәтті аяқтап бітірді. Осы операның қойылымы 1874 жылы болды. 1872 жылы « Хованщино » операсын бастаған болатын болатын. Бірақ бұл операны жазуға композитордың 10 жылы кетеді. 1874 жылы «Сарачинская ярмарка» операсын жазуға кіріседі. Осы жылы «Көрмедегі суреттер» фортепианалық пьеса жазып бітіреді. Оның аяқтай алмай қалған «Хованщино » операсын Римский – Корсаков аяғына жеткізеді. Денсаулығының нашарлығына байланысты композитор , 1881 жылы қараша айының 3-ші жұлдызында Санкт-Петербургкте дүниеден өтеді.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- "Орыс музыка әдебиеті" М.И.Александров
- Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Musorgskij Modest Petrovich 21 3 1839 Pskov guberniyasy Karevo auyly 28 3 1881 Sankt Peterburg kompozitor pianist 1849 zhyldan Sankt Peterburgte turyp pianist A Gerkeden sabak algan Kejinirek kompozitor M A Balakirevtin klasynda okydy 1852 zh ol gvardiyalyk әskeri mektepke tүsip ony bitirgen son 2 zhyl oficer bolyp kyzmet atkardy N A Rimskij Korsakov V V Stasov A S Dargomyzhskij syndy kompozitorlarmen tanysuy onyn birzholata muzykaga bet buruyna sebep boldy 1858 zh әskerden bosap shygarmashylyk zhumyska birzhola kiristi Musorgskij aldyngy katarly orys kompozitorlary kurgan әjgili Қudiretti top Moguchaya kuchka shygarmashylyk dostastygynyn kuramyna endi Ol muzykanyn ulttyk halyktyk sipatyn arttyryp folklorlyk murany igeruge den kojdy Musorgskij shygarmashylygynyn shyny retinde onyn operalary tanylady Boris Godunov Hovanshina atty operalary osy zhanrdagy dүniezhүzilik tuyndylardyn inzhu marzhandarynan sanalady Olarga kosa Sorochin zhәrmenkesi 1916 C Kyui ayaktagan atty operasy fortepiano orkestr hor men orkestr үshin zhazgan pesa intermecco skerco syuitalary mol Kormedegi korinister degen әjgili suretteme syuitasyn 1874 romanstar men әnderin Raek muzykalyk pamfletin balalarga arnalgan vokaldyk toptamalaryn erekshe atauga bolady M M PetrovichӨmiriӘkesi sheneunik al anasy muzykalyk bilimdi pianistka bolgan eken Modest 5 zhasynan bastap muzykamen ajnalyskan 1849 zhyly agasy ekeui Sankt Peterburgktegi nemis mektebine okuga barady 1860 zhyldyn basynda Salambo operasyn zhazuga kirisedi Birak bul operasy belgili bir sebeptermen ayaktalmaj kalady Osy kezde Kalistrat Kolybelnaya Eremushke әnderin zhazdy 1868 zhyly Boris Godunov operasyn bastap 1872 zhyly sәtti ayaktap bitirdi Osy operanyn kojylymy 1874 zhyly boldy 1872 zhyly Hovanshino operasyn bastagan bolatyn bolatyn Birak bul operany zhazuga kompozitordyn 10 zhyly ketedi 1874 zhyly Sarachinskaya yarmarka operasyn zhazuga kirisedi Osy zhyly Kormedegi suretter fortepianalyk pesa zhazyp bitiredi Onyn ayaktaj almaj kalgan Hovanshino operasyn Rimskij Korsakov ayagyna zhetkizedi Densaulygynyn nasharlygyna bajlanysty kompozitor 1881 zhyly karasha ajynyn 3 shi zhuldyzynda Sankt Peterburgkte dүnieden otedi DerekkozderҚazak enciklopediyasy Orys muzyka әdebieti M I AleksandrovҚazakstan enciklopediyasy VI tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet