Мигель де Сервантес Сааведра (ис. Miguel de Cervantes Saavedra; 29 қыркүйек 1547 жыл, — 23 сәуір 1616 жыл, Мадрид) - әлемге аты әйгілі испан жазушысы.
Мигель де Сервантес | |
Miguel de Cervantes Saavedra | |
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Туған жері | Алькале-де-Энарес, Испания |
Қайтыс болған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
Қайтыс болған жері | Мадрид, Испания |
Мансабы | Романшы, новеллашы, драматург, ақын, солдат |
Жанры | Роман, новелла, трагедия, интермедия |
Қолтаңбасы |
|
Ортаққордағы санаты: Мигель де Сервантес |
Өмірбаян
қаласында иезуиттер коллегиясында (1557 — 61), Мадридте оқыды. Испан әскері қатарында қызмет етіп, еуропа флотының түріктермен соғысында жараланған (1571, сол қолы семіп қалған). 1575 ж. Отанына қайтып келе жатып теңіз қарақшыларының қолына түсіп, Алжирге құлдыққа сатылған. Тұтқыннан 1580 ж. миссионерлер босатып алды. 1587 жылдан Севильяға ауысып, портта сауда ісімен айналысты, онда 3 рет (1592, 1597, 1602) түрмеге жабылды.
Шығармашылық
Әдебиетке жасы ұлғайған шағында келген Сервантес тұңғыш шығармаларын жастық шақ туралы өлеңдерден бастады. Пасторальдық романы “Галатея” (1585) екі бақташының сымбатты сұлу Галатеяға ғашықтық сезімін бейнеледі. Отызға жуық драмалық шығармасы Мадрид театрларында сахналанған. “Алжир каторгасы” пьесасы испан жігітіне арналған сүйіспеншілікті сөз етсе, “Алжир әдет-ғұрпы” алжирлік жұбайлардың тағдырын бейнеледі. “Нумансия” трагедиясына Рим әскері шабуылына қарсы төтеп берген ежелгі қала тұрғындарының ерлігі негіз болған. “Нақыл новеллалары” (1613) повесінде ерлік пен махаббат, уақыт, мінез мәселелері жайлы толғаныстар, адамгершілік, қайырымдылық, т.б. тақырыптар қамтылған еді. Оның “Парнасқа саяхат” поэмасы (1614), “Сегіз комедия мен интермедия” (1615), т.б. туындылары бар. Сервантес есімін дүние жүзіне танытқан шығармасы — “Дон Кихот” романы (1-бөлім 1602 — 05; 2-бөлім 1615). Ол романның 1-бөлімін түрмеде отырғанда жазған. Динамизм мен шиеленіскен оқиғаларға толы романда 700-ге жуық кейіпкер бейнеленген. Өрлеу дәуірінің үздік туындыларының бірі саналатын шығарма әлем әдебиетіне зор ықпал етті. Жазушы серілерді сықақтай отырып, Испаниядағы феод. құрылыстың ыдырауы мен қоғамдық қарым-қатынастардың қым-қуыт оқиғаларын бейнелеген. Романда адамгершілік қасиеттері мол, бірақ өмірден мүлде алшақ тұрған қиялшыл идеалист, сері Дон Кихотқа қарапайым да іскер, өмірге бейім атқосшы Санчо Панса бейнесі қарсы қойылған. Дон Кихот бейнесі кейін қиялшылдықты, шынайы өмірден алыстағандықты аңғартатын жалпылама мән алды. Исландия королінің ұлы Персилестің фриз королінің қызы Сигизмунда үшін күресі баяндалған “Персилес пен Сигизмунданың жиһанкездігі” (1616) романын Сервантес өмірінің соңында жазып кеткен. Ә.Баженов Сервантес шығармаларының 4 томдығын испан тілінен қазақ тіліне аударған (1979 — 83).
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Servantes degen betti karanyz Migel de Servantes Saavedra is Miguel de Cervantes Saavedra 29 kyrkүjek 1547 zhyl 23 sәuir 1616 zhyl Madrid әlemge aty әjgili ispan zhazushysy Migel de ServantesMiguel de Cervantes SaavedraTugan kүniLua error Module Wikidata ishindegi 39 zholynda attempt to concatenate field a nil value Tugan zheriAlkale de Enares IspaniyaҚajtys bolgan kүniLua error Module Wikidata ishindegi 39 zholynda attempt to concatenate field a nil value Қajtys bolgan zheriMadrid IspaniyaMansabyRomanshy novellashy dramaturg akyn soldatZhanryRoman novella tragediya intermediyaҚoltanbasyOrtakkordagy sanaty Migel de ServantesӨmirbayankalasynda iezuitter kollegiyasynda 1557 61 Madridte okydy Ispan әskeri katarynda kyzmet etip europa flotynyn tүriktermen sogysynda zharalangan 1571 sol koly semip kalgan 1575 zh Otanyna kajtyp kele zhatyp teniz karakshylarynyn kolyna tүsip Alzhirge kuldykka satylgan Tutkynnan 1580 zh missionerler bosatyp aldy 1587 zhyldan Sevilyaga auysyp portta sauda isimen ajnalysty onda 3 ret 1592 1597 1602 tүrmege zhabyldy ShygarmashylykӘdebietke zhasy ulgajgan shagynda kelgen Servantes tungysh shygarmalaryn zhastyk shak turaly olenderden bastady Pastoraldyk romany Galateya 1585 eki baktashynyn symbatty sulu Galateyaga gashyktyk sezimin bejneledi Otyzga zhuyk dramalyk shygarmasy Madrid teatrlarynda sahnalangan Alzhir katorgasy pesasy ispan zhigitine arnalgan sүjispenshilikti soz etse Alzhir әdet gurpy alzhirlik zhubajlardyn tagdyryn bejneledi Numansiya tragediyasyna Rim әskeri shabuylyna karsy totep bergen ezhelgi kala turgyndarynyn erligi negiz bolgan Nakyl novellalary 1613 povesinde erlik pen mahabbat uakyt minez mәseleleri zhajly tolganystar adamgershilik kajyrymdylyk t b takyryptar kamtylgan edi Onyn Parnaska sayahat poemasy 1614 Segiz komediya men intermediya 1615 t b tuyndylary bar Servantes esimin dүnie zhүzine tanytkan shygarmasy Don Kihot romany 1 bolim 1602 05 2 bolim 1615 Ol romannyn 1 bolimin tүrmede otyrganda zhazgan Dinamizm men shielenisken okigalarga toly romanda 700 ge zhuyk kejipker bejnelengen Өrleu dәuirinin үzdik tuyndylarynyn biri sanalatyn shygarma әlem әdebietine zor ykpal etti Zhazushy serilerdi sykaktaj otyryp Ispaniyadagy feod kurylystyn ydyrauy men kogamdyk karym katynastardyn kym kuyt okigalaryn bejnelegen Romanda adamgershilik kasietteri mol birak omirden mүlde alshak turgan kiyalshyl idealist seri Don Kihotka karapajym da isker omirge bejim atkosshy Sancho Pansa bejnesi karsy kojylgan Don Kihot bejnesi kejin kiyalshyldykty shynajy omirden alystagandykty angartatyn zhalpylama mәn aldy Islandiya korolinin uly Persilestin friz korolinin kyzy Sigizmunda үshin kүresi bayandalgan Persiles pen Sigizmundanyn zhiһankezdigi 1616 romanyn Servantes omirinin sonynda zhazyp ketken Ә Bazhenov Servantes shygarmalarynyn 4 tomdygyn ispan tilinen kazak tiline audargan 1979 83 Derekkozder