Мес – теріден жасалған ыдыс. Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құяды. Көбінесе ешкінің, бұзаудың бітеудей сыдырылған терісінен жасайды. Оны жасаудың жолы былай: терінің жүнін, шелін алып, иленген соң талдың қабығымен, қынамен бояйды және ыстайды. Ішіндегі сусынды кесе, аяққа құюға ыңғайлы болу үшін местің аузына асықты жіліктің екі басынан кесіп өткізіп қояды. Мес жолаушылар, көшіп-қонушыларға, бақташыларға сусын құйып алып жүреуге өте ыңғайлы ыдыс. Мес ұлт ұғымында толу, жинау мағынасын білдіреді. Білімдар ақын-этнограф Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қолжазбаларының жинағын "Мес" деп атаған.
Сөздің шығу төркіні
Парсы тілінде: мәшк — мес мағынасын бергенімен бұл туынды. Түптей келгенде, парсы тіліндегі «мәшк», қазақ тіліндегі «мес»— ыдысқа тиісті атауды, сол ыдыстың жасалуына себепші болған мал атауынан алынған. Мысалы, парсы тілінде миш — қой, ал Л. Будаговтың көрсетуінше ,«мишь» сөзі парсы тілінде «құйрықты қой» мағынасын бергендігін байқаймыз. Қалай болғанда да парсы тіліндегі «қой» мағынасындағы «миш» сөзі «мес» болып ыдысқа атау қалпына көшкен.Қырғыз тілінде де «меш» қалпында тұлғаланып, қазақ тіліндегі мағынаны меншіктенеді.
Дереккөздер
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mes teriden zhasalgan ydys Қymyz shubat ajran irkit siyakty sүt tagamdaryn kuyady Kobinese eshkinin buzaudyn biteudej sydyrylgan terisinen zhasajdy Ony zhasaudyn zholy bylaj terinin zhүnin shelin alyp ilengen son taldyn kabygymen kynamen boyajdy zhәne ystajdy Ishindegi susyndy kese ayakka kuyuga yngajly bolu үshin mestin auzyna asykty zhiliktin eki basynan kesip otkizip koyady Mes zholaushylar koship konushylarga baktashylarga susyn kujyp alyp zhүreuge ote yngajly ydys Mes ult ugymynda tolu zhinau magynasyn bildiredi Bilimdar akyn etnograf Mәshһүr Zhүsip Kopeev kolzhazbalarynyn zhinagyn Mes dep atagan Sozdin shygu torkiniParsy tilinde mәshk mes magynasyn bergenimen bul tuyndy Tүptej kelgende parsy tilindegi mәshk kazak tilindegi mes ydyska tiisti ataudy sol ydystyn zhasaluyna sebepshi bolgan mal atauynan alyngan Mysaly parsy tilinde mish koj al L Budagovtyn korsetuinshe mish sozi parsy tilinde kujrykty koj magynasyn bergendigin bajkajmyz Қalaj bolganda da parsy tilindegi koj magynasyndagy mish sozi mes bolyp ydyska atau kalpyna koshken Қyrgyz tilinde de mesh kalpynda tulgalanyp kazak tilindegi magynany menshiktenedi DerekkozderBes zhүz bes soz Almaty Rauan 1994 zhyl ISBN 5 625 02459 6 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz