Меланезия (көне грекше: μέλας – қара + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхитындағы негізгі арал топтарының бірі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5000 километрге созылып жатыр. Басты аралдары мен арал топтары: Жаңа Гвинея, Бисмарк топаралы, Сүлеймен (Соломон) аралдары, Жаңа Гебрид топаралы, Жаңа Каледония, Фиджи. Меланезия аралдары — Ұлыбритания, Франция, Австралия Одағының басқаруындағы және қамқорлығындағы аумақ. Фиджи — тәуелсіз мемлекет. Жаңа Гвинеяның батыс бөлігі (Батыс Ириан) Индонезияның құрамына кіреді. Жалпы ауданы 1 миллион километр квадрат шамасында. Меланезия аралдарының ірілері материктік, ұсақтары жанартаулық жолмен пайда болған. Олар альпі геосинклинальдық белдеміне кіреді. Күшті қатпарлануға ұшыраған гнейс, кристалдық тақтатас, әктас және гранит интрузиялары кеңінен таралған. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы (5029 метр). Климаты экваторлық және субэкваторлық, оңтүстік аралдарда тропиктік. Орташа айлық температурасы жыл бойы тұрақты дерлік: ең ыстық ай — ақпанда 25 — 28°C, ең салқын ай — тамызда 21 — 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері таулардың терістік беткейлерінде 700 — 900 миллиметр, қалған бөлігінде 1000 — 2000 миллиметр. Ең ірі өзені — Жаңа Гвинеядағы (ұзындығы 800 километр). Экваторға таяу жатқан солтүстік аралдарда ылғалды тропиктік қалың ормандар өседі (нан ағашы, қауын ағашы, пальма түрлері, тағы басқа). Орталық және оңтүстік аралдарда муссондық ормандар мен саванналар бар. Жануарлар дүниесі австралиялық түрлерге ұқсас (қалталы сүтқоректілер, казуарлар, жұмақ құстары, тағы басқа). Байырғы халқының басым көпшілігі (2/3) папуастар және меланезиялықтар (1/4). Тұрғындары егіншілікпен, балықшылықпен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындау, маржан жинау кәсіптерімен айналысады. Түрлі түсті металл кендері өндіріледі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Melanesia |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Melaneziya kone grekshe melas kara nῆsos araldar Tynyk muhityndagy negizgi aral toptarynyn biri Soltүstik batystan ontүstik shygyska karaj 5000 kilometrge sozylyp zhatyr Basty araldary men aral toptary Zhana Gvineya Bismark toparaly Sүlejmen Solomon araldary Zhana Gebrid toparaly Zhana Kaledoniya Fidzhi Melaneziya araldary Ұlybritaniya Franciya Avstraliya Odagynyn baskaruyndagy zhәne kamkorlygyndagy aumak Fidzhi tәuelsiz memleket Zhana Gvineyanyn batys boligi Batys Irian Indoneziyanyn kuramyna kiredi Zhalpy audany 1 million kilometr kvadrat shamasynda Melaneziya araldarynyn irileri materiktik usaktary zhanartaulyk zholmen pajda bolgan Olar alpi geosinklinaldyk beldemine kiredi Kүshti katparlanuga ushyragan gnejs kristaldyk taktatas әktas zhәne granit intruziyalary keninen taralgan Araldardyn basym boliginin zher bederi tauly En biik zheri Zhana Gvineyadagy Dzhaya tauy 5029 metr Klimaty ekvatorlyk zhәne subekvatorlyk ontүstik araldarda tropiktik Ortasha ajlyk temperaturasy zhyl bojy turakty derlik en ystyk aj akpanda 25 28 C en salkyn aj tamyzda 21 23 S Zhyldyk zhauyn shashynnyn ortasha molsheri taulardyn teristik betkejlerinde 700 900 millimetr kalgan boliginde 1000 2000 millimetr En iri ozeni Zhana Gvineyadagy uzyndygy 800 kilometr Ekvatorga tayau zhatkan soltүstik araldarda ylgaldy tropiktik kalyn ormandar osedi nan agashy kauyn agashy palma tүrleri tagy baska Ortalyk zhәne ontүstik araldarda mussondyk ormandar men savannalar bar Zhanuarlar dүniesi avstraliyalyk tүrlerge uksas kaltaly sүtkorektiler kazuarlar zhumak kustary tagy baska Bajyrgy halkynyn basym kopshiligi 2 3 papuastar zhәne melaneziyalyktar 1 4 Turgyndary eginshilikpen balykshylykpen mal sharuashylygymen zhәne agash dajyndau marzhan zhinau kәsipterimen ajnalysady Tүrli tүsti metall kenderi ondiriledi MelaneziyaDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar MelanesiaBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet