Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – мәдени-мұрағаттық мекеме.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы | |
---|---|
Құрылған уақыты | 1975 |
Орналасқан жері | Қазақстан, Ақтау |
Тарихы
Мұражай негізі 1975 жылы қаланды. 1981 жылы 19 ақпанда алғашқы тұрақты экспозиция келушілерге көрсетіле бастады. Мұражайдың экспозицияларын жасақтау үшін өлке көлемінде және бұрынғы ТМД елдері бойынша тәжірибе алмасу, материалдар жинақтау бағытында көптеген жұмыстар ұйымдастырылды. Табиғат бөлімінің экспозициясы облыстың геоморфологиялық және географиялық жағдайларын таныстырумен басталады. Геология залындағы карта, витрина, шағын диорамалар Маңғыстау палеонтологиясы, пайдалы қазбалары және геологиялық сипатымен таныстырады. Мұражайдың Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына арналған залы мәліметтерінің молдығымен назар аудартады.
Залдары
- Маңғыстаудағы ең алғашқы ізденіс нәтижесінде табылған пайдалы қазбалары, өлкенің өткен күндерінен қалған геологиялық суреттемелер мен палеонтологиялық коллекциялар мұражай қорында сақтаулы.
- Археология залынан археолог А. Г. Медоевтің ғылыми-зерттеу жұмыстарына арқау болған өлкеде өмір сүрген алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдары (2 млн. жыл бұрын), Үстірттен табылған балбал тастар (б. з. б. 4 – 3 ғасырлар), сонымен қатар ежелгі дәуірдегі адам жерлеу ғұрыптары мен өлке үстінен өткен Ұлы Жібек жолы, сауда орталықтары туралы деректер топтастырылған.
- Тарих залында Маңғыстаудың саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайындағы мәліметтер (Мысалы, орыс жасақтарының келуіне байланысты алғашқы салынған бекініс қалалар, сауат ашу мектептері, Иса-Досан бастаған 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі, тағы басқалар тарихи оқиғалар туралы деректер) жинақталған.
- Этнографиялық залда өлкені мекендеген халықтардың 20-ғасырдың басына дейінгі өмір-тұрмысы, негізгі кәсіптері мен шаруашылығы, дәстүрлі қолданбалы өнері (қолөнер бұйымдарының озық үлгілері, киіз үй жасауы, күмістен, бағалы металл мен тастардан жасалған ұлттық зергерлік бұйымдар, тағы басқалар ) жайындағы экспонаттар жинақталған.
- Жаңа тарих залдары Маңғыстау өлкесінің жаңа кезеңдегі елеулі жаңалықтарын (ауылы шаруашылық мен өнеркәсібінің өркендеуі, оқу-ағарту, ғылым мен мәдениет саласының дамуы, өлкенің әдебиеті пен өнерінің өркендеуі, сәулет өнері туралы мағлұматтар) қамтиды. Ғылыми ізденістер нәтижесінде 1999 жылы Қазақстан мұнайының 100 жылдығына орай «Маңғыстау мұнайының тарихы», 2004 жылдары «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында» және осы өлкенің төл перзенті – Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған залдар ашылды. Мұражай қорында 51 мыңнан астам құжаттар мен жәдігерлер жинақталған. 1992 жылы мұражай экспозициялары толық жасақталып бітті. Жылына 450 – 500-ге жуық экскурсия ұйымдастырылады; мұражай экспонаттарын 25 – 30 мыңдай адам тамашалайды. Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Жаңаөзенде және Шетпе кентінде, Бейнеу ауданында (Бейнеу мұражайы) бөлімшелері жұмыс істейді.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Koordinattar 43 39 s e 51 09 sh b 43 650 s e 51 150 sh b 43 650 51 150 G O Ya Mangystau oblystyk tarihi olketanu murazhajy mәdeni muragattyk mekeme Mangystau oblystyk tarihi olketanu murazhajyҚurylgan uakyty 1975Ornalaskan zheri Қazakstan AktauTarihyMurazhaj negizi 1975 zhyly kalandy 1981 zhyly 19 akpanda algashky turakty ekspoziciya kelushilerge korsetile bastady Murazhajdyn ekspoziciyalaryn zhasaktau үshin olke koleminde zhәne buryngy TMD elderi bojynsha tәzhiribe almasu materialdar zhinaktau bagytynda koptegen zhumystar ujymdastyryldy Tabigat boliminin ekspoziciyasy oblystyn geomorfologiyalyk zhәne geografiyalyk zhagdajlaryn tanystyrumen bastalady Geologiya zalyndagy karta vitrina shagyn dioramalar Mangystau paleontologiyasy pajdaly kazbalary zhәne geologiyalyk sipatymen tanystyrady Murazhajdyn Kaspij tenizinin florasy men faunasyna arnalgan zaly mәlimetterinin moldygymen nazar audartady ZaldaryMangystaudagy en algashky izdenis nәtizhesinde tabylgan pajdaly kazbalary olkenin otken kүnderinen kalgan geologiyalyk surettemeler men paleontologiyalyk kollekciyalar murazhaj korynda saktauly Arheologiya zalynan arheolog A G Medoevtin gylymi zertteu zhumystaryna arkau bolgan olkede omir sүrgen algashky adamdardyn pajdalangan enbek kuraldary 2 mln zhyl buryn Үstirtten tabylgan balbal tastar b z b 4 3 gasyrlar sonymen katar ezhelgi dәuirdegi adam zherleu guryptary men olke үstinen otken Ұly Zhibek zholy sauda ortalyktary turaly derekter toptastyrylgan Tarih zalynda Mangystaudyn sayasi zhәne әleumettik ekonomikalyk zhagdajy zhajyndagy mәlimetter Mysaly orys zhasaktarynyn keluine bajlanysty algashky salyngan bekinis kalalar sauat ashu mektepteri Isa Dosan bastagan 1870 zhylgy Mangystau koterilisi tagy baskalar tarihi okigalar turaly derekter zhinaktalgan Etnografiyalyk zalda olkeni mekendegen halyktardyn 20 gasyrdyn basyna dejingi omir turmysy negizgi kәsipteri men sharuashylygy dәstүrli koldanbaly oneri koloner bujymdarynyn ozyk үlgileri kiiz үj zhasauy kүmisten bagaly metall men tastardan zhasalgan ulttyk zergerlik bujymdar tagy baskalar zhajyndagy eksponattar zhinaktalgan Zhana tarih zaldary Mangystau olkesinin zhana kezendegi eleuli zhanalyktaryn auyly sharuashylyk men onerkәsibinin orkendeui oku agartu gylym men mәdeniet salasynyn damuy olkenin әdebieti pen onerinin orkendeui sәulet oneri turaly maglumattar kamtidy Ғylymi izdenister nәtizhesinde 1999 zhyly Қazakstan munajynyn 100 zhyldygyna oraj Mangystau munajynyn tarihy 2004 zhyldary Қazakstan tәuelsizdik zhyldarynda zhәne osy olkenin tol perzenti Қazakstannyn halyk zhazushysy memlekettik zhәne kogam kajratkeri Ә Kekilbaevtyn omiri men shygarmashylygyna arnalgan zaldar ashyldy Murazhaj korynda 51 mynnan astam kuzhattar men zhәdigerler zhinaktalgan 1992 zhyly murazhaj ekspoziciyalary tolyk zhasaktalyp bitti Zhylyna 450 500 ge zhuyk ekskursiya ujymdastyrylady murazhaj eksponattaryn 25 30 myndaj adam tamashalajdy Mangystau oblystyk tarihi olketanu murazhajynyn Zhanaozende zhәne Shetpe kentinde Bejneu audanynda Bejneu murazhajy bolimsheleri zhumys istejdi DerekkozderMangystau enciklopediyasy Almaty 1997