Лаванда (лат. Lavandula) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті өсімдік. Лаванданың аты шөп болғанымен, заты иісі жұпар аңқыған, күрең-көк түсті кішкене гүл. Хош иісі аңқып тұратындықтан, жұрт оны “Жым-жылас жұпар таратқыш өсімдік” деп атаған.
Lavender | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Lavender flowers | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
39 түрі белгілі |
Мекені
Лаванданың байырғы мекені – Жерорта теңізінің жағалауы және соның айналасы. Қытайдың Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі Іле сияқты өңірлер, Францияның Пловансымен бір ендікте жатқандықтан, әрі ауа райы да, топырағының сипаты да соған ұқсас болғандықтан, Қытай лавандасының өсіп-өнген мекені осы өңір. Іле өзенінің аңғары мамыр, маусым айларында жамырай шешек атқан көктеңбіл гүлге толып кетеді. Самал жел желпіп өткенде, лаванда гүлдерінің көк теңбіл телегейі теңіздей толқып, құлпырып көз тартады .
Тарихы және қасиеттері
Лаванда емшілікте көп пайдаланатындықтан “Жұпар иісті шөп дәрілердің патшайымы” атанған. Ерте заманда, емшілік пен дәрі-дәрмектің тапшы кезінде лаванда “кедейдің шөп дәрісі” деп аталған. Оның иісінің адамды тыныштандырып, көңілдің кірін кетіретін қасиеті бар. Лаванданың иісі пәле-жаладан, ұшықтан сақтайды дейтін де аңыз бар. Жұрт оның бірнеше талын киімдерінің, кітаптарының арасына салып қояды. Лаванда құрт түсірмейді, күйеден сақтайды. Хош иісі де бірнеше жыл кете қоймайды. Лаванда гүлдерінің қауашағынан алынған, лаванданың сығынды майының пайдалану аясы аса кең болғандықтан, жұрт оны “Майлардың төресі” деп атаған. XVIII ғасырдан кейін лаванданың жауһарынан алынған иісті майлар дегдар, жұпарлы болып келетіндіктен “Хош иісті майлардың әулиесі” атанған.
Ертедегі гректер хош иісті бұл өсімдікті, сол заманда-ақ танып-біліп, моншаға жуынғанда иісі бұрқырап тұру үшін пайдаланған. “Лаванда” деген латын сөзінің мағынасының өзі “жуу” дегенді білдіреді. Еуропалықтар лавандадан жасалған иісті қапшықтарды киім ілетін сөрелерге қойып, киімге күл, күйе түсуден сақтануға пайдаланған. Ал, гректер лаванданы жөтелді емдеуге қолданған.
Лаванданың өндірістік шумақтары аса ұзын. Лаванданың хош иістілігі, дәрілік қасиеті, табиғи күлгін түсі, азықтық қасиеті және гүл көркі осы қасиеттерінің барлығы тал бойына жинақталған. Лаванда Еуропа, АҚШ, Жапония қатарлы елдерде өнім ретінде өндіріліп, адамдардың күнделікті тұрмысының әртүрлі салаларына пайдаланылып келеді. Францияның оңтүстігіндегі Плованс пен Жапонияның хоккайдо аймағының Фурано деген өңірлері әлемдегі лаванданың ең жақсы өсетін жерлері. Шинжяң да дүниежүзі бойынша лаванданың өсуіне қолайлы аз санды өңірлердің бірі. 1965 жылы Шинжяң Франциядан лаванданың 3 түрлі тұқымын әкеліп еккен болатын, 40 жылдан бергі бағып-баптаудың арқасында, Шинжяң Қытайдағы ең ірі, әрі бірден-бір лаванда өсіретін базаға айналды. Шинжяң лавандасы қазіргі кезде әлемдегі 8 ірі маңдай алды өнімнің біріне айналып отыр.
Лавандадан денсаулықты сақтайтын өнімдер, иісті материалдар, дәрі-дәрмек жасау салалары бойынша жетілдіру құндылығы аса жоғары. Лаванда гүлінің қауашағынан алынған сығынды майлардың құрамында сірке қышқылды лаванда естері, ароматты комфора спирті, ароматты фитол сияқты заттар, шампо иіс сабын, әтір сияқты күнделікті безену бұйымдарын жасауда кең көлемде пайдаланылады. Хош иісті өнімдер өндірісінің маңызды шикізаты. Лаванданың кептірілген гүлінен жасаған дәрі-дәрмектер адамды тыныштандырады, желді айдайды, несепті жүргізеді, қуат беріп, күшейтеді. Лаванда иммунитеттік жүйені күшейтіп, терінің қалпына келу функциясын жетілдіреді. Күйген, операция жасаған орындарда қалған тыртықтардың жазылуына аса пайдалы.
XX ғасырдың 90 жылдарынан кейін Шинжяңдағы туризм зкономикасының қарқын алуына байланысты, лаванданың 3 түрлі қасиеті ұштасқан аса үлкен құндылығы адамдардың назарын аудара бастады. Лаванданың жас гүлі, сығынды майларының және кептірілген гүлдерінің базарларда қаны жерге тимей кетті. Лаванда сығынды майларының нарықтағы ең төмен бағасы әр кг-на 700 юан болды. Ішкі өлкелердегі көптеген сауда орындары Шинжяңнан лаванданы сатып алып, олардан жоғары сапалы безенетін өнімдерді туристік кәде-сыйлар мен әйелдер тұтынатын өнімдерді өндіреді.
Нарықтағы сұраныстың қажетіне қарай, Шинжяң лавандасының егістік қөлемі де барған сайын кеңейіп келеді. 2005 жылы Шинжяң лауандасының егістік көлемі 21 мың муға жетіп, өнім шамасы 100 т-дан асты. Бұл Қытайдағы лаванданың егістік көлемі мен өнімінің 99 пайызын ұстайды. Лаванда қуаңшылыққа аса төзімді, Шинжяңдағы егістік жерлерді жайылымға ауыстыруға, жел мен құмды тосуға, жаратылыстық ортаны қорғауға аса пайдалы. Шинжяңдағы көптеген диқандар лаванданы байлыққа қол жеткізетін экономикалық дақыл ретінде бағалауда.
Галерея
- Lavender flower
- Lavender flowers
- Lavandula stoechas
- Lavender farm in Tasmania
- A lavender farm in .
- Flower of cultivated lavender; Lavandula stoechas or Spanish lavender.
- Hardy and disease resistant; Lavandula Intermedia or Silver Edge lavender.
- Lavender plant.
Сыртқы сілтемелер
- Medicinal use Мұрағатталған 22 қарашаның 2008 жылы. from University of Maryland Medical Center
- [1] from countryside.org. Commercial uses for dried lavender at the Countryside Herbal Farm
- Flora of Missouri Native Plants for Landscaping Мұрағатталған 27 мамырдың 2010 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Lavanda lat Lavandula eringүldiler tukymdasyna zhatatyn hosh iisti osimdik Lavandanyn aty shop bolganymen zaty iisi zhupar ankygan kүren kok tүsti kishkene gүl Hosh iisi ankyp turatyndyktan zhurt ony Zhym zhylas zhupar taratkysh osimdik dep atagan LavenderLavender flowersDүniesi ӨsimdikterBolimi Gүldi osimdikterTaby Қos zharnaktylar unranked AsteridsSaby Tukymdasy LamiaceaeKishi tukymdasy Tegi Lavandula L tүrleri39 tүri belgiliMekeniLavandanyn bajyrgy mekeni Zherorta tenizinin zhagalauy zhәne sonyn ajnalasy Қytajdyn Tyan Shan tauynyn soltүstigindegi Ile siyakty onirler Franciyanyn Plovansymen bir endikte zhatkandyktan әri aua rajy da topyragynyn sipaty da sogan uksas bolgandyktan Қytaj lavandasynyn osip ongen mekeni osy onir Ile ozeninin angary mamyr mausym ajlarynda zhamyraj sheshek atkan koktenbil gүlge tolyp ketedi Samal zhel zhelpip otkende lavanda gүlderinin kok tenbil telegeji tenizdej tolkyp kulpyryp koz tartady Tarihy zhәne kasietteriLavanda emshilikte kop pajdalanatyndyktan Zhupar iisti shop dәrilerdin patshajymy atangan Erte zamanda emshilik pen dәri dәrmektin tapshy kezinde lavanda kedejdin shop dәrisi dep atalgan Onyn iisinin adamdy tynyshtandyryp konildin kirin ketiretin kasieti bar Lavandanyn iisi pәle zhaladan ushyktan saktajdy dejtin de anyz bar Zhurt onyn birneshe talyn kiimderinin kitaptarynyn arasyna salyp koyady Lavanda kurt tүsirmejdi kүjeden saktajdy Hosh iisi de birneshe zhyl kete kojmajdy Lavanda gүlderinin kauashagynan alyngan lavandanyn sygyndy majynyn pajdalanu ayasy asa ken bolgandyktan zhurt ony Majlardyn toresi dep atagan XVIII gasyrdan kejin lavandanyn zhauһarynan alyngan iisti majlar degdar zhuparly bolyp keletindikten Hosh iisti majlardyn әuliesi atangan Ertedegi grekter hosh iisti bul osimdikti sol zamanda ak tanyp bilip monshaga zhuynganda iisi burkyrap turu үshin pajdalangan Lavanda degen latyn sozinin magynasynyn ozi zhuu degendi bildiredi Europalyktar lavandadan zhasalgan iisti kapshyktardy kiim iletin sorelerge kojyp kiimge kүl kүje tүsuden saktanuga pajdalangan Al grekter lavandany zhoteldi emdeuge koldangan Lavandanyn ondiristik shumaktary asa uzyn Lavandanyn hosh iistiligi dәrilik kasieti tabigi kүlgin tүsi azyktyk kasieti zhәne gүl korki osy kasietterinin barlygy tal bojyna zhinaktalgan Lavanda Europa AҚSh Zhaponiya katarly elderde onim retinde ondirilip adamdardyn kүndelikti turmysynyn әrtүrli salalaryna pajdalanylyp keledi Franciyanyn ontүstigindegi Plovans pen Zhaponiyanyn hokkajdo ajmagynyn Furano degen onirleri әlemdegi lavandanyn en zhaksy osetin zherleri Shinzhyan da dүniezhүzi bojynsha lavandanyn osuine kolajly az sandy onirlerdin biri 1965 zhyly Shinzhyan Franciyadan lavandanyn 3 tүrli tukymyn әkelip ekken bolatyn 40 zhyldan bergi bagyp baptaudyn arkasynda Shinzhyan Қytajdagy en iri әri birden bir lavanda osiretin bazaga ajnaldy Shinzhyan lavandasy kazirgi kezde әlemdegi 8 iri mandaj aldy onimnin birine ajnalyp otyr Lavandadan densaulykty saktajtyn onimder iisti materialdar dәri dәrmek zhasau salalary bojynsha zhetildiru kundylygy asa zhogary Lavanda gүlinin kauashagynan alyngan sygyndy majlardyn kuramynda sirke kyshkyldy lavanda esteri aromatty komfora spirti aromatty fitol siyakty zattar shampo iis sabyn әtir siyakty kүndelikti bezenu bujymdaryn zhasauda ken kolemde pajdalanylady Hosh iisti onimder ondirisinin manyzdy shikizaty Lavandanyn keptirilgen gүlinen zhasagan dәri dәrmekter adamdy tynyshtandyrady zheldi ajdajdy nesepti zhүrgizedi kuat berip kүshejtedi Lavanda immunitettik zhүjeni kүshejtip terinin kalpyna kelu funkciyasyn zhetildiredi Kүjgen operaciya zhasagan oryndarda kalgan tyrtyktardyn zhazyluyna asa pajdaly XX gasyrdyn 90 zhyldarynan kejin Shinzhyandagy turizm zkonomikasynyn karkyn aluyna bajlanysty lavandanyn 3 tүrli kasieti ushtaskan asa үlken kundylygy adamdardyn nazaryn audara bastady Lavandanyn zhas gүli sygyndy majlarynyn zhәne keptirilgen gүlderinin bazarlarda kany zherge timej ketti Lavanda sygyndy majlarynyn naryktagy en tomen bagasy әr kg na 700 yuan boldy Ishki olkelerdegi koptegen sauda oryndary Shinzhyannan lavandany satyp alyp olardan zhogary sapaly bezenetin onimderdi turistik kәde syjlar men әjelder tutynatyn onimderdi ondiredi Naryktagy suranystyn kazhetine karaj Shinzhyan lavandasynyn egistik kolemi de bargan sajyn kenejip keledi 2005 zhyly Shinzhyan lauandasynyn egistik kolemi 21 myn muga zhetip onim shamasy 100 t dan asty Bul Қytajdagy lavandanyn egistik kolemi men oniminin 99 pajyzyn ustajdy Lavanda kuanshylykka asa tozimdi Shinzhyandagy egistik zherlerdi zhajylymga auystyruga zhel men kumdy tosuga zharatylystyk ortany korgauga asa pajdaly Shinzhyandagy koptegen dikandar lavandany bajlykka kol zhetkizetin ekonomikalyk dakyl retinde bagalauda GalereyaLavender flower Lavender flowers Lavandula stoechas Lavender farm in Tasmania A lavender farm in Flower of cultivated lavender Lavandula stoechas or Spanish lavender Hardy and disease resistant Lavandula Intermedia or Silver Edge lavender Lavender plant Syrtky siltemelerMedicinal use Muragattalgan 22 karashanyn 2008 zhyly from University of Maryland Medical Center 1 from countryside org Commercial uses for dried lavender at the Countryside Herbal Farm Flora of Missouri Native Plants for Landscaping Muragattalgan 27 mamyrdyn 2010 zhyly