Көпаяқтылар (лат. Myrіapoda) немесе Қырықаяқтар – буынаяқтылар типі кеңірдек тыныстылар тип тармағының бір класы. Жер шарында кең тараған 53 мыңнан астам түрі бар, басым көпшілігі құрлықта (ағаш, тастардың астында тұрғын үйлерде) тіршілік етеді.
Көпаяқтылар Қазбалық ауқымы: Late Silurian–Recent | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Representatives of the four myriapod classes. Clockwise from top left: , , , and . | ||||||
| ||||||
|
Жіктелуі
Көпаяқтылар
- (Symphyla),
- (Pauropoda),
- (Chіlopoda) және
- қосжұпаяқтылар (Dіplopoda) деген төрт класс тармағына бөлінеді.
Сипаттамасы
Денесінің ұзындығы 1 – 3 мм-ден 28 см-ге дейін, дене сегменттерінің әрқайсысында жұп немесе екі жұп аяқтары орналасқан, олардың саны өте көп (кейбір түрлерінде 180 жұпқа дейін), кластың аты осыған байланысты қойылған.
Бұлардың денесі 2 бөлімнен: бас бөлімінен және тұлғадан тұрады. Бас бөлімі тұлғасынан айқын ажыраған, оның құрамында акрон және оған біріккен 4 сегменті болады. Акронда 1 жұп мұртшалары (антенналары) және жұп фасеттік көздері орналасқан. Мұртшалары көп түрлерінде жіп тәріздес иіс және сипап сезу қызметін атқарады. Тұлға бөлімінің сегменттері айқын бөлінген, олардың саны әр түрлі (мыс., пауроподаларда – 14, симфилаларда – 18, ерінаяқтыларда – 181).
Көпаяқтылардың аяқтарының құрылысы да ұқсас, бірнеше буыннан (6 – 8) тұрады. Денесі бір қабатты гиподермальді клеткаларынан бөлінген хитинді немесе ізбес сіңген кутикуламен қапталған. Гиподермальді эпителий қабаты бір және көп клеткалы тері бездеріне бай (олардың ішінде қорғаныш қызметін атқаратын бездер де бар). Олар тұлға сегменттерінің арқа жағында орналасып, әр түрлі секреттерді (безден бөлінетін зат) сыртқа бөліп шашады.
Көпаяқтылардың ас қорыту жүйесі түтік тәрізді, тек артқы ішегі қысқа, имек болып келеді. Көпаяқтылар тек кеңірдек (трахея) арқылы тыныс алады. Кеңірдектегі газ алмасу процесі бұлшық еттердің жиырылып босаңсуы дене көлемінің өзгеруі нәтижесінде жүреді. Көпаяқтылардың жақсы дамыған жүрегімен қоса, перифериялық қан тамырлары бар. Жүрегі дене сегменттеріне сәйкес камераларға бөлінген.
Көпаяқтылардың жүйке жүйесі ми, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Жұп мұртшалары иіс және дәм сезгіш түкшелеріне бай, олар иіс және дәм сезу қызметін атқарады.
Көпаяқтылар – дара жынысты. Аталық және аналық жыныс бездерінің бастапқы жұп күйінде сақталғандары (пауроподаларда) да кездеседі, көбінесе, дара бір ғана без түрінде болады. Көптеген Көпаяқтылар тура және аноморфозды даму жолымен жүреді. Көптеген Көпаяқтылар ұрпағын сақтауға бейім, олар жұмыртқаларын арнайы ұяшықтарға салады, кейде жұмыртқаларының үстінде спиралша оралып, ұрық шыққанша қоректенбей жатады. К-дың шығаратын секреті улы, адам терісіне тисе күлбіретіп жібереді. Кейбір түрі камфораның күйдіргіш дәмі мен исі болатын сүт тәрізді сұйық шығарады. Ал тропиктік түрлерінің секретінің құрамында бадамның ащы исі бар синиль қышқылы болады.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kopayaktylar lat Myriapoda nemese Қyrykayaktar buynayaktylar tipi kenirdek tynystylar tip tarmagynyn bir klasy Zher sharynda ken taragan 53 mynnan astam tүri bar basym kopshiligi kurlykta agash tastardyn astynda turgyn үjlerde tirshilik etedi Kopayaktylar Қazbalyk aukymy Late Silurian Recent PreK K O S D Kr P T Yu B Pg NRepresentatives of the four myriapod classes Clockwise from top left and Dүniesi ZhanuarlarZhamagaty BuynayaktylarKishi zhamagaty Myriapoda 1802 extinct Trigoniulus corallinusZhikteluiKopayaktylar Symphyla Pauropoda Chilopoda zhәne koszhupayaktylar Diplopoda degen tort klass tarmagyna bolinedi SipattamasyDenesinin uzyndygy 1 3 mm den 28 sm ge dejin dene segmentterinin әrkajsysynda zhup nemese eki zhup ayaktary ornalaskan olardyn sany ote kop kejbir tүrlerinde 180 zhupka dejin klastyn aty osygan bajlanysty kojylgan Bulardyn denesi 2 bolimnen bas boliminen zhәne tulgadan turady Bas bolimi tulgasynan ajkyn azhyragan onyn kuramynda akron zhәne ogan birikken 4 segmenti bolady Akronda 1 zhup murtshalary antennalary zhәne zhup fasettik kozderi ornalaskan Murtshalary kop tүrlerinde zhip tәrizdes iis zhәne sipap sezu kyzmetin atkarady Tulga boliminin segmentteri ajkyn bolingen olardyn sany әr tүrli mys pauropodalarda 14 simfilalarda 18 erinayaktylarda 181 Kopayaktylardyn ayaktarynyn kurylysy da uksas birneshe buynnan 6 8 turady Denesi bir kabatty gipodermaldi kletkalarynan bolingen hitindi nemese izbes singen kutikulamen kaptalgan Gipodermaldi epitelij kabaty bir zhәne kop kletkaly teri bezderine baj olardyn ishinde korganysh kyzmetin atkaratyn bezder de bar Olar tulga segmentterinin arka zhagynda ornalasyp әr tүrli sekretterdi bezden bolinetin zat syrtka bolip shashady Kopayaktylardyn as korytu zhүjesi tүtik tәrizdi tek artky ishegi kyska imek bolyp keledi Kopayaktylar tek kenirdek traheya arkyly tynys alady Kenirdektegi gaz almasu procesi bulshyk etterdin zhiyrylyp bosansuy dene koleminin ozgerui nәtizhesinde zhүredi Kopayaktylardyn zhaksy damygan zhүregimen kosa periferiyalyk kan tamyrlary bar Zhүregi dene segmentterine sәjkes kameralarga bolingen Kopayaktylardyn zhүjke zhүjesi mi zhutkynshak asty gangliyasynan zhutkynshak manyndagy sakina konnektivadan zhәne kursak zhүjke tizbeginen kuralgan Zhup murtshalary iis zhәne dәm sezgish tүkshelerine baj olar iis zhәne dәm sezu kyzmetin atkarady Kopayaktylar dara zhynysty Atalyk zhәne analyk zhynys bezderinin bastapky zhup kүjinde saktalgandary pauropodalarda da kezdesedi kobinese dara bir gana bez tүrinde bolady Koptegen Kopayaktylar tura zhәne anomorfozdy damu zholymen zhүredi Koptegen Kopayaktylar urpagyn saktauga bejim olar zhumyrtkalaryn arnajy uyashyktarga salady kejde zhumyrtkalarynyn үstinde spiralsha oralyp uryk shykkansha korektenbej zhatady K dyn shygaratyn sekreti uly adam terisine tise kүlbiretip zhiberedi Kejbir tүri kamforanyn kүjdirgish dәmi men isi bolatyn sүt tәrizdi sujyk shygarady Al tropiktik tүrlerinin sekretinin kuramynda badamnyn ashy isi bar sinil kyshkyly bolady DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet