Күлтөбе – Қазақстан Республикасының Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан ежелгі бекіністі қоныс және археологиялық ескерткіш. Нысан – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген ескерткіш – Түркістан қаласының шығысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі буферлік оңтүстік аймағында, 480 м жерде орналасқан (Ордабасы ауданы, Сарыарқа ауылынан 1 шақырым солтүстікте, Арыс өзенінің сол жағалауында).
Құрылысы
Сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Кейінгі заманда ескерткіштің топографиясы қатты өзгеріске ұшыраған. Оның оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында құрылыс үшін топырағы қазылған жыралар, қыраттың үстіңгі жағында сопақша және төрткүлді көптеген орлар бар, бекініс арқылы дала жолы шығады. Алайда сақталып келген топографиялық белгілер «алаңқайлы төбе» үлгісіндегі ескерткіш екенін анықтауға мүмкіндік береді, ол ертедегі ортағасырлық қоныс үлгісіне тән болып келеді.
Түркістан қаласының бертінгі ортағасырлық тарихының соңғы кезеңінде, бәлкім, 19-ғасырда Күлтөбе қыраты, бүкіл Оңтүстік рабат сияқты, бекініс қабырғаларымен қоршалғандықтан, Күлтөбе ортағасырлық Түркістанның әскери құрылыс жүйесіне жатады. Осы жағдай 1940 жылдың аяғында Оңтүстік Қазақстан экспедициясы Түркістан бекінісінің орнын алдын ала зерттеген кезде Күлтөбені бертінгі ортағасырлық заман қабаттарындағы дербес ескерткіш ретінде анықтауға мүмкіндік бермесе керек.
Күлтөбеге жүргізілген археологиялық зерттеулер
Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды жүргізген зерттеу
Күлтөбе жөніндегі алғашқы археология материалдарды Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды берді. 1972 жылы қазба жұмысы қыраттың батыс бөлігінен басталды, бірақ 18–19 ғасырларға жататын әдеттегі тұрғын үй кешендерінің жоғары қабаттары топырақтан аршылғаннан кейін ондағы жұмыс тоқтатылды, Күлтөбеден кездейсоқ табылған 7–8 ғасырлардағы Отырар зергерлігінің теңгелері мен аршылған төмненгі қабаттардан жиналған ерте ортағасырлық қыш ыдысы туралы мағлұматтар ғана жарияланды. Осының негізінде ертедегі Иасы қонысының іздерін бертінгі ортағасырлық Түркістан қаласы қабаттары астынан емес, керісінше, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен біршама оңтүстікке қарай іздеу керек деген М.Е.Массонның болжауы тұжырымдалды.
Түркістан археология отряды (Е.А.Смағұлов) жүргізген стратиграфиялық зерттеу
Алайда Күлтөбеде 1981–1984 жылдары Түркістан археология отряды (Е.Ә.Смағұлов) жүргізген стратиграфиялық зерттеулер нәтижесі арқылы ой тұжырымдау керек. Бекініс орнының оңт-тегі шетінен 70 м2-ден астам алаңда стратиграфиялық қазба жұмысы жүргізілді. Ол Күлтөбенің мәдени шегінділерінің бүкіл қатқабатын ашты. Қазба 6 м болды (1–12 қабаттар) және одан тереңдей түсті (13–14 қабаттар). Мәдени қабат 7 құрылыс белдеуіне бөлінді.
Қыш ыдыстар мен тас дән үккіш қалдықтары табылған 10–12 қабаттар бірінші құрылыс белдеуіне (төменнен санағанда) біріктірілді. Мұнда қандай да бір құрылыс қалдығының іздері байқалмайды. Осы маңнан табылған барлық 23 қыш ыдыстардың сынықтары шартты түрде бірінші құрылыс белдеуіне біріктірілді. Отырар-Түркістан аймағындағы ерте ортағасырлық қыш ыдыстардың археология жағынан жан-жақты зерттелмеуі, сондай-ақ Күлтөбе белдеуінен қыш ыдыстардың аз табылуы олардың осында қашаннан бері жатқанын дәл анықтауға мүмкіндік бермей отыр. Алайда 1–2-құрылыс белдеуінен табылған қыш бұйымдарды 2-кезеңіне (4–5 ғ-лар) жатқызуға болады. 2-құрылыс белдеуінде (8–9-қабаттар) 5-мекенжайдың (ішінара) үлкен қабырғалары табылды. Қабырғалардың қалыңд. 1,4 м-ге дейін жетеді, олар көл. 40х20х9–10 см шикі кірпіштен қаланған. Мекенжайда ені тар, қабырғалық жатаған сатылардың ізі қалған.
3-белдеуде (6-қабат) үйдің жобасы өзгерген, бірақ қабырғалардың жалпы бағдары сақталып қалған. Қазбаның ортасында үлкен шаршы тәріздес мекенжай табылды, сақталған қабырғалары 0,5–0,6 м. Мекенжайдың Оңтүстік бөлігінің орта шенінде еденнен көлемді балқыма дағы байқалды, оның жанынан жебенің сүйек ұштығы табылды. Балқыманың астынан қабірдің аузы аршылды, ол 10-қабатқа түсірілген. Қабірдің сол жақ бүйірінен аяқтарын бауырына басып жатқан басы жоқ жылқының қаңқасы тазартылып алынды, ол батысқа қарай бағдарланған. Оның алдыңғы аяғының жанынан сопақша келген темір үзеңгі, төм. жағында төрт қырлы сырғалығы бар белдік, белдіктің күміс қаптырмасы және жалғыз шығыршықты темір ауыздық табылды. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасынан қойдың жамбас сүйектері кезікті.
3-құрылыс белдеуінен табылған қыш бұйымдар кешені, негізінен, күнделікті үй ыдыстары. Күлтөбе құрылысында Мальта кресіне үйлесетін дөңгелек пішінді келген қалақтас көптеп табылды, олар Таразды қазған кезде, 7–8 ғ-лардың қабаттарынан ұшырасты. Тым ерте замандағы сәулет өнері ою-өрнектері бейнеленген Самарқан қазындысы ошақтарындағы сәндік безендіруден де осы тәріздес дөңгелек қалақтас бөліктері ұшырасты. Қабірден табылған темір үзеңгі, жалғыз шығыршықты темір ауыздық, сондай-ақ белдіктің күміс қаптырмасы Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы жылқы көмілген азын-аулақ қабірлерден де ұшырасып отырады. Сондықтан зерттеушілер оны 6–7 ғ-лардың аяғына, яғни Түрік қағандығы жорықтарының уақытына жатқызады, осы жорықтар кезінде Алтай түріктерінің әр алуан топтары – телелер мен олардың одақтасы Орта Азия телелері Еуразияның кең байтақ далаларын кеңінен мекендеген еді, олай болса Күлтөбенің 3-құрылыс белдеуін 7 ғ-дың 1-жартысына жатқызуға негіз бар. Ал 2- және 1-құрылыс қабаты төменірек орналасқан, олардың уақытын 4 ғ-ға жатқызуға болады, бұған осы белдеулердің қыш бұйымдарына жасалған талдау негіз болады.
3- белдеуді жауып жатқан 4-белдеуден қандай да бір құрылыс конструкциялары табылып отырған жоқ. Онда тек еденнің көмескі деңгейі мен қолданылатын мақсаты белгісіз пештің едендігінің қалдығы ғана анықталды.
Осыдан жоғары жатқан 5-белдеуде 2 мекенжайдың қалдықтары табылды, олардың әрқайсысынан едендерінің салыну деңгейі бойынша құрылыс дәуірлері анықталды және төрткүлді жер ошақтар, сонымен іргелес орналастырылған тандырлар тазартылды.
6-құрылыс белдеуі (3-саты) қазындысының бүкіл алаңы күйдірілген шаршы кірпішпен төселген, солардың бірінің астынан 13 ғ-дың аяғы – 14 ғ-дың 1-жартысындағы шағатайлық (күміс және қола) теңгелерінің қоймасы табылды, олар ангоб әшекейі салынған ыдыс бүйірінің сынығынан алынды. Теңгелердің тотығуынан мата қалдығына түскен ізге қарай отырып, олардың матадан тігілген қалташада болғанын және оған шамасы ақық тастан жасалған 2 моншақ тігілгенін анықтауға болады.
Осы олжадан жарты метр жерде, 6-құрылыс белдеуінің еденіндегі кірпіш төсенішінің астынан бір тұтқалы бүтін қыш құмыра табылды, оның аузы дөңгелек тегіс ұсақ жұмыр таспен бекітіліп, жоғ. жағынан құрсаулы тостағанның түбімен жабылған; ол бос болып шықты. Теңгелерді тазартқаннан кейін көмбеде 297 күміс дирхем және 88 қола фельс болғаны анықталды. Дирхемдер Алмалықтың (16 дана), Әндіжанның (2 дана), Бұхардың (10 дана), Қашқардың (3 дана), Кендженің (57 дана), Марғиланың (3 дана), Отырардың (61 дана), Самарқанның (4 дана), Тараздың (77 дана), Ходженттің (17 дана), Шаштың (29 дана), Янгидің (1 дана) теңге сарайларында соғылғаны анықталды. 17 теңгеден қаласының аттарын оқу мүмкін болмады. Дирхемдердің соғылған уақыты һиджраның 676–696 жылы кезеңіне сай келеді (121 дана). 71 теңгеде шығарылған уақыты жоқ, ал қалған 105 данасында уақыты өшіп қалған. Түр түсі бойынша һиджраның 698 жылғы теңгесі (75 дана) Отырарда, хиджраның 699 жылғы теңгесі (9 дана) Фараде соғылғанға ұқсайды.
Фельстардың уақыты көмбені салған кезге сәйкес келеді, сондықтан Күлтөбенің 6-белдеуінің жоғарғы шекарасы 14 ғ-дың 1-жартысына сай келеді.
Жетінші, ең беткі құрылыс белдеуінен (1-, 2-қабаттар) Кузнецов ф-касының ақ қыштан жасалған кеселері мен балалар ысқырықтарының қалдықтары, бояуы үйлесім тапқан жалатпа қыш ыдыстар табылды. Бұл бертінгі ортағасырлық Түркістанның 18–19 ғ-лардағы дәуірі екенін көрсетеді.
Көмбеде Тараз және Кендже зергерлерінің 1309 жылы күміс теңгелерінің, Отырар зергерлерінің 1312 жылы мыс теңгелерінің ең кейінгі уақыты белгіленіпті. 14 ғ-дың 1-жартысында Күлтөбедегі бекініс қиратылып жойылады да, оның бүкіл аумағы зират ретінде пайдаланылады. Күлтөбенің қаңырап бос қалу кезеңі 19 ғ-ға дейін созылды, бұл кезде қыратта тағы да ішінара құрылыс салына бастады және кейінірек пайда болған қаланың сыртқы қабырғалары қала аумағына сұғына түседі.
Дереккөздер
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Әдебиет
- Умняков И.И., Архитектурные памятники Средней Азии. Исследование. Ремонт. Реставрация. 1920 – 1928 жж., Таш., 1929, с. 32;
- Агеева Е.И., Пацевич Г.И., Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Труды ИИАЭ АН КазССР, А.-А., 1958, т. 5, с. 92–96;
- Сенигова Т.Н., Отчет об археологических раскопках в охранной зоне архитектурно-мемориального комплекса Ходжи Ахмет Ясави (1973 – 1974), А.-А., 1974;
- Рукопись архива института Казпроектреставрация, инв. ғ57, с. 98–100;
- Сенигова Т.Н., Бурнашева Р.З., Новые о городище Туркестана, «Известия АН Казахской ССР, Серия общественных наук», 1977, ғ2, с. 54.
Сыртқы сілтемелер
- Күлтөбе басында билік айтқан – Әнет баба(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүltobe Қazakstan Respublikasynyn Tүrkistan oblysy Tүrkistan kalasynda ornalaskan ezhelgi bekinisti konys zhәne arheologiyalyk eskertkish Nysan YuNESKO nyn Dүniezhүzilik mura tizimine engen eskertkish Tүrkistan kalasynyn shygysyndagy Қozha Ahmet Yasaui kesenesi buferlik ontүstik ajmagynda 480 m zherde ornalaskan Ordabasy audany Saryarka auylynan 1 shakyrym soltүstikte Arys ozeninin sol zhagalauynda 1998 zhyly Kүltobe kalashygynan tabylgan kysh kirpishtegi zhazu ҚurylysyZhogary zhaktan korinisi Sopaksha kelgen biiktigi 9 m aumagy 150h120 m aukymdy tobeshik bolyp keledi Kejingi zamanda eskertkishtin topografiyasy katty ozgeriske ushyragan Onyn ontүstik shygysy men ontүstik batysynda kurylys үshin topyragy kazylgan zhyralar kyrattyn үstingi zhagynda sopaksha zhәne tortkүldi koptegen orlar bar bekinis arkyly dala zholy shygady Alajda saktalyp kelgen topografiyalyk belgiler alankajly tobe үlgisindegi eskertkish ekenin anyktauga mүmkindik beredi ol ertedegi ortagasyrlyk konys үlgisine tәn bolyp keledi Tүrkistan kalasynyn bertingi ortagasyrlyk tarihynyn songy kezeninde bәlkim 19 gasyrda Kүltobe kyraty bүkil Ontүstik rabat siyakty bekinis kabyrgalarymen korshalgandyktan Kүltobe ortagasyrlyk Tүrkistannyn әskeri kurylys zhүjesine zhatady Osy zhagdaj 1940 zhyldyn ayagynda Ontүstik Қazakstan ekspediciyasy Tүrkistan bekinisinin ornyn aldyn ala zerttegen kezde Kүltobeni bertingi ortagasyrlyk zaman kabattaryndagy derbes eskertkish retinde anyktauga mүmkindik bermese kerek Kүltobege zhүrgizilgen arheologiyalyk zertteulerT N Senigova baskargan Tүrkistan otryady zhүrgizgen zertteu Kүltobe zhonindegi algashky arheologiya materialdardy T N Senigova baskargan Tүrkistan otryady berdi 1972 zhyly kazba zhumysy kyrattyn batys boliginen bastaldy birak 18 19 gasyrlarga zhatatyn әdettegi turgyn үj keshenderinin zhogary kabattary topyraktan arshylgannan kejin ondagy zhumys toktatyldy Kүltobeden kezdejsok tabylgan 7 8 gasyrlardagy Otyrar zergerliginin tengeleri men arshylgan tomnengi kabattardan zhinalgan erte ortagasyrlyk kysh ydysy turaly maglumattar gana zhariyalandy Osynyn negizinde ertedegi Iasy konysynyn izderin bertingi ortagasyrlyk Tүrkistan kalasy kabattary astynan emes kerisinshe Қozha Ahmet Yasaui kesenesinen birshama ontүstikke karaj izdeu kerek degen M E Massonnyn bolzhauy tuzhyrymdaldy Tүrkistan arheologiya otryady E A Smagulov zhүrgizgen stratigrafiyalyk zertteu Alajda Kүltobede 1981 1984 zhyldary Tүrkistan arheologiya otryady E Ә Smagulov zhүrgizgen stratigrafiyalyk zertteuler nәtizhesi arkyly oj tuzhyrymdau kerek Bekinis ornynyn ont tegi shetinen 70 m2 den astam alanda stratigrafiyalyk kazba zhumysy zhүrgizildi Ol Kүltobenin mәdeni shegindilerinin bүkil katkabatyn ashty Қazba 6 m boldy 1 12 kabattar zhәne odan terendej tүsti 13 14 kabattar Mәdeni kabat 7 kurylys beldeuine bolindi Қysh ydystar men tas dәn үkkish kaldyktary tabylgan 10 12 kabattar birinshi kurylys beldeuine tomennen sanaganda biriktirildi Munda kandaj da bir kurylys kaldygynyn izderi bajkalmajdy Osy mannan tabylgan barlyk 23 kysh ydystardyn synyktary shartty tүrde birinshi kurylys beldeuine biriktirildi Otyrar Tүrkistan ajmagyndagy erte ortagasyrlyk kysh ydystardyn arheologiya zhagynan zhan zhakty zerttelmeui sondaj ak Kүltobe beldeuinen kysh ydystardyn az tabyluy olardyn osynda kashannan beri zhatkanyn dәl anyktauga mүmkindik bermej otyr Alajda 1 2 kurylys beldeuinen tabylgan kysh bujymdardy 2 kezenine 4 5 g lar zhatkyzuga bolady 2 kurylys beldeuinde 8 9 kabattar 5 mekenzhajdyn ishinara үlken kabyrgalary tabyldy Қabyrgalardyn kalynd 1 4 m ge dejin zhetedi olar kol 40h20h9 10 sm shiki kirpishten kalangan Mekenzhajda eni tar kabyrgalyk zhatagan satylardyn izi kalgan 3 beldeude 6 kabat үjdin zhobasy ozgergen birak kabyrgalardyn zhalpy bagdary saktalyp kalgan Қazbanyn ortasynda үlken sharshy tәrizdes mekenzhaj tabyldy saktalgan kabyrgalary 0 5 0 6 m Mekenzhajdyn Ontүstik boliginin orta sheninde edennen kolemdi balkyma dagy bajkaldy onyn zhanynan zhebenin sүjek ushtygy tabyldy Balkymanyn astynan kabirdin auzy arshyldy ol 10 kabatka tүsirilgen Қabirdin sol zhak bүjirinen ayaktaryn bauyryna basyp zhatkan basy zhok zhylkynyn kankasy tazartylyp alyndy ol batyska karaj bagdarlangan Onyn aldyngy ayagynyn zhanynan sopaksha kelgen temir үzengi tom zhagynda tort kyrly syrgalygy bar beldik beldiktin kүmis kaptyrmasy zhәne zhalgyz shygyrshykty temir auyzdyk tabyldy Aldyngy zhәne artky ayaktarynyn arasynan kojdyn zhambas sүjekteri kezikti 3 kurylys beldeuinen tabylgan kysh bujymdar kesheni negizinen kүndelikti үj ydystary Kүltobe kurylysynda Malta kresine үjlesetin dongelek pishindi kelgen kalaktas koptep tabyldy olar Tarazdy kazgan kezde 7 8 g lardyn kabattarynan ushyrasty Tym erte zamandagy sәulet oneri oyu ornekteri bejnelengen Samarkan kazyndysy oshaktaryndagy sәndik bezendiruden de osy tәrizdes dongelek kalaktas bolikteri ushyrasty Қabirden tabylgan temir үzengi zhalgyz shygyrshykty temir auyzdyk sondaj ak beldiktin kүmis kaptyrmasy Orta Aziya men Қazakstan ajmagyndagy zhylky komilgen azyn aulak kabirlerden de ushyrasyp otyrady Sondyktan zertteushiler ony 6 7 g lardyn ayagyna yagni Tүrik kagandygy zhoryktarynyn uakytyna zhatkyzady osy zhoryktar kezinde Altaj tүrikterinin әr aluan toptary teleler men olardyn odaktasy Orta Aziya teleleri Euraziyanyn ken bajtak dalalaryn keninen mekendegen edi olaj bolsa Kүltobenin 3 kurylys beldeuin 7 g dyn 1 zhartysyna zhatkyzuga negiz bar Al 2 zhәne 1 kurylys kabaty tomenirek ornalaskan olardyn uakytyn 4 g ga zhatkyzuga bolady bugan osy beldeulerdin kysh bujymdaryna zhasalgan taldau negiz bolady 3 beldeudi zhauyp zhatkan 4 beldeuden kandaj da bir kurylys konstrukciyalary tabylyp otyrgan zhok Onda tek edennin komeski dengeji men koldanylatyn maksaty belgisiz peshtin edendiginin kaldygy gana anyktaldy Osydan zhogary zhatkan 5 beldeude 2 mekenzhajdyn kaldyktary tabyldy olardyn әrkajsysynan edenderinin salynu dengeji bojynsha kurylys dәuirleri anyktaldy zhәne tortkүldi zher oshaktar sonymen irgeles ornalastyrylgan tandyrlar tazartyldy 6 kurylys beldeui 3 saty kazyndysynyn bүkil alany kүjdirilgen sharshy kirpishpen toselgen solardyn birinin astynan 13 g dyn ayagy 14 g dyn 1 zhartysyndagy shagatajlyk kүmis zhәne kola tengelerinin kojmasy tabyldy olar angob әshekeji salyngan ydys bүjirinin synygynan alyndy Tengelerdin totyguynan mata kaldygyna tүsken izge karaj otyryp olardyn matadan tigilgen kaltashada bolganyn zhәne ogan shamasy akyk tastan zhasalgan 2 monshak tigilgenin anyktauga bolady Osy olzhadan zharty metr zherde 6 kurylys beldeuinin edenindegi kirpish tosenishinin astynan bir tutkaly bүtin kysh kumyra tabyldy onyn auzy dongelek tegis usak zhumyr taspen bekitilip zhog zhagynan kursauly tostagannyn tүbimen zhabylgan ol bos bolyp shykty Tengelerdi tazartkannan kejin kombede 297 kүmis dirhem zhәne 88 kola fels bolgany anyktaldy Dirhemder Almalyktyn 16 dana Әndizhannyn 2 dana Buhardyn 10 dana Қashkardyn 3 dana Kendzhenin 57 dana Margilanyn 3 dana Otyrardyn 61 dana Samarkannyn 4 dana Tarazdyn 77 dana Hodzhenttin 17 dana Shashtyn 29 dana Yangidin 1 dana tenge sarajlarynda sogylgany anyktaldy 17 tengeden kalasynyn attaryn oku mүmkin bolmady Dirhemderdin sogylgan uakyty һidzhranyn 676 696 zhyly kezenine saj keledi 121 dana 71 tengede shygarylgan uakyty zhok al kalgan 105 danasynda uakyty oship kalgan Tүr tүsi bojynsha һidzhranyn 698 zhylgy tengesi 75 dana Otyrarda hidzhranyn 699 zhylgy tengesi 9 dana Farade sogylganga uksajdy Felstardyn uakyty kombeni salgan kezge sәjkes keledi sondyktan Kүltobenin 6 beldeuinin zhogargy shekarasy 14 g dyn 1 zhartysyna saj keledi Zhetinshi en betki kurylys beldeuinen 1 2 kabattar Kuznecov f kasynyn ak kyshtan zhasalgan keseleri men balalar yskyryktarynyn kaldyktary boyauy үjlesim tapkan zhalatpa kysh ydystar tabyldy Bul bertingi ortagasyrlyk Tүrkistannyn 18 19 g lardagy dәuiri ekenin korsetedi Kombede Taraz zhәne Kendzhe zergerlerinin 1309 zhyly kүmis tengelerinin Otyrar zergerlerinin 1312 zhyly mys tengelerinin en kejingi uakyty belgilenipti 14 g dyn 1 zhartysynda Kүltobedegi bekinis kiratylyp zhojylady da onyn bүkil aumagy zirat retinde pajdalanylady Kүltobenin kanyrap bos kalu kezeni 19 g ga dejin sozyldy bul kezde kyratta tagy da ishinara kurylys salyna bastady zhәne kejinirek pajda bolgan kalanyn syrtky kabyrgalary kala aumagyna sugyna tүsedi DerekkozderOntүstik Қazakstan oblysynyn enciklopediyasy 4 tomӘdebietUmnyakov I I Arhitekturnye pamyatniki Srednej Azii Issledovanie Remont Restavraciya 1920 1928 zhzh Tash 1929 s 32 Ageeva E I Pacevich G I Iz istorii osedlyh poselenij i gorodov Yuzhnogo Kazahstana Trudy IIAE AN KazSSR A A 1958 t 5 s 92 96 Senigova T N Otchet ob arheologicheskih raskopkah v ohrannoj zone arhitekturno memorialnogo kompleksa Hodzhi Ahmet Yasavi 1973 1974 A A 1974 Rukopis arhiva instituta Kazproektrestavraciya inv g57 s 98 100 Senigova T N Burnasheva R Z Novye o gorodishe Turkestana Izvestiya AN Kazahskoj SSR Seriya obshestvennyh nauk 1977 g2 s 54 Syrtky siltemelerKүltobe basynda bilik ajtkan Әnet baba kolzhetpejtin silteme Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet