Николай Яковлевич Коншин – орыс этнографы, өлкетанушы, тарихшы. Ол студенттер арасында революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Зайсанға жер аударылды. Кейін Семейге қоныс аударып, қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеумен айналысты. Коншин Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің құрылуына (1902 жылы 31 наурызда ашылды) негіз болған Семей облысы статистикалық комитеттінің жанынан ұйымдастырылған өлкетанушылар үйірмесіне жетекшілік етті. Коншин статистикалық комитеттің хатшысы қызметінде жүріп, қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық өмірі, табиғи байлығына, тарихы мен географиясына, археологиясына қатысты бай материалдар жинады.
Николай Яковлевич Коншин | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 20.09.1864 (Ресей, Тверь губерниясы) |
Қайтыс болғаны: | 01.08.1937 (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) |
Мансабы: | , , тарихшы |
Еңбектері
1897 жылы Коншиннің жетекшілік етуімен Семей облысында халық санағы жүргізілді. Бұл жөнінде ол өзінің «Ресей империясы тұрғындары арасында жүргізілген алғашқы жалпы халық санағы» деген еңбегінде толығырақ жазған. Коншин архив материалдары мен статистикалық мәліметтерге сүйеніп, Семей облысының тарихына, ондағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, қазақтардың отырықшылыққа көшуіне, бұл өңірдегі көші-қон ісіне қатысты очерктер жариялады. Коншиннің қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне байланысты материалдар жинау мақсатында жасаған бірнеше экспедициясының нәтижесінде «Семей облысы қазақтарының экономикалық өмірі туралы очеркі» (1901) жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақтар мен орыстардың Ертіс аңғары мен Семей өңіріне келіп қоныстануы, т.б. туралы баяндалады. Коншин 1890 жылы Абай Құнанбаевпен танысып, тығыз қарым-қатынаста болған. Коншиннің «Қазақ жұты туралы жазбалары», «Шұғышаққа сапар», «Земство және қазақтар», «Қазақ жер құрылысының жаңа жобасы», «Дала өлкесіндегі қоныс аударушылар үшін қауіп-қатерлер», т.б. еңбектері жарық көрген. Коншин «Семей облысының естелік кітаптарының» редакторы () болды. Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесін ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді, сол бөлімшеге жетекшілік етті. Семей облысынан Мемлекеттік думаға депутат болып сайланған.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nikolaj Yakovlevich Konshin orys etnografy olketanushy tarihshy Ol studentter arasynda revolyuciyalyk kozgalyska katyskany үshin tutkynga alynyp Zajsanga zher audaryldy Kejin Semejge konys audaryp kazak halkynyn turmys salty әdet gurpy men auyz әdebieti үlgilerin zertteumen ajnalysty Konshin Orys geografiyalyk kogamy Semej bolimshesinin kuryluyna 1902 zhyly 31 nauryzda ashyldy negiz bolgan Semej oblysy statistikalyk komitettinin zhanynan ujymdastyrylgan olketanushylar үjirmesine zhetekshilik etti Konshin statistikalyk komitettin hatshysy kyzmetinde zhүrip kazak dalasynyn әleumettik ekonomikalyk omiri tabigi bajlygyna tarihy men geografiyasyna arheologiyasyna katysty baj materialdar zhinady Nikolaj Yakovlevich KonshinDүniege kelgeni 20 09 1864 Resej Tver guberniyasy Қajtys bolgany 01 08 1937 Shygys Қazakstan oblysy Semej kalasy Mansaby tarihshyEnbekteri1897 zhyly Konshinnin zhetekshilik etuimen Semej oblysynda halyk sanagy zhүrgizildi Bul zhoninde ol ozinin Resej imperiyasy turgyndary arasynda zhүrgizilgen algashky zhalpy halyk sanagy degen enbeginde tolygyrak zhazgan Konshin arhiv materialdary men statistikalyk mәlimetterge sүjenip Semej oblysynyn tarihyna ondagy turgyndardyn әleumettik ekonomikalyk zhagdajyna kazaktardyn otyrykshylykka koshuine bul onirdegi koshi kon isine katysty ocherkter zhariyalady Konshinnin kazaktardyn turmys tirshiligine bajlanysty materialdar zhinau maksatynda zhasagan birneshe ekspediciyasynyn nәtizhesinde Semej oblysy kazaktarynyn ekonomikalyk omiri turaly ocherki 1901 zharyk kordi Bul enbeginde kazaktar men orystardyn Ertis angary men Semej onirine kelip konystanuy t b turaly bayandalady Konshin 1890 zhyly Abaj Қunanbaevpen tanysyp tygyz karym katynasta bolgan Konshinnin Қazak zhuty turaly zhazbalary Shugyshakka sapar Zemstvo zhәne kazaktar Қazak zher kurylysynyn zhana zhobasy Dala olkesindegi konys audarushylar үshin kauip katerler t b enbekteri zharyk korgen Konshin Semej oblysynyn estelik kitaptarynyn redaktory boldy Orys geografiyalyk kogamy Batys Sibir boliminin Semej bolimshesin ujymdastyruda kop enbek sinirdi sol bolimshege zhetekshilik etti Semej oblysynan Memlekettik dumaga deputat bolyp sajlangan DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet