Инд алабының өркениеті немесе Хараппа өркениеті - қазіргі Үндістан мен Пәкістан аумағындағы ежелгі мәдениет. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдық пен біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырлар аралығын қамтиды. Пәкстандағы Мултан облысы өзеннің ескі арнасы маңындағы Хараппа атына байланысты Хараппа өркениеті деп аталған. Кейде оны инд мәдениеті, инд өркениеті деп те атайды.
Алғаш рет 1921 жылы бұл ескерткішті Р.Сахин тапқан. Кейіннен М.С. Ватс, М.Уилер, Дж. Ф. Дейлс қазба жұмыстарын жүргізді. Хараппа өркениетін зерттеуге 20 ғасырдың 20 — 50-жылдары Дж. Маршалл, Э.Маккей, Б.Б. Лала, Р.Банерджи, т.б. ғалымдар көп үлес қосты. Қазіргі таңда бұл өркениетке жататын 500-ден астам ескерткіш анықталып отыр. Қазба жұмыстары барысында астаналық қалалардың (Хараппа, Мохенджо-Даро, ) қирандылары, теңіз порттарының орындары, қоныстар мен қорымдар аршылған.
Хараппа қаласының цитаделін (батыс бөлікте орналасқан) қазған кезде қабырғасының қалыңд. 12,2 м-ге, ішкі алаңы 182,9 - 365,8 м болғандығы анықталған. Хараппа өркениетіндегі құрылыстар шикі кірпіштен тұрғызылды. Баспаналар бір, кейде екі қабат болып осы кірпіштерден қаланған. Іргесі таспен көтерілді. Олар 4 — 6 бөлмелі болып, баспаналар орталық аулаға шоғырланған. Аулада құдық қазылды. Цитадельдер мұнаралармен күшейтілді. Хараппа өркениетін қалдырған халық мал шарушылық және егіншілікпен айналысты. Олардың буйвол, шошқа өсіргендігі анықталған. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, тары, бұршақ, күріш өсірген. Егіншіліктің дамығандығын күрделі ирригациялық жүйелер, сан алуан қыш ыдыстары, мыстан және қоладан жасалған еңбек құралдары (пышақ, орақ, ара, дәнүккіш) да айғақтайды. Тайпааралық қақтығыстардың болғандығы соғыс және қорғануға арналған қару-жарақ түрлерінен (жебе және найза ұштары, қысқа семсер) де байқалады. Теңіз кәсіпшілігін айғақтайтын заттар (желкенді қайық қалдығы, кемелердің суреттері) да табылған. Қазба барысында көрші елдерде жасалынған көптеген бұйымдар аршылып алынған. Бұлардың барлығы халықаралық сауда қатынастары жақсы жолға қойылғандығын көрсетеді. Ғалымдардың пайымдауынша, мұнда құрғақ және су жолдары болған.
Хараппа өркениетінің қалаларынан табылған таразы тастары, халық арасында күрделі экономиялық қатынастар дамығандығын дәлелдейді. Қолөнер бұйымдары металл, ағаш, сүйек, піл сүйегі. материалдардан жасалды. Сан алуан тұрмыстық-шаруашылық бұйымдарына хайуанаттар суреттері, пиктограммалық жазулар түсірілді. Сол кездегі адамдардың мүсіндері де жасалған. Өркениеттің негізгі ерекшеліктерін көрсететін материалдар Пәкістандағы Хараппа, Мохенджо-Даро мен және Үндістандағы , , қалаларынан алынған. Жерлеу орындарының мәліметтері, негізінен Хараппа мен Лотхал маңындағы қорымдардан алынған. Оған қарағанда, ежелгі хараппалықтар мүрдені шалқасынан жатқызып, шұңқырларға жерлеген, қасына қыш ыдыстар, тағы басқа заттар қойған. Хараппа өркениетін қалдырған халық құдай-анаға, Шива құдай прототипіне, отқа, ағашқа, жан-жануарларға табынды. Зерттеушілер Хараппа өркениетінің құлдырауына алып келген тектоникалық қозғалыстар мен су тасқыны, топырақ құнарлылығының төмендеуі, эпидемия мен соғыстар деп пайымдайды. Хараппа өркениетінің ықпалы Пәкістан мен Үндістан халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ind alabynyn orkenieti nemese Harappa orkenieti kazirgi Үndistan men Pәkistan aumagyndagy ezhelgi mәdeniet Bizdin zamanymyzdan buryngy 3 mynzhyldyk pen bizdin zamanymyzdan buryngy 16 gasyrlar aralygyn kamtidy Pәkstandagy Multan oblysy ozennin eski arnasy manyndagy Harappa atyna bajlanysty Harappa orkenieti dep atalgan Kejde ony ind mәdenieti ind orkenieti dep te atajdy Ind alabynyn orkenietinin ajmagy Mohendzho Daro arheologiyalyk kazbalary Mohendzho Daroda tabylgan әjgili bishi kyz Algash ret 1921 zhyly bul eskertkishti R Sahin tapkan Kejinnen M S Vats M Uiler Dzh F Dejls kazba zhumystaryn zhүrgizdi Harappa orkenietin zertteuge 20 gasyrdyn 20 50 zhyldary Dzh Marshall E Makkej B B Lala R Banerdzhi t b galymdar kop үles kosty Қazirgi tanda bul orkenietke zhatatyn 500 den astam eskertkish anyktalyp otyr Қazba zhumystary barysynda astanalyk kalalardyn Harappa Mohendzho Daro kirandylary teniz porttarynyn oryndary konystar men korymdar arshylgan Harappa kalasynyn citadelin batys bolikte ornalaskan kazgan kezde kabyrgasynyn kalynd 12 2 m ge ishki alany 182 9 365 8 m bolgandygy anyktalgan Harappa orkenietindegi kurylystar shiki kirpishten turgyzyldy Baspanalar bir kejde eki kabat bolyp osy kirpishterden kalangan Irgesi taspen koterildi Olar 4 6 bolmeli bolyp baspanalar ortalyk aulaga shogyrlangan Aulada kudyk kazyldy Citadelder munaralarmen kүshejtildi Harappa orkenietin kaldyrgan halyk mal sharushylyk zhәne eginshilikpen ajnalysty Olardyn bujvol shoshka osirgendigi anyktalgan Dәndi dakyldardan bidaj arpa tary burshak kүrish osirgen Eginshiliktin damygandygyn kүrdeli irrigaciyalyk zhүjeler san aluan kysh ydystary mystan zhәne koladan zhasalgan enbek kuraldary pyshak orak ara dәnүkkish da ajgaktajdy Tajpaaralyk kaktygystardyn bolgandygy sogys zhәne korganuga arnalgan karu zharak tүrlerinen zhebe zhәne najza ushtary kyska semser de bajkalady Teniz kәsipshiligin ajgaktajtyn zattar zhelkendi kajyk kaldygy kemelerdin suretteri da tabylgan Қazba barysynda korshi elderde zhasalyngan koptegen bujymdar arshylyp alyngan Bulardyn barlygy halykaralyk sauda katynastary zhaksy zholga kojylgandygyn korsetedi Ғalymdardyn pajymdauynsha munda kurgak zhәne su zholdary bolgan Harappa orkenietinin kalalarynan tabylgan tarazy tastary halyk arasynda kүrdeli ekonomiyalyk katynastar damygandygyn dәleldejdi Қoloner bujymdary metall agash sүjek pil sүjegi materialdardan zhasaldy San aluan turmystyk sharuashylyk bujymdaryna hajuanattar suretteri piktogrammalyk zhazular tүsirildi Sol kezdegi adamdardyn mүsinderi de zhasalgan Өrkeniettin negizgi erekshelikterin korsetetin materialdar Pәkistandagy Harappa Mohendzho Daro men zhәne Үndistandagy kalalarynan alyngan Zherleu oryndarynyn mәlimetteri negizinen Harappa men Lothal manyndagy korymdardan alyngan Ogan karaganda ezhelgi harappalyktar mүrdeni shalkasynan zhatkyzyp shunkyrlarga zherlegen kasyna kysh ydystar tagy baska zattar kojgan Harappa orkenietin kaldyrgan halyk kudaj anaga Shiva kudaj prototipine otka agashka zhan zhanuarlarga tabyndy Zertteushiler Harappa orkenietinin kuldyrauyna alyp kelgen tektonikalyk kozgalystar men su taskyny topyrak kunarlylygynyn tomendeui epidemiya men sogystar dep pajymdajdy Harappa orkenietinin ykpaly Pәkistan men Үndistan halyktary arasynda kүni bүginge dejin saktalyp keledi