«Заратуштра осылай деген» - Фридрих Ницше 1883-1885 жылдар аралығында жазған кітабы. Толық тақырыбы: «Заратуштра осылай деген: бәріне арналған, ешбіреуге арналмаған кітап»(Also Sprach Zarathustra, Ein Buch für Alle und Keinen). Әлемді сілкіндірген, сансыз жүректерді тебіренткен бұл ғажайып кітап оның шығармашылық шабыты ең тасыған кезде жазылған және оның бүкіл идеясының топтастырылуы, даналығының шарықтау шыңы болады. Ол туралы Ницшенің өзі "жастық жалын мен жастық мұңға толы жастардың кітабы" деген болатын. Немістің әйгілі композиторы Рихард Штраус 1896 жылы Ницшенің осы кітабының құрметіне "Заратуштра осылай деген" делінетін 9 бөлімді симфония жазып қалдырды.
"Заратуштра осылай деген" кітабы "шарап тәңірі Дионистік шабытпен" жазылып, ғалам мен өмірдің арғы болмыстық құпиясынан сыр шертетін поэтикалығы мен философиялығы қатар жарысқан көркем туынды. Ол кейінгі философия, әдебиет, көркемөнер салаларына түгел дерлік әсер етті. Онда дәуір мен дәстүрге үндесе бермейтін өзгешелік те, сырлы сиқырлық та, асқақ мінез де, балалық аңғалдық та, тағылық асаулық та, ізгі мейірбандық та бар. Оны батыста "бесінші інжіл" деп атайтындар бар.
Кітаптың ерекшелігі
Бұл кітаптың жазылу үлгісі өзгеше, автор мұнда лирикалық эссеге ұқсайтын романдық оқиға желісін пайдаланған, оны Сократтан бұрынғы ойшылдар шығармаласына, інжілдің жазылу ерекшелігіне, Платон диалогтарына ұқсататындар бар. Ницше батыстың әдебиет және философия дәстүрі туралы көп талдаулар мен түсіндірулер жасағаны, сол кездегі Еуропада жаттанды болған үлгілерге рахымсыз сын айтқаны белгілі. Заратуштра – Зороастр, немесе Зәрдүш деп те аталады, Парсы халқынан шыққан ғұлама, өз атындағы дінінің пайғамбары, отқа, күнге, Ахура Маздаға сыйыну дінінің ұстазы. Фридрих Ницше Заратуштра әулиенің таңғажайып образы арқылы философиялық даналықтың сүлей үлгісін жаратты. Заратуштраның жамағатқа арнаған нақыл үлгісіндегі философиялық сөздері арқылы өз философиялық идеясын жеткізді. Бір ерекшелігі, тыңдаушы жұрт Заратуштраның сөздеріне (Ф.Ницшенің идеяларына) тіке баға беріп, аңыс қайтарып отырады. Бұл белгілі бір деңгейде кітаптың айтар негізгі ойын күрделі етіп, кейде тіпті өзара қайшылықты етіп көрсеткендіктен, оқушы оның мағынасын сан-саққа жүгіртуі мүмкін – бәлкім бұл автордың күткені болса керек. Бұл кітапты ағылшындық аналитикалық философия дәстүріндегі философтар, Гегельдік догматизмдік ағымдар ұзақ заман бойы әдеби кітап ретінде маңыз бермей келді, тек XX ғасырдың соңынан бастап бұл кітап әдебиет пен философияның ғажайып ұштастырылуы ретінде үлкен құштарлық оятты.
Нақылдар желісі
Кітап нақыл үлгісімен жазылған. Әр рет Заратуштра әлдебір тақырыпта нақыл үлгісінде сөз сөйлейді. Мысалы Заратуштра солай айтады:
Күллі тіршілік иелері түгел өз-өзінен асып түсуде. Адамзат баласы, сендер не істей аласыңдар?!
Адамзаттың ұлылығы оның мақсат болғанында емес, көпір болғанында. Адам өзінің кесіп өтуімен, төменге түсуімен қадірлі.
Ғаламатадам адам - қара жердің мән-мағынасы. Ерік-жігерлеріңе Ғаламатадам қара жердің мән-мағынасы болуы керек дегені айтқызыңдар!
Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді.
Егер сен биікке шыққың келсе, тек өз аяғыңмен ғана шық. Басқалардың сені биікке көтеріп шығуына жол берме. Басқалардың арқасына жабыспа, басқалардың желкесіне мінуші болма.
Адам үшін маймыл деген не? Бір түрлі күлкілі, бейшара мазақ қана! Адам да Асқанадам үшін сондай, бір түрлі күлкілі, бейшара мазақ қана!
Кітаптағы негізгі идеялар
Бұл кітапта , , Мәңгілік қайталаным секілді Ф.Ницшенің ең негізгі идеялары топтастырылған. Оқиға Заратуштраның адамдар арасынан кетіп, он жыл тауда рухани тазарып, сосын адамдар арасына қайтып келуінен басталады. Заратуштраның сөздеріне жұрт алғашында сенімсіздік танытады. Бірақ біртіндеп көптеген адамдар оның соңынан ереді.
Ф.Ницшенің ойы бойынша тіршілік түрлері үздіксіз даму күйінде болады. Кезектегісі соңғы, ең биік сатысы емес. Адам бұл сатыда өткінші буын ғана, демек ол келесі даму сатысы Асқанадам сатысы үшін көпір болуға тиіс. "Осыған дейін барлық тіршілік өзінен биік нәрселерді жаратумен болды." Адам да өзінен биік нәрсе жаратуы керек.
"Жарату" ұғымы - тіршілік түрлерінің дамуы тек механикалық себеп-салдар ауысым барысы ғана еместігін, әрбір түрде ішкі шығармашылық әлеует болатынын, уақыт оқиғалары содан өрілетінін көрсетеді. Олар өз нәрселерін жарату арқылы өзін үздіксіз жоғары деңгейде ұстайды. Бірақ адам баласы ғаламды өзі үшін жаратылған деп түсініп, ғаламның дамуында адам соңғы нүкте деп түсінеді. Олар тіршілік дамуында адам ең жетілген соңғы мақсат деп қарайды. Егер осы қате идея адам баласын кернеп алса, адамзат дамымай ғана қалмастан, "" пайда болады. Заратушрта: "Сендер жойқын толқынның қайтқан толқынына айналып, қайтадан хайуандық деңгейге қайтпақсыңдар ма? " деп сұрақ қояды.
Бір ерекше жағдай, адамзат өзге тіршілік түрлері секілді ағымға қарай ілесіп, ырықсыз түрде дамитын, не кемитін нәрсе емес, ол өз еркімен, өз ақыл-парасатымен дамудың тізгінін игеріп отыратын жаратылыс. Дегенмен, жоғары өрлеу мен кері құлау, алға басу мен азғындау, көтерілу мен түсу алма кезек және екеуі де қажетті есептеледі.
Адам өмірінің үш сатысы
Адам артына қараса бүкіл дамудың сатыларын байқайды. Дегенмен алдыда әрбір адамның өмірі үш түрлі сатыны бастан кешіруі мүмкін:
"Түйе сатысы" - барлық қиындықтардан тайсалмай, бәрін бір өзі көтеріп, шынығып, жетіліп, алыс арманға зар желіп аттану сатысы;
"Арыстан сатысы" - өмірдегі зұлымдықтармен, сұрқиялықтармен, масылдықпен, "айдағармен" айқасу арқылы өмірді түзету, билеу еркіне жету, жеңімпаз, ең болу",
"Сәби сатысы" - бейне сәби бала секілді бәрін игеріп, бәрінен биік тұрып, баршаны таза пәк жүрекпен сүйетін әулиелік.
Ф.Ницшенің ойынша бұл үш саты өмірдің қандай өмір болуын белгілейді.
Заратуштраны бас кейіпкер ету себебі
Даналық тарихы бойынша Заратуштра - ең алғаш жақсылық пен жамандық қайшылығы арқылы дүниені түсіндірген тұңғыш пайғамбар. Ол бойынша биіктегі жақсылық үлгісі және шүңеттегі жамандық үлгісі Анкара Маню ортасында ықылымдық шайқас толастамайды. Жақсылық пен жамандықты адам өлшемінің негізгісі деп қарайтын Ф.Ницшенің айтуынша, Заратуштра жақсылық пен жамандықты ең алғаш философиялық ажыратушы ретінде оның тасасында не тұрғанын білуге тиісті деп есептеген және жақсылық пен жамандықтың негізін қайта таразыға салады. Ницшенің: "Сен жақсы деп жүргенің шынайы жақсылық па, жамандық деп жүргенің шынайы жамандық па?" деген сұрақ қояды. Оның ойынша, тек тірі жасампаздыққа құрылған, адамды тіпті де күшейтетін, тіпті де биікке шығаратын істі ғана шынайы жақсы деуге болады. Ал, кезектегі жақсылықтарда жамандық басым, ал кезектегі көптеген жамандықтар шынын қуғанда жақсылық.
Заратуштраның екі хайуаны
Бүркіт - биіктегі такапар жаратылыс, ол парасат пен рухтың рәмізі. Абжылан жердегі уытты жаратылыс ретінде дене мен затқа, сөз бен шешендікке өкілдік етеді. Биікте бүркіт айналып жүреді, төменде абжылан алға ілгерлейді. Рух пен дене шеңбер пішінді айналып, алға ілгерлеп қатар жүреді, бірінсіз бірі жоқ, "Сенің рухыңа қарағанда денең көп нәрсені біледі"; рух дене арқылы өзін іске асырады, дене де рух арқылы өзін күшейтеді.
Заратуштра және Асқанадам (супермен)
Заратуштра Асқанадам емес, Асқанадамның өкілі де емес, ол Асқанадамның үгітшісі ғана. Ол адамдардың ерік-жігерін Асқанадамды тану мен түсінуге бағыттап, Асқанадам делінетін "Қара бұлттар арасынан жарқ еткен найзағай" туралы күні бұрын хабар береді. Найзағай көнелікті тілгілейтін от қамшысы, жаңалықтың жарқындығы. Ол көне ойлау жосыны ақырласып, жаңа деңгейге көтерілудің белгілсі. Асқанадам дегеніміз жақсы адам дегендік емес, керемет білгір, ең күшті адам дегендік те емес, бірақ ол барлық мүмкіндіктердің тоғысуы. Адам баласы сол Асқанадам адамды туғызуды өзінің өмір мағынасы санауы керек. Асқанадамға қатысы жоқ ілеспе, сүйретпе адам "уақыттық, өткінші тобыр" ғана. Әрине, барлық көрегендердің тағдыры бойынша, Заратуштраның сөзін адамзат баласы түсінбейді, сондықтан ол сөйлеп болғанда ондағылардың бәрі күледі, мазақтайды, бейпіл дауыс шығарады, тілдерін шығарады. Бейне Платонның үңгіріндегі надандық көрінісі секілді болады. Үңгірде Платон адамдарға "Идея" туралы сөйлейді. Бірақ түсінбеген адамдар Платонға "Идеяны бізге көрсетші" дейді. Сосын олар тамға түскен көлеңкелерге қарап, ақиқат дегеніміз міне осы дейді. Платон оларға "Идея" деген тегі не екенін қанша айтса да түсіндіре алмапты. Заратуштра да сол Платон секілді ешкім оны түсінбейді, қабылдамайды, сенбейді де. Өйткені әрине, Асқанадам былай, не алай деп айтатын нәрсе емес, ол іспен көрсететін нәрсе.
Ұсыныс
Аталған кітаптың мағына астары терең, ойы күрделі, қамтыған мазмұны қат-қабат болғандықтан, ол туралы айтқанды оқығанға қарағанда түпнұсқасын оқу керек. Әрине, ақиқат іздеген адам ол қанша қиын болса да бәрібір кедергілерді жеңіп, кітаптың арғы жағында тұспалдаған идеяларға жете алады.
Тақырыпқа пайдалы сілтеме
- Фридрих Ницше
- Also sprach Zarathustra Немісше
- осылай деді" 1998ж.,Thomas Common аударған. Ағылшынша
- Заратуштра осылай деді Орысша
- Ағылшынша аудармасының аудио нұсқасы
- Lena Hadesтің "Заратуштра осылай деді" кітабына арналған майбояулы суреттер мен графиктер
Дереккөздер
- C. Guignon, D. Pereboom. Existentialism: Basic Writings, 2nd ed., Hackett, 2001. pp. 101–113
- Gutmann, James. "The "Tremendous Moment" of Nietzsche's Vision". The Journal of Philosophy, Vol. 51, No. 25. American Philosophical Association Eastern Division: Papers to be presented at the Fifty-First Annual Meeting, Goucher College, желтоқсан 28–30, 1954. pp. 837–842.
- Jump up ^ Pippin, Robert. "Nietzsche: Thus Spoke Zarathustra". Cambridge Texts in the History of Philosophy, University of Chicago, 2006. ISBN 0-521-60261-0. p. ix.
- Jump up ^ Nietzsche, Friedrich Wilhelm. "How One Becomes What One Is: With a Prelude in German Rhymes and an Appendix of Songs". (Edition) Random House, 1974. p. xii.
- Jump up ^ The Will to Power, sect. 617; trans. Kaufmann
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zaratushtra osylaj degen Fridrih Nicshe 1883 1885 zhyldar aralygynda zhazgan kitaby Tolyk takyryby Zaratushtra osylaj degen bәrine arnalgan eshbireuge arnalmagan kitap Also Sprach Zarathustra Ein Buch fur Alle und Keinen Әlemdi silkindirgen sansyz zhүrekterdi tebirentken bul gazhajyp kitap onyn shygarmashylyk shabyty en tasygan kezde zhazylgan zhәne onyn bүkil ideyasynyn toptastyryluy danalygynyn sharyktau shyny bolady Ol turaly Nicshenin ozi zhastyk zhalyn men zhastyk munga toly zhastardyn kitaby degen bolatyn Nemistin әjgili kompozitory Rihard Shtraus 1896 zhyly Nicshenin osy kitabynyn kurmetine Zaratushtra osylaj degen delinetin 9 bolimdi simfoniya zhazyp kaldyrdy Nicshe 1875zh Zaratushtra osylaj degen kitaby sharap tәniri Dionistik shabytpen zhazylyp galam men omirdin argy bolmystyk kupiyasynan syr shertetin poetikalygy men filosofiyalygy katar zharyskan korkem tuyndy Ol kejingi filosofiya әdebiet korkemoner salalaryna tүgel derlik әser etti Onda dәuir men dәstүrge үndese bermejtin ozgeshelik te syrly sikyrlyk ta askak minez de balalyk angaldyk ta tagylyk asaulyk ta izgi mejirbandyk ta bar Ony batysta besinshi inzhil dep atajtyndar bar Kitaptyn ereksheligiBul kitaptyn zhazylu үlgisi ozgeshe avtor munda lirikalyk essege uksajtyn romandyk okiga zhelisin pajdalangan ony Sokrattan buryngy ojshyldar shygarmalasyna inzhildin zhazylu ereksheligine Platon dialogtaryna uksatatyndar bar Nicshe batystyn әdebiet zhәne filosofiya dәstүri turaly kop taldaular men tүsindiruler zhasagany sol kezdegi Europada zhattandy bolgan үlgilerge rahymsyz syn ajtkany belgili Zaratushtra Zoroastr nemese Zәrdүsh dep te atalady Parsy halkynan shykkan gulama oz atyndagy dininin pajgambary otka kүnge Ahura Mazdaga syjynu dininin ustazy Fridrih Nicshe Zaratushtra әulienin tangazhajyp obrazy arkyly filosofiyalyk danalyktyn sүlej үlgisin zharatty Zaratushtranyn zhamagatka arnagan nakyl үlgisindegi filosofiyalyk sozderi arkyly oz filosofiyalyk ideyasyn zhetkizdi Bir ereksheligi tyndaushy zhurt Zaratushtranyn sozderine F Nicshenin ideyalaryna tike baga berip anys kajtaryp otyrady Bul belgili bir dengejde kitaptyn ajtar negizgi ojyn kүrdeli etip kejde tipti ozara kajshylykty etip korsetkendikten okushy onyn magynasyn san sakka zhүgirtui mүmkin bәlkim bul avtordyn kүtkeni bolsa kerek Bul kitapty agylshyndyk analitikalyk filosofiya dәstүrindegi filosoftar Gegeldik dogmatizmdik agymdar uzak zaman bojy әdebi kitap retinde manyz bermej keldi tek XX gasyrdyn sonynan bastap bul kitap әdebiet pen filosofiyanyn gazhajyp ushtastyryluy retinde үlken kushtarlyk oyatty Nakyldar zhelisiKitap nakyl үlgisimen zhazylgan Әr ret Zaratushtra әldebir takyrypta nakyl үlgisinde soz sojlejdi Mysaly Zaratushtra solaj ajtady Kүlli tirshilik ieleri tүgel oz ozinen asyp tүsude Adamzat balasy sender ne istej alasyndar Adamzattyn ulylygy onyn maksat bolganynda emes kopir bolganynda Adam ozinin kesip otuimen tomenge tүsuimen kadirli Ғalamatadam adam kara zherdin mәn magynasy Erik zhigerlerine Ғalamatadam kara zherdin mәn magynasy boluy kerek degeni ajtkyzyndar Nagyz erkek eki nәrseni unatady kater zhәne ojyn Қaterli ojynshyk bolgandyktan ol әjel zatyn sүjedi Eger sen biikke shykkyn kelse tek oz ayagynmen gana shyk Baskalardyn seni biikke koterip shyguyna zhol berme Baskalardyn arkasyna zhabyspa baskalardyn zhelkesine minushi bolma Adam үshin majmyl degen ne Bir tүrli kүlkili bejshara mazak kana Adam da Askanadam үshin sondaj bir tүrli kүlkili bejshara mazak kana Kitaptagy negizgi ideyalar Adam degen hajuan men Askanadam arasynda kerilgen arkan shynyrau tobesinde kerilgen bir arkan Өtu de katerli kadam basu da katerli orta zholdan kajtu da katerli kalshyldau men turyp kalu da katerli F Nicshe Bul kitapta Mәngilik kajtalanym sekildi F Nicshenin en negizgi ideyalary toptastyrylgan Okiga Zaratushtranyn adamdar arasynan ketip on zhyl tauda ruhani tazaryp sosyn adamdar arasyna kajtyp keluinen bastalady Zaratushtranyn sozderine zhurt algashynda senimsizdik tanytady Birak birtindep koptegen adamdar onyn sonynan eredi F Nicshenin ojy bojynsha tirshilik tүrleri үzdiksiz damu kүjinde bolady Kezektegisi songy en biik satysy emes Adam bul satyda otkinshi buyn gana demek ol kelesi damu satysy Askanadam satysy үshin kopir boluga tiis Osygan dejin barlyk tirshilik ozinen biik nәrselerdi zharatumen boldy Adam da ozinen biik nәrse zharatuy kerek Zharatu ugymy tirshilik tүrlerinin damuy tek mehanikalyk sebep saldar auysym barysy gana emestigin әrbir tүrde ishki shygarmashylyk әleuet bolatynyn uakyt okigalary sodan oriletinin korsetedi Olar oz nәrselerin zharatu arkyly ozin үzdiksiz zhogary dengejde ustajdy Birak adam balasy galamdy ozi үshin zharatylgan dep tүsinip galamnyn damuynda adam songy nүkte dep tүsinedi Olar tirshilik damuynda adam en zhetilgen songy maksat dep karajdy Eger osy kate ideya adam balasyn kernep alsa adamzat damymaj gana kalmastan pajda bolady Zaratushrta Sender zhojkyn tolkynnyn kajtkan tolkynyna ajnalyp kajtadan hajuandyk dengejge kajtpaksyndar ma dep surak koyady Bir erekshe zhagdaj adamzat ozge tirshilik tүrleri sekildi agymga karaj ilesip yryksyz tүrde damityn ne kemitin nәrse emes ol oz erkimen oz akyl parasatymen damudyn tizginin igerip otyratyn zharatylys Degenmen zhogary orleu men keri kulau alga basu men azgyndau koterilu men tүsu alma kezek zhәne ekeui de kazhetti esepteledi Adam omirinin үsh satysyAdam artyna karasa bүkil damudyn satylaryn bajkajdy Degenmen aldyda әrbir adamnyn omiri үsh tүrli satyny bastan keshirui mүmkin Tүje satysy barlyk kiyndyktardan tajsalmaj bәrin bir ozi koterip shynygyp zhetilip alys armanga zar zhelip attanu satysy Arystan satysy omirdegi zulymdyktarmen surkiyalyktarmen masyldykpen ajdagarmen ajkasu arkyly omirdi tүzetu bileu erkine zhetu zhenimpaz en bolu Sәbi satysy bejne sәbi bala sekildi bәrin igerip bәrinen biik turyp barshany taza pәk zhүrekpen sүjetin әulielik F Nicshenin ojynsha bul үsh saty omirdin kandaj omir boluyn belgilejdi Zaratushtrany bas kejipker etu sebebiAvrora zhana әlemnin tany atalgan kitaptyn basy men ayagyndagy gazhajyp poetikalyk nyshannyn biri Danalyk tarihy bojynsha Zaratushtra en algash zhaksylyk pen zhamandyk kajshylygy arkyly dүnieni tүsindirgen tungysh pajgambar Ol bojynsha biiktegi zhaksylyk үlgisi zhәne shүnettegi zhamandyk үlgisi Ankara Manyu ortasynda ykylymdyk shajkas tolastamajdy Zhaksylyk pen zhamandykty adam olsheminin negizgisi dep karajtyn F Nicshenin ajtuynsha Zaratushtra zhaksylyk pen zhamandykty en algash filosofiyalyk azhyratushy retinde onyn tasasynda ne turganyn biluge tiisti dep eseptegen zhәne zhaksylyk pen zhamandyktyn negizin kajta tarazyga salady Nicshenin Sen zhaksy dep zhүrgenin shynajy zhaksylyk pa zhamandyk dep zhүrgenin shynajy zhamandyk pa degen surak koyady Onyn ojynsha tek tiri zhasampazdykka kurylgan adamdy tipti de kүshejtetin tipti de biikke shygaratyn isti gana shynajy zhaksy deuge bolady Al kezektegi zhaksylyktarda zhamandyk basym al kezektegi koptegen zhamandyktar shynyn kuganda zhaksylyk Zaratushtranyn eki hajuanyBүrkit biiktegi takapar zharatylys ol parasat pen ruhtyn rәmizi Abzhylan zherdegi uytty zharatylys retinde dene men zatka soz ben sheshendikke okildik etedi Biikte bүrkit ajnalyp zhүredi tomende abzhylan alga ilgerlejdi Ruh pen dene shenber pishindi ajnalyp alga ilgerlep katar zhүredi birinsiz biri zhok Senin ruhyna karaganda denen kop nәrseni biledi ruh dene arkyly ozin iske asyrady dene de ruh arkyly ozin kүshejtedi Zaratushtra zhәne Askanadam supermen Zaratushtranyn songy ozgerisi Zaratushtra Askanadam emes Askanadamnyn okili de emes ol Askanadamnyn үgitshisi gana Ol adamdardyn erik zhigerin Askanadamdy tanu men tүsinuge bagyttap Askanadam delinetin Қara bulttar arasynan zhark etken najzagaj turaly kүni buryn habar beredi Najzagaj konelikti tilgilejtin ot kamshysy zhanalyktyn zharkyndygy Ol kone ojlau zhosyny akyrlasyp zhana dengejge koteriludin belgilsi Askanadam degenimiz zhaksy adam degendik emes keremet bilgir en kүshti adam degendik te emes birak ol barlyk mүmkindikterdin togysuy Adam balasy sol Askanadam adamdy tugyzudy ozinin omir magynasy sanauy kerek Askanadamga katysy zhok ilespe sүjretpe adam uakyttyk otkinshi tobyr gana Әrine barlyk koregenderdin tagdyry bojynsha Zaratushtranyn sozin adamzat balasy tүsinbejdi sondyktan ol sojlep bolganda ondagylardyn bәri kүledi mazaktajdy bejpil dauys shygarady tilderin shygarady Bejne Platonnyn үngirindegi nadandyk korinisi sekildi bolady Үngirde Platon adamdarga Ideya turaly sojlejdi Birak tүsinbegen adamdar Platonga Ideyany bizge korsetshi dejdi Sosyn olar tamga tүsken kolenkelerge karap akikat degenimiz mine osy dejdi Platon olarga Ideya degen tegi ne ekenin kansha ajtsa da tүsindire almapty Zaratushtra da sol Platon sekildi eshkim ony tүsinbejdi kabyldamajdy senbejdi de Өjtkeni әrine Askanadam bylaj ne alaj dep ajtatyn nәrse emes ol ispen korsetetin nәrse ҰsynysAtalgan kitaptyn magyna astary teren ojy kүrdeli kamtygan mazmuny kat kabat bolgandyktan ol turaly ajtkandy okyganga karaganda tүpnuskasyn oku kerek Әrine akikat izdegen adam ol kansha kiyn bolsa da bәribir kedergilerdi zhenip kitaptyn argy zhagynda tuspaldagan ideyalarga zhete alady Takyrypka pajdaly siltemeFridrih Nicshe Also sprach Zarathustra Nemisshe osylaj dedi 1998zh Thomas Common audargan Agylshynsha Zaratushtra osylaj dedi Oryssha Agylshynsha audarmasynyn audio nuskasy Lena Hadestin Zaratushtra osylaj dedi kitabyna arnalgan majboyauly suretter men grafikterDerekkozderC Guignon D Pereboom Existentialism Basic Writings 2nd ed Hackett 2001 pp 101 113 Gutmann James The Tremendous Moment of Nietzsche s Vision The Journal of Philosophy Vol 51 No 25 American Philosophical Association Eastern Division Papers to be presented at the Fifty First Annual Meeting Goucher College zheltoksan 28 30 1954 pp 837 842 Jump up Pippin Robert Nietzsche Thus Spoke Zarathustra Cambridge Texts in the History of Philosophy University of Chicago 2006 ISBN 0 521 60261 0 p ix Jump up Nietzsche Friedrich Wilhelm How One Becomes What One Is With a Prelude in German Rhymes and an Appendix of Songs Edition Random House 1974 p xii Jump up The Will to Power sect 617 trans Kaufmann