Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері:
- Дулат Бабатайұлы
- Шортанбай Қанайұлы
- Мұрат Мөңкеұлы
- Әбубәкір Кердері
- Албан Асан -т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені – Дулат Бабатайұлы.
Ақындарының шығармаларына тыйым салынуы
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.
Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған ) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.
20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
14. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2000. 15. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. Астана. 2005.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zar Zaman Akyndary kazak әdebiettanu gylymyna algash ret 1927 M Әuezov engizgen termin zar zaman kezeninde gumyr keship otarlyk ezgige tүsken kazak halkynyn tagdyryn mun zarmen zhyrlagan akyndar shogyry Zar zaman akyndary shogyrynyn belgili okilderi Dulat Babatajuly Shortanbaj Қanajuly Murat Monkeuly Әbubәkir Kerderi Alban Asan t b Әuezov Zar zaman akyndary dәuirin Abylaj han tusynan Abajga dejingi zhүz zhylga ulastyryp ayaktajdy Zar zaman akyndary tusynan kazak әdebieti zhazbasha sipat alatynyn atap korsetedi Dәstүrli kazak kogamyndagy buryngy kalyptaskan kundylyktardyn ozgerui eldi baskaru zhүjesinin baska sipatka auysuy otarshyldyktyn belen aluy halyktyn katty kүjzelui Zar zaman akyndaryn tarih sahnasyna shygargan Zar zaman akyndary halkynyn zhaj kүjin ojlagan ult kajratkerleri retinde tanyldy Olardyn shygarmalary halyktyk salt dәstүrlerdi kajmagy buzylmagan kalpynda saktauga ulttyk bolmys bitimnen azhyramauga үndejdi Dulat Babatajuly zar zaman akyndardyn biri Zar zaman akyndarynyn olenderinin mәniResej imperiyasy otarlaushylarynyn ozbyrlygy men surkiya sayasaty Zar zaman akyndarynyn olen zhyrlarynda zhan zhakty suretteledi Қazak halkynyn shurajly zherlerin tartyp alyp urpagyn azdyryp dinnen aulaktatu sykyldy imperiyalyk pigyldyn zhүzege asuyna karsylasu kozgalysy Zar zaman akyndarynyn kajratkerlik poeziyasyn omirge әkeldi Buryngy үndesip zhatatyn orshil ruh әsirese Murat Monkeulynyn zhyrlarynan ajkyn bajkalady Zar zaman akyndary shygarmalaryndagy ulttyk bolmysty kazaky kadyr kasietti saktap kaluga үndegen oj pikirler zhanajkajmen sharasyzdykpen songy tozimdi sarka ajtylgandygymen erekshelenedi Mundaj olenderden bodandyktyn bugauyna bas igisi kelmegen ult kajratkerlerinin orshil үni ajkyn angarylady Zar zaman akyndarynyn shygarmalarynda sary uajymga salynu kajgy munga berilu saryny da bajkalady Bul kezen akyndary keler kүnnen үmit zhoktygyna nalidy tygyryktan shygatyn zhol tappaj kinalady Olar eldin basyna tүsken nәubetti akyrzamannyn kelgeni dep ugady Bul zherdegi akyrzaman galamdyk apat zharyk dүniedegi kozge ilingen nәrsenin typ tipyl boluy turasyndagy emes otarshyldyktyn shengeline myktap tүsken ulttyn kүjreui sipatyndagy akyrzaman Halykty kan kaksatkan zobalannyn sebebin Zar zaman akyndarynyn biri adam kolymen zhasalgan zulymdyktan ekinshileri dinnin buzylgandygynan dep topshylajdy Әsirese Shortanbaj akyn sharasyzdyktan dindi tayanysh kylady Zar zaman akyndarynyn olen zhyrlarynda elmen koshtasu tugan zherdin otkenin ansau saryny oryn algan Zhalpy aua koshu konysty tastau ugymy koptegen halyktardyn folklorlyk shygarmalaryna tәn Talauga tүsken elden ketip zhajly zher yngajly konys izdeu ideyasy erkindik bostandykka umtylu murattarymen orajlas keledi Tugan zherdin tabigatyna karap turyp otken kүnnin elesin izdeu zhastyk dәurendi eske alu үrdisi ata konystyn bүlinshilikke tүsip ozgenin ojranyna ajnalgan sәtte tuyndagan mun shermen astasyp zhatady Akyndardyn birkatary zhutagan zher men koshken elge kajyrylyp soz ajtyp turyp baskynshylyk pigyl men zorlykshyl әreketterdi zarlana zhyrga kosady Zar zaman akyndarynyn kopshiligine tәn erekshelik keleshekti koregendikpen bolzhap aldagy uakyttagy el sipatynyn ozgerisin kolmen ustap kozben korgendej bejnelep ajtuy Mundaj bolzham olender Zar zaman akyndary shygarmashylygynyn bastapky kezeninde yagni otarlaushylardyn ojranynan burynyrak ajtylgandygymen kundy Bүgingi kozkaras turgysynan karasak olardyn ojlagan kaupi raska ajnalganyna kuә bolamyz Bul akyndardyn ishinde olen zhyrdyn bar kuatyn pajdalanyp ata baba dәstүrimen astarlaj ajtyp batys pen shygystan keletin kesapatty birdej bolzhap bergeni Dulat Babatajuly Akyndarynyn shygarmalaryna tyjym salynuyZar zaman akyndarynyn kajratkerlik biikke koterilui otarshyldyktyn belen aluynan bastalady Zhyr zhүjrikterinin bar kudireti bar kabileti el zhurtynyn sanasyn oyatuga zhumsaldy Olar kauip katerdi zorlyk zobalandy aldyn ala eskertti zardaptaryn kүn ilgeri tajga tanba baskandaj etip ajtyp berdi Eldin bereketin ketirgen otarlaushylardyn kubyzhyk kejpindegi bejnesin zhasady Solardyn ojranyna zhol ashkan oz halkynyn kejbir zhandajshaptaryn ayausyz synga aldy kej tusta el birliginin kemistigin de tүjrep otti Zar zamannyn bүkpesiz bayandalgan okigalaryn kejingi urpakka amanat etip kaldyrdy Zar zaman akyndary shogyrynyn belgili okili Dulat Babatajuly kazak halkynyn dәstүrli zhyr үlgisin tүr zhagynan ozgertip olendi korkemdep kesteleudin zhana үlgisin zhasady Atalgan akyndardyn kaj kajsysy da ulttyk poeziyamyzdy mazmun zhagynan bajytuga үles kosty Kenestik ideologiya үstemdik etken kezende Zar zaman akyndarynyn shygarmalaryn nasihattauga tiym salyndy Olar barlyk okulyktardan alynyp tastaldy Sogan karamastan Zar zaman akyndarynyn shygarmalary әr zhyldarda zertteu nysanasyna ajnaldy Қazak әdebietinin tarihyn okyp үjrenuge arnalgan gyl zhinaktarda olardyn kejbir olen tolgaulary aragidik zharyk korgen tustary da boldy Mysaly 1978 zhyly Leningradta basylyp shykkan Poety Kazahstana zhinagynda kurastyrgan Zar zaman akyndarynyn otarshylykka karsy zhazylgan birkatar olenderi orys tilinde zharyk kordi 20 g dyn sonynan bastap zar zamannyn tarihi sipaty Zar zaman akyndary shogyrynyn belgili okilderi әdebi agym retindegi erekshelikteri korkemdik kesteleri turaly birkatar enbekter zhazyldy Zar zaman akyndary shygarm zhanalygy mol ozgeshe dәstүri bar kүrdeli kubylys retinde әdebiettanu gylymynyn turakty zertteu nysanasy bolyp kala bermek Tagy karanyzZar ZamanZar zaman poeziyasynyn okilderi Zhogalgan urpakDerekkozder Қazak Enciklopediyasy 4 tom 3 bolim 14 Omaruly B Zar zaman poeziyasy Almaty 2000 15 Omaruly B Zar zaman әdebieti Astana 2005 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet