Жүйрік баптау – бәйгеге қосу үшін кешенді әдіс-тәсілдермен жүйрікті жарату.
Аттың жүйрік болар белгілері
Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап, егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі.
Жүйрікті бағып-қағудың әдіс-тәсілдері
Жүйрікті құлынынан танып, тайында жуасытып ақжілік қылып, сүйегін жасытпай өсіру – болашақ бәйге атын жаратудың алғы шарттары. Осылайша бапкер болашақ жүйрікті тайында тайжарысқа, құнанында құнанжарысқа баптап қосып қолтығын ашып, бағын сынайды. Тай, құнанында жүйрікті жер танытып қолтығын жазады. Шабыс жолында жылға, жыра, ор мен ылди, саз бен құмайт тастақ жерлер кездесіп отырады. Бапкерлердің айтуынша, құнан мен байталды көктемде бір, күзде екі рет қана бәйгеге қосқан жөн. Бәйгеге қосу аралығы 40-45 күннен кем болмауы тиіс. Құнанжарыста алдыңғы қатардан көрінсе, дөненінде күйлі-қоңды шығарып, қанын түзеп баптайды. Бапкер бастапқы жылдары атты қинамай, күшін әлсіретпей, күйлі ұстайды.
Жер жағдайының, күн райының ерекшелігіне қарай бапкердің күнделікті бағып-қағуына, әдіс-тәсілі әрқилы болады. Әдеттегі бәйгеге қосылатын атты күзде бос жіберіп, қоңын көтеріп, қыста қолға алып шөппен, сұлымен бағып, етін қалыпты жағдайда сақтау немесе өріске жіберіп қар тепкізіп алу аттың аяғына қан түспеуі үшін тиімді. Қыстай қолда бағым-күтімде болып, еті орташа шыққан бәйге атын, бапкердің айтуынша, көктемде көкке бірден жібермеу керек. Әйтпесе, аттың күйі бірден төмендеп кетеді. Сол үшін шілдеге дейін қолда ұстап әбден шөп пісті-ау дегенде бір жарым, екі айдай жайылымға жіберіп, қызылы толғанда ғана ұстап жарату керек. Қыста өте семіз шыққан жағдайда бәйге атын мамыр айына таман он бес-жиырма күн жайылымға қоя беріп, көк шалдырып, майынан арылтып барып жарату, қызылмай, қанжілік болудан сақтайды. Мұндай атты жаратуға кемінде бір ай уақыт қажет. Бағып-қағылған аттың ішінде май болса жүні жылтырап, майланып тұрады. Семіз атты басында екі-үш күнде бір суғарып, еті қатқан кезде күніне екі рет суару, әр реткі суаруда ат су ішіп бір рет басын көтергенде суаруды тоқтату керек. Күтімелдеу барысында ат ұсталғаннан үш күннен кейін әр күн кеште бусандырмай бір сағат міну, аттың топқазы болуынан сақтайды деседі.
Жүйрікті жаратудағы әдіс-тәсілдер
Бағып-қағуы, күтімі жеткен кезде бапкер бәйге атын жаратуды бастайды. Бағып-қағуы жеткен жылқы сүйегін түзеу, етін түзеу, терін түзеу деп аталатын "үш түзеуден" өтеді.
Сүйегін түзеу
Алдымен бапкер бәйгеге түсер жүйріктің сүйегін түзейді. Мұндайда көбінесе сұлы, кепкен жоңышқа беріп жілік майын ағартады. Осыдан соң етін түзеп, шабар етіне келтіреді. Жүйрікті аз мініп, көп байлайды. Ара-тұра арқандап тұрады. Мұндайда жүйріктің еті қазыланбай қара еті жақсы жетіледі.
Етін түзеу
Жылқы қара етті, май етті болып бөлінеді. Қара етті ат сырттай семіз көрінгенмен майы аз болады. Бапкер тәжірибесі болмаса қара етін жетілдірем деп қазыландырып алады. Ал, керісінше май етті (қызылаш) аттар көзге арық көрінгенімен, ішіне май жинайды. Бұндай аттарды еті түзелді деп алданып қалса, жарауы жетпей, бәйгеде тер басып, жолда қалады. Мұндай жолда қалған аттарды майбауыр немесе топқазы деп атайды. Бапкер, сөйтіп, бәйге атының қарызын арқалап қалады. Шабар аттың солқылдақ жалы болуы, шақпақ еті шалбарлы бүтін болуы шарт.
Терін түзеу
Бапкер келесі кезекте жүйріктің терін түзеуге кіріседі. Алдымен еті қалыптылары 10 күн, еттілерін 15 күннен кейін 2-3 шақырым жерге жай жүріп бусандырып таң асырып, суытады. Одан кейін арасына 4-5 күн аралатып 3-5 шақырым желдіріп көбік терін, кейін 3-4 шақырым қаражарысқа қосып қамау терін (ащы терін) алып таң асырады. Аттың алыс-жақынға жүгіретін өлшеміне қарай 5-10 шақырымдық қара жарысқа қосып тұнық терін (моншақ терін) алып таң асырады. Жақсы суытылған ат 5-тен 9-ға дейін құмалақтайды. Егер жүйрік қайыруы жетпей тоқжарау шапса тезегі аударылып өліп кетуі мүмкін. Өйткені, жылқының тоқішектегі тезегінің үлкендігі жас бала жұдырығындай және төрт бұрышты болады. Ол күшпен аударылып кеткенмен порымын өзгерте алмай ішекте қалады.
Тер алған сайын бапкер аттың терін татып көріп қандай қалыпқа келгенін байқап отырады. Сөйтіп, бапкер тер түзеуде жүйріктің тынысын кеңейтіп қана қоймай, сіңірін бекітіп, қолтығын жазады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Керімбаев Д. Қазақстанның жылқы шаруашылығы. Алматы: Қайнар, 1968;
- Қалиасқарұлы Қ. Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті. Өлгий: 1969;
- Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010;
- Ер қанатында. Жинақ. Құраст.: Аупбаев Ж. Алматы: Қайнар, 1987;
- Сартқожаұлы Қ., Айдаубайұлы Қ. Сәйгүліктер (этнографиялық зерттеу) // Жұлдыз. 1995. №1. 153-172-бб.;
- Хинаят Б. Бап пен жарату үйлеспеуден пайда болатын жылқы аурулары // Маңмаңкер (Республикалық Ұлттық ат спорты Федерациясының журналы). 1999. №1. 45-49-бб.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhүjrik baptau bәjgege kosu үshin keshendi әdis tәsildermen zhүjrikti zharatu At shabysy Suretshi N I Tkachenko Dm Lvovich Po kirgizskoj stepi Petrograd 1914 atty enbekten Attyn zhүjrik bolar belgileriҚazaktyn koregen synshylary kozikarakty atbegileri kez kelgen atka den kojmajdy Aldymen onyn tukym tegine bitim nyshandaryna nazar audaryp konilinen shyksa gana baptap kүjin tabuga kirisedi Zhaksy zhylkynyn bojynan kumartyp kajtalajtyn belgileri mynadaj bolyp keledi omyrtkasy shygynky bitedi ken tynysty sagakty bolyp keledi tusarlygynan adyraya korinetin zhuan sinirdi onaj angaruga bolady tomardaj bolyp bitken shoktygy da kozge birden tүsedi tutasa bitken ken keudesi siragyn kyska siyakty korsetedi Bilgir atbegiler zhүjrik attyn tisine dejin karap eger kүrek tis katary men azu tis katarynyn arasyndagy ketik alshak bolsa ony da zhaksy kasiettin bir nyshanyna balajdy Shyn zhүjrikti minez bitimine karaj da tanuga bolatyn aluan tүrli ugymdar bar Atty suytkanda artky eki ayagyna kezek kezek salmak salyp tuyagynyn ushyn gana tirep turatyn kasietin atbegiler zhaksy belgige sanajdy Attyn ayagy әldi bolsa gana bir ayagyna salmak salyp tezirek tynyguga mүmkindik alady Nemese zhajylsa zheldep zhajylatyn su ishse sudyn tunygyn kualap agysty orlej ishetin ottasa kok kurakty komagajlana karbytyp dәl tүpten kauyp oratyn zhetektesen botadaj elpildep sonynnan eretin zhetekshil minezin nagyz atbegiler has zhүjrikke tәn kasietke balagan Mine osy siyakty zhylkynyn tolyp zhatkan kasiet belgilerine konili tolgan atbegi әri karaj tandagan pyragyn baptauga kirisedi Zhүjrikti bagyp kagudyn әdis tәsilderiZhүjrikti kulynynan tanyp tajynda zhuasytyp akzhilik kylyp sүjegin zhasytpaj osiru bolashak bәjge atyn zharatudyn algy sharttary Osylajsha bapker bolashak zhүjrikti tajynda tajzharyska kunanynda kunanzharyska baptap kosyp koltygyn ashyp bagyn synajdy Taj kunanynda zhүjrikti zher tanytyp koltygyn zhazady Shabys zholynda zhylga zhyra or men yldi saz ben kumajt tastak zherler kezdesip otyrady Bapkerlerdin ajtuynsha kunan men bajtaldy koktemde bir kүzde eki ret kana bәjgege koskan zhon Bәjgege kosu aralygy 40 45 kүnnen kem bolmauy tiis Қunanzharysta aldyngy katardan korinse doneninde kүjli kondy shygaryp kanyn tүzep baptajdy Bapker bastapky zhyldary atty kinamaj kүshin әlsiretpej kүjli ustajdy Zher zhagdajynyn kүn rajynyn ereksheligine karaj bapkerdin kүndelikti bagyp kaguyna әdis tәsili әrkily bolady Әdettegi bәjgege kosylatyn atty kүzde bos zhiberip konyn koterip kysta kolga alyp shoppen sulymen bagyp etin kalypty zhagdajda saktau nemese oriske zhiberip kar tepkizip alu attyn ayagyna kan tүspeui үshin tiimdi Қystaj kolda bagym kүtimde bolyp eti ortasha shykkan bәjge atyn bapkerdin ajtuynsha koktemde kokke birden zhibermeu kerek Әjtpese attyn kүji birden tomendep ketedi Sol үshin shildege dejin kolda ustap әbden shop pisti au degende bir zharym eki ajdaj zhajylymga zhiberip kyzyly tolganda gana ustap zharatu kerek Қysta ote semiz shykkan zhagdajda bәjge atyn mamyr ajyna taman on bes zhiyrma kүn zhajylymga koya berip kok shaldyryp majynan aryltyp baryp zharatu kyzylmaj kanzhilik boludan saktajdy Mundaj atty zharatuga keminde bir aj uakyt kazhet Bagyp kagylgan attyn ishinde maj bolsa zhүni zhyltyrap majlanyp turady Semiz atty basynda eki үsh kүnde bir sugaryp eti katkan kezde kүnine eki ret suaru әr retki suaruda at su iship bir ret basyn kotergende suarudy toktatu kerek Kүtimeldeu barysynda at ustalgannan үsh kүnnen kejin әr kүn keshte busandyrmaj bir sagat minu attyn topkazy boluynan saktajdy desedi Zhүjrikti zharatudagy әdis tәsilderBagyp kaguy kүtimi zhetken kezde bapker bәjge atyn zharatudy bastajdy Bagyp kaguy zhetken zhylky sүjegin tүzeu etin tүzeu terin tүzeu dep atalatyn үsh tүzeuden otedi Sүjegin tүzeu Aldymen bapker bәjgege tүser zhүjriktin sүjegin tүzejdi Mundajda kobinese suly kepken zhonyshka berip zhilik majyn agartady Osydan son etin tүzep shabar etine keltiredi Zhүjrikti az minip kop bajlajdy Ara tura arkandap turady Mundajda zhүjriktin eti kazylanbaj kara eti zhaksy zhetiledi Etin tүzeu Zhylky kara etti maj etti bolyp bolinedi Қara etti at syrttaj semiz koringenmen majy az bolady Bapker tәzhiribesi bolmasa kara etin zhetildirem dep kazylandyryp alady Al kerisinshe maj etti kyzylash attar kozge aryk koringenimen ishine maj zhinajdy Bundaj attardy eti tүzeldi dep aldanyp kalsa zharauy zhetpej bәjgede ter basyp zholda kalady Mundaj zholda kalgan attardy majbauyr nemese topkazy dep atajdy Bapker sojtip bәjge atynyn karyzyn arkalap kalady Shabar attyn solkyldak zhaly boluy shakpak eti shalbarly bүtin boluy shart Terin tүzeu Bapker kelesi kezekte zhүjriktin terin tүzeuge kirisedi Aldymen eti kalyptylary 10 kүn ettilerin 15 kүnnen kejin 2 3 shakyrym zherge zhaj zhүrip busandyryp tan asyryp suytady Odan kejin arasyna 4 5 kүn aralatyp 3 5 shakyrym zheldirip kobik terin kejin 3 4 shakyrym karazharyska kosyp kamau terin ashy terin alyp tan asyrady Attyn alys zhakynga zhүgiretin olshemine karaj 5 10 shakyrymdyk kara zharyska kosyp tunyk terin monshak terin alyp tan asyrady Zhaksy suytylgan at 5 ten 9 ga dejin kumalaktajdy Eger zhүjrik kajyruy zhetpej tokzharau shapsa tezegi audarylyp olip ketui mүmkin Өjtkeni zhylkynyn tokishektegi tezeginin үlkendigi zhas bala zhudyrygyndaj zhәne tort buryshty bolady Ol kүshpen audarylyp ketkenmen porymyn ozgerte almaj ishekte kalady Ter algan sajyn bapker attyn terin tatyp korip kandaj kalypka kelgenin bajkap otyrady Sojtip bapker ter tүzeude zhүjriktin tynysyn kenejtip kana kojmaj sinirin bekitip koltygyn zhazady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterKerimbaev D Қazakstannyn zhylky sharuashylygy Almaty Қajnar 1968 Қaliaskaruly Қ Bayan Өlgij kazaktarynyn auyz әdebieti Өlgij 1969 Toktabaj A Қazak zhylkysynyn tarihy Almaty Almatykitap 2010 Er kanatynda Zhinak Қurast Aupbaev Zh Almaty Қajnar 1987 Sartkozhauly Қ Ajdaubajuly Қ Sәjgүlikter etnografiyalyk zertteu Zhuldyz 1995 1 153 172 bb Hinayat B Bap pen zharatu үjlespeuden pajda bolatyn zhylky aurulary Manmanker Respublikalyk Ұlttyk at sporty Federaciyasynyn zhurnaly 1999 1 45 49 bb