Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, спиральді тәсілмен орап ұзын, мықты тоқыма жіп алу тәсілі.
Ұршықтың құрылысы
Ұршық негізгі үш бөліктен құралады. Олар- ұршықтың басы, сабы және мұрындығы. Ұршықтың басын тығыз ағаштан ойып, жұмсақ тастан қашап, қорғасыннан дөңгелектеп құйып жасайды. Ұршық басының ауыр не жеңілдігі иірілетін жіптің жуан-жіңішкелігіне сәкес болуға тиіс. Ұршық сабының ұзындығы 30 сантиметрдей болады.
Иіру
Ұршықты саптағанда оның мұрындық өткізілетін, жағын ұршық басқа кигізеді (басынан 3 елідей шығарып). Саптың ұшынан жіп жататын сай салып, ұшынан 1 елідей төменіректен мұрындық өткізеді. Оның жуандығы сіреңке шырпысынан сәл ғана жуандау болады. Жіп ауырлағанда сынып кетпеу үшін, мұрындық қатты ағаштан дайындалады.
Ұршықпен иірілетін жіптердің ең жуаны өрмектің арқауы, күзуі, серуі және түйенің жабуын көктейтін, киіз үйдің түндік, үзік, туырлық сияқты әбзелдерін тігуге арналған шуда жіп, ал ең жіңішкесі - шидем шекпен тоқуға, теріден киім тігуге арналады. Жіп иірілуіне қарай екі түрлі : оңқай жіп, солақай жіп болады. Жіптің бұл түрлері шекпен тоқығанда таңдай түсіру үшін пайдаланылады. Жіп иіргенде шебер майдалап түтілген жүннен шүйке жасап, оны бостау етіп, домалақтап шүберектен не шүйкенің өзінен саусаққа ілетін ілгек шығарады. Иірілген жіпті ұршық сабына төгеді.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhipti urshykpen iiru tүtilgen zhүndi uzynynan sozyp spiraldi tәsilmen orap uzyn mykty tokyma zhip alu tәsili ҰrshykZhipti urshykpen iiru a tүtilgen zhүn b iirilgen zhip oralgan urshyktyn saby c urshyk basyҰrshyktyn kurylysyҰrshyk negizgi үsh bolikten kuralady Olar urshyktyn basy saby zhәne muryndygy Ұrshyktyn basyn tygyz agashtan ojyp zhumsak tastan kashap korgasynnan dongelektep kujyp zhasajdy Ұrshyk basynyn auyr ne zhenildigi iiriletin zhiptin zhuan zhinishkeligine sәkes boluga tiis Ұrshyk sabynyn uzyndygy 30 santimetrdej bolady IiruҰrshykty saptaganda onyn muryndyk otkiziletin zhagyn urshyk baska kigizedi basynan 3 elidej shygaryp Saptyn ushynan zhip zhatatyn saj salyp ushynan 1 elidej tomenirekten muryndyk otkizedi Onyn zhuandygy sirenke shyrpysynan sәl gana zhuandau bolady Zhip auyrlaganda synyp ketpeu үshin muryndyk katty agashtan dajyndalady Ұrshykpen iiriletin zhipterdin en zhuany ormektin arkauy kүzui serui zhәne tүjenin zhabuyn koktejtin kiiz үjdin tүndik үzik tuyrlyk siyakty әbzelderin tiguge arnalgan shuda zhip al en zhinishkesi shidem shekpen tokuga teriden kiim tiguge arnalady Zhip iiriluine karaj eki tүrli onkaj zhip solakaj zhip bolady Zhiptin bul tүrleri shekpen tokyganda tandaj tүsiru үshin pajdalanylady Zhip iirgende sheber majdalap tүtilgen zhүnnen shүjke zhasap ony bostau etip domalaktap shүberekten ne shүjkenin ozinen sausakka iletin ilgek shygarady Iirilgen zhipti urshyk sabyna togedi DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9