Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.
Жетіген | |
Жіктелуі | шекті аспап |
---|---|
Туыстас аспаптары |
Тарихы
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
18 ғасырда қазақ даласын аралаған - И.Лепехин, И.Георги, т.б. екі ішекті домбырадан басқа көп ішекті аспаптардың да болғандығын жазады. Ал саяхатшы А.С. Паллас 1786 жылғы қазақ даласын аралаған сапарында осы күнгі жетігеннің көне түрін кездестірген. “Бұл аспап шыршадан жасалған шағын ғана жәшік, оның түбі ғана бар. Оған ішектер ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты құлақ күйіне келтіру үшін әрбір ішектің астына кішкене тиек — қойдың асықтары қойылады. Музыкант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды”, — деп жазған. Этнограф-саяхатшылардың осы секілді жазбаларына қарағанда, Жетіген аспабы қазақ халқы арасында 19 ғ-дың ортасына дейін сақталып, бертін келе жоғалып кеткен. Осы этнографиялық сипаттамалар бойынша қалпына келтірілген немесе жетілдіріліп жасалған жетігеннің алғашқы үлгісі өмірге қайта келіп, өнеріміз бен аспаптық музыкамызда орын ала бастады. 1817 жылғы “” журналында жазылған анықтама бойынша белгілі шебер 1966 ж. Жетіген аспабының алғашқы нұсқасын қалпына келтіріп жасап шықты. Бұл алғашқы үлгінің дыбыс ауқымы бір жарым октава болып, 13 ішек тағылып жасалды. Оның ұзындығы 1060 мм, шанақ ені 250 мм болып, бетіне екі-үш жерден тиектер қойылып жасалды.
Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым-зерттеуші Б.Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші-өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т.Сарыбаев, Е.Құсайынов, С.Мерекеев, т.б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2,5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. Оларды О. Бейсенбекұлы, Н. Әбдірахманов, Д. Шоқпарұлы, С. Ділманов секілді аспапшы шеберлер жасап шықты. Аспап “ Сазген”, “Мұрагер”, “Адырна”, “Отырар сазы”, т.б. белгілі өнер ұжымдарында ойналып келеді.
Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар және өз тілдік атауларымен аталады. Мысалы, татарлар — “етиган”, — “жадықан”, хақастар — “шатқан” деп атап, музыкалық аспаптарымыздың да этникалық шығу, пайда болу негізінің ұқсас, тектес екендігін байқатады.
Жетіген сөзінің пайда болуы
«Жетіген» деген атау тегінде екі сөзден құралса керек: жеті және ән. Яғни, мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай. Өйткені түркі тілдерінде мынадай музыкалық терминдер бар: аган — өлең, әуен; ган-ни — жырға қосу; ганани — ән, шумақ; таган — ән салу.
Татар және ұйғыр тілінде — ахан, өзбекше аханг. Бұл сөздердің мәні де сол — ән, әуен. Қазақ тілінде бұл сөздерді дыбыстағанда, бәлкім, «аһан», «аган» дегенді «ән» деп кеткен болу керек.»
Профессор Құдайберген Жұбанов бүл жайында былай деп жазған еді:
«Тегінде, «ән» парсының «оһаник» деген сөзінен шықса керек.
Жетіген даму тарихы
ең көне түрінің даму тарихы бізге күні бүгінге дейін белгісіз. Сондықтан бүл саланы зерттеушілер бар болғаны әр түрлі болжаулар айтумен ғана шектелулері мүмкін. Әр түрлі халық аспаптарының дамуында кейбір орталық заңдылықтар бар дедік. Осындай аспаптар жетілдірілген сайын ондағы ішектер саны бірте-бірте көбейе берген. Аспаптар тұтас ағаштан ойып жасалған, шанақтары әдетте көн терімен қапталған, кейбір этнографиялық еңбектерде шанағы ашық қалдырылған аспаптар жайында да сөз болады. Қарапайым аспаптарда құлақ болмаған, сондықтан ішектерді қолмен керіп байлаған. Күйге келтіру үшін тиек орнына қойылған асықты жылжытатын болған. Музыканттардың орындаушылық шеберліктері артқан сайын шертпелі аспаптардың түрі өзгеріске ұшырап, жетіле түсіп отырған. Мойын жасалып, байланатын пернелер саны артқан сайын мұндай аспапта ойнау техникасы едәуір байи түскен.
Өз еңбектерінде XVIII ғасырдың ғалымдары үш ішекті домбыраны қалай тартатындары жайлы көргендерін жазады және осыған орай садак, түріндегі шертпелі көне аспаптан қылқобыздың пайда болуы мүмкін дегенді айтады.
Мысалы, XVIII ғасырдағы саяхатшылар И. Лепехин, П. Паллас, И. Георги және П. Рычков өздерінің жазбаларында түркі халықтары арасында тараған шертіп ойналатын көп ішекті көне аспап жайында жиі-жиі ауызға алады. Олар бұл аспапты көбінесе Сібірдің батыс бөлігін мекендеуші тұрғындар арасынан кездестірген. Осы аспаптардың құрылысын суреттеп жаза отырып, ғалымдар оның гуслиге, арфаға және лютняға ұқсайтындығын айтқан, сол себепті өз еңбектерінде оны «гусли», «жатқызылған арфа» деп атайды. Соңғы атаудың тағылу себебі, аспапты ойнаған кезде көлденеңдете ұстау керек. Зерттеушілердің барлық еңбектерінде жеті ішекті көне аспап —жетіген жайлы баяндалады. Бірақ әр этнограф оны өзінше атаған, мысалы, «етиге», «етиган», «ятага», «елтаға», «джатыган» дейді, солай бола тұра, түркі тілінің, келтірілген сөздерінде ортақ түбір бар екенін байқау қиын емес.
Саяхатшылар көп жайларда қазақ ауылдарын да аралап көрген. Ертеде жазылған этнографиялық мақалалардың бірінде былай делінген:
«Джатыган» деген атау аспапқа тағылған жеті ішекке байланысты алынған, өйткені джаты (жеті — Б. С.) жеті деген сөз. Ол ішін ұңғылап жасаған ағаш жәшік сияқты, ұзындығы — бір жарым аршын шамасында, ені аршынның төрттен біріндей, ал биіктігі екі вершокқа жетеді, ұзын әрі кең бүйірлі жағы ашық қалдырылған, екінші бүйір жағы жабық. Жабық бүйірге жуандығы әр түрлі сым ішектер тағылады, олардың әрқайсысының астында екі тиектен болады. Ойнау кезінде жіңішке ішектерді бері қаратып қояды да оны екі қолымен үрғылайды, бір қолымен дауысқа ыңғайлай шертеді де, екіншісімен тиектен біршама жерден мұңды, әрі дірілдеп шығатын дауысты келтіреді».
Саяхатшылар XVIII ғасырдың екінші жартысында кездестірген жетігендердің кейбір түрлері тіптен қарадүрсін жасалынған. Академик П. С. Паллас солардың бірі туралы былай деп жазады:
«Аталмыш аспап шағын шырша жәшігінен тұрады, оның түбі ғана бар, оған жуандықтары әр түрлі алты сутужный (сым— Б. С.) ішектері ешқандай құлақсыз-ақ керілген».
Ертеде көптеген үй жабдықтары, музыка аспаптары, солардың ішінде жетіген де тұтас ағаштан ойып жасалатын болған, сол себепті саяхатшылар жетігеннің сыртқы түрін астау сияқты жәшікпен салыстырған. Мұндай жетігенде құлақ, қақпақ дегендер болмаған. Ішектер аспаптың сырт жағына қолмен керіліп байланған.
Этнографтардың мәліметтеріне қарағанда, жетіген кейбір аймақтағы қазақтардың арасында XIX ғасырдың ортасына шейін кездескен. Өткен ғасырдың 60-жылдары Москвада этнографиялық көрме ұйымдастырылған, оған қазақтары музыка аспаптарының бірнеше түрін әкеліп қойған. Кейін бұл аспаптар этнографиялық музейіне беріліпті.
Осы музейдің 1868 жылы жазылған коллекциялық тізімінде сыбызғының үш түрі жайында, қылқобыз бен домбыраның бірнеше түрі, сондай-ақ жеті ішекті жетіген туралы айтылыпты. Суреттеп жазылуында бұл аспаптар: цибизга, кубыз, думбра және ятага деп аталған.
А. Масловтың «Сибирский вестник» (1818) журналында жарияланған мақаласында жетіген анағұрлым толық суреттелген. «Ятага,— деп жазыпты ол, — Орынбор қырғыздары (қазақтары — Б. С.) қолданатын музыкалық аспап. Шанағы ұзын, орта тұсы төрт бұрышты, бір жағына қарай доғал бұрыштанып сәл иілген. Бүйіріндегі екі қақпағы тұтас, қалған екі қақпақтың әрқайсысы екі бөліктен біріктірілген, олардың бір-біріне қатынасы 9:25-ке қатынасындай. Төменгі қақпақта бес жұлдызша орналасқан 25 қосымша дауыстар жасалған, сәл дөңестеу жоғарғы қақпақта, иілген тұсына тақтай жапсырылған, оған ішектерді байлауға арналған жеті ағаш құлақ орнатылған, ішектер аспаптың, түп жағындағы кішкене мыс шығыршыққа бекітілген. Төменгі қақпақтын, түбін ала бірнеше тақтайша бекітілген: олар тек сәндік үшін емес, аспапты жерге қойғанда тіреуіш қызметін де атқарады. Ятаганың жалпы түрі үлкен жапон котосына өте ұқсас. Ятаганың қақпағы сарғыш сырмен ал қалған бөліктері қара түске боялған, құлақтары сияқты ұсақ белшектерін айтпағанда, қызыл сырмен сырланған. Ятаганың бұрауы белгісіз. Көлемі мынадай: ұзындығы—102 см, ені—14 см, биіктігі осы шамалас, бірақ резонатордың қалыңдығы екі есе кем.
«Ятага» аталып, осылай суреттелген бұл аспаптың жетігеннен аумай ұқсастығы дау туғызбаса керек. Масловтың еңбегінде Орынбор қазақтарының арасынан табылған жетігеннің суреті бар және бұл сурет бірден-бір құжат болып саналады.
Сібірдің батыс аймақтарын мекендеуші халықтардың, тұрмыс салты, әдет-ғұрыптары бір-біріне жақын екені, сондай-ақ олардың музыкалық аспаптарының ұқсастығы жайында этнографтар көп жазып қалдырған. Саяхатшы П. Паллас манси халықтарының (қазіргі Ханты-Мансийск ұлттық округі) музыкасы туралы былай деп жазады:
«Ойнаушы бұл аспапты тізесіне қояды да сол қолымен шертіп бас үнін келтіреді, ал оң қолымен әуен шығарады. Өлеңдердің буындары қарапайым, татар халық әуеніне ұқсайды».
Бұл арада Паллас жетіген тектес аспапты жазып отыр, ал «татардікіне ұқсайды» дегені әдетте саяхатшылар шығыс түркі халықтары арасынан өздері естіген әуенді айтқаны.
XVIII ғасырдың өзге де саяхатшылары: И. Лепехин, , П. Рычков, И. Георгидің еңбектерінде осындай мәліметтер келтірілген. XVIII ғасырда жетігенмен бір тектес аспаптар түркі халықтары арасында неғұрлым көбірек тараған. Алайда, олардың бәрінде бірдей сақталмаған. Татар халқы арасында «етиганның» ұмыт болғаны, оның орнына гуслидің тарап отырғаны жайында А. Масловтың еңбегінде былай делінген:
«...гусли татарларда кездеседі...алайда, бұрын оларда гуслиге ұқсайтын өз аспаптары болған, оларды «етиган» деп атаған.
Жетіген тектес аспап Астрахань мен Орынбор татарлары арасында кездеседі. Бұл туралы И. .Георги былайша еске алады:
«...Олар өздерінің лютнясінде ойнайды, оны «елтага» деп атайды.
Архив материалдарынан көрікетіндей, жетіген тектес аспаптар Қазақстан территориясынан солтүстікке таман мекендеуші көптеген халықтарда: «марилерде, чуваштарда, буряттарда, удмурттарда, тувалытарда, хакастарда және тофыларда болған. Г. Миллердің «Қазан губерниясын мекендеуші мәжуси халықтар, яко то черемис, чуваш және вотяктарды олардың тұрмыс салттарын көрсете отырып баяндау» атты мақаласынан:
«Олардың музыкалық аспаптарының ішінен алдымен ауызға аларымыз жатқызылған арфа іспеттес аспап»
деген жолдарды оқимыз.
Этнограф С. Болотов қазақтардан көп ішекті шертіп ойналатын аспап тапқан. Ол бұл аспапты торбанмен салыстыра келіп, «шебер орындаушынын, қолында оның үнін рақаттана отырып тыңдайсың»,— деп жазады.
Халықтың аңыз-ертегі, өлең-жырларында әр қилы музыкалық аспаптар жиі аталып отырады. Сонау бағзы заманнан бері келе жатқан көне аңыздардың бірінде жеті ішекті жетігеннің шығу тарихы баяндалған. Бұл аңызды біз 1966 жылы Өзбек ССР-іне қарасты Бұхар облысындағы Тамды ауданына экспедицияға барғанымызда жазып алдық. Оны бізге жергілікті домбырашы айтып берді. Мұны ол бала кезінде өзінің атасынан естіген екен:
«Жұрт әр түрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырайтын өткен заманда, қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі.»
Жетігеннің құрам бөлшектері
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, көне жетігенде құлақ болмаған. Ішектердің астына екі жақ шетінен асық қойылған. Аспап осы асықтарды жылжыту арқылы күйге келтірілетін болған. Даусын көтеру үшін асықтарды ішектердің екі жақ басынан ортасына қарай жақындатқан, ал оларды кері жылжытып, араларын алшақтатса дауыс төмендеген. Әрбір ішектің бұрауын келтіргенде орындалатын әннің, әyeнi басшылыққа алынған. Осы арада айта кетелік, домбыраны күйге келтіргенде тек ішектерді қатайтып не босатып қана қоймайды, сонымен қатар тиек пен шайтан тиекті жылжыту арқылы да бұрауын реттейді. Бұдан көретініміз, жетіген мен домбыраны күйге келтіру әдісінде кейбір ұқсастық бар. Ішектерінің бұрауы бұрынғыша келтірілетін домбыралар әлі де кездеседі. Ондай домбырада құлақ жалғыз болады. Жоғарғы ішек қолмен керіліп аспаптың басына байланады. Екінші ішек құлаққа бекітіледі және оны жоғарғы ішектің дыбысына келтіріп бұрайды. Жетігенге қүлақ жасағаннан кейін де оның ішектерінің бұрауын келтіруге тиекті пайдалану принципі сақталып қалды.
Жетіген талай жүздеген жылдар өтсе де сол баяғы қарапайым күйінде қала берді. Ішек саны жетеу, тиегі асық.
1966 жылы «Сибирский вестник» журналында 1818 жылы суреттеп жазылуы бойынша жетіген аспабын жасады. Нақ осы жетігеннің бейнесін қайтадан өмірге келтіру көне аспаптарды қайта жасау ісінің бастамасы болды.
Жетілдіріліп қайта жасалған жетігенді жеке күй орындауда және әншілерді сүйемелдеуші аспап ретінде халық оркестрлері мен ансамбльдерінде кеңінен пайдалануға болады.
Жетіген туралы аңыз
Ерте кезде ауылда бір тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй- түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: және ән” - “жетіген” деген ұғымды береді.
Дереккөздер
- Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhetigen kazak halkynyn kop ishekti shertpeli aspaby Zhalpy turky uzynsha zhәshik tektes etip zhasalady Betine zhuka taktajdan kakpak zhabylyp үn beretin ojyktary salynady ZhetigenZhikteluishekti aspapTuystas aspaptaryGusliTarihyZhetigen zhasaluy da ojnalu әdis tәsili de ote kүrdeli aspap Erterekte el arasynda saktalgan kone zhetigennin ishegi attyn kylynan tagylyp tiektin ornyna asyktar pajdalanylatyn bolgan Aspaptyn kulak kүji osy asyktardy әrli berli zhylzhytu arkyly keltirilgen Ishek sandary zheteu bolgandyktan aspap Zhetigen atalgan 18 gasyrda kazak dalasyn aralagan I Lepehin I Georgi t b eki ishekti dombyradan baska kop ishekti aspaptardyn da bolgandygyn zhazady Al sayahatshy A S Pallas 1786 zhylgy kazak dalasyn aralagan saparynda osy kүngi zhetigennin kone tүrin kezdestirgen Bul aspap shyrshadan zhasalgan shagyn gana zhәshik onyn tүbi gana bar Ogan ishekter eshbir kulaksyz kerilgen Bul aspapty kulak kүjine keltiru үshin әrbir ishektin astyna kishkene tiek kojdyn asyktary kojylady Muzykant ishektin uzyn zhagyn sol kolymen tartady da on kolymen dishkantta ojnajdy dep zhazgan Etnograf sayahatshylardyn osy sekildi zhazbalaryna karaganda Zhetigen aspaby kazak halky arasynda 19 g dyn ortasyna dejin saktalyp bertin kele zhogalyp ketken Osy etnografiyalyk sipattamalar bojynsha kalpyna keltirilgen nemese zhetildirilip zhasalgan zhetigennin algashky үlgisi omirge kajta kelip onerimiz ben aspaptyk muzykamyzda oryn ala bastady 1817 zhylgy zhurnalynda zhazylgan anyktama bojynsha belgili sheber 1966 zh Zhetigen aspabynyn algashky nuskasyn kalpyna keltirip zhasap shykty Bul algashky үlginin dybys aukymy bir zharym oktava bolyp 13 ishek tagylyp zhasaldy Onyn uzyndygy 1060 mm shanak eni 250 mm bolyp betine eki үsh zherden tiekter kojylyp zhasaldy Zhetigennin notalyk zhүjesin anyktagan galym zertteushi B Sarybaev boldy Zhetigen aspabyna bajlanysty ony ertede zheti ulynan ajyrylgan kүjshi onerpaz zhasap Zhetigennin zheti kүjin shygarypty dejtin anyz bar Aspaptyk folklorlyk muzykamyzda erekshe oryn alatyn bul aspap 1970 zhyldan beri T Sarybaev E Қusajynov S Merekeev t b muzykashylardyn oryndauynda zhanasha sipatka ie boldy Zhetigen aspabynyn kazirgi sheberler zhasagan үlgisinin dybys aukymy 2 2 5 oktavaga dejin zhetkizildi Қazak halyk muzyka aspaptary murazhajynda zhetigen aspabynyn etnografiyalyk sipattamalar bojynsha zhasalgan kone үlgisi men zhetildirilgen үlgileri saktalgan Olardy O Bejsenbekuly N Әbdirahmanov D Shokparuly S Dilmanov sekildi aspapshy sheberler zhasap shykty Aspap Sazgen Murager Adyrna Otyrar sazy t b belgili oner uzhymdarynda ojnalyp keledi Zhetigen aspaby tүrki tildes halyktardyn barlygynda da bar zhәne oz tildik ataularymen atalady Mysaly tatarlar etigan zhadykan hakastar shatkan dep atap muzykalyk aspaptarymyzdyn da etnikalyk shygu pajda bolu negizinin uksas tektes ekendigin bajkatady Zhetigen sozinin pajda boluy Zhetigen degen atau teginde eki sozden kuralsa kerek zheti zhәne әn Yagni muny әndetushi nemese kүj shertushi zheti ishek dese de bolgandaj Өjtkeni tүrki tilderinde mynadaj muzykalyk terminder bar agan olen әuen gan ni zhyrga kosu ganani әn shumak tagan әn salu Tatar zhәne ujgyr tilinde ahan ozbekshe ahang Bul sozderdin mәni de sol әn әuen Қazak tilinde bul sozderdi dybystaganda bәlkim aһan agan degendi әn dep ketken bolu kerek Professor Қudajbergen Zhubanov bүl zhajynda bylaj dep zhazgan edi Teginde әn parsynyn oһanik degen sozinen shyksa kerek Zhetigen damu tarihyen kone tүrinin damu tarihy bizge kүni bүginge dejin belgisiz Sondyktan bүl salany zertteushiler bar bolgany әr tүrli bolzhaular ajtumen gana shekteluleri mүmkin Әr tүrli halyk aspaptarynyn damuynda kejbir ortalyk zandylyktar bar dedik Osyndaj aspaptar zhetildirilgen sajyn ondagy ishekter sany birte birte kobeje bergen Aspaptar tutas agashtan ojyp zhasalgan shanaktary әdette kon terimen kaptalgan kejbir etnografiyalyk enbekterde shanagy ashyk kaldyrylgan aspaptar zhajynda da soz bolady Қarapajym aspaptarda kulak bolmagan sondyktan ishekterdi kolmen kerip bajlagan Kүjge keltiru үshin tiek ornyna kojylgan asykty zhylzhytatyn bolgan Muzykanttardyn oryndaushylyk sheberlikteri artkan sajyn shertpeli aspaptardyn tүri ozgeriske ushyrap zhetile tүsip otyrgan Mojyn zhasalyp bajlanatyn perneler sany artkan sajyn mundaj aspapta ojnau tehnikasy edәuir baji tүsken Өz enbekterinde XVIII gasyrdyn galymdary үsh ishekti dombyrany kalaj tartatyndary zhajly korgenderin zhazady zhәne osygan oraj sadak tүrindegi shertpeli kone aspaptan kylkobyzdyn pajda boluy mүmkin degendi ajtady Mysaly XVIII gasyrdagy sayahatshylar I Lepehin P Pallas I Georgi zhәne P Rychkov ozderinin zhazbalarynda tүrki halyktary arasynda taragan shertip ojnalatyn kop ishekti kone aspap zhajynda zhii zhii auyzga alady Olar bul aspapty kobinese Sibirdin batys boligin mekendeushi turgyndar arasynan kezdestirgen Osy aspaptardyn kurylysyn surettep zhaza otyryp galymdar onyn guslige arfaga zhәne lyutnyaga uksajtyndygyn ajtkan sol sebepti oz enbekterinde ony gusli zhatkyzylgan arfa dep atajdy Songy ataudyn tagylu sebebi aspapty ojnagan kezde koldenendete ustau kerek Zertteushilerdin barlyk enbekterinde zheti ishekti kone aspap zhetigen zhajly bayandalady Birak әr etnograf ony ozinshe atagan mysaly etige etigan yataga eltaga dzhatygan dejdi solaj bola tura tүrki tilinin keltirilgen sozderinde ortak tүbir bar ekenin bajkau kiyn emes Sayahatshylar kop zhajlarda kazak auyldaryn da aralap korgen Ertede zhazylgan etnografiyalyk makalalardyn birinde bylaj delingen Dzhatygan degen atau aspapka tagylgan zheti ishekke bajlanysty alyngan ojtkeni dzhaty zheti B S zheti degen soz Ol ishin ungylap zhasagan agash zhәshik siyakty uzyndygy bir zharym arshyn shamasynda eni arshynnyn tortten birindej al biiktigi eki vershokka zhetedi uzyn әri ken bүjirli zhagy ashyk kaldyrylgan ekinshi bүjir zhagy zhabyk Zhabyk bүjirge zhuandygy әr tүrli sym ishekter tagylady olardyn әrkajsysynyn astynda eki tiekten bolady Ojnau kezinde zhinishke ishekterdi beri karatyp koyady da ony eki kolymen үrgylajdy bir kolymen dauyska yngajlaj shertedi de ekinshisimen tiekten birshama zherden mundy әri dirildep shygatyn dauysty keltiredi Sayahatshylar XVIII gasyrdyn ekinshi zhartysynda kezdestirgen zhetigenderdin kejbir tүrleri tipten karadүrsin zhasalyngan Akademik P S Pallas solardyn biri turaly bylaj dep zhazady Atalmysh aspap shagyn shyrsha zhәshiginen turady onyn tүbi gana bar ogan zhuandyktary әr tүrli alty sutuzhnyj sym B S ishekteri eshkandaj kulaksyz ak kerilgen Ertede koptegen үj zhabdyktary muzyka aspaptary solardyn ishinde zhetigen de tutas agashtan ojyp zhasalatyn bolgan sol sebepti sayahatshylar zhetigennin syrtky tүrin astau siyakty zhәshikpen salystyrgan Mundaj zhetigende kulak kakpak degender bolmagan Ishekter aspaptyn syrt zhagyna kolmen kerilip bajlangan Etnograftardyn mәlimetterine karaganda zhetigen kejbir ajmaktagy kazaktardyn arasynda XIX gasyrdyn ortasyna shejin kezdesken Өtken gasyrdyn 60 zhyldary Moskvada etnografiyalyk korme ujymdastyrylgan ogan kazaktary muzyka aspaptarynyn birneshe tүrin әkelip kojgan Kejin bul aspaptar etnografiyalyk muzejine berilipti Osy muzejdin 1868 zhyly zhazylgan kollekciyalyk tiziminde sybyzgynyn үsh tүri zhajynda kylkobyz ben dombyranyn birneshe tүri sondaj ak zheti ishekti zhetigen turaly ajtylypty Surettep zhazyluynda bul aspaptar cibizga kubyz dumbra zhәne yataga dep atalgan A Maslovtyn Sibirskij vestnik 1818 zhurnalynda zhariyalangan makalasynda zhetigen anagurlym tolyk surettelgen Yataga dep zhazypty ol Orynbor kyrgyzdary kazaktary B S koldanatyn muzykalyk aspap Shanagy uzyn orta tusy tort buryshty bir zhagyna karaj dogal buryshtanyp sәl iilgen Bүjirindegi eki kakpagy tutas kalgan eki kakpaktyn әrkajsysy eki bolikten biriktirilgen olardyn bir birine katynasy 9 25 ke katynasyndaj Tomengi kakpakta bes zhuldyzsha ornalaskan 25 kosymsha dauystar zhasalgan sәl donesteu zhogargy kakpakta iilgen tusyna taktaj zhapsyrylgan ogan ishekterdi bajlauga arnalgan zheti agash kulak ornatylgan ishekter aspaptyn tүp zhagyndagy kishkene mys shygyrshykka bekitilgen Tomengi kakpaktyn tүbin ala birneshe taktajsha bekitilgen olar tek sәndik үshin emes aspapty zherge kojganda tireuish kyzmetin de atkarady Yataganyn zhalpy tүri үlken zhapon kotosyna ote uksas Yataganyn kakpagy sargysh syrmen al kalgan bolikteri kara tүske boyalgan kulaktary siyakty usak belshekterin ajtpaganda kyzyl syrmen syrlangan Yataganyn burauy belgisiz Kolemi mynadaj uzyndygy 102 sm eni 14 sm biiktigi osy shamalas birak rezonatordyn kalyndygy eki ese kem Yataga atalyp osylaj surettelgen bul aspaptyn zhetigennen aumaj uksastygy dau tugyzbasa kerek Maslovtyn enbeginde Orynbor kazaktarynyn arasynan tabylgan zhetigennin sureti bar zhәne bul suret birden bir kuzhat bolyp sanalady Sibirdin batys ajmaktaryn mekendeushi halyktardyn turmys salty әdet guryptary bir birine zhakyn ekeni sondaj ak olardyn muzykalyk aspaptarynyn uksastygy zhajynda etnograftar kop zhazyp kaldyrgan Sayahatshy P Pallas mansi halyktarynyn kazirgi Hanty Mansijsk ulttyk okrugi muzykasy turaly bylaj dep zhazady Ojnaushy bul aspapty tizesine koyady da sol kolymen shertip bas үnin keltiredi al on kolymen әuen shygarady Өlenderdin buyndary karapajym tatar halyk әuenine uksajdy Bul arada Pallas zhetigen tektes aspapty zhazyp otyr al tatardikine uksajdy degeni әdette sayahatshylar shygys tүrki halyktary arasynan ozderi estigen әuendi ajtkany XVIII gasyrdyn ozge de sayahatshylary I Lepehin P Rychkov I Georgidin enbekterinde osyndaj mәlimetter keltirilgen XVIII gasyrda zhetigenmen bir tektes aspaptar tүrki halyktary arasynda negurlym kobirek taragan Alajda olardyn bәrinde birdej saktalmagan Tatar halky arasynda etigannyn umyt bolgany onyn ornyna guslidin tarap otyrgany zhajynda A Maslovtyn enbeginde bylaj delingen gusli tatarlarda kezdesedi alajda buryn olarda guslige uksajtyn oz aspaptary bolgan olardy etigan dep atagan Zhetigen tektes aspap Astrahan men Orynbor tatarlary arasynda kezdesedi Bul turaly I Georgi bylajsha eske alady Olar ozderinin lyutnyasinde ojnajdy ony eltaga dep atajdy Arhiv materialdarynan koriketindej zhetigen tektes aspaptar Қazakstan territoriyasynan soltүstikke taman mekendeushi koptegen halyktarda marilerde chuvashtarda buryattarda udmurttarda tuvalytarda hakastarda zhәne tofylarda bolgan G Millerdin Қazan guberniyasyn mekendeushi mәzhusi halyktar yako to cheremis chuvash zhәne votyaktardy olardyn turmys salttaryn korsete otyryp bayandau atty makalasynan Olardyn muzykalyk aspaptarynyn ishinen aldymen auyzga alarymyz zhatkyzylgan arfa ispettes aspap degen zholdardy okimyz Etnograf S Bolotov kazaktardan kop ishekti shertip ojnalatyn aspap tapkan Ol bul aspapty torbanmen salystyra kelip sheber oryndaushynyn kolynda onyn үnin rakattana otyryp tyndajsyn dep zhazady Halyktyn anyz ertegi olen zhyrlarynda әr kily muzykalyk aspaptar zhii atalyp otyrady Sonau bagzy zamannan beri kele zhatkan kone anyzdardyn birinde zheti ishekti zhetigennin shygu tarihy bayandalgan Bul anyzdy biz 1966 zhyly Өzbek SSR ine karasty Buhar oblysyndagy Tamdy audanyna ekspediciyaga barganymyzda zhazyp aldyk Ony bizge zhergilikti dombyrashy ajtyp berdi Muny ol bala kezinde ozinin atasynan estigen eken Zhurt әr tүrli auruga ashtykka zhii zhii ushyrajtyn otken zamanda kaһarly kystyn kakagan ayazdy kүnderinin birinde zhuttan mal kyrylyp el katty kүjzeledi Zhetigennin kuram bolshekteriZhogaryda ajtyp ketkenimizdej kone zhetigende kulak bolmagan Ishekterdin astyna eki zhak shetinen asyk kojylgan Aspap osy asyktardy zhylzhytu arkyly kүjge keltiriletin bolgan Dausyn koteru үshin asyktardy ishekterdin eki zhak basynan ortasyna karaj zhakyndatkan al olardy keri zhylzhytyp aralaryn alshaktatsa dauys tomendegen Әrbir ishektin burauyn keltirgende oryndalatyn әnnin әyeni basshylykka alyngan Osy arada ajta ketelik dombyrany kүjge keltirgende tek ishekterdi katajtyp ne bosatyp kana kojmajdy sonymen katar tiek pen shajtan tiekti zhylzhytu arkyly da burauyn rettejdi Budan koretinimiz zhetigen men dombyrany kүjge keltiru әdisinde kejbir uksastyk bar Ishekterinin burauy buryngysha keltiriletin dombyralar әli de kezdesedi Ondaj dombyrada kulak zhalgyz bolady Zhogargy ishek kolmen kerilip aspaptyn basyna bajlanady Ekinshi ishek kulakka bekitiledi zhәne ony zhogargy ishektin dybysyna keltirip burajdy Zhetigenge kүlak zhasagannan kejin de onyn ishekterinin burauyn keltiruge tiekti pajdalanu principi saktalyp kaldy Zhetigen talaj zhүzdegen zhyldar otse de sol bayagy karapajym kүjinde kala berdi Ishek sany zheteu tiegi asyk 1966 zhyly Sibirskij vestnik zhurnalynda 1818 zhyly surettep zhazyluy bojynsha zhetigen aspabyn zhasady Nak osy zhetigennin bejnesin kajtadan omirge keltiru kone aspaptardy kajta zhasau isinin bastamasy boldy Zhetildirilip kajta zhasalgan zhetigendi zheke kүj oryndauda zhәne әnshilerdi sүjemeldeushi aspap retinde halyk orkestrleri men ansamblderinde keninen pajdalanuga bolady Zhetigen turaly anyzErte kezde auylda bir turady Onyn zheti uly bolgan Bir zhyly katty zhut bolyp adamdar tamaksyz kalady sojtip kariyanyn үjine kajgy ornajdy Ashtyktan үlken uly Қaniya olgennen kejin kariya kepken agashtyn boligin alyp ogan shek salyp tiek kojyp Қaragym kүjin oryndajdy Toralym degen ekinshi uly olgennen kejin ekinshi shek tartyp Қanat synar degen kүj shygardy үshinshi uly Zhajkeldige ol Қumarym kүjin tortinshi uly Bekenge Ot soner besinshi uly Hauaska Bakyt koshti Zhүlzarga Kүn tutyluy atty kүj shygarady En kishi uly Қiyastan ajrylgan kariya zhetinshi shekti tartyp Zheti balamnan ajrylyp kusa boldym atty kүj oryndajdy Aspaptan kajgyga toly kop dybysty ala otyryp oryndaushy әrtүrli әuen arkyly ozinin balalarynyn bejnelerin korsetedi Bul shygarylgan әuender munan әri damytylyp aspapty oryndaudagy kүj tүrinde bizge Zhetigennin zheteui degen zhalpy atpen zhetken Zhetigen degen atau eki sozden turady zhәne әn zhetigen degen ugymdy beredi DerekkozderMәdeniettanu negizderi Okulyk Almaty Dәneker 2000 ISBN 9965 485 34 8