Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера. Жер көлемінің 83%-ын, массасының 2/3-ін алып жатыр. Температурасы 2000 — 2500°С. Жоғарғы мантияның қалыңдығы 800 — 900 км, төменгі мантияның шекарасы 2900 км тереңдікте орналасқан. Болжал бойынша мантия құрамы ауыр минералдарға бай, негізінен, магний мен темірден тұрады. Астеносфера қабатынан басқа мантиядағы заттар қатты кристалдардан құралған. Мантия тектоникалық қозғалыстармен, магмалық, жанартаулық, т.б. процестермен тығыз байланысты.
Сейсмикалық толқындардың жер мантиясының қимасынан өту жылдамдығы да қима деңгейінің терендігіне тікелей байланысты. Нақ осы байланыс негізінде, яғни сейсмикалық толқындардың мантия қимасынан өту жылдамдығындағы өзгерістерді саралау нотижесінде Ж.м. шартты түрде үш бөлікке бөлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы — Мохоровичич және Голицын жазықтықтарының аралығы; төменгі мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы жабынының (2900 км терендік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі деп аталатын мантияның ортаңғы бөлігі (мантияның С облысы) Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің" аралығына орналасқан.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zher mantiyasy grekshe mantion zhamylgy Zherdin kyrtysy men yadrosynyn aralygynda ornalaskan geosfera Zher koleminin 83 yn massasynyn 2 3 in alyp zhatyr Temperaturasy 2000 2500 S Zhogargy mantiyanyn kalyndygy 800 900 km tomengi mantiyanyn shekarasy 2900 km terendikte ornalaskan Bolzhal bojynsha mantiya kuramy auyr mineraldarga baj negizinen magnij men temirden turady Astenosfera kabatynan baska mantiyadagy zattar katty kristaldardan kuralgan Mantiya tektonikalyk kozgalystarmen magmalyk zhanartaulyk t b procestermen tygyz bajlanysty Zher kurylysy Sejsmikalyk tolkyndardyn zher mantiyasynyn kimasynan otu zhyldamdygy da kima dengejinin terendigine tikelej bajlanysty Nak osy bajlanys negizinde yagni sejsmikalyk tolkyndardyn mantiya kimasynan otu zhyldamdygyndagy ozgeristerdi saralau notizhesinde Zh m shartty tүrde үsh bolikke bolingen zhogargy mantiya nemese V oblysy Mohorovichich zhәne Golicyn zhazyktyktarynyn aralygy tomengi mantiya nemese mantiyanyn D oblysy kejde 45 gradusty daralanu dengeji dep atalady shamamen 950 km terendik pen zher yadrosy zhabynynyn 2900 km terendik aralygyn kamtidy almasu beldemi dep atalatyn mantiyanyn ortangy boligi mantiyanyn S oblysy Golicyn zhazyktygy men 45 gradusty daralanu dengejinin aralygyna ornalaskan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VI tom Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geologiya Almaty Mektep baspasy 2003 ӀSVN 5 7667 8188 1 ӀSVN 9965 16 512 2 Bul geologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz