«Жақсы мен жаман сыртында» (ағылш. Beyond Good and Evil) - Фридрих Ницшенің тағы бір өте маңызды туындыларының бірі. 1886 жылы Ф.Ницше «Жақсы мен жаман сыртында – болашақ философияның беташары»(Jenseits von Gut und Böse. Vorspiel einer Philosophie der Zukunft)деген кітабын жариялады. Бұл кітапты мағынасына орай «ізгілік-пасықтық өлшемінен асып өту» деп те аударуға болады. Кітап «Заратуштра солай айтқан» кітабында кездесетін кейбір идеялардың түсіндірмесі іспетті, сосын кейін жазбақшы болған «Билеу еркі» кітабына әзірлік болатын.
Кітап құрылымы
Кітап тоғыз бөлімге бөлініп, 296 арнаулы нақылдан құралған.
- Философиялық жаңылыстыру
- Еркін рух
- Діннің мәні
- Нақыл және қысқа әуен
- Моральдың табиғи тарихы
- Біз оқымыстылар
- Біздің ізгілігіміз
- Халық және отан
- Ақсүйек деген кімдер?
Негізгі мазмұны
Бұл кітапта «жақсы», «жаман» деген сөздерге философиялық талдаулар жасалды, «моралсыздық» пен «бейморалдықты» ажыратты. Алдыңғысы қоғамдық пікір үшін жамандық болса, кейінгісі де қоғамдық пікір үшін жамандық, бірақ ол жаңа өмірге талпынушы үшін қажетті жол болмақ. Әсіресе, Ол бұрынғы заманғы этика өлшемдеріне қазіргі заман адамдарының барынша сай келуге тырысушылдығына назар аударып, моралдық өлшемдер мен моралдық практика ортасындағы кеше мен бүгінді сай етуден туатын қайшылықты ашып көрсетеді. Ол табиғи тіршілік этикасын дәріптеді, адамдыққа сай келетін, ішкі сұраныстардың талабы ретіндегі, адамды күшейтетін, құлпыртаттын, күшке, билікке жеткізетін жақсылықты дәріптеді.
- Албастымен айқасушы өзі албастыға айналып кетуден сақтансын.
- Тұңғиық шыңырауға үңілсең, тұңғиық шыңырау да саған тігіледі.
- Асқақ рух - өз-өзіне сенімді құрметпен қарайтын көңіл.
- Өзі туралы айтушылар көбінесе өзін жасырумен болады.
- Ұлылар мен үшін маңызды емес, мен тек өз арманымдағы жұлдызға ғана тамсанамын.
- Тек бір адамды ғана сүю жабайылық есептеледі. Өйткені бұл үшін ол өзге адамдарды құрбандыққа шалады. Бір құдайды сүю де солай.
"Жақсы мен жаман сыртында"
Бұл кітапта автор нағыз философияға қажетті шарттар – қиялдау қуаты, өздік ұстаным, қатер, тәуекел, жасампаздық, құндылық жарату деп есептеп, қалғандарын қосымшаға қалтырды. Ол дәстүрлі философияда көбірек кездесетін "өздік сана", "білім", "ақиқат", "еркін ерік"Көлбеу мәтін ұғымдарына толық тарихи дәлелі жоқ деген уәжбен түрлі күмәндар келтірді. Ол адамзат әрекетін «Күш еркі» (the will to power) деп түсіндіріп, жақсылық пен жамандық өлшемінің шектемесін жеңуді, "баршаға ортақ этика" делінетін алдамшылықтан бас тартуды ұсынды. Ол Дегдарлар еркі және Құлдар еркі идеясы арқылы батыстық адамгершілік дәстүрінің классикалық талаптарына сын айтты. Ол әлсіздерге күш көрсету, басқару, иелеу, мәжбүрлеудің адам сапасын жоғарылату мен бақытқа талпындырудағы өзіндік қажеттілігіне дейін тоқталып өтті. «Азап тартсын әлсіздер» ұраны – әлсіздерді әлсіздіктен құтқаратын ем ретінде бағаланды. "Егер соқырға көмектескің келсе, оның сүйеніш таяғын шағып таста, сонда ол сенен де тез жүгіріп кетеді" - деді. Бұл кітап этиканың релятивизмдік (салыстырмалық) қасиетін көрсету және перспективизмді дәріптеу сынағы болды.
Ф.Ницше философтар көңіл бөлетін «ақиқаттың өлшемі не? Жақсылық пен жамандықтың ортақ өлшемі бар ма?" дегенді зерделеді. «Ұлы нәрселер ұлылар үшін сақталуда. Шыңыраулар тұңғиық адамдарды күтуде. Жұмсақ және қалшылға толы нәрселер нәзік ойластыратын епті адамдарды күтуде. Яғни, барлық сирек кездесетін нәрселер сирек кездесетін адамдарды күтуде.» Адамзат ұлы, терең, нәзік мәселелерді табуы, сондайға бойлауы керек, - тіршіліктің жақсылығы дегеніміз сол!
Дін Ф.Ницше бойынша, кейбір адамдар мен топтардың өз билік еркін іске асыру құралы ғана. Олар бойсұнуды, өз болмысы мен талабын теріске шығаруды, рухани әлемін бұлдыратуды және өмірге деген жігері мен құлшынысты әлсіретуді жақтайды, орташа талапқа сай болуды көздейді. Дін "адамның түкке тұрғысыздығын мен мәнсіздігін" айтады. Өз-өзіңді қинасаң, нәпсіні тежесең өлгеннен кейін бақытты болатыныңа уәде береді. Бұл өзін қор көретін, әлсіз сезінетін, өмірге ренішті қарайтын әр адамның өз өмірінің маңызын жоққа шығаруы үшін таптырмайтын сылтау. Ең маңыздысы, діннің таралуына ыңғайлы жағдай - адамдардың көп сандысы өмірге қарата жасырын саналық түңілісті көңіл-күйде, үрейлі сезімде болады.
Көптеген жақсылықтар жамандықтардан тамыр тартады, жақсылық жамандықтан нәр алып жеміс береді. Бір халықтың жақсылық өлшемі мен келесі халықтікі қайшылықты, бөтен болып келеді. Табиғат әлемінде жақсы, не жаман деген өлшем жоқ. Онда ашық бәсеке, нақты жеңіс-жеңіліс қана бар. Адам жақсылыққа жету үшін жамандықтарды басып өтуге мәжбүр. Демек жақсылық пен жамандық қатып қалған нәрсе емес, тұрақты ереже де емес, ол бір салыстырмалы субъективті өлшем ғана. Жақсылық-жамандық өлшемі адамына қарай болады, Дегдар адамдар мен құлдардың жақсылық-жамандық өлшемі мүлде қарама қайшы болады. Еуропа 2000 жыл бойы Евейлердің құлдық моралының шабуылында әлсіреді. Сондықтан бағызы таза Дегдарлық (қожайындық, үстемдік) жақсылық-жамандық өлшемін қайта ояту керек!
Одақтасу және дүниежүзілік соғыс туралы болжам
Әрине, осы кітабында Ф.Ницше Англия, Германия, Францияның одақтасуын дәріптеді. Ол секілді құдіретті, жасампаз, ашық, еркін қоғамдық кеңістік құруды армандады. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Еуроодақ белгілі мағынада Ф.Ницшенің де арманы болатын.
Айта кетерлігі, осы кітапта мынадай тарихи көрегендік айтылған: "Барған сайын саясиланған ғасырға кіріп барамыз. Келесі ғасырда бүкіл жер шарына үстемдік таласы соғысы көбейеді." Расында XX ғасырда екі рет жершары үстемдігіне таласқан жойқын соғыс болып өтті және қырғи қабақ соғысы дегеніміз де сол баяғы жершарына үстемдік таласының аңдысқан түрі болатын.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhaksy men zhaman syrtynda agylsh Beyond Good and Evil Fridrih Nicshenin tagy bir ote manyzdy tuyndylarynyn biri 1886 zhyly F Nicshe Zhaksy men zhaman syrtynda bolashak filosofiyanyn betashary Jenseits von Gut und Bose Vorspiel einer Philosophie der Zukunft degen kitabyn zhariyalady Bul kitapty magynasyna oraj izgilik pasyktyk olsheminen asyp otu dep te audaruga bolady Kitap Zaratushtra solaj ajtkan kitabynda kezdesetin kejbir ideyalardyn tүsindirmesi ispetti sosyn kejin zhazbakshy bolgan Bileu erki kitabyna әzirlik bolatyn Kitap kurylymyKitap togyz bolimge bolinip 296 arnauly nakyldan kuralgan Filosofiyalyk zhanylystyru Erkin ruh Dinnin mәni Nakyl zhәne kyska әuen Moraldyn tabigi tarihy Biz okymystylar Bizdin izgiligimiz Halyk zhәne otan Aksүjek degen kimder Negizgi mazmuny Bul kitapta zhaksy zhaman degen sozderge filosofiyalyk taldaular zhasaldy moralsyzdyk pen bejmoraldykty azhyratty Aldyngysy kogamdyk pikir үshin zhamandyk bolsa kejingisi de kogamdyk pikir үshin zhamandyk birak ol zhana omirge talpynushy үshin kazhetti zhol bolmak Әsirese Ol buryngy zamangy etika olshemderine kazirgi zaman adamdarynyn barynsha saj keluge tyrysushyldygyna nazar audaryp moraldyk olshemder men moraldyk praktika ortasyndagy keshe men bүgindi saj etuden tuatyn kajshylykty ashyp korsetedi Ol tabigi tirshilik etikasyn dәriptedi adamdykka saj keletin ishki suranystardyn talaby retindegi adamdy kүshejtetin kulpyrtattyn kүshke bilikke zhetkizetin zhaksylykty dәriptedi Albastymen ajkasushy ozi albastyga ajnalyp ketuden saktansyn Tungiyk shynyrauga үnilsen tungiyk shynyrau da sagan tigiledi Askak ruh oz ozine senimdi kurmetpen karajtyn konil Өzi turaly ajtushylar kobinese ozin zhasyrumen bolady Ұlylar men үshin manyzdy emes men tek oz armanymdagy zhuldyzga gana tamsanamyn Tek bir adamdy gana sүyu zhabajylyk esepteledi Өjtkeni bul үshin ol ozge adamdardy kurbandykka shalady Bir kudajdy sүyu de solaj Zhaksy men zhaman syrtynda Bul kitapta avtor nagyz filosofiyaga kazhetti sharttar kiyaldau kuaty ozdik ustanym kater tәuekel zhasampazdyk kundylyk zharatu dep eseptep kalgandaryn kosymshaga kaltyrdy Ol dәstүrli filosofiyada kobirek kezdesetin ozdik sana bilim akikat erkin erik Kolbeu mәtin ugymdaryna tolyk tarihi dәleli zhok degen uәzhben tүrli kүmәndar keltirdi Ol adamzat әreketin Kүsh erki the will to power dep tүsindirip zhaksylyk pen zhamandyk olsheminin shektemesin zhenudi barshaga ortak etika delinetin aldamshylyktan bas tartudy usyndy Ol Degdarlar erki zhәne Қuldar erki ideyasy arkyly batystyk adamgershilik dәstүrinin klassikalyk talaptaryna syn ajtty Ol әlsizderge kүsh korsetu baskaru ieleu mәzhbүrleudin adam sapasyn zhogarylatu men bakytka talpyndyrudagy ozindik kazhettiligine dejin toktalyp otti Azap tartsyn әlsizder urany әlsizderdi әlsizdikten kutkaratyn em retinde bagalandy Eger sokyrga komekteskin kelse onyn sүjenish tayagyn shagyp tasta sonda ol senen de tez zhүgirip ketedi dedi Bul kitap etikanyn relyativizmdik salystyrmalyk kasietin korsetu zhәne perspektivizmdi dәripteu synagy boldy F Nicshe filosoftar konil boletin akikattyn olshemi ne Zhaksylyk pen zhamandyktyn ortak olshemi bar ma degendi zerdeledi Ұly nәrseler ulylar үshin saktaluda Shynyraular tungiyk adamdardy kүtude Zhumsak zhәne kalshylga toly nәrseler nәzik ojlastyratyn epti adamdardy kүtude Yagni barlyk sirek kezdesetin nәrseler sirek kezdesetin adamdardy kүtude Adamzat uly teren nәzik mәselelerdi tabuy sondajga bojlauy kerek tirshiliktin zhaksylygy degenimiz sol Din F Nicshe bojynsha kejbir adamdar men toptardyn oz bilik erkin iske asyru kuraly gana Olar bojsunudy oz bolmysy men talabyn teriske shygarudy ruhani әlemin buldyratudy zhәne omirge degen zhigeri men kulshynysty әlsiretudi zhaktajdy ortasha talapka saj boludy kozdejdi Din adamnyn tүkke turgysyzdygyn men mәnsizdigin ajtady Өz ozindi kinasan nәpsini tezhesen olgennen kejin bakytty bolatynyna uәde beredi Bul ozin kor koretin әlsiz sezinetin omirge renishti karajtyn әr adamnyn oz omirinin manyzyn zhokka shygaruy үshin taptyrmajtyn syltau En manyzdysy dinnin taraluyna yngajly zhagdaj adamdardyn kop sandysy omirge karata zhasyryn sanalyk tүnilisti konil kүjde үrejli sezimde bolady Koptegen zhaksylyktar zhamandyktardan tamyr tartady zhaksylyk zhamandyktan nәr alyp zhemis beredi Bir halyktyn zhaksylyk olshemi men kelesi halyktiki kajshylykty boten bolyp keledi Tabigat әleminde zhaksy ne zhaman degen olshem zhok Onda ashyk bәseke nakty zhenis zhenilis kana bar Adam zhaksylykka zhetu үshin zhamandyktardy basyp otuge mәzhbүr Demek zhaksylyk pen zhamandyk katyp kalgan nәrse emes turakty erezhe de emes ol bir salystyrmaly subektivti olshem gana Zhaksylyk zhamandyk olshemi adamyna karaj bolady Degdar adamdar men kuldardyn zhaksylyk zhamandyk olshemi mүlde karama kajshy bolady Europa 2000 zhyl bojy Evejlerdin kuldyk moralynyn shabuylynda әlsiredi Sondyktan bagyzy taza Degdarlyk kozhajyndyk үstemdik zhaksylyk zhamandyk olshemin kajta oyatu kerek Odaktasu zhәne dүniezhүzilik sogys turaly bolzhamӘrine osy kitabynda F Nicshe Angliya Germaniya Franciyanyn odaktasuyn dәriptedi Ol sekildi kudiretti zhasampaz ashyk erkin kogamdyk kenistik kurudy armandady II dүniezhүzilik sogystan kejin kurylgan Euroodak belgili magynada F Nicshenin de armany bolatyn Ajta keterligi osy kitapta mynadaj tarihi koregendik ajtylgan Bargan sajyn sayasilangan gasyrga kirip baramyz Kelesi gasyrda bүkil zher sharyna үstemdik talasy sogysy kobejedi Rasynda XX gasyrda eki ret zhershary үstemdigine talaskan zhojkyn sogys bolyp otti zhәne kyrgi kabak sogysy degenimiz de sol bayagy zhersharyna үstemdik talasynyn andyskan tүri bolatyn