Жасушаның тіршілік циклі немесе Митоздық айналым деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз. Яғни, жасуша циклі дегеніміз жасушаның митоздық екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы.
Ол 4 кезеңге бөлінеді:
- пресинтетикалық (G1)
- синтетикалық (S)
- постсинтетикалық (G2)
- митоз (M)
Пресинтетикалық кезеңде (G1) жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалының (көмірсулар, майлар, ақуыздар) синтезделуі қажет. Тұқым қуалаушылық материалы бұл кезеңде 2п 2с күйінде болады.
Синтетикалық кезеңде (S) ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық материал 2п 4с күйінде кездеседі.
Постсинтетикалық кезеңде (G2) жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, органеллалар саны да көбееді, себебі келесі кезеңде (митоз) олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.
Митоз - жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады.
Митоз фазалары
Митоз 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
- Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып, жуандап, қысқарып митоздық хромосомаларға айналады. Профаза аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсінде жасуша орталығы пайда болып, ахроматин жіпшелерімен жалғасып тұрады.
- Метофазада хромосомалар өздерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне жалғанып бөлінуші клетканың ортан беліне- экваторына шоғырланады. Бұл кезеңде әрбір хромосома екі хроматидаға ажырап, тек центромера арқылы байланысып тұрады. Олардың пішіні Х таңбасына ұқсас болады.
- Анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен толық ажырасады да әртүрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.
- Телофазада бөлінуші жасушаның полюстеріне жиналған хромосомалар жіңішкеріп, ұзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядро шырыны, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып екі жаңа ядро түзіледі. Ядро екіге бөлінгеннен кейін цитоплазмада екіге бөлінеді.Сөйтіп, митоз негізінде бір жасушадан жаңа екі жасуша пайда болады.
Дереккөздер
- С.Әбілаев, Е.Қуандықов, Р.Төлебаев "Медициналық биология мен генетика" 1996ж.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhasushanyn tirshilik cikli nemese Mitozdyk ajnalym dep zhasushanyn pajda boluy kurylysynyn kүrdelenui atkaratyn kyzmetine ikemdelui bolinui nemese tirshiligin zhoyu kezenderi aralygyndagy әrkily kubylystar zhiyntygyn ajtamyz Yagni zhasusha cikli degenimiz zhasushanyn mitozdyk eki bolinui arasyndagy bajkalatyn kubylystar zhiyntygy Zhuanyn zhasushalary tirshilik ciklinin әrtүrli fazalarynda Ol 4 kezenge bolinedi presintetikalyk G1 sintetikalyk S postsintetikalyk G2 mitoz M Presintetikalyk kezende G1 zhanadan pajda bolgan zhas zhasusha osip analyk zhasushanyn molsherine zhetedi Ol үshin zhasushada kurylys materialynyn komirsular majlar akuyzdar sintezdelui kazhet Tukym kualaushylyk materialy bul kezende 2p 2s kүjinde bolady Sintetikalyk kezende S DNҚ molekulasy sintezdelinedi de tukym kualaushylyk material 2p 4s kүjinde kezdesedi Postsintetikalyk kezende G2 zhasusha bolinuge dajyndalady Ol үshin zhasushada komirsu maj zhәne beloktar sintezdelip olardyn kory kobee tүsedi organellalar sany da kobeedi sebebi kelesi kezende mitoz olardyn bәri de ekige bolinui kazhet Mitoz zhasushanyn burys bolinui Mitoz dene zhasushalarynda bajkalady Mitoz processinde yadro kүrdeli ozgeristerge ushyrajdy zhanadan pajda bolgan zhasushalarga tukym kualaushylyk materialy tepe ten bolinip berilip otyrady Bul mitozdyn biologiyalyk manyzy bolyp tabylady Mitoz fazalaryMitoz 4 fazadan turady profaza metafaza anafaza telofaza Profazada yadro kolemi ulgajyp hromatin zhipsheleri tygyz shiratylyp zhuandap kyskaryp mitozdyk hromosomalarga ajnalady Profaza ayagynda bolinushi zhasushanyn eki polyusinde zhasusha ortalygy pajda bolyp ahromatin zhipshelerimen zhalgasyp turady Metofazada hromosomalar ozderinin centromeralary arkyly ahromatin zhipshelerine zhalganyp bolinushi kletkanyn ortan beline ekvatoryna shogyrlanady Bul kezende әrbir hromosoma eki hromatidaga azhyrap tek centromera arkyly bajlanysyp turady Olardyn pishini H tanbasyna uksas bolady Anafazada hromosomalardyn hromatidalary bir birinen tolyk azhyrasady da әrtүrli polyusterge karaj tartyla bastajdy Telofazada bolinushi zhasushanyn polyusterine zhinalgan hromosomalar zhinishkerip uzaryp hromatin zhipshelerine ajnalady yadro shyryny yadroshyk yadro kabykshasy pajda bolyp eki zhana yadro tүziledi Yadro ekige bolingennen kejin citoplazmada ekige bolinedi Sojtip mitoz negizinde bir zhasushadan zhana eki zhasusha pajda bolady Mitozdyk ajnalymDerekkozderS Әbilaev E Қuandykov R Tolebaev Medicinalyk biologiya men genetika 1996zh