Жылнамалар жинағы
Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.
Тарихы
Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние. Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.
Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.
Шежіренің құрамы
«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Еңбек үш бөлімнен тұрады:
- Борис Годунов билігін бейнелеу.
- Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.
- Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды.
Маңызы
Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том
- А.Сейдімбек, «Елтұтқа»
Сыртқы сілтемелер
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhylnamalar zhinagyZhylnamalar zhinagy Қadyrgali Zhalajyrdin 1530 1605 zh zh 1600 1602 zhyldary zhazgan enbegi Orta gasyrda omir sүrgen kazaktyn gulama galymy Қadyrgali Zhalajyri Syrdariya bojyn mekendegen zhalajyr tajpasynan shykkan TarihyҚadyrgali Zhalajyri Қazak handagynyn Orda sarajynda han kenesshisi zhәne hanzadalardyn tәrbieshisi bolyp kyzmet istegen 1588 zhyly kazak hanzadasy Oraz Muhammed sultanmen birge Ertis bojynda karshyga salyp zhүrgende olardy orys әskeleri tutkyndap Mәskeuuge alyp ketedi Zhalajyri tutkynda otyryp zhazgan Zhylnamalar zhinagy atty enbegin dostyktyn belgisi retinde orys patshasy Boris Godunovka syjga tartyp onyn kamkorlyk zhasauyn otingen 1854 zhyly Қazan kalasynda baspadan shykkan XV XVII gasyrlar osy Қadyrgali Zhalaiyri zhazgan Zhylnamalar zhinagy edi Shygarma kuralymy tili zhagynan biregej dүnie Қ Zhalajyridyn deregi bojynsha orys patshasy Boris Godunov Oraz Muhammed 1602 zhyly Қasym handygynyn tagyna otyrgyzgan Oraz Muhammed Kerman kalasynda otyryp biilik etken Handyktyn halky argyn kypshak zhalajyr mangyt t b ru tajpalardan turgan Bul tarihi shygarmada kazak halkynyn konys tepken zherleri ondagy kalalar men kala mәdenieti Қazak handygy men kazak handarynyn omirbayan shezhileri ajtylady Han sultandar men karashalar batyrlar men abyzdar zhәne baska әleumettik toptar turaly zhazylgan Қazak handygynyn ishki syrtky zhagdajlary zan erezheleri zhajynda gylymi kundy derekter berilgen Shezhirenin kuramy Zhylnamalar zhinagy orta gasyrdagy kazak tilinde zhazylgan tungysh tarihi shygarmalardyn biri Munda kazak handygynyn H gasyrdyn basynan bergi ishki syrtky zhagdajlary kazak tajpalarynyn halyk bolyp kalyptasuy onyn halykaralyk zhagdajlary handardyn zhәne olardyn toniregindegi tүrli әleumettik toptardyn sayasi ahualdary zhoninde asa kundy mәlimetter berilgen Enbek үsh bolimnen turady Boris Godunov biligin bejneleu Rashid ad Dinnin Dzhami at Tavarih atty enbeginin kyskasha audarmasy Orys hannyn Orazmuhammed sultanga dejingi kyskasha audarmasy Bularga kosymsha altynordalyk iri kajratker Edige batyr zhajynda dastany berilgen Zhalpy enbek kaj sultannyn kaj hannyn kaj zherde shaһit bolganyn zherlengenin korsetuimen de kundy ManyzyҚadyrgalidyn bul shezhiresi ertedegi kazak tilinde zhazylgan tungysh tarihi enbek ekeni ayan Ғulama galym bul kitaptyn anyzdan gori akikaty basymyrak dep bagalagan Orazmuhammed pen Қadyrgali bastagan kazaktardyn Resejde bolu okigasyn kornekti zhazushy M Magauin Alasapyran atty romanynda ken zhәne korkem bayandagan Sonymen katar akademik Әlkej Margulan Қazak әdebieti gazetinde zharyk korgen Kүmis sandyk kupiyasy atty makalasynda Қadyrgaliga asa zhogary baga bergen Songy kezderi atalgan enbekti Әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universitetinin professory M Қojgeldiev arnajy zerttep zhүr Zhylnamalar zhinagynyn zhalgyz koshirme danasyn Қazan universiteti kitaphanasyna tatar galymy I Halfin tapsyrgan Sol koshirmeni shygys kolzhazbalar zhinagyna bastyrgan professor I Berezin bylaj dep algy soz zhazypty Biz shygarmaga kandaj at berilgenin bilmejmiz birak kitaptyn negizgi boligi Rashid ad Dinnin әjgili tuyndysynyn kyskasha audarmasynan turgandyktan biz onyn atyn da kolzhazbamyzga bere alamyz Sojtip ol Қadyrgali enbegin onyn nagyz aty anyktalatyn koshirmesi tabylgansha Dzhami at Tavarih Zhylnamalar zhinagy dep ataudy usyngan Tarih gylymynyn doktory professor M Қojgeldiev 1994 zhyly zharyk korgen Қazak tarihy zhurnalynda Өkinishke oraj kolzhazbanyn kejinirek Peterbordan tabylgan ekinshi koshirmesinde de enbektin avtor bergen aty zhok bolyp shykty da ol sol Dzhami at Tavarih Zhylnamalar zhinagy atangan kүjinde kala berdi Bul zhagdaj tarihshy galymdar arasynda Қadyrgali enbeginin derbes derektik mәnin tura bagalauga edәuir kedergi zhasady baskasha ajtkanda ony Rashid ad Din zhumysynyn tүrikshe nuskasy retinde gana karauga negiz boldy dejdi Tagy karanyzҚadyrgali ZhalajyrDerekkozderҚazakstan ulttyk enciklopediyasy 6 tom A Sejdimbek Eltutka Syrtky siltemelerhttp kk wikipedia org wiki D2 9A D0 B0 D0 B7 D0 B0 D2 9B D1 85 D0 B0 D0 BD D0 B4 D1 8B D2 93 D1 8B