Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTg0THpnNUwwWnNZWFJtYjI5MExtcHdaeTh5TWpCd2VDMUdiR0YwWm05dmRDNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTh5THpJM0wwWnNZWFJtWldWMExtcHdaeTh5TWpCd2VDMUdiR0YwWm1WbGRDNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.
Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhalpak taban adam tabanyndagy ojystyn tүgeldej nemese zhartylaj tegistelip zhalpajyp ketui Taban ojysynyn zhalpayuyna bajlanysty koldenen zhalpak taban zhәne uzyna bojlaj zhalpak taban bolyp azhyratylady Birinshisinde tabanga ayaktyn 5 bakajshak sүjeginin aldyngysy gana tirek bolyp edenge zherge tabannyn basy gana timej turady Al ekinshisinde ayakty baskanda taban tolyktaj edenge tiedi al ondaj zhagdajda taban ojysynyn belgisi de kalmajdy Zhalpak tabanZhalpak tabandylyktyn 0 den 3 shi dәrezhesine dejingi ayak izi Zhalpak tabannyn ishten tua bitken zhәne zhүre pajda bolgan eki tүri bolady Tua bitken zhalpak taban sirek kezdesedi sebebi ol taban sүjekteri men zhilinshiktin zhetilmeuinen bolady Zhii kezdesetin tүri zhүre pajda bolgan nemese statikalyk zhalpak taban Ol balalarda meshel auruynyn saldarynan tym kop salmak koskannan bolsa al eresek adamdarda әsirese kүni bojy tik turyp kyzmet istejtin shashtaraz satushy t b auyr dene enbeginen zhүk tasushy t b ayak kiimdi durys tandap kimeuden tabannyn tilersek pen tabannyn kosylgan buynynyn zhilinshiktin t b zharakattanuynan bolady Zhalpak taban adam zhүrgende tez sharshap baltyry tabany beli auyrady Keshke karaj tabany isinip ertenine kajtuy mүmkin Askyngan tүrinde taban pishini men zhүrisinde ozgerister kibirtikteu ayakty shalys basu pajda bolyp ayaktyn үlken bashpajy kisayady Aurudyn belgisi biline bastaganda ortoped dәrigerge korinu kerek Aurudy aldyn alu үshin sportpen ajnalysu әsirese zhүzumen kobirek shugyldanu kerek birak sporttyn ayakka kop salmak tүsiretin tүrimen auyr atletika zhүgiru konki zharysy t b ajnalysuga bolmajdy Zhyly kezde kumda borpyldak topyrakta zhalanayak zhүrgen pajdaly Sondaj ak ayak kiimdi durys tandaudyn manyzy zor Tar nemese ken okshesi 3 4 sm den biik ayak kiim kiyuge bolmajdy Arnajy ultarak massazh belgilenedi askynyp ketken tүrine hirurgiyalyk operaciya zhasalady DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet