Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
- Брахмандар Абыздық варна
- Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
- Вайшьялар Егінші-варналар
- Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
- Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
- Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
- Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.
- Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.
Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді. Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:
Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
Вайшешика
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяя
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Йога
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теориямен қатар қарастырылады.
Санкхья
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Веданта
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.
Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
- Азаптану.
- Азаптанудың себебі.
- Азаптанудан босану.
- Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
- Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
- Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
- Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
- Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
- Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
- Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
- Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
- Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үndi pәlsapasy b z d II zhәne I mynzhyldyktyn bas kezinde arijlerdin malshy tajpalardyn soltүstik batystan enui olardyn eldi basyp aluy algashky kauymdyk kurylystyn kuldyrauy ezhelgi Үndistanda taptyk kogam men memlekettin pajda boluymen dүniege keldi Memlekettik biliktin basynda radzha turdy onyn biligi egin sharuashylygymen ajnalysushy aksүjekterdin biligine zhәne rulyk abyzdyk bilikke tireldi Ezhelgi Үndistan kogamynyn әleumettik stratifikaciyalanuyn tomendegidej sipattauga bolady Varnalar toptar Varnalardyn okilderi Brahmandar Abyzdyk varna Kshatrijler Әskeri aksүjekter tobynyn varnalary Vajshyalar Eginshi varnalar Shudralar Tomengi varna Varnalarga bolinu dinmen erekshe kasietti sipatka keltirildi Tekti abyzdyk zhanuyalar kogamga ajtarlyktaj ykpal etti zhәne bilimdilik pen arnajy bilimderdi ielenushiler boldy dini ideologiyanyn damuyna ykpal etti Varnalardyn tirshilik etui varnalarga bolinu kurbandyk shalu formulalarymen ataularmen dugalarmen sakralizaciyalangan edi Ezhelgi үndilikter oj tolgamdarynyn algashky eskertkishi Vedalar boldy B z d II zhәne I mynzhyldyktar aralygynda pajda bolgan zhәne adamzattyn әdebi eskertkishterinin en ezhelgilerinin biri bolyp tabylatyn vedalar ezhelgi үndi kogamynyn ruhani mәdenietinin damuyna onyn ishinde filosofiyalyk ojdyn damuynda үlken anyktaushy rolge ie boldy Veda sozi sanskritten audarganda bilim degen magynany beredi Birak bul zhaj bilim emes erekshe bilim Vedalar әnurandardan dugalardan dualardan kurbandyk shalu formulalarynan turady Vedalardyn obrazdyk korkem tilimen asa ezhelgi dini dүnietanym adamnyn omiri zhәne adamgershilik turaly algashky filosofiyalyk tүsinigi berilgen Vedalar kuramyna myna bolimder kirdi Rigveda Dini әnurandar zhinagy B z d 1 5 myn zhyl shamasynda Koptegen kudajlarga arnalgan kurbandyk әnderi dualar men dugalar Rigvedada Ezhelgi Үndistan ojshyldary bolmystyn algashky bastamasy turaly әlemnin pajda boluy turaly ony baskaratyn zandylyktar men әleumettik ajyrmashylyktardyn sebepteri turaly oj tolgaj bastajdy Brahmandar Zhol zhora mәtinder zhinagy Olarga buddizmnin pajda boluyna dejin үstem bolgan brahmanizm dini negizdeldi Aranyaktar Orman takualarynyn kitaptary Upanishadtar B z d I mynzhyldyk shamasynda pajda boldy Magynasy zhanynda otyru yagni osiet nakyl tyndap ustazdyn ayagynyn kasynda otyru magynasynda nemese kupiya tylsym bilim Bul mәtinderde en birinshi sebeptilik mәselesi bolmystyn bastauy mәselesi basym keledi onyn komegimen barlyk tabigat kubylystarynyn zhәne adamnyn pajda boluy tүsindiriledi Upanishadtarda basty orynga bolmystyn en basty sebebi men algashky negizi retinde ruhani bastau brahman nemese atmandy alatyn ilimder ie bolady Upanishadtar mәtinderinin kopshiliginde brahman zhәne atman ruhani absolyut tabigat pen adamnyn denesiz en bastapky sebebi retinde tүsindiriledi Upanishadtardagy tanym teoriyasynyn basty mәselesi bilimdi eki tүrge zhogargysyna zhәne tomengisine bolu Tomengi bilim empirikalyk shyndyk turaly bilim Zhogargysy ruhani absolyut turaly bilim ogan tek mistikalyk intuiciya jogtyk tәzhiribenin komegimen gana kol zhetkizuge bolady Nak osy bilim әlemge bilik etu mүmkindigin beredi Upanishadtar negizinde Үndistanda pajda bolgan barlyk nemese barlyk derlik budan kejin pajda bolgan filosofiyalyk agymdar үshin negiz bolyp tabylady ojtkeni onda uzak uakyt bojyna Үndistannyn filosofiyalyk ojyn korektendirgen ideyalar kojylyp ondeldi Ezhelgi үndi filosofiyalyk mektepterin eki bagytka bolip karastyramyz Astika Ortodoksaldy Vedany mojyndajtyn filosofiyalyk mektepterVajsheshika Vajsheshika atomistikalyk ilimge negizdelgen mektep Mekteptin atauy vishesha erekshelik degen magynany bildiredi Vajsheshik mektebi b z d VI Vg g p b Vajsheshik filosofiyasy bүkil dүnienin pajda boluy men ydyrauyn atom ilimi arkyly tүsindiruge konil boledi Atomnyn tort tүrleri zherdin auanyn ottyn zhәne sudyn atomdar bajlanysy dүnienin tutastygyn kurajdy Osyndaj tuzhyrymy үshin vajsheshikterdi atomister dep atajdy Vajsheshikter kүrdeli obektilerdin pajda boluy men zhojylu tәrtibin olardyn mәngi emestigin tүsindiruge konil boledi Atomdardyn bajlanysyn sezinuge bolmajdy logikalyk toktammen gana tүsindiruge lajykty Dүnie fizikalyk deneler men tiri zattar karym katynasynyn zhүjesi Dүniedegi tәrtipti moral adamgershilik tәrtibi derlik Өjtkeni omir men әrbir individtin tagdyry kenistik pen uakyttyn fizikalyk zandaryna gana tәueldi emes olar karmanyn zhalpylama moraldyk zanyna da bagynyshty Nyaya Nyaya gnoseologiyalyk mektep Ol b z d III g pajda bolgan Nyaya filosofiyasynyn negizi Gotamanyn nemese Gautamanyn Nyaya sutr shygarmasynda kalangan Nyaya filosofiyasyn kobinese ojlanu turaly zhәne syni taldau turaly ilim dep zhatady Osyndaj ujgarymga zhetelegen sebep te bar Gotama durys tanymnyn zhagdajyna zhәne shyndykty tanudyn tәsilderine ajryksha mәn bergen Nyaya filosofiyasy logikalyk problemalarmen kop shugyldangan Desekte nyaya filosofiyasynyn basty tүp maksaty bul mәsele gana emes adam omirin mәngi azap kajgydan kutkaru zholy Osy turgydan alganda nyaya filosofiyasynyn shyndykty tanuga logikasynyn durys tanymnyn tәsilimen zhagdajlaryn anyktauga tigizer ykpaly mol Joga Joga adam psihologiyasy tүrlenu dongelengen azat bolu ilimi Joga b z d II g pajda bolgan Joga sozi shogyrlanu degen magyna beredi onyn negizin kalaushy bolyp kemenger Patandzhali eseptelinedi Joga zhүjesi vedalyk dәstүrdi is zhүzine asyruga kүndelikti tirshilikte үjretuge erekshe mәn berdi Joga zhүjesi ruhty dene arkyly denenin syrtky kyzmetin barlyk shekteulerden bosatpak tipti bosatatyn teoriyalyk nuskauymen zhәne praktikalyk negizimen tartymdy Joga zhүjesindegi basty mәsele zhattygu tәsilderi men praktikasy arkyly zheke adamdy ozin ozi ustauga ozinin sezimi men minez kulkyn bakylauga zhan dүniesin bauluga үjretu Joganyn maksaty tәn men zhannyn үjlesimine zhetu Deneni shynyktyru arkyly zhan saulygy men sergektigin zhetildiru Mimansa Mimansa tanym mәselesimen ajnalysty Ol b z d III g pajda boldy Mimansanyn negizi Dzhajminidin Sutrasynda kalangan Mimansa sozi kejbir problemany ojlanu zhәne syni taldau arkyly sheshu degen magynany bildiredi Mimansanyn pәni karma nemese rәsim salt mәseleleri Mimansanyn bastapky maksaty vedalyk salt rәsimdi saktau zhәne korgau Sonymen katar Mimansa filosofiyasynda tanym teoriyasy metafizika etika teoriyamen katar karastyrylady Sankhya Sankhya kos realizmdi purusha men prakritany kabyldagan filosofiyalyk zhүje Onyn negizin kalagan Kapila Sankhya termininin magynasy turaly kop bolzhamdar taralgan Sankhya degenimiz san tanymnyn obektilerin sanau arkyly tanu Vedanta Vedanta filosofiyalyk tolganys pen taldauga toly bagdar Vedanta ideyasy mynandaj kagidaga sүjenedi tutas zhәne elesteuli dүnienin kүlli nәrsenin tүp negizi Absolyutti shyndyk Brahman Ol bolinbes tutas bireu Әr adamnyn ruhani Meni onyn Atmany osy tүp negizben bara bar Nastika Ortodoksaldy emes Vedany mojyndamajtyn filosofiyalyk mektepterBuddizm Үndistanda b z d VII Vg g shamasynda pajda bolgan Buddizmnin negizin kalagan Sidharta Gautama Budda termini zharkyrau sergu degen magynany bildiredi Buddizm iliminde tort tүrli akikat ilim negizdelgen Azaptanu Azaptanudyn sebebi Azaptanudan bosanu Azaptanudan bosanuga aparatyn zhol Budda kejinnen nagyz shyndykka zhetudin zhәne nirvanaga zhakyndaudyn segiz satyly zholyn atap otedi Shynajy senim Dүnie kajgy kasiretke toly ony toktatu үshin oj men bojdagy kumarlykty basu kerek degen Budda sozine senu Tura әdil umtylu Өz kumarlygyn men kyzbalykty shektejtin kaska zholdy birzholta ajkyndau Shynshyl soz Ajtpak sozindi mukiyat kadagala ol zulymdykka itermejtin kajta durys rakymdy bolsyn Durys ister Teris nietti kas kimyl әreketten saktanu igi iske ikemdi bolu Durys omir Tirige ziyan keltirmejtin kurmetteuge turarlyk omir sүru Durys oj Ojynnyn bagytyn saralaj otyryp odan kүdikti kүmәndi nәrseni kudalap zhagymdyny zhalgastyru Ak nietter Zulymdykty ojyna alma Tura durys pajymdau Ojyndy үnemi zhәne tozimdilikpen zhattyktyru shyndykka zhetpek talpynysty ozine shogyrlandyru onyn terendetu kabiletin shyndau Zhajnizm Zhajnizm b d d V g dini agym retinde kalyptasady Negizin kalaushy Mahavira Zhajnizm myna ideyalarga sүjendi Adamnyn zhany ruhy onyn tәninen dene terisinen nәzik biik kudiretti Onyn basty maksaty kasiret dep tүsingen omirden azat bolu Zhannyn buryngy omirde zhasagan kelensiz kylyktarynyn teris saldaryn osy omirde zhenuge bolady