Ежелгі Қазақстан — қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер ортағасырлық саяхатшылар мен тарихшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өздері көрген немесе жергілікті тұрғындардан естіген ерекше заттар, бейнелер, ежелгі қалалар мен қоныстардың қалдықтары туралы жазбалар қалдырған.
Қазақстанның өткенін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға мән берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу шаралары маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде 1707 жылы С. Ремезов жазған «Сібірдің сызба кітабы» жарық көрді. Онда географиялық деректермен қатар, қазақ даласының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер де келтірілген.
Келесі археологиялық қызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик Г. Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедицияның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер, геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеген еді. 1768-1774 жылдары Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және ондағы халықтардың этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков, Х. Барданес сияқты көрнекті ғалымдар қатысты.
Жаңа зерттеулер барысында палеолит, неолит және энеолит дәуірлерінің жаңа ескерткіштері ашылды. Олардың ішінде Ертістегі Қозыбай қонысы, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бар. Солтүстік Қазақстандағы энеолиттік Ботай қонысының қазбалары Қазақстанның жылқыны үйрету және болашақтағы көшпелі өркениетті қалыптастыру өңіріне кіретінін анықтады. Түрлі тұрғын жайлар, тас пен сүйектен жасалған көптеген көрнекті заттар табылды, олар Қазақстанның тас дәуіріндегі ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан ашып көрсетеді.
Төрт мың жыл бұрын, қола дәуірінде, Қазақстан аумағында тарихқа андронов және беғазы-дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендеген. Олар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан, жауынгерлік күйме жасаған тамаша жауынгерлер болған. Ежелгі адамдар күймесінің бейнесін тайпалық қасиетті ғибадатханаларына айналдырған жартастарда сақтап қалған, ал ол ғибадатханалардың төбесіне көк аспан күмбез болған. Күн күйдірген қара жартастардың беттеріне адамдар би көріністерін, күн сияқты басы бар құдайлардың, ежелгі құдай бейнелерін көрсететін алып түйелер мен егіздердің бейнелерін қашап салған.
Қазақ даласының әр жерінде жатқан атақты жауынгерлердің қорғандары үйінділері мен сағаналарының алып көлемімен ерекшеленеді. Сарыарқа мен Арал өңірінің далаларындағы Түгіскен және Беғазы мен Дәндібай кесенелері мейлінше белгілі. Ол дәуірдегі адамдар тамаша жауынгер, бақташы және егінші болып қана қоймай, сонымен қатар таңғажайып металлург те болған. Олар коладан балта, пышақ, қанжар, сәндік заттар жасаған.
Ол кездегі адамдар қазіргі де пайдаланылып келе жатқан мыс кеніштерін игере бастаған, олар - Жезқазған және Саяқ мыс кеніштері. Бұл адамдар үлкен қоныстарда және қабырғалармен қоршалған, айналдыра ор қазылған ежелгі қалаларда тұрған. Қалаларды жауынгерлер мен қолөнершілер, абыздар мен егіншілер мекендеген. Бұл тайпалар Қазақстан аумағын мың жылға жуық - б.з.б. XVII ғасырдан б.з.б. IX-VIII ғасырға дейін мекен еткен.
Олардың орнына сақтар келген. Бұл халықты ежелгі парсылар солай атаса, қытайлар оны «се», ал гректер «скифтер» деп атаған. Олар көшпелі, жартылай көшпелі және егінші ел болатын. Бірақ олар ең алдымен тамаша шабандоздар еді. Дүниеде атпен шауып келе жатып садақпен атуды бірінші болып сақтар меңгерген. Қайтпас қайсар кісікиік (кентавр) бейнесінің үлгісі салт атты скиф және сақ адамы болған.
Б.з.б. VI-III ғасырларда сақтар өзінің тұңғыш мемлекетін құрып, оның орталығы Жетісуда, оңтүстік-шығыс Қазақстанда болған. Сақтардың патшалары бір мезгілде жоғарғы абыздардың рөлін атқарған. Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнері болған, ол әдебиетте «аң стилі өнері» деп аталды. Сюжеттері - жыртқыш аңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар арасындағы күрес. Сақтардың алтын мен қоладан жасалған үздік туындылары дүние жүзі музейлерінің экспонаттарын құрайды.
Тіл мәселесі де күрделі болатын. Б.з.б. І мыңжылдық ішінде Қазақстан тұрғындары көбінесе үнді-еуропа, үнді-иран тілдерінде сөйлеген деп саналса, қазір қола ғасыр тайпаларының, әсіресе сақтардың ішінде ежелгі түркі тілдерінде сөйлеген тайпалар болған деген пікір орнығып келеді.
Есік қорғанында «Алтын адам» көмбесінен түбіне 26 таңба ойып жазылған күміс тостаған табылды. Ол әлі оқылған жоқ. Бір ғалымдар жазба түркі тілдерінің бірінде, басқа біреулері ертедегі түркі тілінде жазылған деп есептейді. Бірақ қандай жағдайда болса да, орта ғасырлардағы және қазіргі қазақтардың бет пішіні мен тілі, олардың психологиялық стереотиптері, мәдениетінің, тұрмысы мен халықтық дәстүрлерінің көптеген элементтері сол кезде қалыптаса бастаған.
Б.з. І ғасырдың орта шені - қазақтар мен күллі түркілер тарихындағы аса маңызды ғасыр. Осы кезде этникалық орта өзгере бастайды - түркі тілдес тайпалар басымдық алып, олардың орталығы Алтай болады. VI ғасырдың екінші жартысында жазба деректерде «түрік» термині кездеседі (қытайша айтылуы - туцзюе, соғды тілінде - түрк).
Түрік ескерткіштерін археологиялық зерттеу оларды кейбір түрік тайпалық бірлестіктерімен белгілі бір дәрежеде салыстыруға мүмкіндік береді. Саян-Алтайда ертедегі қырғыздармен, ертедегі қыпшақтармен, ертедегі отыздармен салыстырылатын археологиялық мәдениет беліп көрсетілген. Өзара қырқыстар, тайпалық соғыстар, билік пен мал өрісі үшін күрестер барысында Қазақстан даласында өмір сүрген түрік тайпаларының бір бөлігі оңтүстікке - Орталық Азияға (түргештер, қарлұқтар, қыпшақтар, өзбектер, оғыздар, түрікмен-селжұқтар), Кіші Азияға, Кавказға (түрікмендер мен селжұқтар), Шығыс Еуропаға (қаңғар-печенегтер, қыпшақ-половецтер, түркі-оғыздар, қарақалпақтар) қоныс аударды.
VI ғасырдан XIII ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағында моңғол шапқыншылығына дейін бірін-бірі ауыстыра отырып, Батыс-Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздардың, қарахандардың, қимақтардың, қыпшақтардың мемлекеттері өмір сүрді. Моңғол шапқыншылығынан кейін XIII ғасырдың басында Моңғол империясының Жошы және Шағатай ұлыстары құрылып, сонан соң олар Ақ Орда, Моғолстан, ал кейіннен Қазақ хандығы болып өмірге келді.
Бұл мемлекеттердің бәрі аралас экономикаға ие болатын. Малшылар тайпалары егіншілер тайпаларымен көршілес тұрып, дала мен қала бір-бірін толықтырып отырған. Ерте және орта ғасырларда Батыс пен Шығысты - Жапонияны, Корея мен Қытайды Орталық Азиямен, Иранмен, селжұқтар мемлекетімен, Русьпен және Византиямен, Франция және Италиямен жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойында Тараз, Отырар, Испиджаб, Талхир қалалары тұрған.
Ұлы Жібек жолының бойына би мен кескіндеме өнері, сәулет және музыка өнері таралды. Оның бойымен манихей және будда, христиан және ислам діндері келді, ал ислам діні VIII ғасырдан бастап басымдық алып, сонан соң қазақтардың да дініне айналды. XIV ғасырдың аяғы - XV ғасырдың басында Сырдария жағасындағы Түркістан қаласында бүкіл түркі тілдес халықтардың діни қасиетті орны - Қожа Ахмет Иассауи кешені салынды.
Қазақстан территориясында тұратын халықтар түрлі әлемдік өркениеттердің бағалы қазыналарын бойына сіңіріп, өз кезегінде оны шаруашылықты жүргізу мен мәдениетте жеткен жетістіктерімен: көшпелі тұрмысқа қолайлы киіз үй, аттың ер-тұрманы, соғыс өнері, қолөнері, кілем тоқу және күміс әшекейлері, сайын даланың жылқы шабысын еске түсіретін күмбірімен, әсем ән-жырымен байыта түсті. Мұның бәрі ертедегі және ортағасырдағы Қазақстан тарихының тұтастығы мен сабақтастығын анықтайды.
Жалпы томның мазмұны Еуразия құрлығының ажырамас бөлігі - Қазақстан өзінің сан ғасырлық бүкіл тарихы бойында Шығыс және Батыс өркениеттерінің этникааралық байланыстарының белсенді аймағы болғанын айқындайды. Табиғи және адамдар туғызған апаттардың қысымымен халықтардың ұлы көші-қоны, үлкенді-кішілі мемлекеттердің өрлеуі мен құлдырауы, қазіргі ұлттардың негізіне айналған түрлі халықтардың қалыптасуы, олардың дүниежүзілік мәдениет қазынасына қосқан үлесі - осының бәрі Ұлы дала мен оның халқы ойкуменнің шет аймағында емес, қайта Ескі дүниенің этникалық тарихының қақ ортасында болғанын дәлелдейді.
Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
Ежелгі Қазақстанның мəдениеті
Рухани мəдениет
Табиғатпен етене жақын көшпелілердің өзіндік рухани мəдениеті қалыптасты. Көшпелілердің салт-дəстүріндегі табиғаттың үйлесімдігін сақтау, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну, ата салты, ұлағатты қағидалары рухани мəдениеттің ерекше үлгілері болып табылады. Көшпелілердің бай фальклоры, аңыз əңгімелері болды. Оларда əлем, оның құрылымы туралы күрделі түсініктер сипатталған.
Дəстүрлі əлем бейнесі
Сақтардың əлемнің құрылымы туралы айқын түсінігі қалыптасты. Олар үш əлем:жер асты, орта - жер əлемі, жоғары - көк немесе аспанəлемі бар деп есептеді. Əлемнің төрт бұрышы - оң, сол, алдыңғы,артқы жағы болды. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есіктен табылған сақ патшасының баскиімінде бейнеленген. Мұндағы ою-өрнектер үш бөлікке бөлінген. Қалпақтың етегін жиектей алтын таулар мен ағаштар бейнелеген. Тау баурайында жолбарыс, ешкі, басында - құстар, қанатты жолбарыстар бар. Баскиімнің алдыңғы жағына бщкіл аспан əлемінің бейнесі болып табылатын күн белгісі: қанатты аттар мен төрт алтын жебе салынған. Бұл Құдайдың үш əлемге билігін жүргізуінің ерекше белгісі болып саналады.
Мəңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес
Ежелгі көшпелілердің дүние туралы алғашқы қарапайым түсінігі, олардың дүниетанымы анимизм түрінде болды. Жанның денеден бөлінетіні, рух, жан туралы алғашқы түсінік - анимизм еді. Адамның жер бетіндегі өмірі "бұл дүние" (фəни) деп аталынды. Ал адам өлгеннен кейінгі жер астындағы өмірі "о дүние" (бақи) делінді. Бақи дүние "мəңгілік" деп білінді.
Дереккөздер
- Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2015
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ezhelgi Қazakstan kazirgi Қazakstan zherin ezhelgi adamzat balasy budan 1 milliondaj zhyl buryn meken etken Қazakstannyn arheologiyalyk eskertkishteri turaly algashky mәlimetter ortagasyrlyk sayahatshylar men tarihshylardyn enbekterinde kezdesedi Olar ozderi korgen nemese zhergilikti turgyndardan estigen erekshe zattar bejneler ezhelgi kalalar men konystardyn kaldyktary turaly zhazbalar kaldyrgan Қazakstannyn otkenin gylymi zertteude I Petrdin kone muralarga ukypty karauga olardy suretteu men zhinauga mәn bergen zharlyktary sondaj ak onyn bastamasy bojynsha Sibirdi zhәne Resejge zhapsarlas zhatkan Қazakstan zherin zertteu sharalary manyzdy rol atkardy Osy әreketterdin nәtizhesinde 1707 zhyly S Remezov zhazgan Sibirdin syzba kitaby zharyk kordi Onda geografiyalyk derektermen katar kazak dalasynyn arheologiyalyk eskertkishteri turaly mәlimetter de keltirilgen Kelesi arheologiyalyk kyzykty mәlimetter 1733 zhyly Sibirge akademik G F Millerdin baskaruymen zhasalgan birinshi akademiyalyk ekspediciyanyn esepterinde ajtylgan Ekspediciya kuramynda belgili galymdar L Delakloer I Fisher geodezister A Krasilnikov A Ivanov M Ushakov zhumys istegen edi 1768 1774 zhyldary Edil bojy Oral Sibir men Қazakstannyn tarihyn geografiyasyn zhәne ondagy halyktardyn etnografiyasyn zertteu maksatymen ujymdastyrylgan ekinshi akademiyalyk ekspediciya Қazakstanda arheologiyalyk zertteu isin zhalgastyrdy Ekspediciyaga P S Pallas I P Falk I G Georgi P I Rychkov H Bardanes siyakty kornekti galymdar katysty Zhana zertteuler barysynda paleolit neolit zhәne eneolit dәuirlerinin zhana eskertkishteri ashyldy Olardyn ishinde Ertistegi Қozybaj konysy Mangystau men Soltүstik Қazakstannyn neolittik eskertkishteri bar Soltүstik Қazakstandagy eneolittik Botaj konysynyn kazbalary Қazakstannyn zhylkyny үjretu zhәne bolashaktagy koshpeli orkenietti kalyptastyru onirine kiretinin anyktady Tүrli turgyn zhajlar tas pen sүjekten zhasalgan koptegen kornekti zattar tabyldy olar Қazakstannyn tas dәuirindegi ezhelgi tarihy men arheologiyasyn zhana kyrynan ashyp korsetedi Tort myn zhyl buryn kola dәuirinde Қazakstan aumagynda tarihka andronov zhәne begazy dәndibaj mәdenieti degen atpen engen tajpalar mekendegen Olar eginshilikpen zhәne mal sharuashylygymen ajnalyskan zhauyngerlik kүjme zhasagan tamasha zhauyngerler bolgan Ezhelgi adamdar kүjmesinin bejnesin tajpalyk kasietti gibadathanalaryna ajnaldyrgan zhartastarda saktap kalgan al ol gibadathanalardyn tobesine kok aspan kүmbez bolgan Kүn kүjdirgen kara zhartastardyn betterine adamdar bi korinisterin kүn siyakty basy bar kudajlardyn ezhelgi kudaj bejnelerin korsetetin alyp tүjeler men egizderdin bejnelerin kashap salgan Қazak dalasynyn әr zherinde zhatkan atakty zhauyngerlerdin korgandary үjindileri men saganalarynyn alyp kolemimen erekshelenedi Saryarka men Aral onirinin dalalaryndagy Tүgisken zhәne Begazy men Dәndibaj keseneleri mejlinshe belgili Ol dәuirdegi adamdar tamasha zhauynger baktashy zhәne eginshi bolyp kana kojmaj sonymen katar tangazhajyp metallurg te bolgan Olar koladan balta pyshak kanzhar sәndik zattar zhasagan Ol kezdegi adamdar kazirgi de pajdalanylyp kele zhatkan mys kenishterin igere bastagan olar Zhezkazgan zhәne Sayak mys kenishteri Bul adamdar үlken konystarda zhәne kabyrgalarmen korshalgan ajnaldyra or kazylgan ezhelgi kalalarda turgan Қalalardy zhauyngerler men kolonershiler abyzdar men eginshiler mekendegen Bul tajpalar Қazakstan aumagyn myn zhylga zhuyk b z b XVII gasyrdan b z b IX VIII gasyrga dejin meken etken Olardyn ornyna saktar kelgen Bul halykty ezhelgi parsylar solaj atasa kytajlar ony se al grekter skifter dep atagan Olar koshpeli zhartylaj koshpeli zhәne eginshi el bolatyn Birak olar en aldymen tamasha shabandozdar edi Dүniede atpen shauyp kele zhatyp sadakpen atudy birinshi bolyp saktar mengergen Қajtpas kajsar kisikiik kentavr bejnesinin үlgisi salt atty skif zhәne sak adamy bolgan B z b VI III gasyrlarda saktar ozinin tungysh memleketin kuryp onyn ortalygy Zhetisuda ontүstik shygys Қazakstanda bolgan Saktardyn patshalary bir mezgilde zhogargy abyzdardyn rolin atkargan Saktardyn oz zhazuy mifologiyasy zhәne dүniezhүzilik dengejdegi үzdik oneri bolgan ol әdebiette an stili oneri dep ataldy Syuzhetteri zhyrtkysh andar men shoppen korektenetin zhanuarlar arasyndagy kүres Saktardyn altyn men koladan zhasalgan үzdik tuyndylary dүnie zhүzi muzejlerinin eksponattaryn kurajdy Til mәselesi de kүrdeli bolatyn B z b I mynzhyldyk ishinde Қazakstan turgyndary kobinese үndi europa үndi iran tilderinde sojlegen dep sanalsa kazir kola gasyr tajpalarynyn әsirese saktardyn ishinde ezhelgi tүrki tilderinde sojlegen tajpalar bolgan degen pikir ornygyp keledi Esik korganynda Altyn adam kombesinen tүbine 26 tanba ojyp zhazylgan kүmis tostagan tabyldy Ol әli okylgan zhok Bir galymdar zhazba tүrki tilderinin birinde baska bireuleri ertedegi tүrki tilinde zhazylgan dep eseptejdi Birak kandaj zhagdajda bolsa da orta gasyrlardagy zhәne kazirgi kazaktardyn bet pishini men tili olardyn psihologiyalyk stereotipteri mәdenietinin turmysy men halyktyk dәstүrlerinin koptegen elementteri sol kezde kalyptasa bastagan B z I gasyrdyn orta sheni kazaktar men kүlli tүrkiler tarihyndagy asa manyzdy gasyr Osy kezde etnikalyk orta ozgere bastajdy tүrki tildes tajpalar basymdyk alyp olardyn ortalygy Altaj bolady VI gasyrdyn ekinshi zhartysynda zhazba derekterde tүrik termini kezdesedi kytajsha ajtyluy tuczyue sogdy tilinde tүrk Tүrik eskertkishterin arheologiyalyk zertteu olardy kejbir tүrik tajpalyk birlestikterimen belgili bir dәrezhede salystyruga mүmkindik beredi Sayan Altajda ertedegi kyrgyzdarmen ertedegi kypshaktarmen ertedegi otyzdarmen salystyrylatyn arheologiyalyk mәdeniet belip korsetilgen Өzara kyrkystar tajpalyk sogystar bilik pen mal orisi үshin kүrester barysynda Қazakstan dalasynda omir sүrgen tүrik tajpalarynyn bir boligi ontүstikke Ortalyk Aziyaga tүrgeshter karluktar kypshaktar ozbekter ogyzdar tүrikmen selzhuktar Kishi Aziyaga Kavkazga tүrikmender men selzhuktar Shygys Europaga kangar pechenegter kypshak polovecter tүrki ogyzdar karakalpaktar konys audardy VI gasyrdan XIII gasyrdyn basyna dejin Қazakstan aumagynda mongol shapkynshylygyna dejin birin biri auystyra otyryp Batys Tүrik Tүrgesh Қarluk kaganattary ogyzdardyn karahandardyn kimaktardyn kypshaktardyn memleketteri omir sүrdi Mongol shapkynshylygynan kejin XIII gasyrdyn basynda Mongol imperiyasynyn Zhoshy zhәne Shagataj ulystary kurylyp sonan son olar Ak Orda Mogolstan al kejinnen Қazak handygy bolyp omirge keldi Bul memleketterdin bәri aralas ekonomikaga ie bolatyn Malshylar tajpalary eginshiler tajpalarymen korshiles turyp dala men kala bir birin tolyktyryp otyrgan Erte zhәne orta gasyrlarda Batys pen Shygysty Zhaponiyany Koreya men Қytajdy Ortalyk Aziyamen Iranmen selzhuktar memleketimen Ruspen zhәne Vizantiyamen Franciya zhәne Italiyamen zhalgastyryp zhatkan Ұly Zhibek zholynyn bojynda Taraz Otyrar Ispidzhab Talhir kalalary turgan Ұly Zhibek zholynyn bojyna bi men keskindeme oneri sәulet zhәne muzyka oneri taraldy Onyn bojymen manihej zhәne budda hristian zhәne islam dinderi keldi al islam dini VIII gasyrdan bastap basymdyk alyp sonan son kazaktardyn da dinine ajnaldy XIV gasyrdyn ayagy XV gasyrdyn basynda Syrdariya zhagasyndagy Tүrkistan kalasynda bүkil tүrki tildes halyktardyn dini kasietti orny Қozha Ahmet Iassaui kesheni salyndy Қazakstan territoriyasynda turatyn halyktar tүrli әlemdik orkenietterdin bagaly kazynalaryn bojyna sinirip oz kezeginde ony sharuashylykty zhүrgizu men mәdeniette zhetken zhetistikterimen koshpeli turmyska kolajly kiiz үj attyn er turmany sogys oneri koloneri kilem toku zhәne kүmis әshekejleri sajyn dalanyn zhylky shabysyn eske tүsiretin kүmbirimen әsem әn zhyrymen bajyta tүsti Munyn bәri ertedegi zhәne ortagasyrdagy Қazakstan tarihynyn tutastygy men sabaktastygyn anyktajdy Zhalpy tomnyn mazmuny Euraziya kurlygynyn azhyramas boligi Қazakstan ozinin san gasyrlyk bүkil tarihy bojynda Shygys zhәne Batys orkenietterinin etnikaaralyk bajlanystarynyn belsendi ajmagy bolganyn ajkyndajdy Tabigi zhәne adamdar tugyzgan apattardyn kysymymen halyktardyn uly koshi kony үlkendi kishili memleketterdin orleui men kuldyrauy kazirgi ulttardyn negizine ajnalgan tүrli halyktardyn kalyptasuy olardyn dүniezhүzilik mәdeniet kazynasyna koskan үlesi osynyn bәri Ұly dala men onyn halky ojkumennin shet ajmagynda emes kajta Eski dүnienin etnikalyk tarihynyn kak ortasynda bolganyn dәleldejdi Қola dәuirinde Sibirdin Zhajyk onirinin Қazakstan men Orta Aziyanyn ulan gajyr dalalaryn tegi zhәne tarihi tagdyrlarynyn ortaktygy zhagynan tuys tajpalar mekendedi Bul tajpalar ozinshe bir үlgidegi zharkyn mәdeniet kaldyrdy Muny gylymda Andron mәdenieti dep atajdy Erte temir gasyry dәuirinde bizdin zamanymyzdan buryngy I mynzhyldyk ortasy Қazakstanda tajpalyk odaktar kalyptasty Қazakstannyn ontүstik shygys zhәne ortalyk audandaryn mekendegen tajpalar sak tajpalar odagyna al batys soltүstik audandaryndagy tajpalar savromattar tajpalyk birlestigine birikti Bizdin zamanymyzdan buryngy 3 gasyrda Қazakstan zherinde kejbir tajpalar oz memleketin kuryp alys zhakyn eldermen sayasi karym katynastarga tүsti Olardyn algashkylary syunnu gundar bolatyn Zertteushiler gundardy tүrikterdin argy ata babalary dep eseptejdi Bul birlestikti Mode baskargan kezde gundar bүkil әlemge tanyldy Ғundardyn batyska zhorygy Halyktardyn uly konys audaruyna tүrtki boldy Zhetisuda ezhelgi tigrahauda saktarynyn zherin mura etip algan usunder үjsinder bizdin zamanymyzdan buryngy 160 zh shamasynda Ile alkabynda oz memleketin kurdy Olar Қanly memleketimen shektesti Bul tajpalar kurgan memleketter Қytaj Parfiya Rim zhәne Kushan imperiyasy siyakty eldermen sayasi ekonomikalyk zhәne mәdeni bajlanys ornatkan Ezhelgi Қazakstannyn medenietiRuhani medeniet Tabigatpen etene zhakyn koshpelilerdin ozindik ruhani medenieti kalyptasty Koshpelilerdin salt destүrindegi tabigattyn үjlesimdigin saktau aruakka bas iyu soz kadirin tүsinu ata salty ulagatty kagidalary ruhani medeniettin erekshe үlgileri bolyp tabylady Koshpelilerdin baj falklory anyz engimeleri boldy Olarda elem onyn kurylymy turaly kүrdeli tүsinikter sipattalgan Destүrli elem bejnesi Saktardyn elemnin kurylymy turaly ajkyn tүsinigi kalyptasty Olar үsh elem zher asty orta zher elemi zhogary kok nemese aspanelemi bar dep eseptedi Elemnin tort buryshy on sol aldyngy artky zhagy boldy Saktardyn garysh turaly tүsinigi Esikten tabylgan sak patshasynyn baskiiminde bejnelengen Mundagy oyu ornekter үsh bolikke bolingen Қalpaktyn etegin zhiektej altyn taular men agashtar bejnelegen Tau baurajynda zholbarys eshki basynda kustar kanatty zholbarystar bar Baskiimnin aldyngy zhagyna bshkil aspan eleminin bejnesi bolyp tabylatyn kүn belgisi kanatty attar men tort altyn zhebe salyngan Bul Қudajdyn үsh elemge biligin zhүrgizuinin erekshe belgisi bolyp sanalady Mengilik omir sүru ideyasy olim men omir arasyndagy kүres Ezhelgi koshpelilerdin dүnie turaly algashky karapajym tүsinigi olardyn dүnietanymy animizm tүrinde boldy Zhannyn deneden bolinetini ruh zhan turaly algashky tүsinik animizm edi Adamnyn zher betindegi omiri bul dүnie feni dep atalyndy Al adam olgennen kejingi zher astyndagy omiri o dүnie baki delindi Baki dүnie mengilik dep bilindi DerekkozderEzhelgi Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2015