Дәулетбай — Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руының ішіндегі Теке елінің бір тармағы. Теке руы өздігінен Дәулетбай және Сатайға жіктеледі.
Дәулетбай баба өмірбаяны
Дәулетбай Текеұлы XVIII ғасырда өмір сүрген. Алатаудың бауыры, Түрген өзенінің бойында дүниеге келген.
Жоңғарлармен соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен, ел арасында аса беделді, көсем адам болған. Ол туралы халық арасындағы аңыздарға қоса Қазыбек би Тауасарұлының «Түп тұқияннан өзіме шейін» атты кітабында: «Менің бабам Матайға дейін би болған, үлкен ақыл иесі болған адам»- деп жазылған Дәулетбай баба жайында.
Дәулетбай - Бұқар жыраудың «Қалданменен ұрысып» жырында аталатын Сатай батырдың туған ағасы, Бөлек батырдың атасы. Бөлектің дұлығасы мен қылышы қазір Астанадағы Президент мұражайында сақтаулы. Сатай мен Бөлек батырлар 1731 жылы қазақ халқының Ақпатшаға жазған, Төле би бастаған қазақ зиялылары қол қойған хатта Төле би, Сатай, Бөлек болып аталғаны тарихтан белгілі, сондықтан ұлы Жамбыл ақын Жүнісбай болысқа арналған өлеңінде: « Жүнісбайға жүгінем, кешегі хан Сатайдың ұрпағы бұл »-деп тегін айтпаған. Н.Аристовтың «Уйсуны, Киргизы или кара киргизы» атты кітабында 1785 жылға дейін Аякөз маңын мекендеген шапырашты тайпасының 1500 ден астам түтінін Қойсоймас Қараша би мен Асыл Даулетбай бидің басқарғанын айтады. Сол Даулетбай бабаның ұрпақтары XVIII ғасырдың аяғы, IX ғасырдың басында баба қонысы Түргенге қоныс аударып, Түрген өзенінің басы Ілеге құяр сағасын мекендеген екен.
Дәулетбай руының ішкі құрамы
Қазіргі Дәулетбай ұрпақтары оның төрт баласынан таралған:
- Қара (Бөлек батырдың әкесі)
- Сарыбай
- Ырысбай
- Шақа
Ұрпақтарының мекені
XVIII ғасырдың басында Ақтабан Шұбырындыға ұрынған ұрпақтары Шығыс Қазақстандағы Аягөзге дейін барғаны тарихтан белгілі. Қалмақпен келісіп «Мамырсу келісіміне» (Ресей,Қытай, Қалмақтар жане Абылай бастаған қазақтар) қол қойғаннан кейін 1757 жылы өз мекеніне қайта оралған. Одан кейін орыс келгенше (1854 ж.) осы аталған атаның ұрпақтары Түрген өзенінің сағасын мекендеп, қыста Ілені қыстап, жазда Асыны жайлап күн кешкен. Кейін орыс станициалары келіп қазіргі Бәйдібек би (Маловодное), Түргенге орналасқан кезде жерінен көшірілген ел тау сағасынан төменге ысырылған. Кейін Жүнісбай болыс болып орыспен жер бөліскен құжатта Түрген елінің шекарасын белгілеген кезде бұл жерлер Даулетбай бабаның ұрпақтары мекендеген Жаман ауылы деп аталған. Бұл жайлы сол кездегі сақталған тарихи құжаттарда айтылған.
Бүгінде ұрпақтары негізінен Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында және Алматы қаласында мекен етеді.
Туған мекені қазіргі Ақши ауылы
Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылы - Дәулетбайдың кіндік қаны тамған Түрген өзенінің бойында орналасқан. Автохонды, яғни жергілікті халық дерлік Текенің Дәулетбай руынан құралған.
Қазіргі Ақши аталып жүрген ауылдың тұрған жерінде бұрын ешқандай ауыл болмаған. 1929 жылы колхозды ұйымдастырған кезінде жоғары - төмен қоныстанған елдерді бұрынғы Жаман (болыс аты, Дәулетбайдың ұрпағы) ауылының оңтүстік жағындағы осы бір қыратты құрғақ жерге қоныстандырған. Бұл ауылдың батыс жағында түрікпендердің ауылы - Серғазының бағы, солтүстік - батысында Шыбыл атаның балалары қоныстанғанымен, негізгі халық Дәулетбай бабаның кіндігінен тараған төрт атаның – Қара, Сарыбай, Рысбай, Шақа бұтақтарынан өскен ел болған. Сондықтан 1956 жылғы, Совет Одағы Коммунистік партиясының орталық комитетінде билікке талас аяқталғанша, колхоз Мирзоян, Голащекин, ең соңында Каганович атанған, оған дейінгі құжаттарда Жаман ауылдық сайлау округі деп аталып, Түрген елі Дәулетбай ауылына қарасты әкімшілік аумаққа кірген. Бұл атау 1957 жылға дейін сақталғанын сол кездегі Сайлау құжаттарын көтерген адамдардың көзі жетеді.
2009 жылы Дәулетбай бабаның 300 жылдығына арналған аста Ақши ауылының тұрғындары ауылдың атын Дәулетбай бабаға беру ұсынысын жасады.
2015 жылдың 16 маусымында және 16 шілдесінде ауыл тұрғындарының жиыны өтіп, халықтың басым көпшілігі ауыл атын өзгертуді құптады.
Дәулетбайдың атақты тұлғалары
Дереккөздер
- "Бәйдібек баба - алып бәйтерек. Сарыүйсін. Шапырашты" (Толық шежіре), Алматы, 2003
- Шелегім мен Есігім - жерұйығым, бесігім: тарихи-деректі ғұмырнама /Нұрсадық Сарғожаев.- Алматы: Білім, 2001
- "Елім Теке-Дәулетбай" Нұрсадық Сарғожаев
Сыртқы сілтемелер
- 2015 жылы 16 маусымда Ақши ауылында ауыл тұрғындарымен Ақши ауылының атауын Дәулетбай баба атына ауыстыру туралы жиналыс өтті Мұрағатталған 22 шілденің 2019 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Dәuletbaj degen betti karanyz Dәuletbaj Ұly zhүz Shapyrashty tajpasynyn Asyl ruynyn ishindegi Teke elinin bir tarmagy Teke ruy ozdiginen Dәuletbaj zhәne Satajga zhikteledi Dәuletbaj baba omirbayanyDәuletbaj Tekeuly XVIII gasyrda omir sүrgen Alataudyn bauyry Tүrgen ozeninin bojynda dүniege kelgen Zhongarlarmen sogysta zhankiyarlyk erlik korsetken el arasynda asa bedeldi kosem adam bolgan Ol turaly halyk arasyndagy anyzdarga kosa Қazybek bi Tauasarulynyn Tүp tukiyannan ozime shejin atty kitabynda Menin babam Matajga dejin bi bolgan үlken akyl iesi bolgan adam dep zhazylgan Dәuletbaj baba zhajynda Dәuletbaj Bukar zhyraudyn Қaldanmenen urysyp zhyrynda atalatyn Sataj batyrdyn tugan agasy Bolek batyrdyn atasy Bolektin dulygasy men kylyshy kazir Astanadagy Prezident murazhajynda saktauly Sataj men Bolek batyrlar 1731 zhyly kazak halkynyn Akpatshaga zhazgan Tole bi bastagan kazak ziyalylary kol kojgan hatta Tole bi Sataj Bolek bolyp atalgany tarihtan belgili sondyktan uly Zhambyl akyn Zhүnisbaj bolyska arnalgan oleninde Zhүnisbajga zhүginem keshegi han Satajdyn urpagy bul dep tegin ajtpagan N Aristovtyn Ujsuny Kirgizy ili kara kirgizy atty kitabynda 1785 zhylga dejin Ayakoz manyn mekendegen shapyrashty tajpasynyn 1500 den astam tүtinin Қojsojmas Қarasha bi men Asyl Dauletbaj bidin baskarganyn ajtady Sol Dauletbaj babanyn urpaktary XVIII gasyrdyn ayagy IX gasyrdyn basynda baba konysy Tүrgenge konys audaryp Tүrgen ozeninin basy Ilege kuyar sagasyn mekendegen eken Dәuletbaj ruynyn ishki kuramyҚazirgi Dәuletbaj urpaktary onyn tort balasynan taralgan Қara Bolek batyrdyn әkesi Sarybaj Yrysbaj ShakaҰrpaktarynyn mekeniXVIII gasyrdyn basynda Aktaban Shubyryndyga uryngan urpaktary Shygys Қazakstandagy Ayagozge dejin bargany tarihtan belgili Қalmakpen kelisip Mamyrsu kelisimine Resej Қytaj Қalmaktar zhane Abylaj bastagan kazaktar kol kojgannan kejin 1757 zhyly oz mekenine kajta oralgan Odan kejin orys kelgenshe 1854 zh osy atalgan atanyn urpaktary Tүrgen ozeninin sagasyn mekendep kysta Ileni kystap zhazda Asyny zhajlap kүn keshken Kejin orys stanicialary kelip kazirgi Bәjdibek bi Malovodnoe Tүrgenge ornalaskan kezde zherinen koshirilgen el tau sagasynan tomenge ysyrylgan Kejin Zhүnisbaj bolys bolyp oryspen zher bolisken kuzhatta Tүrgen elinin shekarasyn belgilegen kezde bul zherler Dauletbaj babanyn urpaktary mekendegen Zhaman auyly dep atalgan Bul zhajly sol kezdegi saktalgan tarihi kuzhattarda ajtylgan Bүginde urpaktary negizinen Almaty oblysynyn Enbekshikazak Talgar audandarynda zhәne Almaty kalasynda meken etedi Tugan mekeni kazirgi Akshi auylyEnbekshikazak audanyndagy Akshi auyly Dәuletbajdyn kindik kany tamgan Tүrgen ozeninin bojynda ornalaskan Avtohondy yagni zhergilikti halyk derlik Tekenin Dәuletbaj ruynan kuralgan Қazirgi Akshi atalyp zhүrgen auyldyn turgan zherinde buryn eshkandaj auyl bolmagan 1929 zhyly kolhozdy ujymdastyrgan kezinde zhogary tomen konystangan elderdi buryngy Zhaman bolys aty Dәuletbajdyn urpagy auylynyn ontүstik zhagyndagy osy bir kyratty kurgak zherge konystandyrgan Bul auyldyn batys zhagynda tүrikpenderdin auyly Sergazynyn bagy soltүstik batysynda Shybyl atanyn balalary konystanganymen negizgi halyk Dәuletbaj babanyn kindiginen taragan tort atanyn Қara Sarybaj Rysbaj Shaka butaktarynan osken el bolgan Sondyktan 1956 zhylgy Sovet Odagy Kommunistik partiyasynyn ortalyk komitetinde bilikke talas ayaktalgansha kolhoz Mirzoyan Golashekin en sonynda Kaganovich atangan ogan dejingi kuzhattarda Zhaman auyldyk sajlau okrugi dep atalyp Tүrgen eli Dәuletbaj auylyna karasty әkimshilik aumakka kirgen Bul atau 1957 zhylga dejin saktalganyn sol kezdegi Sajlau kuzhattaryn kotergen adamdardyn kozi zhetedi 2009 zhyly Dәuletbaj babanyn 300 zhyldygyna arnalgan asta Akshi auylynyn turgyndary auyldyn atyn Dәuletbaj babaga beru usynysyn zhasady 2015 zhyldyn 16 mausymynda zhәne 16 shildesinde auyl turgyndarynyn zhiyny otip halyktyn basym kopshiligi auyl atyn ozgertudi kuptady Dәuletbajdyn atakty tulgalaryBolek Қarauly Ahmetzhan Sәlimbaev Dәrkembaj Shokparuly Muhtar Akatuly AyubaevDerekkozder Bәjdibek baba alyp bәjterek Saryүjsin Shapyrashty Tolyk shezhire Almaty 2003 Shelegim men Esigim zherujygym besigim tarihi derekti gumyrnama Nursadyk Sargozhaev Almaty Bilim 2001 Elim Teke Dәuletbaj Nursadyk SargozhaevSyrtky siltemeler2015 zhyly 16 mausymda Akshi auylynda auyl turgyndarymen Akshi auylynyn atauyn Dәuletbaj baba atyna auystyru turaly zhinalys otti Muragattalgan 22 shildenin 2019 zhyly